Материалдар / Ауыл шаруашылығындағы өсіміктер мен жануарларды селекция көмегімен жақсарту әдістері, филогенетикалық ағаштар мен кладограммалар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ауыл шаруашылығындағы өсіміктер мен жануарларды селекция көмегімен жақсарту әдістері, филогенетикалық ағаштар мен кладограммалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Ауыл шаруашылығындағы өсіміктер мен жануарларды селекция көмегімен жақсарту әдістері, филогенетикалық ағаштар мен кладограммалар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Сәуір 2022
257
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледж

(білім беру ұйымының атауы)


Cабақ жоспары

Ауыл шаруашылығындағы өсіміктер мен жануарларды селекция көмегімен жақсарту әдістері, филогенетикалық ағаштар мен кладограммалар

(сабақ тақырыбы)

Модуль /пән атауы Биология

Дайындаған педагог Оспанова Ақниет Ұғыбайқызы

2021 жылғы "18" 11


1.Жалпы мәліметтер:

Курс, оқу жылы, топ: 1-курс, 2021 жыл, СЭЗ-21-2 тобы

Сабақ типі: практикалық


2. Мақсаты, міндеттер:

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

Селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдердің зерттеу.

- селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдердің зерттейді;

-гибридизация, полиплоидия және жасанды мутагенез маңызын талдайды;

- селекция мен сұрыптау әдістерінің гендік инженериядағы маңызын дәлелдейді .


3. Сабақты жабдықтау:

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Интерактивті тақта оқулықтар, дидактикалық материалдар, анықтамалықтар т.б

3.2 Техникалық құралдар, материалдар

Компьютер, ұялы телефон


4. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

  1. Студенттерді түгендеу, назарын сабаққа аудару.

  2. Топқа бөлу, сергіту сәті


Суреттер арқылы топқа бөліну

Студенттерге суреттердің қималары таратылып (мысалы; гүл түрлері,жануарлар,құстар,жеміс-жидектер т.б) суреттердің біркелкілігіне қарап үш адамнан бірігіп, топ құрайды.

(Өрік, алма, жүзім)


Үй тапсырмасы (15 минут)

1. Тест сұрақтары

2. Кроссворд

3. Сәйкестендіру «Эволюциялық дәлелдемелер»

Үй тапсырасы Learning Apps технологиясы бойынша өткізіледі.



Жаңа сабақ (20 минут)

1 топ

Селекция (лат. селекцио –таңдау, сұрыптау ) – бұл жануарлардың қолтұқымдарын, өсімдіктердің іріктемелерін, микроағзалардың себінділерін жасау әдістері туралы ғылым. Тірі ағзалардың жаңа формаларының пайда болуы, ал ескілерінің өзгеруі және жетілуі табиғи сұрыпталу мен қолдан сұрыптау әрекетінен бастау алады. Табиғи сұрыпталуға қоршаған орта жағдайларына жақсы бейімделу арқылы тірі қалған ағзалар жатады. Қолдан сұрыптау дегеніміз – пайдалы белгілер мен қасиеттері бар дараларды сақтап, көбейту жолымен жануарлардың жаңа қолтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару. Ол – селекцияның негізгі әдісі.

Селекциялық үдеріс үш: өсімдікшаруашылығы, малшаруашылығы және микроағзалар селекциясы салаларына бөлінеді.

Өсімдік шаруашылығы. Заманауи ауылшаруашылығына қоршаған ортаның биотикалық және абиотикалық факторларының әсеріне төзімділігімен, ұзақ уақыт сақтауға болатындығымен ерекшеленетін өнімнің жаңа сорттары өте қажет. Қазіргі кезде өсірілетін өсімдіктердің жабайы арғы тегі осындай қасиеттерге ие екені дәлелденген. Олардың «пайдалы» гендерін заманауи сорттарға беру үшін түраралық будандастыру жүргізу керек. Ол генетикалық үйлеспеушілікке байланысты барлық дақылдар үшін технологиялық тұрғыда күрделі әрі мүмкін бола бермейді. Бұл жағдайдың шешімі бір ағзадан екінші ағзаға гендерді қондыру мүмкіндігін жасаған генетикалық инженерияның дамуымен байланысты пайда болды.

