Материалдар / Аязата қонаққа келді
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Аязата қонаққа келді

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық сыныбына арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2020
637
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



10 ҰОҚ. Ермексаздан жасалған

күлдіргі шарлар (қамырпластика)

Мектеп / МҰ:

Күні:

Педагог аты-жөні:

Мектепалды даярлық сыныбы / топ:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

ҰОҚ-нің оқу

мақсаттары




Қарапайым көркем образдарды жасау, образды түрлі ұсақ

бөліктермен, сәндік элементтермен толықтыра отырып, көңіл күйін бере

білу, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдау.

Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді пайдалану.

Барлық тәрбиеленушілер:

қарапайым пропорцияларды ескере отырып, ермексаздан қарапайым

ойыншық жасайды;

түрлі түсті тұзды қамырды материал ретінде пайдалана біледі.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

фигуралардың бөлшектерін бір-біріне біріктіре алады;

фигураға тиісті көңіл күй «сыйлай» алады;

мүсіндеуге арналған материалдарды үнемдеп пайдалана алады.

Тілдік мақсаттар






Дағдыларын дамыту:

өзі жасаған бұйым туралы әңгімелеп беру;

алған әсерлерімен бөлісу.

Көптілділік: шар – шар – ball.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

жас мультипликаторлар студиясы.

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстары



І. Жұмыс істеуге

жағымды көңіл

күй қалыптастыру




Ұ) Педагог ҰОҚ-де жұмыс істеуге қолайлы жағдай

жасайды.

(Ұ) Талқылау: «Күлдіргі шарлар» дегеніміз қандай

кейіпкерлер? Оларды қайдан көрдіңдер?

Балалар олардың мультфильм кейіпкерлері екенін және

қызықты оқиғалар құрастыратынын айтып береді

Музыкалық

сүйемелдеу.


II. Өмірлік

тәжірибені

белсендіру.

Мақсатты

тұжырымдау



Ұ) Ситуациялық жағдай тудыру:

Ермек топқа «Күлдіргі шарлар» мультфильміндегі

кейіпкерлердің бірінің киімін киген адамды алып

келеді. Ол өзінің достарынан көз жазып қалғанын

айтып шағымданады.

(Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс.

Балалар «Күлдіргі шарлар»» мультфильмінің кейіпкерлерінің

суреттерін қарап шығады және аттарын атап

береді.

Саған қайсы кейіпкер көбірек ұнайды? Неге? Бұл

туралы достарыңа айтып бер.

(Ұ) Балалар ҰОҚ не туралы сөз болатынын болжап,

зерттеудің тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

Әліппе-альбом


ҰОҚ-нің ортасы

III. ҰОҚ-нің

тақырыбы

бойынша жұмыс




Ұ) Проблемалық жағдайдың шешуі.

Қызықтыру мен ынталандыру әдісі: «Күлдіргі

шарлар» мультфильмінен үзінді.

Ой қорыту: кейіпкерлердің бәрі шар тәріздес пішінде,

ашық түсті.

Ермек нағыз мультипликаторға айналып, балаларды

мультфильм кейіпкерлерін жасауға шақырады.

(Ұ) Жұмысқа даярлық.

Тәрбиеленушілер тұзды қамырмен жұмыс

істейтіндіктен оны әзірлеу жолдарымен танысады.

Сондай-ақ тұзды қамырмен жұмыс істегенде нені білу

қажеттігінен хабардар болады.

(Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс.

Үлгілерді көрсету.

Тәрбиеленушілер мүсіндеу үлгілерімен танысады,

мүсіндеу түрлері мен тәсілдерін атап береді. Қамырмен

жұмыс істегенде қандай құралдар пайдаланылатынын

айтады. Т, Ө) Мүсіндеу алгоритмін көрсету және түсіндіру.

1. Дөңгелек қатырғықағазды сулап, оған жасыл

қамырды жаймарлап жабыстырамыз. Бұл – біздің

кейіпкерімізге арналған алаңқай. Фольгадан диаметрі

5 см-ге жуық шар жасаймыз.

2. Түрлі түсті қамырды фольгадан жасалған шарға

тегістеп жапсырамыз. Жапсырылған қабаттың

қалыңдығы шамамен 0,5 см болуы тиіс. Шарды

алақанымызға салып домалатып, тегістейміз.

