Материалдар / «Аяулы күз,алтын күз!» (Ертеңгілік)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Аяулы күз,алтын күз!» (Ертеңгілік)

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз іс-тәжірибемізбен бөлісу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Сәуір 2018
224
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Аяулы күз,алтын күз!»
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл –күй
орнату.Балаларды ән салуға,би билеуге,түрлі іс-әрекеттерге
тарту,бейімділіктерін арттыру.Шығармашылық ой-қиялдарын дамыту.
Армысыздар құрметті тәрбиешілер,ата-аналар!
Бармысыздар жадыраған кішкентай бүлдіршіндер!
Берекелі,мерекелі алтын күз құтты болсын!
Береке,бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын күз.
Сары алтынға малынған
Жетті міне алтын күз.
Ендеше «Болашақ»тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар.
Вальс:

Музыка қосылады.(Балалар вальс билеп,жарты шеңберге тұрып «Күз
тамаша әнін орындайды)

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдерме балалар!
Балалар:сәлеметсіз бе!

Күз ханшайымы:
Уа халайық,дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
-Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын,күз сыйын ала келдім.
(Себетіне қарайды)
Ой-ой балалар менің себетімдегі сыйым қайда кеткен.
Құрт мырза: (Музыка қосылып құрт мырза кіріп келеді)
Ха-ха-ха Күз ханшайымы себетің менде. Мен алманы өте жақсы
көремін.Алманың ішіне кіріп алып қыс бойы рақаттанып жатқым
келеді.Иісін-ай қандай керемет!
Күз ханшайымы:Құрт мырза себетімді өзіме қайтаршы.Мен саған
сыйымның жартысын бөліп беремін.
Құрт мырза: Ендеше менің көңіл-күйімді көтерсең қайтарып беремін.
Күз хашайымы: Ой,ой,енді қайттім,қалай? Құрт мырзаның көңілін көтерем.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы,уайымдама қазір Құрт мырзаның көңіл-күйін
көтереміз.Олай болса көңілді бір ойын ойнайық.Күз ханшайымы,
Құрт мырза сіздерде бізбен бірге ойнап көңіл көтеріңіздер.
Қимылды ойын:
«Күн мен жаңбыр»
Мақсаты: Өз сыбайласының назарын,есту қабілетін дамыту.
Барысы: Күн мен жаңбыр ойынын ойнаймыз.Күніміз көңілді әуен болады.
Көңілді әуен ойнағанда бәріміз көңілденіп би билейміз.Ал күн күркіреп
жаңбыр жауғанда Күз ханшайымы мен менің қолымдағы қолшатырдың астына
тығылып қалуымыз керек.Жарайсыңдар балалар!Ойын сендерге ұнады ма?

Тәрбиеші:Күз ханшайымы сіз күз туралы өлең жолдарын білесіз бе!
Күз ханшайымы: Иә білемін бірақ есіме түспей тұр.
Құрт мырза: Ха-ха-ха.Күз ханшайымы ұмытып қалыпты. Мен күз туралы
өлең жолдарын білемін.
Алтын сары,қызыл көк,
Алуан,алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Тәрбиеші: -Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар?
Балалар: (Күз мезгілі) Үш тілде айтқызу. Күз-осень,
Орыс тілінде Күз мезгілін қалай айтамыз?
Осень
Ағылшын тілінде:
(Ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)
(Қыздар күз туралы өлең жолдарын айтады)
Інжу:
Анель
Ұшты талдан жапырақ,
Вновь осенняя пора
Сары көйлек секілді.
Ветром закружила,
Аспанда жәй шатырлап,
Чудо-красками она
Тамшы жерде секірді.
Всех заворожила:
Посмотри, какой ковер
Листьев у порога!
Только жаль, что светлых дней
Айгерім:
Оутун ливез аупон зе граунд
Осенью немного.
Уеллоу,браун энд ред
Уинтез гетинг клоус
Зе трийз э гауинг ту бэд
Тамирис:
Дильназ:
Дала сары секілді,
Фал из фан
Самал соқты салқындау.
Ай лайк ту ран
Қырмандарға үйілді,
Ай си зе сан

Алтын астық,алтын дән.
Шырай:
Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілген.
Әй жапырақ сары алтын,
Айналаның бәрі алтын

Фал из фан
Шырайлым:
О,алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып- ап.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар!
Күз ханшайымы:Керемет,тамаша.Жарайсыңдар балалар!
Тәрбиеші:Күз ханшайымы біздің балалар сегіз қырлы,бір сырлы өлең
жолдарын оқып қана қоймай биді де жақсы билейді.
Құрт мырза:Кірпіден қорқамын.
Тәрбиеші: сен кірпіден қорықпа.кірпілер мейірімді, ақылды,олар ешкімге
тиіспейді.Кел кірпілермен бірге биле құрт мырза.
Құрт мырза:О-о-о алақай биді менде жақсы көремін.
Тәрбиеші: Олай болса Құрт мырза біздің биші ұлдарымыз бен бірге би
билеуге шақырамыз.
Би: (ұлдар кірпі биін билейді)

