Материалдар / Авторлық бағдарлама; «ІІ типтік оқу бағдарламасымен үйде оқытылатын ақыл-есі орташа дамыған оқушыға арналған психомоторикасы мен с
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Авторлық бағдарлама; «ІІ типтік оқу бағдарламасымен үйде оқытылатын ақыл-есі орташа дамыған оқушыға арналған психомоторикасы мен с

Материал туралы қысқаша түсінік
Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балаларды арнайы оқытуға деген сұраныс, әсіресе олардың танымдық процестерін психологиялық жағынан зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Оқыту үрдісінде мұндай балаларға оқу материалын меңгерту үшін арнайы мектептер мен мекемелерде арнайы білім берудің мазмұны мен әдістерін жасау және оны негіздеу қажет. Әсіресе ауылдық жерлерде туа біткен, сонымен қатар еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарынан, мектепке бару бақыты бұйырмаған балалар бар. Осы балаларды психологиялық ойындар көмегімен дене кемістігін қалпына келтіріп, сол арқылы психологиялық саулығын сақтап, бала мүгедектігінің деңгейін төмендетуге арналған коррекциялық ойындарды ұсынамын. Әрбір мұғалім жеке балаға сабақ бергенде сабағына қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Мамыр 2018
1018
17 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балғын негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Авторлық бағдарлама: «ІІ типтік оқу бағдарламасымен үйде оқытылатын ақыл-есі орташа дамыған оқушыға арналған психомоторикасы мен сенсорлық үрдісін дамытуға арналған түзету жұмыс бағдарламасы»

















Бағдарлама авторы: мектеп психологы Садыкова Айнагуль Насимоллиновна

2017/18 оқу жылы

Түсінік хат.Қазірігі білім беру жүйесінде мектептің психологиялық қызметі жаңа дамып келе жатқан саланың бірі. Осыған байланысты шешуді талап ететін көптеген мәселелер бар. Біріншіден ол психологтың мектептегі статусы, оның құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі мен этикасы, жұмыс бағыттар мен құжаттары мәселесі толық белгіленуі тиіс.Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.Коррекциялық педагогика – психофизикалық дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесімен айналысатын педагогиканың ерекше бір саласы. Коррекциялық педагогика мінез- құлқында, психикалық дамуында ауытқушылығы бар жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеу және психологиялық-педагогикалық тұрғыдан білім беру мен оқыту заңдылықтарын қарастырады. Ауытқушылығы бар балалар категориясына оқу бағдарламаларын меңгеруде қиындық тудыратын түрлі биологиялық, әлеуметтік себептерден ақыл-ойында (интеллектісінде), естуінде, көру қабілетінде және қозғалыс сферасында бұзылуы бар балалар жатады. Бұл категориядағы балалардың орталық жүйке жүйесінің қызметінде сәл ауытқушылығы бар болуы, сондай-ақ олар мектептік және әлеуметтік бейімделу кезінде жағымсыз әсер қалдырулары мүмкін. Сол себептен осындай категориядағы балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту мақсатында, бұл балаларды оқыту ,тәрбиелеу мен дамытуды барынша жекелендіріп, уақытында мінез-құлқындағы және дамуындағы бұзылуларды анықтайтын, алдын алатын және олармен күресетін арнайы тиімді әдіс-тәсілдер мен құралдар жасап, қамтамасыз етіп отыру қажет.Коррекциялық педагогиканың пәні тәрбиеленушілердің (оқушыларды) жағымсыз мінез-құлықтарын тәрбиелеуге көмектесетін, ата-аналар мен педагогтардың алдын-ала ойластырған іс-әрекеттері болып табылады.Коррекциялық педагогиканың атқаратын жалпы міндеттері төмендегідей:1.Балалар мен жасөспірімдердің дамуындағы кемшіліктерді, мінез- құлықтарындағы түрлі ауытқушылықтарды, сондай- ақ олардың пайда болу себептері мен шарттарын анықтау;2.Коррекциялық педагогикалық іс- әрекеттердің даму деңгейін бақылап отыру;3.Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқында, дамуында көрінетін ауытқушылықтар мен бұзылуларды түзету және алдын-алу бағдарламаларын жасау;4.Баланың психофизикалық дамуында байқалатын әлеуметтік педагогикалық факторларды айқындау;5.