Материалдар / Авторлық бағдарлама Қазақтың салт - дәстүрі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Авторлық бағдарлама Қазақтың салт - дәстүрі

Материал туралы қысқаша түсінік
Салт дәстүрді сақтауға таптырмас құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2019
2157
16 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Авторлық бағдарлама











Тақырыбы: «Қазақтың салт- дәстүрі»


Сыныбы: 4 сыныбы


























Түсінік хат



Тәрбие беру – сан-сапалы тексіз рухани күш. Дәстүрді қастерлеп, жас ұрпақты ұлтына, еліне, мәдениетіне деген шынайы сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Қазақ өз ұрпағын, ең алдымен, ата дәстүріне үйреткендігін, кішіпейілдікке, инабаттылыққа, зергерлікке, шешендікке, ұлт өнеріне құштарлыққа баулығанын білеміз. Халқымыздың бала тәрбиесі жөнінде өзіндік заңдары, ғасырлар бойы жинақталған мол тәжірибесі бар екендігін бойына сіңіріп өсіруіміз керек.

Бағдарлама негізі халықтық педагогиканы бетке ұстай отырып бала тәрбиесін тал бесіктен үйретуден бастау, тіл мәдениетін бейімдеу, тақпақ, өлең, мақал-мәтелдер үйрету. Жаңылтпаштар арқылы тіл ширатуды, жұмбақтар арқылы ой дамытуды, мақал-мәтелдер арқылы адамгершілікке баулуды, батырлар жырлары арқылы бірлікке, достыққа тәрбиелеу ертегілер арқылы баланың қиялын дамыту, тәрбие беру, аңыз әңгімелер арқылы болашаққа сену, өткеннен үлгі-өнеге алуды үйрену сияқты мақсаттарды көздейді.









































Мақсаттары:


Бағдарламаның негізгі мақсаты:

Оқушыларының ұлттық педагогикадан білімдерін тереңдету. Барлық балаларды ұлт дәстүрлерін білу арқылы халқының мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу.

Тұлғаның өз бетімен білім алуын, өздігінен қалыптасуын тиімді қамтамасыз ету үшін оның өзіне және қоғамға қажетті қабілетін дамыту, белсенділігі мен саналылығын қалыптастыру.


Міндеттері:


  • Оқушылардың сана-сезімдерінде ұлтына деген мақтаныш, намысшылдық, тектілік, адамгершілік сезімдерін ояту.

  • Келешекте еліне қызмет ететін, елін қорғайтын ел азаматы, елдің ұл-қызын қалыптастыру.

  • Сөздік қорын молайту, аударма түсіндірме және т.б. сөздіктерін пайдалана алу.



Оқушылар төмендегідей біліктілік дағдыларын көрсетуі керек:


-өтілген тақырып бойынша қосымша іздену, жинаған деректер мен дәйектерді ауызша немесе жазбаша түрде баяндау;

-мерзімді баспасөз материалдарын, кітапханадағы қосымша әдебиеттерді тиімді пайдалана білу;

-қазақтың салт-дәстүріне байланысты қағидаларға өз пікірін, көзқарасын білдіру және сыни тұрғыдан бағалау;

-өз беттерінше реферат, шығарма, конспект дайындап, оқушылар алдында қорғау, пікірталастарға қатысу;

-көркем шығарманы мазмұндап, көркемдеп баяндау;

-оқиға, кейіпкер жөнінде ой қорыта білу;

-кез-келген тақырып аясында өз ойын еркін жеткізе білу;

-тілдік тәсілдерді, стильдік құрылыстарды дұрыс, орынды қолдану арқылы сауатты сөйлеуге, ой дәлдігіне, сөйлеу әдептілігіне үйрену, дағдылану.






































БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТҰЖЫРЫМДЫҚ БӨЛІМІ


І. Баланың тууы, өсіп-жетілуіне байланысты қалыптасқан салт-дәстүрлер.


