Материалдар / Бағдарлауды үйренеміз

Бағдарлауды үйренеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам еңбегі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Мамыр 2019
59
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Дүниетану
1-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні
бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде
құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (14-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын
жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 1-сыныпта жиынтық
бағалау 3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды
өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар)
сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен
балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық
бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім
беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік
үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді
ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

2

Мазмұны
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ..... 4
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ............................................................ 4
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау.................. 7
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы...................................................... 10
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ... 15
«Тағам және сусындар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .................................. 15
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .............................. 18
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы...................................................... 21

3

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше

3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
2.4 Туризм

Оқу мақсаты

1.3.1.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі
адамдардың өмірі туралы әңгімелеу
1.3.4.1 Дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы
әңгімелеу
1.2.4.1 Туризмнің мәнін түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Суреттерге сүйеніп, ежелгі адамдардың өмірін
сипаттайды
• Томирис туралы ақпарат табады
• Туристердің
негізгі
іс-әрекеттерінің
ретін
анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма
1. Суреттерге мұқият қара. Берілген сөйлемдерді толықтыр.
Керекті сөздер: аулаған, үшкіртас, үңгірде.

1). Алғашқы адамдар __________________________________ өмір сүрген.
2). Олар жабайы аңдарды ____________________________________ .
3). Олардың алғашқы еңбек құралы ______________________ болған.

4

2. Сөйлемдерді оқы. Томирис туралы 2 дұрыс ақпаратты белгіле ().

1) Ол – атақты сақ ханшайымы болған.
2) Ол парсылардың ханшайымы болған.
3) Ол елін, жерін жаудан қорғаған.

3. Сөйлемдерді оқы. Саяхатқа шығу үшін орындалатын іс-әрекеттерінің ретін (1-3) нөмірлеп
көрсет.
Баратын жерді таңдау
Билет сатып алу
Саяхаттың мақсатын анықтау

Бағалау критерийі
Суреттерге сүйеніп
ежелгі адамдардың
өмірін анықтайды
Томирис туралы
ақпарат табады.

Туристердің
негізгі
іс-әрекеттерінің ретін
анықтайды.

Барлығы

Тапсырма


1

2

3

Дескриптор

Білім алушы
алғашқы адамдардың баспанасын
жазады;

Балл
1

алғашқы адамдардың кәсібін жазады;

1

алғашқы еңбек құралын жазады;
Томирис туралы бірінші сөйлемнің дұрыс
екенін анықтайды;
Томирис туралы үшінші сөйлемнің дұрыс
екенін анықтайды;
бірінші орындалатын іс-әрекетті
анықтайды (саяхаттың мақсатын
анықтау);
екінші орындалатын іс-әрекетті
анықтайды (баратын жерді таңдау);
үшінші орындалатын іс-әрекетті
анықтайды (билет сатып алу).

1
1
1
1

1
1
8

5

Туристердің
негізгі ісәрекеттерінің ретін
анықтайды

Томирис туралы
ақпарат табады

Суреттерге
сүйеніп ежелгі
адамдардың өмірін
сипаттайды

Бағалау
критерийі

3

2

1

Тапсырма


Томирис туралы дұрыс
ақпаратты анықтауда
қателіктер жібереді.
Туристердің іс-әрекетінің
ретін көрсетуде қателіктер
жібереді.

Туристердің іс-әрекетінің
ретін анықтауда қиналады.

Ежелгі адамдардың
баспанасын / кәсібін/ еңбек
құралын сипаттауда
қателіктер жібереді.

Орташа

Томирис туралы дұрыс
ақпаратты табуда
қиналады.

Ежелгі адамдардың өмірін
сипаттауда қиналады.

Төмен

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Білім алушының аты-жөні: _______________________________________________________________

Туристердің іс-әрекетінің
ретін дұрыс анықтайды.

Томирис туралы барлық
ақпаратты дұрыс табады.

Ежелгі адамдардың өмірін
дұрыс сипаттайды.