Өсімдік геномын биотехнологиялық өзгертудің негізгі әдістеріне жасанды мутагенез (физикалық және химиялық); трансгенез – генді тікелей ағзаға енгізу; интрагенез – ағзаның өз генін өзіне енгізу немесе оны «ажырату», сондай ақ цисгенез – табиғи будандасу жүруі мүмкін жақын туыс түр генін енгізу жатады.

Трансгенді азық−түлік өнімдерінің биологиялық қауіпсіздігіне жалпы алаңдаушылықты назарға алып, қазіргі кезде өсімдіктердің сорттарын модификациялау үшін жаңа тәсіл – цисгенез белсенді түрде жасалуда. Трансгенді өсімдіктерден айырмашылығы мұндай өсімдіктерде туыс емес ағзалардың гендері және антибиотиктерге төзімді гендер болмайды. Бұл қоғамның трансгенді өсімдіктерге қарағанда цисгенді өсімдіктерді жеңіл қабылдауына мүмкіндік береді.

Сонымен цисгенді өсімдіктерді шығарудың басты мақсаты төзімділік генін коммерциялық табысты сорттарға апару болып табылады. Ол селекционерлердің уақытын үнемдейді, пестицидтерді қолдану қажет емес, экожүйені бұзбайды, цисгенді өсімдіктерді өсіру шығыны аз, ал өнімі мол болады. 2012 жылы азық−түлік өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық агенттік әртүрлі әдіспен алынған өсімдіктекті өнімдердің ықтимал зияны салыстырылған баяндама жариялады. Нәтижесінде цисгенді өсімдіктерді пайдалануға байланысты тәуекелді классикалық селекция әдістері арқылы алынған сорттармен салыстыруға болады деген қорытынды жасалды.


2 топ

Селекция (лат. селекцио –таңдау, сұрыптау ) – бұл жануарлардың қолтұқымдарын, өсімдіктердің іріктемелерін, микроағзалардың себінділерін жасау әдістері туралы ғылым. Тірі ағзалардың жаңа формаларының пайда болуы, ал ескілерінің өзгеруі және жетілуі табиғи сұрыпталу мен қолдан сұрыптау әрекетінен бастау алады. Табиғи сұрыпталуға қоршаған орта жағдайларына жақсы бейімделу арқылы тірі қалған ағзалар жатады. Қолдан сұрыптау дегеніміз – пайдалы белгілер мен қасиеттері бар дараларды сақтап, көбейту жолымен жануарлардың жаңа қолтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару. Ол – селекцияның негізгі әдісі.

Селекциялық үдеріс үш: өсімдікшаруашылығы, малшаруашылығы және микроағзалар селекциясы салаларына бөлінеді.


Жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдері. Өсімдік шаруашылығынан айырмашылығы мал шаруашылығында өнімділікті арттыруда биотехнология жетістіктерін пайдалану шешуші рөл атқарады. Малшаруашылығында биотехнологиялық зерттеулер нәтижелерін енгізу, бірінші кезекте, мынадай салаларда жүзеге асырылуда:

1. биотехнология көмегімен малдардың денсаулығын жақсарту;

2. малдарға жасалған биотехнологиялық зерттеулер көмегімен адамдарды емдеу кезіндегі жаңа жетістіктер;

3. биотехнология көмегімен малшаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсарту;

4. қоршаған ортаны қорғау және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудағы биотехнология жетістіктері.

Жануарлар биотехнологиясы әртүрлі жануарлармен және геномика, гендік инженерия және клондау сияқты зерттеу тәсілдерімен жұмыс істеуден тұрады.

Биотехнология селекциялық жолмен өсірудің әртүрлі нұсқалары арқылы малдың өнімділігін жақсартуға көмектеседі. Алдымен қажет сипаттамалары бар даралар іріктеліп алынады, содан кейін дәстүрлі шағылыстырудың орнына сперма мен жұмыртқа жасушасы алынады да, экстракорпоральды ұрықтандыру жүзеге асырылады. Бірнеше күннен кейін дамып жатқан ұрық суррогат аналық жатырына орналастырылады. Сол қолтұқым аналығын алу міндетті емес.

Клондаудың осындай түрі бірнеше жылдан бері ауылшаруашылығы жануарларының генетикалық сипаттамаларын тез арада жақсарту үшін қолданылады. Геномика әдістері дәстүрлі селекциялық тәсілдерді жетілдіру үшін де жүргізіледі.