Олар қазақ халқының баланы мұрагерім, шаңырақтың жалғасы деп қарауы, қыз баланы басқа шаңырақтың болашақ анасы деп құрметтеуін; балаларына енші жасау, дайындау, отау тігу, қыз ұзату;

Бесік тойы, шілдехана; баланың әр түрлі сырқатының қазақша емі, шілдехананың маңызы, бесік жырының психологиялық көркемдік мәні;

Сүндет тойы, оның ислам дініндегі айнымас қағидасының орындалуы, денсаулыққа, тазалыққа бейімделуі;

Тілашар тойы, ана-әженің, әке-атаның бала тілін қалыптастыруы; жаңылтпаш, мақал-мәтел, ертегі аңыздарды үйретуі сияқты түрлері.

Қазақ халқының тілі – бесігінен, басқа тілдерді білмей тұрып қалыптасуы керектігін түсіндіру. Ұлт тілі мен тәуелсіздіктің бір-бірімен мұңдас екендігін баланың санасына құю, қазақтардың өз ұлтының тілін, мәдениетін, әнін, әдебиетін қалай құрметтеп, қалай сақтап отырғандығын әңгімелеу.

Тұсау кесер, атқа мінгізу тойларындағы халықтың даналығын, тәрбиелік мәні айтылатын өлең-жырларды айту.

Тыйым сөздер мен ишара сөздер, нақыл сөздер, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Ұл тәрбиесінің айырмашылығын түсіндіру. Қазақтың ертеден келе жатқан дене тәрбиесі – ұлттық ойындары туралы; табиғатты қорғау, табиғаттың байлығын білу, тамашалау сезімдеріне тәрбиелеу.

Қазақ халқының ерекше қасиеттері:қонақжайлылығы басқа ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынастылығы жайлы да айту.

ІІ.Қазақтың жылдың төрт мезгіліндегі мекен-жайлары – киіз үй туралы.


Көшпенділіктің ерекшеліктері, маңызы. Киіз үйдің қолайлылығы, жеңіл жиналып, құрылатындығы. Киіз үйдің көшпенді халықтардың ғасырлар бойғы жинаған сәулет өнерінің белгісі екенін айту. Киіз үйдің дайындалуы, түрлері; құрал-жабдықтарын дайындайтын ағаш шеберінің ісі, киіз басу өнері, өрнектеу өнері туралы.

Мал шаруашылығының адам өміріне тигізетін пайдасы. Киіз үйдің ішкі жасауы. Олардың арнайы жасалатын түрлері. Киіз үйдің төрі, әр нәрсенің өз орны. Киіз үйдің қысқы, жазғы түрлері.

Шаңырақ ұғымы, шаңырақтың айтылуы, маңызы. Киіз үйдегі жиһаздар, қазақ қолөнерінің туындылары - әйелдің шеберлігінің көрмесі. Киіз үйдің қазіргі заманда қолданылуы.

Қазақтың зергерлік өнері: қазақ халқының асыл тастарды, алтын, күмісті қадірлеуі; байлықтың, барлықтың белгісі етіп қолдануы. Қыз баланы, бозбаланы, жас келіндерді зергерлік бұйымдармен әшекейлеп, мәнерлегені. Зергерлік бұйымдардың атадан балаға мұра болып қалуы.

Зергерлік бұйымдармен әшекейленген сақ киімі туралы. Зергерлік өнердің ұлттық киімінің бір бөлшегі, сәндік бұйымдарға жататындығы, оның түрлері туралы түсіндіру.

Қазақтың ұлттық тағамдары, ерекшеліктері.

Бұрын негізінен ет, сүт тағамдары болған, оны өндіру, сақтау, әр түрлі тағамдарды дайындау. Сүт, ет, нан тағамдарының аттары, құрамы, көшпенділік тұрмысқа бейімділігі. Қазақша еттің, қой етінің, жылқы етінің мүшеленуі. Ет тарату, ет жасау, ас беру дәстүрлері қойдың басы – құданың асы деп аталуы. Сүттің ақтығының қасиеті. Нанды, ақты аяққа баспа делінуі. Жылқы етінің емдік қасиеті, тазалығы. Қазақ ұлтының мұсылман қауымының шошқа етін харам деп жемеуі туралы.

Ас алдында қол жуу, үлкендерден кейін табаққа қол салу. Ас ішіп отырғанда көп сөйлемеу. Астың бетін ашық қалдырмау. Асқа бата беру, ас дайындаушыға құрмет, үй иесіне ризашылық білдіруге үйрету.