Ауытқуы бар балалар категориясына жататын баланың тұлғасына коррекциялық - педагогикалық әсер ететін түрлі әдіс-тәсілдер мен құралдар жасау;6.Ауытқуы бар балалармен жұмыс жасайтын педагогтарға коррекциялық- педагогикалық жұмыс бойынша оқыту әдістемесін құру;7.Тәрбиеленушілер тарапынан түрлі жағдайлардың тууына жүйелі бақылау жүргізіп отыру;8.Балалардың жеке тұлғасын және мінез-құлқын зерттеуге арналған арнайы әдістемелерді таңдау;9.      Түрлі деңгейдегі тұйық, қиын  типтегі агрессивті балалар мен жасөспірімдердің себебін анықтап, олардың жан дүниесін түсіне білу;Коррекциялық педагогиканың негізін салушы Кащенко өзінің практикалық және ғылыми жұмысында оқыту – тәрбиелеу үрдісінің әдістемелік жағына көп көңіл бөлген. Ол тәрбиелеу жүйесіне және оқыту бағдарламасына бала емес, керісінше олар балаға бейімделу қажет  деген. Осыған орай, мектеп мүмкіндігінше оқушының жекелей ерекшеліктерін ескеру қажет деген талап пайда болды. Талапты орындамаған жағдайда мектеп оқушыға шамасы келмейтін талаптар қойып,оның қабілеттері мен мүмкіншіліктерін толық пайдаланбай, дамытпай, оқушыны жалықтырып жіберуі мүмкін. Осыдан барып әрбір оқушының ерекшеліктерін толық зерттеу қажеттілігі пайда болады.Психологиялық кеңес беру және психокоррекциялық жұмыстарды жүргізуге негіз болатын психотехникалар мен ойын коррекциялары жүйеге келтірілген. Психолог оларды пайдалану жолдарын үйреніп, қажетті әдістемелерді нақты анықтап алуы керек.Психокоррекциялық жұмыс ата-аналармен, пән мұғалімдері мен сынып жетекшісімен бірлесіп жүргізілуі керек. Психокоррекциялық жұмыстар барысында оқушыларға ойын тренингтерін беру, иммитациялық ойындар, түрлі маңызды ситуацияларды шешу т.б. тапсырмалар беріледі.Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балаларды арнайы оқытуға деген сұраныс, әсіресе олардың танымдық процестерін психологиялық жағынан зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Оқыту үрдісінде мұндай балаларға оқу материалын меңгерту үшін арнайы мектептер мен мекемелерде арнайы білім берудің мазмұны мен әдістерін жасау және оны негіздеу қажет. Әсіресе ауылдық жерлерде туа біткен, сонымен қатар еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарынан, мектепке бару бақыты бұйырмаған балалар бар. Осы балаларды психологиялық ойындар көмегімен дене кемістігін қалпына келтіріп, сол арқылы психологиялық саулығын сақтап, бала мүгедектігінің деңгейін төмендетуге мектеп психологтары аз да болса өз үлесімізді қосып алдымызға мақсат етіп келеміз. Әр психолог үйден оқитын балаға барғанда біріншіден баланың көңіл күйіне қарап, динамикалық бақылау күнделігін жүргізіп отырады. Баланы мектепішілік іс-шараға қатыстырады немесе көрермен ретінде көруге шақырады. Екіншіден баланың үйіне барғанда ата-анасымен сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп отырады. Тек қана баланың өзімен жұмыс жасағаннан көрі ата-анасымен қосылып, жұмыс жасаған балаға қатты ұнайды. Ол үшін үйден оқитын оқушының отбасылық әлеуметтік жағдайын, жас ерекшелігін ескере отырып, балаға ешқандай қиыншылық туғызбайтын өз іс-тәжірибемде қолданып жүрген, ата-анасымен бірлесе жүргізген, баланың өзіне арналған коррекциялық ойындарды ұсынамын. Әрбір мұғалім жеке балаға сабақ бергенде сабағына қолдануға болады. Коррекциялық жұмыстың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі оқушының танымдық үрдістерін дамыту, түзету.Коррекциялық жұмыстың міндеттері:
  • коммуникативтілік дағдыларын, зейінін, кеңістікті қабылдауын дамыту;
  • ақыл-ой іс-қимыл жоспарын және сөйлеу функцияларын қалыптастыру;
  • психикалық қызметін дамыту;


Жекелей жұмыс түрі таңдалды, сабақтар ойын түрінде және балалардың өзара қарым-қатынасы саласында дамуын ынталандыратын, сондай-ақ танымдық қызметін дамытатын әдістемелер енгізілген. Баланың өз мінез-құлқын басқаруға және өзара іс-қимылы арқылы басқа да рөлдік репертуарын кеңейтуге ойын түрлері үйретеді. Топтық қарым-қатынас баланың өз мүмкіндіктерін басқа балалардың іс-әрекеттерімен салыстыру арқылы көрсете алады.







