Материалдар / Ата-ананың тәрбиесі-бала мінезінің iргетасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ата-ананың тәрбиесі-бала мінезінің iргетасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар мен балабақша жайында жазылған пiкiр
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Маусым 2018
1391
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата –ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасыАдамның өсіп өнер алтын ұясы ол – отбасы. Бала тәрбиесін отбасынан, ошақ қасынан, тіпті құрсақта жатқан кезден бастап тәрбиелеген жөн. Бала тілі – бал,- дегендей баланың былдырлап сөйлеген тәтті тілімен, тәй-тәй басып жүргенін қызық көрген ата-анада не арман? Бала тәрбиесінде ата-ананың, балабақшаның алар орны ерекше. Балабақша мен ата-ана арасында тығыз байланыс болмаса бала тәрбиесі ақсап қалуы ғажап емес. Үйдегі тәрбие мен балабақшадағы тәрбие өзіндік үйлесімін тапса игі. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,- дегендей, тәрбие тал бесіктен басталады. Ал, бесік иесі – ана. Ана өз баласын еркелете отырып, барын бала аузына тосады, білгенін үйретеді. Ғұлама ғалым Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы, апаты» деген. Балаға үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы оларды дұрыс жолға жетелейтін – тәрбиеші. Тәрбиеші – баламен бала болып, балаға бар білім нәрін сусындатып, ата-ананың көңілін табуға тырысатын, бүлдіршіндерді алға жетелейтін, жүрегі лүпілдеген, дархан көңілді мейірімді жандар. Ұлы ата-бабаларымыз «Ата –ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы», «ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі», - дегендей бала тәрбиесіне ең әуелі өз ата – анасының кішіпейілділігі, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Десекте, бала деп жанын салып, барын үйреткен тәрбиешілердің еңбегі ауыз толтырып айтарлықтай. Балабақшада өткізілетін әрбір іс-шаралар баланы отан сүйгіштікке, адамгершілікке, ізеттілікке, бауырмалдылыққа жетелейді. Балабақшада өткізілген «Әкем, анам және мен», «Аталар» сайысы, «Әкелер» сайысы «Анам және мен» тағыда осы секілді басқада өткізілген іс-шаралардың барлығы бала үшін. Өзгеде балабақшаларда осы секілді іс-шаралар көптеп өткізілсе екен деймін.Біздің болашағымыз осы бүлдіршіндеріміздің қолында. Сол себептіде балаға берер отбасының жылуы, тәрбиешінің біліктілігі ұштасып, білімді ұрпақ тәрбиелесек нұр үстіне нұр бола еді.





«Сыр еркесі» балабақшасының тәрбиешісі Әбуова Жұлдызай
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!