3. Аяқтарды жасау үшін түрлі түсті қамырдан 4 бірдей

шарды домалақтап аламыз.

4. Шарды бір жағынан саусақпен ақырын қысып тұрып

үстел үстінде домалатамыз. Тамшы тәріздес пішін

шығару қажет.

5. Алаңқайды сулап, тамшы тәріздес екі бөлшекті соған

орналастырамыз.

6. Аяқтарға шарды жабыстырамыз. Біріктірілетін жерді

алдымен сулап алуды ұмытпаңдар.

7. Шардың қапталына тағы екі тамшыны жапсырамыз.

Бұл – қолдары. Жағудың қажеті жоқ. Біріктірілген

тұсын сулап, бөлшектерді саусақпен аздап басса

болғаны.

8. Құлақтарына арнап екі тамшы жасаймыз. Тіс

шұқығышты ортасынан бөліп, үшкір жағымен шарға

қадаймыз.

9. Жасаған тамшыларымызды соған орнатып, бекітеміз.

10. Содан соң көздерін жасаймыз. Ол үшін боялмаған

қамырдан кішкентай екі шар жасап аламыз. Содан

соң оны басқа жапсырамыз. Естеріңде болсын,

Смешариктердің көздері бір-біріне жақын орналасқан.

11. Көздің ортасына домалақ қара бұрыш жапсырамыз.

Мұрнын түрлі түсті қамырдан жасаймыз.

13. Фломастермен аузын саламыз.

Саусақтарға арналған жаттығу: «Кірпі, кірпі,

кірпім-ай …»

(Т) «Еске түсіру минуты» – ермексазбен жұмыс істеу

тәртібі:

1. Жұмысқа қажетті ермексаздың түсін таңдап ал.

2. Ермексаздан өзіңе қажеттісін кескішпен кесіп ал.

3. Кесіп алған ермексазды қолыңмен жылытып,

жұмсарт.

4. Жұмысты аяқтағаннан кейін құрғақ әрі жұмсақ

майлықпен қолыңды сүртіп, содан соң сабындап жу.

(Ө) Таңдауға берілетін тапсырма:

Мүсінші Ермек өзі мүсіндейтін кейіпкер таңдауды

ұсынады.

(Ө) «Ермексазбен достас» ойын-жаттығуы.

Ермексазды жұмыс істеуге дайындау.

(Ө) Балалардың өзіндік жұмысы, жеке көмек

көрсету.

(Ұ) Шығармашылық минуты:

«Жас мультипликаторлар» студиясы Балаларға жеке көмек көрсету.

Музыкалық

сүйемелдеу.

Түрлі түсті және

боялмаған тұзды

қамыр, фольга;

диаметрі

шамамен 7 см

болатын дөңгелек

қатырғықағаз,

домалақ қара

бұрыш, тіс

шұқығыш, су

құйылған стақан

мен қылқалам,

ермексазға арналған

кескіш, фломастер.



ҰОҚ-нің соңы

Рефлекция





(Ұ) Балалар жұмыстарының көрмесі. «Шебер

қолдар» бұрышын жасау.

Педагог балаларды жұмыстарды талқылап, бұйымдарға

баға беруге шақырады.

Ермек балаларға өздері жасаған жұмысқа баға

берулерін ұсынады:

1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен

бояйды.

2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.

Балалардың

жұмыстарына

арналған көрме.







































11 ҰОҚ. Құлдыр-құлдыр, құлыншақ

Мектеп / МҰ:

Күні:

Педагог аты-жөні:

Мектепалды даярлық сыныбы / топ:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

ҰОҚ-нің оқу

мақсаттары




Бұйымды тұғырға орнату техникасын пайдалану, бір тұғырға бір-

неше бұйымды орналастыру. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Барлық тәрбиеленушілер:

жылқының пішінін жасай алады;

көлемі мен өлшемі әртүрлі цилиндрлер жасай алады.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

бөліктердің тиісті пішінін қатесіз жасайды, оларды бір-бірімен бірікті-

реді;

образ жасай алады.

Тілдік мақсаттар






. Дағдыларын дамыту:

ауызекі сөйлеу қабілеті, сұрақтарға жауап беру;

үш тілдегі сөздерге тілін жаттықтыру.

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!