Төрт түлік малға байланысты ұғымдар.

Текті жануар, ат адамның қанаты, малдың түрлері: Қамбар ата, Ойсыл қара, Шекшек ата туралы.

«Мал-жаның аман ба?» сәлемдесуінің төркіні, қалың мал, жұрт, жайлау, тебін ұғымдарын түсіну. Малға байланысты қазақтың «ботам, қозым» деген сөздерінің, Ботагөз, Тайлақ тағы басқа адам аттары. Жылқы малының көшпенділер өміріндегі көліктік қызметі, жаугершілік, барымта мәселелері. Егіншілік пен балық аулуға байланысты дәстүрлер.

ІІІ.Әлеуметтік-мәдени дәстүрлер.


Қазақ өмірінің ертеден келе жатқан мәдени деңгейі, той, кештер, шешендік өнерге құрмет, өнер адамдарының төңірегінде шоғырлану.

Қазақ ауылында жасайтын бастаңғы, тоқым қағу, ақындар айтысын тыңдауға жиналу. Қазақтың ұлт аспаптары туралы түсіндіру.


Үйленуге байланысты салт-дәстүрлер.


Танысу, құда болу, қыз ұзату тағы басқа түсініктерге байланысты дәстүрлер. Қалың мал, жасау, киіт кигізу туралы. Той әндері, той ырымдары, ойындары жайлы айту.

Наурыз тойы жаңа жыл мерекесі. Наурыздың экологиялық, астрономиялық, имандылық, табиғи мәнін түсіндіру.

Табиғатты қорғауға арналған дәстүрлер, ұлттық өнерді насихаттау, халық әндерін үйрену, ұлттық киімдерді киюге баулу, наурыз көженің мәні туралы түсіндіру.

Діни мейрамдар: құрбан айт, ораза айт туралы айту.

Қазақ халқы киелі деп есептейтін «3», «5», «9» сандарының алыну төркіні және осы сандарға байланысты ұғымдар жайындау әңгімелеу.


































Нормативтік бөлік


Теориялық




Тақырыбы

Сағат саны

1

Кіріспе. Қазақ мемлекеті мен қазақ атауының шығу тарихы

2

2

Ұлттық ерекшелік. Салт-дәстүр туралы


4

3

Қасиетті қара шаңырақ


4

4

Қолөнер – зор өнер


4

5

Ас – адамның арқауы


4

6

Қарға тамырлы қазақ


6

7

Төрт құбылада – төрт түлік


4

8

Табиғат – тал бесік


4

9

Киелі сандар


2


























Тақырыптық жоспар


Аптасына 1 сағат


Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе

1


2

Қазақ мемлекеті мен қазақ атауының шығу тарихы

1


3

Ұлттық ерекшелік. Қазақтың салт-дәстүрі туралы

1


4

Салт-дәстүрді сақтау жолдары

1


5

Жақсы сөз – жарым ырыс. Халықтың ырымдары

1


6

Шағын шығарма

1


7

Қасиетті қара шаңырақ

1


8

Киіз үйге байланысты ұғымдар

1


9

Тұрмыстық және шаруашылық заттардың атаулары

1


10

Диалог құрастыру

1


11

Қолөнер – зор өнер

1


12

Шеберлер шешімін тапқан

1


13

Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері

1


14

Мазмұндама

1


15

Ас – адамның арқауы

1


16

Ыдыста ырыс бар

1


17

Асқа байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар

1


18

Эссе

1


19

Қарға тамырлы қазақ

1


20

Ағайын жұрт

1


21

Нағашы жұрт

1


22

Қайын жұрт

1


23

Жақындық және іліктік атаулар

1


24

Ойтолғау

1


25

Төрт құбылада – төрт түлік

1


26

Төрт түлікке қатысты атаулар

1


27

Жан-жануарларға байланысты ырымдар

1


28

Әңгіме құрастыру

1


29

Табиғат – тал бесік

1


30

Халық ауа райын қалай болжаған?

1


31

Шағын шығарма

1


32

Киелі сандар

1


33

«7», «5», «9» сандарының мағынасы

1


34

Қорытынды

1



578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!