Материалдар / Авторлық тиімді әдістер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Авторлық тиімді әдістер

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог қызметкерлерге, пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2021
219
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабиханова Асель Каирбековна:

«Стратегияның бәрі тиімді тек тиімді етіп қолдану

шеберлікті қажет етеді!»


1. «Кешенді постер» әдісі. Өте күрделі және ұзақ мәтін/тапсырма бойынша постер қорғауда уақыт регламентін сақтаудың бақылаудан тыс қалуы, тыңдаушыларда зерігудің пайда болуына әкеліп соқтырды. Осы кеткен кемшіліктерімді есепке ала отырып, «Кешенді постер» деген әдісін ойлап, қолданысқа пaйдаландым. Оның бұрынғы постерден ерекшелігі: А-3 форматты екіге бүктеп, бірінші жағына келісемін, екінші бөлігіне келіспейтін пікірлер жазылады, яғни бір топтың жасаған постері берілген бір уақыт аралығында барлық топты аралап шығады, топ мүшелері емес, жасалған постердің өзі ДЖИГСО әдісімен айналып шығып екі топ келісемін бағаны бойынша толықтырулар, сын пікірлер мен ұсыныстар жазса, қалған екі топ келіспейтін пікірлері бойынша ұсыныстар мен шешу жолдарын жазады (1-фото). «Кешенді постер» жұмысында топтардың бір-бірлеріне берген ұсыныстары мен сыни көзқарастары арқылы бағалау тиімділік танытты. Себебі әр топ постерге сын айту арқылы өздерін реттей алды, сын дұрыс айту, сынды көтеру дұрыс қабылдау, ойларын еркін айту және тыңдау дағдылары қалыптасты. Жай постерді қорғаудағы байқалған үстірт тыңдалым бағыттаушы сұрақтар қою арқылы әрекетке тартылған болса, «кешенді постер» арқылы бірін-бірі бағалаудың бір арнаға түскеніндігі және бақылаудан кейінгі интерпретациялау жүзеге асуы болды.

1-фото айналып келген «Кешенді постерде» жазылғандарға келіспейтін пікірлері мен сын ұсыныстарын талдау кезі.


2. «Адвокат-прокурор» әдісі. Мұғалімге арналған нұсқаулықтың (ары қарай МАН) релевантты идеялары мен мазмұнын талдауда - үстірт тыңдалым мен Чиксентмихайидың зерігушілігін жою мақсатында «Адвокат-прокурор» әдісін ойлап, қолдануым мақсатыма жетудің тиімділігін көрсетті (2-фотолар). Тиімділігі – МАН-ның релевантты идеяларын талдауда бір пікірге тоғысулары орын алып, «Мен» тұжырымдамасындағы танымдық аймақтарының арта түсулері, сондай-ақ бір-бірлеріне сынды дұрыс айта алу арқылы сөйлеу мәдениетінің қалыптасуларымен қатар, сын мен ұсыныстарды дұрыс қабылдай алып шешім шығарулары арқылы эмоционалдық және әлеуметтік аймақтарының қалыптастып, «өзіндік мақсатқа» жетуге бағытталуы болды.

2-фотолар. МАН бойынша қорғаушы-адвокат өз постерін қорғау үстінде болса, келесі топтар қателіктерді жоюда МАН (заң) бойынша тексеріп прокурор ретінде белсенді тыңдалым мен тексеру үдерісі кезі.


3. «Жұмбақ» әдісі. Жұмбақ жанры дүниежүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель: «Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора» деген анықтама берген. Тыңдаушылардың ой-өрісін, алғырлығын сынау және сындарлы ойлауларын қалыптастыру мақсатында мен көбіне-көп тақырыпты өздеріне ашқызып негіздетемін, яғни тақырыпты жұмбақ етіп беріп сындарлы ойлау дағдыларын кішкене болсын қалптастыру арқылы шешулеріне мүмкіндік беріп отырдым. Бұл әдістің тиімділігі мұғалімдер ой-өрісін кеңейте отырып өздерін реттейді және бір-бірінің жауаптарынан «ішкі бағалау» жүзеге асып «ішкі уәждері» ашылады. Бір мысал келтірсем, төмендегі жұбақты презентациядан жұмбақ қою арқылы тақырыпты ашуға бердім, тақырыпты аша алмаса да, мен өзім ойламаған жауаптарды ала алдым, олардың тың жауаптарынан менің де бір қырымнан ойлануыма үлкен мүмкіндік болды. Ал жұмбақ жауабы «қара жәшік»!



4. «Теңге салу, теңге алу» әдісі. Тәрбиелік мәні зор ұлттық ойындарымызды сабақ барысында үйлестірудегі мақсатым: бір сарынды сұрақ қою, жауап алумен шектелу емес, әлеуметтенулері арқылы жағымды эмоция құра отырып танымдық деңгейлерін арттыру болды. «Теңге (сақина) салу» (теңге/сақина орнына бүктелген стикер) арқылы стикерге жазылған сұрақтарды шеңберде отырған немес өз орындарында отырған мұғалімдерге жабулы алақандарына стикерді салып, кімде теңге дегенде қалғандары алақанында теңгесі бар әріптесін табулары қажет. Теңгесі бар мұғалім орнынан тез тұрып шеңберден шығып кетуі керек. Теңгедегі сұрақты оқып жауабы мен шешу жолдарын өзі жауап береді, егер теңге алған әріптес жауап бере алмаған уақытта Чиксентмихайидың алаңдаушылығы орын алмай өзі отырған шағын топ жауап береді. Осылайша өз қоржындарына теңге алып, өз топтарына теңге санын жинайды (3-фотолар). Бұл әдістің тиімділігі ұзақ уақытты тапсырмалар мен оқулардан бой жазу (сергіту сәті) арқылы эмоционалдық аймақтарының артуы орын алып, шағын топтар өз қоржынан теңге алу мақсатында дұрыс жауаптары арқылы әлеуметтік аймақтары артты, сондай-ақ бірлесіп жауап берулері арқылы өзі білмей тұрған сұрақты білуіне, есіне түсіруіне түрткі болды, ал танымдық деңгейлері бойынша бірін-бірі тыңдау арқылы жүзеге асып отырса, кімде теңге екенін бағдарлау арқылы сыртқы бақылау дағдылары қалыптасты.


3-фотолар. Теңге салудан стикердегі сұрақты оқу және стикерге жауабын жазу арқылы теңгені өз қоржына иеленген кездері.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!