Материалдар / Ауылшаруашылық малдарын және үй жануарларын пішу әдістері.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ауылшаруашылық малдарын және үй жануарларын пішу әдістері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушылық/ Обучающая: студенттерге ауылшаруашылық малдарын және үй жануарларын пішу әдістерін үйрету. Дамытушылық/ Развивающая: Ойлау қабілеттерін дамыту, Ауыл шаруашылық малдарының және зертханалық жануарлардың механикалық жақаттардан туындаған ауруларын емдеуді үйрету өз бетінше ізденуін дамыту. Сабаққа белсенділіктер мен қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік/ Воспитательная: Жауапкершілікке, адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу. Салауатты, саналы тұлғаны қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Сәуір 2022
516
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазтұтынушылар одағы агробизнес және экономика колледж» мекемесі



Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогтың сабақ жоспары


17 Ауылшаруашылық малдарын және үй жануарларын пішу әдістері.

(сабақ тақырыбы)

      Модуль /пән атауы Ветеринарлық хирургия

      Дайындаған педагог Сембай А.Е.________________

      2022 жылғы "_15,16_" ___ақпан______

      1.Жалпы мәліметтер

      Курс, оқу жылы, топ 2ВФ-12, 2ВС-6

      Сабақ типі: Аралас сабақ

      2. Мақсаты, міндеттері:

Оқытушылық/ Обучающая: студенттерге ауылшаруашылық малдарын және үй жануарларын пішу әдістерін үйрету.

Дамытушылық/ Развивающая: Ойлау қабілеттерін дамыту, Ауыл шаруашылық малдарының және зертханалық жануарлардың механикалық жақаттардан туындаған ауруларын емдеуді үйрету өз бетінше ізденуін дамыту. Сабаққа белсенділіктер мен қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік/ Воспитательная: Жауапкершілікке, адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу. Салауатты, саналы тұлғаны қалыптастыру.

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

2.2 Оқыту нәтижесі: Жарақат алған, уланған жағдайда жануарларға алғашқы көмек көрсету.

2.3 Бағалау өлшемдері: Ауылшаруашылық малдарын пішу әдістерін біледі.

3. Сабақты жабдықтау:

3.1 көрнекілік құралдар/ наглядные пособия: скальпельдер, қисық қайшылар, ұстара, хирургиялық пинцеттер, Занда, Кохер қысқыштары, ине ұстағыштар, балға бұрғы, ота жіптер (жібек, лавсан, кетгут), жалпы жансыздандыруға қолданылатын дәрілік заттар (хлоралгидрат, ксиланит, рометар, кетамин, калипсол), тампондар (анжылар), ашық жараларды өңдеуге арналған ерітінділер (сүртпе майлар, антибиотиктер, стрептоцид, фурацилин, 0,5% новокаин, 1%-ды хлорамин ерітіндісі, 0,5%-ды мүсәтір спирті, 5%-йод тұнбасы)

3.2 үлестірмелі материалдар/ раздаточный материал: тапсырмалар

3.3 оқытудың техникалық құралдары/ технические средства обучения: проектор, ноутбук. слайд

      4. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

  1. Жануарларға алғашқы емдік көмек көрсету: Қанжігітов Е.Қ., 64 бет

  2. Мурәлінов К.Л. Оперативті хирургия. (оқулық құрал) —Алматы Каз.ҰАУ . 2006 ж 416 б.

Сабақтың мазмұны

Элемент №

Сабақтың элементтері, оқу мәселелері оқыту әдістері мен формалары


І

Ұйымдастыру кезең: 3 мин

- оқушылармен амандасу

- оқушыларды түгендеу

-аудиторияның сабаққа дайындығын бақылау

ІІ

  • Үй тапсырмасын сұрау: 10 мин.

Бақылау сұрақтары:

1. Жара түрлері?

2. Жара пайда болғанда кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек

3. Жараны емдеу әдістері қандай?

4. Жараның қандай деңгейлері болады?

5. Жараны ашық әдіспен емдеу қалай іске асады?

6. Жараны тазалау ережелері?

7. Жарақатқа қандай алғашқы көмек көрсетіледі?

ІІІ

Жаңа сабақты меңгеру: 50 мин.

Тәжірибелік жануарлар: тақырыпқа сай малдар (ірі қара мал, жылқы, ит, мысық).