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар! Өнерлерің үстем болсын!
Рахмет сендерге.
Күз ханшайымы:Есіме түсті,түсті.
Құрт мырза: Не есіңе түсті.
Күз ханшайымы:Бәрі есіме түсті.(Күз туралы тақпағын айтады)
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаныма,тоңғаныма,
Жылқы ойнап бие қашқан,тай жарысқан.
Тәрбиеші:Күз ханшайымы біздің де балалар күз туралы көптеген өлең
жолдарын біледі.Тыңдап көрейік.
(Ендеше ортаға жарты шеңберге келе қойыңдар)
(Ұлдар күз туралы өлең жолдарын айтады)
Нұрали:
Ерасыл:
Дождь идет по всей земле, Спят березы в серебре,
Мокрая дорога
Ярче зелень сосен,
Много капель на стекле,
Потому что на дворе
А тепла немного.
Золотая осень
Дінмұхамбет:
Нұрасыл:
Зе ливез афаллинг
Көбейді құт береке,
Уан бай уан
Астық толы қамбамыз.
Саммез овэ
Құтты болсын мереке,
Скулз беган
Алтын күзді тойлаймыз.
Диас:
Нұржан:
Мейірлі күз,мырза күз,
Алма пісіп,алмұрт пісіп,
Сыйлығыңа ырзамыз.
Күзде бақтар жайнайды.
Аппақ арай таңында,
Құстар қайтып қош айтысып,
Шомыламыз нұрға біз.
Қимас үнмен сайрайды.
Дастан:
Астық жеміс жиналды,
Қамбаларға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдым өнім сыйымды.
Рақмет балалар!
Балалар би де биледік,әнде айттық,өлең жолдарын да оқыдық.Енді құрт
мырзаның көңілін көтеріп ойын ойнасақ қайтеді.
Ойын ойнағыларың келе ме?
Орманның жеті иелері кішкентай гномдардардың тапсырмалары бар екен.
Әртүрлі тапсырмалар жасырыпты.Оны саңырауқұлақтың астына жасырып
қойыпты.Сол тапсырмаларды орындап көрсек қалай қарайсыңдар.
Келіңіз құрт мырза сізде ойын ойнаңыз.
(Саңырауқұлақтың артында жазылған тапсырмаларын орындайды)
Ойын «Кім тапқыр»
Мақсаты:Балалардың ой-өрістерін,ойлау қабілеттерін дамыту.
Барысы: Логикалық есептер,жұмбақтар шешіп сұрақтарға жауап береді,
күзге байланысты мақал-мәтелді жалғастырады.
Бірінші тапсырмада жұмбақ шешу керек екен.
1.Ағайынды бәрі, шықса-жасыл, түссе сары. (жапырақ)
2.Жерге тырс-тырс тамады
Сайға қарай ағады
Шешуін кім табады? (жаңбыр)

3. Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс)
-Күз мезгілінің айларын ата? (Үш тілде айтады)
-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Көкөністер мен жемістерді қандай ерекшеліктеріне байланысты
ажыратамыз?
-Күз мезгіліне байланысты қандай мақал-мәтел білесіңдер?
1. Жердің сәні егін
Ердің сәні білім
2. Егіндікті күз суар.
Күз суарсаң, жүз суар
3.Арпа, бидай ас екен
Алтын күміс тас екен
4.Не ексен соны орасың
5.Жері байдың – елі бай.
Балалар келесі саңырауқұлақта мынандай тапсырма бар екен.
Логикалық есептер шешіп көрсек қалай қарайсыңдар.
1.Айжанда 4 құлпынай бар, содан кейін анасы оған тағы да 2 құлпынай
берді.Айжанда барлығы неше құлпынай болды?
2. Айдана 4 банан, ал Айгерім 4 банан жинады. Қыздар қанша банан жинады?
3. Алма ағашында 7 алма бар.Оның 5-еуін Қуаныш теріп алды.Алма
ағашында неше алма қалды?
4. Қоян 4 сәбіз жегеннен кейін ода тағы 5 сәбіз қалды.Қоянда қанша сәбіз
болды?
Құрт мырза: Ойын ойнап,би билеп көңілім бір көтеріліп қалды ғой.Қандай
өнерлі балаларсыңдар!
Тәрбиеші: Рақмет сендерге балалар!
Құрт мырза біздің өнеріміз әлі аяқталған жоқ,олай болса біздің
биші қыздарымызды қарсы алыңыздар.
Би: «Көкөністер мен жемістер»

Рахмет өнерлерің үстем болсын!
Құрт мырза:Күз ханшайымы,тәрбиеші апайлар,балалар сендерге көп
рахмет.Менің көңілімді бір көтеріп тастадыңдар.Күз
ханшайымы міне сіздің сыйыңызды қайтарып берейін.

Күз ханшайымы: Рақмет. Мынау менің сыйым қабыл ал құрт мырза.
Тәрбиеші: Балалар күз ханшайымы өзінің сыйын қайтарып алды гой.Ендеше
Күз ханшайымына өзіміздің әдемі бір әнімізді орындап берсек
қайтеді.Олай болса,«Күз жомарт» әнін қабыл алыңыздар.
(жарты шеңберде тұрып өлең айтады)

Күз ханшайымы:Рақмет балалар мен сендерге күз сыйын табыс етемін.Мен
сендерге қатты ризамын!
Тәрбиеші:-Балалар бүгін қандай мереке болды?
-Қандай кейіпкерлер қонаққа келді?
-Мереке сендерге ұнады ма?
Осымен біздің «Аяулы күз,алтын күз»ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз
берекелі, астықты болсын демекпіз.Күз мерекесі құтты болсын!Бүгінгі келген
қонақтарымыз бен бірге естелікке фотосуретке түсіп алайық.Сау болыңыздар
қонақтар!
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!