Педагог-психологтың жекелей жүргізілетін түзете-дамытушылық жұмысы.
БағытыМіндетіТүзете дамыту жұмысының мазмұны
1.КЕЗЕҢ
Баламен қарым қатынас орнату1) Эмоционалды қарым- қатынасты қалыптастыру . 2)Белсенділікті дамыту.3) Қарым- қатынастылықты дамыту. 4) Қабылдау және қиялды дамыту. 5)Кеңістіктік үйлесімін дамыту. 6)Көру және сезу арқылы қабылдауын дамыту.7)Сөйлесу арқылы қарым-қатынасқа түсуін дамыту.8)Тұлғалық-мотивациялық үрдісін дамыту.Танымдық процестерінің, эмоциялық-еріктік саласының диагностикасы. - «Қолдар» және «Хоровод» ойындары- " Жетелеуші", "Құстар", "Қуаласпақ".- «Мысықты сипа»,«Қуыршақпен ойна» ойындары- Шифрленген сурет. Өрнек құрастыр.- Психотехникалық ойындар: ойыншықтар үшін орын тап, фигураларды жина (Сеген тақтасы)- Доппен шақыр. Сөйлемді аяқта.- Менің отбасымСюжеттік- дамыту ойындары. "Мурзик ойнауға келді "- Қозғалысты-рөлдік ойындар. "Тентек маймыл"-Қозғалысты-жарыс ойындары. Достар үшін үй салайық.. Ең епті.
2.КЕЗЕҢ
Қоршаған ортамен таныстыру1) назар аудару қабілетін дамыту;2) зейін тұрақтылығын дамыту;3) ырықты зейінін дамыту ;4) зейін көлемін дамыту;

  • Жыл мезгілдерінің ауысуы туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.
  • Табиғат құбылыстарына қызығушылығын қалыптастыру және оларды бақылауға дағдыландыру.
  • Маңайындағы заттармен таныстыру, оларды қолдана білуге дағдыландыру
  • Ересектердің еңбегі туралы түсініктерді қалыптастыру.
  • Үй жануарлары мен құстар, олардың балалары, өмір салты туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.
  • Ауызекі сөйлеуін дамыту.1) геометриялық фигураларды қабылдауын дамыту, 2) қабылдау дәлдігін дамыту 3) түстерді айыра білуін дамыту
  • Сөйлеу кезіндегі түсінуін кеңейту. Түсінген сөздерін бекіту.
  • Пассивті сөздік жинақтау. Сөйлесу қарым-қатынас қажеттілігіне тәрбиелеу
  • Жағдаяттық сөйлеу кезіндегі қарапайым сөйлемдерді түсінуін дамыту.
  • Берілген нұсқауларды түсініп, орындауын қалыптастыру.
  • Жалпылама сөздерді түсінуге үйрету: ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс-аяқ, жануарлар, құстар.
  • Бұл кім? бұл не? сұрақтарына жауап беруге үйрету.
  • Сөйлемді аяқтау дағдысын қалыптастыру, ересектердің артынан өлеңдердің, жаңылтпаштардың, мақалдардың сөздерін қайталап айтуға үйрету.