Жоғары

«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

6

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше

3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар

Оқу мақсаты

1.3.3.1 Қазақстан аумағындағы көне жазулар туралы білу
1.3.3.2 Түрлі материалдарды, әдістер мен құралдарды
пайдалана отырып, көне жазуларды бейнелеу
1.3.1.2
Ежелгі
заманның
танымал
тарихи
ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Қазақстан
аумағындағы
көне
жазуларды
анықтайды
• Көне жазуларды таңбалар арқылы бейнелейді
• Қазақстандағы танымал тарихи ескерткіштерді
анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма
1. Қазақстан жеріндегі көне жазуды бейнелейтін суретті белгіле ().

2. Көне таңбаларды қолдана отырып, «монета» сөзін жаз.
Үлгі

ОТ

7

МОНЕТА

3. Дұрыс жауабын таңда.
1) Алтын адам кім болған?
А) шебер
В) бақташы
С) зергер
D) жауынгер
2) Аңыз бойынша Алтын адамды қалай атаған?
А) Алтын батыр
В) Алтын айдар
С) Алтын дулыға
D) Алтын семсер
3) Алтын адам қай облыстан табылған?
А) Ақтөбе
В) Алматы
С) Атырау
D) Ақтау
Бағалау критерийі
Қазақстан аумағындағы
көне жазуларды
анықтайды
Көне жазуларды
таңбалар арқылы
бейнелейді
Қазақстандағы танымал
тарихи ескерткіштерді
анықтайды

Барлығы

Тапсырма


Дескриптор
Білім алушы
аң бейнелі петроглифті анықтайды;

Балл
1

1

2

3

сөздегі әріптерге сәйкес белгілерді
тауып, сөзді жазады;

1

Алтын адамның кім болғанын
анықтайды;
Алтын адамның аңыздағы есімін
анықтайды;
Алтын адам табылған облысты
анықтайды.

1
1
1
5

8

Қазақстандағы танымал
тарихи ескерткіштерді
анықтайды

Қазақстан аумағындағы
көне жазуларды
анықтайды және
көне жазуларды
таңбалар арқылы
бейнелейді

Бағалау критерийі

3

1, 2

Тапсырма


Танымал тарихи
ескерткіштерді (Алтын
адам) анықтауда
қиналады

Қазақстан аумағындағы
көне жазуларды
анықтауда және
таңбаларды жазуда
қиналады

Төмен

Алтын адамның қызметін /
аңыздағы атын / жерленген
жерін анықтауда қателеседі

Қазақстан аумағындағы
көне жазуларды анықтауда
/ таңбаларды жазуда
қателіктер жібереді

Орташа

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Білім алушының аты-жөні: _______________________________________________________________

Танымал тарихи
ескерткіштерді (Алтын
адам) дұрыс анықтайды

Қазақстан аумағындағы
көне жазуларды дұрыс
анықтайды және
таңбаларды жазады

Жоғары

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика

9

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Дүниетану» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың
мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Дүниетану» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш
мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 - 4-сыныптар).
3. 3- тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны - 12
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар,
қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды
қамтитын 5 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын
таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар есептелген мәні, сөздер
немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден немесе сұрақтардан тұруы мүмкін.

10

2

1



Салт-дәстүр
және ауыз
әдебиеті

Саяхат

Ортақ
тақырып

1.3.1.2 Ежелгі заманның танымал
тарихи ескерткіштері/
жәдігерлері туралы әңгімелеу

1.3.5.2 Тәуелсіз мемлекеттің
негізгі белгілері туралы әңгімелеу

3.5 Қазақстан
тарихы:
тәуелсіздік,
мемлекеттілік
және патриотизм

3.1 Ежелгі
мәдениеттер мен
өркениеттер

1.2.4.1 Туризмнің мәнін түсіндіру

2.4 Туризм

Білім алушы қысқа жауапты
қажет
ететін
тапсырманы
орындайды.

Білім алушы көп таңдауы бар
жабық түрдегі тапсырманы
орындайды
және
бірнеше
дұрыс жауапты таңдайды.

Білім алушы көп таңдауы бар
жабық түрдегі тапсырманы
орындайды
және
бірнеше
дұрыс жауапты таңдайды.

