Материалдар / "Бағдаршам-біздің досымыз"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Бағдаршам-біздің досымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешіге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
196
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: » "Бағдаршам-біздің досымыз"

Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.
Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.
Сөздік жұмыс: бағдаршам, жол тәртібін реттеуші, көше қиылысы.

Көрнекіліктері: Бағдаршам макеті, жол белгілері.

Тәрбиешінің кіріспе сөзі.

"Достық шеңбері":

Ұл-қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Біздер қазақ баласы,

Сәлем сөздің -анасы.

Тәрбиеші: - Балалар суретте не көріп тұрмыз?
Балалар: -көшелер, көліктер.
Тәрбиеші:- Жолдар қандай болады?
Балалар: -Тегіс жолдар, кең жолдар, тар жолдар, ұзын жолдар, қысқа жолдар.
Ізденістер ұйымдастыру: Қалалардың көшелері кең, үлкен көліктер көп.

Тәрбиеші: - Қандай көліктерді білесіңдер?

Балалар: -автобус, трамвай,машиналар .
Тәрбиеші: - Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Үш көзі бар қаз- қатар,

Кезек- кезек ашады.

Үшеуінен байқасам,

Үш түрлі нұр шашады. (Бағдаршам)

Балалар, бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы бағдаршамды ортаға шақырамыз.

Олай болса балалар бізге "Бағдаршам" қонаққа келіпті.

Бағдаршам:-Сәлеметсіңдер ме балалар! Мені барлық елдердің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы қонаққа келдім.

Тәрбиеші: Қош келдің Бағдаршам! Бүгінгі айтар әнгімеміз саған қатысты болмақ. Сондықтан да бізбен бірге бол.

Бағдаршам: Менің атым -Бағдаршам,

Маған назар аударсаң.

Жолдан өтіп жүрерсің,

Аман-есен-әрқашан.

Тәрбиеші:

-Бағдаршамды сендер қай жерден көресіндер?

-Көліктер өтетін жолдан көреміз.

-Бағдаршамның қызметі қандай?

-Жол тәртібін реттеуші.


Тәрбиеші: Бағдаршам, біздің балалар өте ақылды! Бағдаршам туралы өте көп тақпақ біледі. Тыңдап көріңізші!

Өлең шумақтарымен ортаға:


1.Санап кетсек сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай,
Автобуспен жүреміз.

2. Көлік, көлік,
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен, көшелермен,
Күнде тынбай жүреміз.

3. Жол жүрудің тәртібін,
Ережесін білеміз.
Сақтағанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.

4. Көшеде ортаға жеткенше,
Әуелі көзің сал сол жаққа.
Балақай, ортадан өткен соң,
Мойның сал сол жақтан оң жаққа.

5. Мен білемін, бәрін деме,
Отырған жоқсың бөлмеде.
Машина өтіп кеткесін,
Жолаушы алға беттесін.

"Бағдаршам" әнің орындау



«Бағдаршам» ойынын ойнату.





Шарты:

Қызыл көзін жағады.( қозғалмай тұру)

Сары көзін жағады.( қол шапалақтау)

Жасыл көзін жағады.( бір орында тұрып жүру)

Тәрбиеші:( суретпен жұмыс)

-Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?

-Жиек жолмен жүреміз.

-Жиек жол дегеніміз ол не?

-Жиек жол деп- адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жолды айтады. Ал жаяу адамға көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге бола ма?

-Жоқ болмайды.

-Жиек жол болмағанда ше?

-Жер асты жолымен.

-Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?

-Аялдамадан отырамыз.

Балалар "Бағдаршамды" бояйды.




Сергіту сәті: 

Балалар шеңберге турып сурет арқылы жауап береді.

Балалар, жол белгілері туралы не білесіңдер?

1.Жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады.

2.Жаяу жүргіншілер өтпесі.

3.Бұл белгі мектептердің және балалар саябағының жанына орнатылады. Бұл жерде көлік жүргізушілер мен және жаяу жүргіншілер

өте сақ болулары тиіс.

4.Жер асты жолы.

5.Автобус аялдамасы.т.б

Тәрбиеші: -Балалар, бағдаршам сендерге ойын әкеліпті.

"Белгілерді құрастыр және айтып бер"

Ойынның шарты: Балалар алған жарты белгінің екіншісін тауып құрастырады, содан кейін атуларын айтып береді.

Қорытындылау:

-Балалар, бүгін немен таныстық?

-Бағдаршаммен.

-Бағдаршамның неше көзі бар?

-Үш көзі бар.

-Қандай-қандай түсті шамдар?

-Қызыл, сары, жасыл.

-Көшелерден белгіге қарамай жүгіріп өтуге бола ма ?

-Жоқ.

-Ал, көшенің қай жерімен өтуге болады?

-Ала сызықты жерінен.

Балалардың белсенді қатысқандарын мадақтау, сыйлықтар беру.





























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!