  • Қарапайым математикалық ұғымдар.4) уақыт аралығы ұзақтығын қабылдауын дамыту, 5)тәулік бөліктері туралы түсінігін дамыту ,6) жыл мезгілдері туралы түсінігін дамыту ,7) кеңістікті қабылдауын дамыту, 8) бақылағыштығын дамыту,
  • Геометриялық фигураларды (шеңбер, төртбұрыш, үшбұрыш), формаларын (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) айыруды түсіну.
  • Заттардың түсі, көлемі, пішініне қарай топтастыруға үйрету.
  • Үлкен, кішкентай сөздерін пайдалана білуге үйрету.
  • Көлемі, ұзындығы, ені, биіктігі жағынан бірдей немесе қарама-қарсы екі затты салыстыра білуге үйрету.
  • Заттардың саны мен мөлшері бойынша (көп, біреу, бірде-бір) анықтау.
  • Тікелей 5-ке дейін санай білуге үйрету. 1,2,3 сандары бар заттарды сәйкестендіруге үйрету.
  • Сенсорлық дамуы1) ойлау процестерін дамыту: қорыту, алаңдау, елеулі белгілерін бөлу 2 ойлауының икемділігін және сөздік қорын ) дамыту3) тапқырлығын дамыту.
  • Балалардың түсті ажыратуын (алдымен салыстыру деңгейінде, содан кейін сөз арқылы көрсету деңгейінде) дамыту.
  • Сөзі жоқ дыбыстарға зейінін қалыптастыру, оларды танып, ажырата білуге үйрету.(екі әр түрлі қарама-қарсы сазды музыкалық ойыншықтар: балға, сырнай және дауылпаз, қоңырау және ысқырық).
  • Көру арқылы қабылдауын дамыту, қарама-қарсы көлемді, пішінді заттарды салыстыру және ажырата білу. (дөңгелек — шаршы), түсі (қызыл — сары — жасыл — көк)
  • Қарапайым үйлестірімділікті игеру - берілген белгілері бойынша орналастыру : түсі, көлемі.
  • Қолмен ұстап сезіну арқылы заттарды тани және айыра білу дағдыларын қалыптастыру.
  • Психикалық функциялардың дамуы.1) көру, есту және сезу арқылы жады көлемін ұлғайту2) ассоциативті және жанама тәсілдері арқылы ойын және тікелей білім беру процесінде заттарды есте сақтау қызметін дамыту.
  • Ақырын және қатты дыбыстайтын ойыншықтар дауысын, ақырын және қатты сөйлеген сөздерді қабылдау кезінде есту жадысын дамыту.
  • Екі бірдей кесілген суреттермен жұмыс арқылы көру жадысы мен зейінін дамыту.
  • Таныс заттарды топтау мен жіктеу арқылы көрнекі-әрекетті және көрнекі –бейнелі ойлауын дамыту. (ойыншықтар, киімдер, ыдыстар, жануарлар) Қарапайым қорыту деңгейінде 4-ші артықты бөліп алу (мысалы,3 қоян және 1ұшақ).
  • -Уақытша және кеңістіктік түсініктердің дамуы.Қиялын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Өз денесінің схемасы мен өзінен негізгі бағытта болжам жасай білуге үйрету. (жоғарыда, төменде, алдында, артында).
  • Тәулік бөліктерін ажыратып, атай білуін қалыптастыру (күн және түн)


  • Қолдың ұсақ моторикасының дамуықолдың ұсақ моторикасын дамытуСындарлы праксис
  • Кесуге арналған дайын суреттермен жұмыс арқылы ұсақ моторикасын дамыту (2-4 бөліктерден тұратын тік және көлденең кесуге арналған).
  • Пирамидаларды сақиналарының көлеміне қарай жинау.
  • Формалар жәшігімен жұмыс дағдыларын меңгеру.(Сеген тақтасы түрлі) 4 -8 кертіктері бар тақтадан.
  • 3-4 таяқшалардан фигуралар құру.
  • Кюизенер таяқшаларымен жұмыс.
  • Графикалық дағдыларын дамыту.
  • Дұрыс отыруға үйрету
  • Қарындашты дұрыс ұстауға үйрету.