1.3.4.1 Дереккөздерді зерделеу
арқылы Томирис туралы әңгімелеу Білім алушы көп таңдауы бар
жабық түрдегі тапсырмаларды
орындайды және бір дұрыс
1.3.2.1 Көрнекі материалдар
жауапты таңдайды.
негізінде сақтардың өмір салтын
сипаттау

3.2 Қазақстанның
тарихи
тамырлары

Білім алушы көп таңдауы бар
жабық түрдегі тапсырманы
орындайды және бір дұрыс
жауапты таңдайды.

Тапсырманың сипаттамасы

1.3.1.1 Көрнекі материалдарды
зерделеу арқылы ежелгі
адамдардың өмірі туралы
әңгімелеу

Оқу мақсаты

3.1 Ежелгі
мәдениеттер мен
өркениеттер

Бөлімше

1

2

1

1

Тапсырма
саны

3

3

2

1

1

2

11

Жалпы
балл

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Дүниетану» пәнінен 3-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Дұрыс жауапты таңда.
1) Ежелгі адамдар алғашқы еңбек құралдарын неден жасаған?
А) ағаштан
В) тастан
С) темірден
D) шыныдан
2) Көне заманда адамдар жазуды қайда жазған?
А) қағазға
В) темірге
С) тасқа
D) шыныға

[1]

[1]
3) Сақтардың атақты ханшайымының есімі кім?
А) Алтын Айдар
В) Сұлушаш
С) Томирис
D) Клеопатра
[1]
4) Сақтар жүктерін қандай көлікпен тасыған?

[1]
2. Туризм туралы айтылған 2 сөз тіркесін анықтап, белгіле ().
1. Тауға серуендеу
2. Мектепте сабақ оқу
3. Естелік суретке түсу
4. Компьютермен жұмыс істеу
[2]
12

3. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қатарын анықта.
А) Астана, теңге, ту
В) Ту, елтаңба, әнұран
С) Ата заң, теңге, елтаңба
D) Астана, елтаңба, әнұран
[1]
4. Елтаңбада кездесетін 2 элементті тауып, белгіле ().

[2]
5. Мәтінді толықтырып жаз.
Керекті сөздер: алтыннан, мұражайдан, Алтын адам.
Бұл - ________________________________. Ол сақ жауынгері болған. Оның
киімдері ______________________ жасалған.
Бұл жәдігерді ______________________________ көруге болады.

[3]
Балл қою кестесі

1

1) В

Жауап

2) С

4

5
6

Балл
1

3) С
4) А

1
1
1

Тауға серуендеу

1

Естелік суретке түсу

1

В

1

1, 4

2

Қосымша ақпарат

Әр дұрыс жауапқа 1 балл
беріледі.
13

7

Алтын адам

1

алтыннан

1

мұражайдан
Барлығы

Балл қоюда сөздегі қателер
есепке алынбайды.

1
12

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

14

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Тағам және сусындар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше

1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
1.1 Мен және менің отбасым

Оқу мақсаты

1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын
түсіндіру
1.1.4.2 Тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін
түсіндіру
1.1.1.5 Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің
құрылымын, олардың өндіру көзін анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Жеке бас гигиенасына қатысты ережелерді атайды
• Тамақтану режиміне пайдалы тағамдарды
анықтайды
• Тұтыну заттарының алыну көздерін көрсетеді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма
1. Сурет бойынша жеке бас гигиенасына қатысты ережелерді жаз.

15

2. Суреттерге мұқият қара. 2 пайдалы тағамды тауып, белгіле ().

3. Сүт өнімдерінің алыну ретін анықтап, суреттерді нөмірле.

Бағалау критерийі
Жеке бас
гигиенасына қатысты
ережелерді атайды
Тамақтану режиміне
пайдалы тағамдарды
анықтайды
Тұтыну заттарының
алыну көздерін
көрсетеді

Барлығы

Тапсырма

1

2

3

Дескриптор

Білім алушы
тісті тазалау туралы жеке бас гигиенасы
ережелерін жазады;
тарану туралы жеке бас гигиенасы
ережелерін жазады;
пайдалы тағамның біреуін анықтайды;
пайдалы тағамның екіншісін анықтайды;
бірінші суретті анықтайды (сиыр);
екінші суретті анықтайды (ферма);
үшінші суретті анықтайды
(сүт зауыты);
төртінші суретті анықтайды (дайын сүт
өнімдері).