Материалдар мен жабдықтар: скальпельдер, қисық қайшылар, ұстара, хирургиялық пинцеттер, Занда, Кохер қысқыштары, ине ұстағыштар, балға бұрғы, ота жіптер (жібек, лавсан, кетгут), жалпы жансыздандыруға қолданылатын дәрілік заттар (хлоралгидрат, ксиланит, рометар, кетамин, калипсол), тампондар (анжылар), ашық жараларды өңдеуге арналған ерітінділер (сүртпе майлар, антибиотиктер, стрептоцид, фурацилин, 0,5% новокаин, 1%-ды хлорамин ерітіндісі, 0,5%-ды мүсәтір спирті, 5%-йод тұнбасы).

Сабақтың жүргізілетін орны: клиника, ота жасау бөлмесі немесе шаруашылықтағы ашық алаңқай.

Жұмыстың барысы: оқытушының жетекшілігімен студенттер ауылшаруашылығы малдары мен үй жануарларын пішу әдістерін меңгереді.

Сабақты жүргізудің әдісі: оқытушы студенттердің теориялық білімін тексеріп, топты 4-5 студенттен 2-3 топшаға бөледі. Еркек малдарды алдымен бекемдеуді, жансыздандыруды және малды пішу әдістерін көрсетеді.

Айғырды пішуі Айғырды орыс немесе Решетняк әдісімен жығып, сол жағына жатқызады, оң жақ артқы аяғын жығатын қайыс арқанның сақинасына немесе арнайы жылқының мойынына киілген арқанға тартып ота орнын ашып қояды. Қалған аяқтарын бірге байлайды. Жығар алдын айғырдың ұма немесе шап аумағын ластамау үшін, құйрықты бинтпен орап байлайды.

1-сурет. Айғырды жығып пішуге дайындау

Жансыздандырудың маңызы өте зор, оны әсіресе асау және күшті малды жығардан бұрын және пішу алдында жасау қажет. Ол үшін аралас жансыздандыруды қолданған жақсы нәтиже береді. Жергілікті жансыздандыру төмендегіше орындалады:

1) қолмен ұманы берік қысып ұстап алып, ұма терісінің түбіне 5% - дық йод тұнбасының ерітіндісін жағады. Л.С. Сапожниковтің интератестикулярлық жансыздандыру тәсілі бойынша әрбір енге 10 мл 4%-дық новокаин ерітіндісінің енгізеді.

2) новокаин ерітіндісін ен қосалқының сыртқа шығып тұрған құйрығынан денесіне бағыттап жібереді;

3) М. В. Плахотин әдісі бойынша ұманы қолмен берік ұстап инені ен қосалқысының басынан қадап, енбауына қарай 4см жылжытып 10мл 4%-тік новокаин ерітіндісін енгізеді;

4) Ұма мойындағы ұлпаларды инемен тесіп, енбауының қалыңдығына сол мөлшерде новокаин ерітіндісін енгізеді. Жансыздандыру 5-6 минуттан кейін басталады. Егер алдында хлоралгидрат пен жалпы жансыздандыру жасалған болса, онда ұманы қосымша жансыздандыру қажеттілігі туындамайды. Хлоралгидрат қолданбағанда, тілетін орынға тері астынан 0,5% новокаин ерітіндісімен жансыздандыру қажет.

Ашық ота техникасы. Отаны біріңғай жоспармен әртүрлі пішуге арналған қысқыштарды немесе эмаскуляторларды қолдануымен орындайды. Бұл аспаптардың мақсаты енбауын мыжу және қан кетуінің алдын алу үшін, тұрақты тромб жасау

ІV

Сабақты бекіту: 20 мин.

Бақылау сұрақтары:

1. Экономикалық оталар түсінігі және қажеттілігі

2. Еркек малды пішу жолдары

3. Ұрғашы малды пішу әдістері

4. Колпотомия түсінігі

5. Пішудің перкутанды әдістері

V

Сабақты қорытындылау, бағалау: 1 минут

Тапсырманы дұрыс орындағандар «90-100», жартылай «75-89», қанағаттанарлық «50-74», дұрыс орындамаған студентке сұрақтардың жауаптарын ескере отырып бағалау. Жаңа тақырып бойынша қысқаша түйіндеме жасау, оқушылардың білімін сабақ барысындағы белсенділігіне сәйкес бағалау.

VІ

Үй тапсырмасын беру: 4 минут

Жануарларға алғашқы емдік көмек көрсету: оқу құралы/ Қанжігітов Е.Қ.,– Нұр-Сұлтан: «Кәсіпқор» 2019ж.

133-138 беттер конспект жазу

VІІ

Рефлексия (2 мин)

Сабақтың ұнағандығын не ұнамағандығын жоғарыдағыдай көрсетеді



Оқытушының қолы/ Подпись преподавателя_________________________



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!