  • Параққа біркелкі етіп нүктелер түсіруге үйрету.
  • Тік, көлденең және қисық сызықтар салуға үйрету.
  • Дайын суретті бояуға үйрету.
  • Дөңгелек салуға үйрету.
  •  Қосымша №1Баламен қарым-қатынас орнатуБаламен байланыс орнату.1 сабақ: ойын "Қолдар". Ойын барысы. Бала психологтың алдына қарама-қарсы отырады. Психолог баланың қолын алып, өз қолымен ырғақты түрде «менің қолым, сенің қолың» деп қайталай отырып, шапалақтайды. Егер бала қарсыласып, қолын бермесе, психолог өз қолымен шапалақтауды жалғастыра береді. Бала қолдары арқылы байланысқа түсуге келіскен жағдайда мына түрдегі шапалақтаулар жалғаса береді:Ойын "Алақандар "(«Ладушки»), төрт жолды тақпақтар ұсынуға болады.2-сабақ:ойын: "Құстар". Ойын барысы: Психолог: кішкентай құстарға айналып, қолдарын қанат сияқты қағып ұшуға шақырады. Сонан кейін орнында отырып саусақтарымен тоқылдатып тұмсықтарымен жем шоқыған құстарды келтіредіОйын "Қуаласпақ". Ойын барысы: психолог балаға қашып,тығылуды ұсынады. Психолог баланы қуып жетіп, құшақтап баланың көзіне тура қарауға тырысады.Қарым- қатынасқа түсе білуді дамыту.3-сабақ: ойын "Мысықты сипа".Психолог баламен бірге ойыншық мысық үшін жақсы, еркелететін сөздерді айтып, мысықты сипайды. Қолына алып, бауырына қысуға да болады. Ойын: «Қуыршақпен ойна» Ойын барысы: әр түрлі тақырыптардағы сюжетті-рөлді ойындар ойнатуға болады. Қуыршақ көмекші болады. Мысалы: «Дүкенге барайық», «Қонақта» т.с.Психологиялық белсенділігін күшейту. Қабылдауын дамыту. 4 сабақ: Шатастырылған суреттерді қабылдауын дамыту. Қабылдауды дамытуға арналған ойын барысында баланың белсенділігін қалыптастыру. Сабақ барысы: баланың алдында шатастырып, бірінің үстіне бірі салынған суреттер, бала суреттерді айырып, айтып беруі керек. Ары қарай оюды үлгі бойынша жинастыру (мозаика бөлшектері біртіндеп арттырылып отырады) Кеңістікті бағдарлауды дамытуға арналған жаттығу (оңға, солға, алдына, артына түсініктері) ойын түрінде жүргізіледі.Біз қазір оңға барамыз! Бір, екі, үш!Ал енді солға барамыз! Бір, екі, үш!Тез қолымыздан ұстаймыз! Бір, екі, үш! Дәл солай тез тараймыз! Бір, екі, үш!Ақырын ғана отырамыз! Бір, екі, үш!Ақырын ғана тұрамыз! Бір, екі, үш!Қолымызды артқа тығамыз! Бір, екі, үш!Басымыздан айландырамыз! Бір, екі, үш!Аяғымызбен жүгіреміз! Бір, екі, үш!Психотехникалық ойындар.5 сабақ: ойын «Ойыншыққа орын тап».Ойын барысы: психолог кезекпен кеглилер мен доптарды бір түстес және сәйкестендіріп кесілген ойықты қораптарға салуды ұсынады. Жарыс ұйымдастыруға болады.Ойын «Фигураларды жина».Ойын барысы: Бала тақталарды нұсқау бойынша шашып, жинайды6 сабақ: Графикалық диктант.Сабақ барысы: психологтың нұсқауы бойынша баланың қағаз бетінде бағдарлауы жүреді.Қатарды жалғастыр: Сабақ барысы: берілген фигураларды негізге ала отырып, заңдылығын тауып, сол заңдылық бойынша фигураларды қойып жалғастыру керек.Зейінді дамыту. 7 сабақ: Түзету үлгілері . «Қыздар».Сабақ барысы: бала қағаз бетінде анықталған белгілеріне қар
    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!