Балл
1
1
1
1
1
1
1
1
8

16

Тапсырма


1

2

3

Бағалау критерийі

Жеке бас гигиенасына
қатысты ережелерді
атайды

Тамақтану режиміне
пайдалы тағамдарды
анықтайды

Тұтыну заттарының
алыну көздерін
көрсетеді

Сүт өнімдерінің алыну
ретін белгілеп көрсетуде
қиналады

Пайдалы тағамдарды
анықтауда қиналады

Жеке бас гигиенасына
қатысты ережелерді
атауда қиналады

Төмен

Сүт өнімдерінің алыну ретін
белгілеп көрсетуде (сиыр /
ферма / сүт зауыты / дайын
сүт өнімдері) қателіктер
жібереді

Пайдалы тағамдарды
анықтауда (көгөністер /
ірімшік) қателеседі

Жеке бас гигиенасына
қатысты ережелерді атауда
(тісті тазалау / тарану)
қателіктер жібереді

Орташа

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Білім алушының аты-жөні: _______________________________________________________________

Сүт өнімдерінің алыну
ретін дұрыс белгілеп
көрсетеді

Пайдалы тағамдарды дұрыс
анықтайды

Жеке бас гигиенасына
қатысты ережелерді дұрыс
атайды

Жоғары

17

«Тағам және сусындар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика

«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше

1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік

Оқу мақсаты

1.1.4.3 Үйдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру
1.1.4.6 Шұғыл көмек қызметтерін білу және олармен
хабарласу жағдайларын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Үйдегі қауіпсіздік ережелерін анықтайды
• Құтқару қызметтерін және олармен хабарласу
тәсілін анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма
1. Суреттерге мұқият қара. Оларды қолданған кезде қандай қауіп туындауы мүмкін?
Суреттерді сөздермен сәйкестендір.

2. Суреттерге мұқият қара. Құтқару қызметтерінің атауын және телефон нөмірін жаз.

18

Бағалау критерийі

Тапсырма


Үйдегі қауіпсіздік
ережелерін
анықтайды

1

Құтқару
қызметтерін және
олармен хабарласу
тәсілін анықтайды
Барлығы

2

Дескриптор

Білім алушы
қайшы мен оны епсіз қолданудан
туындайтын қауіпті әрекетті
сәйкестендіреді;
шәйнек пен оны епсіз қолданудан
туындайтын қауіпті әрекетті
сәйкестендіреді;
ине мен оны епсіз қолданудан
туындайтын қауіпті әрекетті
сәйкестендіреді;
ұсақ заттар мен оны епсіз қолданудан
туындайтын қауіпті әрекетті
сәйкестендіреді;
дәрі-дәрмек пен оны дұрыс
қолданбаудан туындайтын қауіпті
әрекетті сәйкестендіреді;
жедел жәрдем қызметінің атауын және
телефон нөмірін жазады;
өрт сөндіру қызметінің атауын және
телефон нөмірін жазады.

Балл
1

1

1

1

1

1
1
7

19

Құтқару
қызметтерін және
олармен хабарласу
тәсілін анықтайды

Үйдегі қауіпсіздік
ережелерін
анықтайды

Бағалау критерийі

2

1

Тапсырма


Құтқару қызметтерін және
олардың телефон нөмірлерін
анықтауда қиналады

Қауіпті заттарды епсіз
қолданудан туындайтын
әрекеттерді анықтауда
қиналады

Төмен

Құтқару қызметтерін және
олардың телефон нөмірлерін
(өрт сөндіру қызметі / жедел
жәрдем қызметі) анықтауда
қателіктер жібереді

Қауіпті заттарды епсіз қолдану
нәтижесін анықтауда (күйіп
қалу / қадап алу/ жұтып қою/
улану / кесіп алу) қателіктер
жібереді

Орташа

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Білім алушының аты-жөні: _______________________________________________________________

Құтқару қызметтерін және
олардың телефон
нөмірлерін дұрыс
анықтайды

Қауіпті заттарды епсіз
қолданудан туындайтын
әрекеттерді дұрыс
анықтайды

Жоғары

«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика

20

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Дүниетану» пәні бойынша тоқсандық
жиынтық
бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Дүниетану» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш
мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 - 4-сыныптар).
3. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны - 12
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар
сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды
қамтитын 5 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын
таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы есептелген мәні, сөздер немесе
қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден немесе сұрақтардан тұруы мүмкін.