Биотехнологиялық әдістер қатты жемнің сіңірілуін арттыруға мүмкіндік береді. Ғалымдар ауылшаруашылығы жануарларына арналған жеуге жарамды вакцина жасау мақсатымен өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару жұмыстарын жүргізуде. Жақын арада фермерлер шошқаны қауіпті ішек инфекциясына ерекше иммунитетке бейімдейтін генетикалық түрлендірілген жоңышқамен қоректендіру мүмкіндігіне ие болады.

Ауылшаруашылығы жануарларының денсаулығын сақтау үшін қолданылатын диагностикалық тесттер, вакциналар мен дәрілік препараттардан басқа биотехнология жаңа қолтұқымдарды шығаруда едәуір маңызды рөл атқарады.


3 топ

Селекция (лат. селекцио –таңдау, сұрыптау ) – бұл жануарлардың қолтұқымдарын, өсімдіктердің іріктемелерін, микроағзалардың себінділерін жасау әдістері туралы ғылым. Тірі ағзалардың жаңа формаларының пайда болуы, ал ескілерінің өзгеруі және жетілуі табиғи сұрыпталу мен қолдан сұрыптау әрекетінен бастау алады. Табиғи сұрыпталуға қоршаған орта жағдайларына жақсы бейімделу арқылы тірі қалған ағзалар жатады. Қолдан сұрыптау дегеніміз – пайдалы белгілер мен қасиеттері бар дараларды сақтап, көбейту жолымен жануарлардың жаңа қолтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару. Ол – селекцияның негізгі әдісі.

Селекциялық үдеріс үш: өсімдікшаруашылығы, малшаруашылығы және микроағзалар селекциясы салаларына бөлінеді.

Микроағзалардың селекциясы. Микроағзалар дәстүрлі биотехнологияларда, сонымен қатар заманауи биотехнологияда аминқышқылдары, нәруыздар, антибиотиктер, дәрумендер, нуклеин қышқылдары, ферменттер және т.б. тыңайтқыш алуда кеңінен қолданылады.

Көптеген микроағзаларда жыныс үдерістері болмайтындықтан, мутантты даралар көбейген кезде генетикалық тұрғыда ұқсас ағзалар себінділері – клондар алынуы мүмкін. Өзіне тән генетикалық тұрақты белгілерімен сипатталатын, ұзақ сақталатын микроағзалар клоны штамм деп аталады.

Микроағзалар селекциясының негізгі әдістері – индукцияланған мутагенез және кейінгі сұрыптау. Микроағзалардың көбею жылдамдығы өте жоғары болғандықтан, алынған көптеген мутанттардан өнімділігі «жабайы» штаммдарының өнімділігінен ондаған және жүздеген есе жоғарыларын іріктеуге болады. Қазіргі кезде микроағзалар селекциясында талап етілетін аллельді жасушаның генетикалық аппаратына енгізуге мүмкіндік беретін биотехнология, негізінен, гендік инженерия әдістері қолданылады.

Халықты азық−түлікпен қамтамасыз ету және оның қолжетімді болу мәселелерін шешу үшін жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті азық−түлік өнімдерін ресурс сақтайтын жаңа технологиялар негізінде өндірудің маңызы зор. Ауылшаруашылығы өсімдіктері мен жануарларын дұрыс өсіруге, олардың селекциясына, яғни жаңа түрлер мен қолтұқымдарды шығаруға салыстырмалы түрде аз уақыт ішінде ауылшаруашылығы өнімдерін едәуір арттыруға болады.


Практикалық жұмыс. Фасольдің өсу технологиясын көрсетіп, 1 апта бақылау.


Сабақты бекіту: «Миыңның суретін сал» тәсілі (2 минут)


Студенттер мидың суретін А4 қағазға салып, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.

Үйге тапсырма (1 минут)

Практикалық жұмысты қорытындылау


Сабақ бойынша рефлексия (2 минут)

Padlet тақтасы арқылы сабақтың қалай өткендігі туралы жазады.


Бағалау (2 минут)

Студент аты

Үй тапсырмасын сұрау

Мәтінмен жұмыс. Постер

Бекіту тапсырмасы

Мұғалімнің қорытынды бағасы

Тест

Кроссворд

Сәйкестендіру



















































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!