21

2

1



Дені саудың –
жаны сау

Тағам және
сусындар

Ортақ
тақырып
Оқу мақсаты

1.3.1.1 Көрнекі
материалдарды зерделеу
арқылы ежелгі
адамдардың өмірі
туралы әңгімелеу
1.2.1.2 Табиғатта өзін-өзі
ұстау ережелерін
сақтаудың қажеттілігін
түсіндіру

3.1 Ежелгі
мәдениеттер мен
өркениеттер

2.1 Жергілікті
жерде
бағдарлану

Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін
ашық түрдегі тапсырманы орындайды.

Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін
ашық түрдегі тапсырманы орындайды.

1.1.1.4 Тауар-ақша
Білім алушы көп таңдауы бар жабық
қатынасының қарапайым түрдегі тапсырмаларды орындайды және
түрлерін түсіндіру
бір дұрыс жауапты таңдайды.

Білім алушы көп таңдауы бар жабық
түрдегі тапсырмаларды орындайды және
бір дұрыс жауапты таңдайды.

Тапсырманың сипаттамасы

1.1 Мен және
менің отбасым

1.1.4.1 Жеке бас
гигиенасын сақтаудың
маңыздылығын түсіндіру

1.4 Денсаулық 1.1.4.2 Тамақтану
пен қауіпсіздік
режимін сақтаудың
қажеттілігін түсіндіру

Бөлімше

1

1

1

1

1

Тапсырма
саны

4

5

1

1

1

22

Жалпы
балл

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Дүниетану» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Зиянды тағамдар қатарын анықта.
А) айран, алма шырыны
В) cәбіз, қызылша
С) майонез, газды сусын
D) қаймақ, күріш ботқасы
[1]
2. Жеке бас гигиенасының негізгі ережесін анықта.
А) Әр адам дұрыс тамақтану керек.
В) Әр адам тазалықты сақтау керек.
С) Әр адам спортпен айналысу керек.
D) Әр адам сәнді киім кию керек.
[1]
3. 100 теңгеге қандай пайдалы тағамдар сатып алуға болады? 3 түрлі тағам таңда.

[1]
4. Ежелгі адамдардың өмірі туралы суретке мұқият қара. Сұрақтарға жауап жаз.

23

1) Ежелгі адамдар тамақты қалай тауып жеген? __________________________
2) Олар қандай тағамдарды азық еткен? ________________________________
3) Киімдерін неден тіккен? ___________________________________________
4) Еңбек құралдарын неден жасаған? __________________________________
5) Отты қайдан алған? ______________________________________________
5. Сурет бойынша табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін толықтырып жаз.

[5]

1) Гүлдерді __________________________________________ болмайды.
2) Ағаштардың бұтақтарын _____________________________ болмайды.
3) Құстардың ұясына__________________________________ болмайды.
4) Жануарларға _____________________________________ болмайды.
[4]
Балл қою кестесі
Сұрақ

1

С

1

2

В

1

3

Сүт, банан, алма

1

4

Аң аулауған/терімшілікпен
айналысқан/аң аулау және терімшілік
Жемістер / өсімдіктің тамырлары /
шикі ет / ет
Теріден/жануарлардың
терісінен/жабайы жануарлардың
терісінен
Тастан/ағаштан/тастан және ағаштан
Найзағайдан/тастарды бір-біріне соғу
арқылы/ найзағайдан және тастарды
бір-біріне соғу арқылы/тастардан
Үзуге/жұлуға болмайды

1

Сындыруға / кесуге болмайды

1

Тиісуге/бұзуға/ұстауға болмайды

1

Тиісуге/зиян келтіруге/ таптауға/
өлтіруге болмайды

1

5

Барлығы

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Балл қоюда сөздегі қателер
есепке алынбайды.

1
1

1
1

1

Балл қоюда сөздегі қателер
есепке алынбайды.

12
24

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

25
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!