Материалдар / Байрақтар тарихы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Байрақтар тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар мен оқушыларға арналған тұғыры биік байрақтар жайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қырқүйек 2018
483
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚК-63(0)4ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ-БАЙРАҚТАР ТАРИХЫ Қазіргі кең байтақ, ұланғайыр қазақ жерінде, ежелгі және орта ғасырларда тайпалық одақтар, ірі феодалдық мемлекеттер, қағанаттар мен хандықтар өмір сүрді. Олар: Сақ, Сармат, Ғұн, Ұлы Түркілер қағанаты, Алтын Орда, Ақ Орда, Қазақ хандығы міне бұл мемлекеттердің әрбірнің өзіндік, өзге елден ерекшелейтін мәдени нышандары, таңбалары мен белгілері болады. Солардың бірі-Байрақтар. Байрақ-ел бірлігінің нышаны, ежелгі әскербасылықтың белгісі, әскери бөлімнің рәмізі болып табылатын матадан жасалған тулар бұдан үш мың жылдай бұрын алғаш рет қытайлықтар мен үнділерде пайда болған. Сол тұста тулар Қазақстан жерінде де пайда болып, уақыт өте келе жетіліп дами түскен. Мұны жартастарда салынған суреттердегі тулар және ондағы таңба белгілер дәлелдейді. Туды адамдар өте ертеде-ақ пайдаланған, тіпті ежелгі аңшылар мен жауынгерлердің де сол кезге лайық тулары болған. Осы арқылы олар бір-бірін алыстан танып, кімнің дос, кімнің жау екенін білген. Келе-келе ту жасау ісі жетіле түсіп оның ұзындығы кішісі бір метрден, үлкені алты метрге дейін ал ені жарты метрден бір метрге дейін жеткен. Кейінрек туларға рудың, хандықтың, елдің белгілері, таңбалары: Сармат, Ғұн туларында айдаһардың, көне көк Түркілерде бөрінің басы бейнеленсе, ал ислам діні енген соң құран аяттары мен жарты айдың белгісі орнатылған. Қазақ жерінде өмір сүрген барша мемлекеттерде ту желбіреп тұрса әскер жеңіске жетеді, ал құласа жеңіледі деген ырым болған. Тарихи деректерге сүйенсек, қазіргі кең байтақ қазақ жерінде ҮІ-ІХ ғғ. Алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі –Ұлы Түркі қағанаты өмір сүрді. Бұл кезеңді айғақтайтын түркі жазба мәдениетінің көне ескерткіштері- «Орхон-Енесей», «Құтлұғ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Талас» жазулары түркілердің өркениеті мен рухани ой-санасының тамаша көрсеткіші ренессанстық «Ояну дәуірі» деп атауға әбден болады. Түркілер мәдениетінің рухын, тарихын, тілін, әдеп-ғұрыптарын, салт-дәстүрін, дүниетанымын айшықтайтын осы көне петроглифтерде салынған мыңдаған суреттер мен таңбалардың бірегейі көк түркілердің әлемдік деңгейдегі елдік белгісі көк түсті желек туда бейнеленген Көк бөрінің белгісі болды, ол «Бөрілі байрақ» деп аталды. Ежелгі ғұндар мен түркілердің көне байрақтары үш бөліктен тұрған. Олар: ту, найза және оның ұшындағы ту байлар темір. Ту-терісімен қоса кесіп алынған жылқының құйрығы болса, найзаның ұшар басына алтыннан немесе жезден болмаса мыс тақтайшаға бөрінің бейнесін салатын болған. Бөрі бейнесінің таңдалуы оның тотемдік қызметіне және оның ер жүректілік белгісі ретінде қабылдауға байланысты. Сондай-ақ елбасылар мен қолбасшылар өз төңіректеріндегі ең сенімді адамдарды да бөрі деп атаған. Түркілер өмірінде байрақ бүкіл әскердің, мемлекеттің қасиетті рәмізі саналаған. Жорықтарда байрақты ұстаушы ретінде беделді көсемдер мен батырлардың бірі сайланатын болған. Сыртқы пішінінде, мәнінде құсастық болғандықтан қазіргі түркі тілдес халықтар тілінде байрақ, ту, жалау атаулары бір-бірінің синонимі ретінде қолданыла береді. Түркілерде байрақты көтеру, тігу, қадау, ұстау- үлкен рухани, әскери мәнге ие болған. Байрақты беибіт кезде аса зор құрметтеп сандықтың ішінде сақтап, тек жауынгершілікте ғана көтеріп шыққан. Байрақтан айырылу-өліммен бірдей болған. Ту ұстаушы әскердің киесі, қасиетті күші бар деп түсінгендіктен, оның құлауы не жоғалуы жеңіліс саналып, жауынгердің жеңіске деген сенім сөніп, жігері мұқалып, рухы жойылған. Майдан даласындағы тудың желбіреп тұруына күллі әскер мүдделі болған. Сарбаздардың көтерген байрақтарына және найза ұшының тұғырына алтыннан жасалған бөрінің бас суреті міндетті түрде бейнеленетін. «Бөрілі байрақ» біздің уақытымызға дейін ата-баба рухы секілді желеп-жебеуші күш ретінде табылып, көне түркілердің ұрпағы-қазақ, ішінде Шапырашты руы туының аты және ұраны болып сақталған. Сонау 535 жылы Ергене күнде көтерілген алтын бөрі бас ту мен көк бөрі деп шақырылған ұран олардың ұрпақтары мен тарих көші соқпағында кешегі ХІХ ғасырға дейін тозбай, өшпей бірге келді....Қарасай менің ұраным,Бөрілі басты-менің байрағым.Байрағымды көтерсем,Қозып кетер қайдағым –деп келетін Сүйінбай ақынның жыры осының куәсі.Бұл жыр жалғыз Сүйінбай ақынның сөзі емес тарихтың сөзі екені даусыз. Түркі әлеміне ортақ Көк Бөрі анаға қатысты әңгімелер ежелгі үйсін, монғол аңыздарында қытай тіліндегі жылнамаларда сақталып қалған. Аңыз бойынша жаугершілік заманда түркілер күн шығыстағы көрші елден жеңіліс тауып, тегіс қырылатыны айтылады. Жау әскері тек бір баланы өлтірмей тастап кетеді. Шапқыншылық кезінде жетім қалған жас нәрестені Көк Тәңірдің қалауымен, Көк Бөрі ана емізіп, Ғұн-Түркілердің ұрпағын құтқарып қалған деседі. Сондықтан Ашина сөзінің шыққан тегін білдіру үшін сарай қақпасының алдына бөрінің басы бейнеленген байрақ ілген. Бізге жеткен қолжазбаларда «Ежелгі Түрік билеушілері басқа елдің билеушілерін осы бөрі басы бейнеленген байраққа тізе бүгіп, құрмет көрсеткеннен кейін ғана қабылдайтын болған» -деп аталады. Міне, содан бері Бөрілі байрақ көкжал ұлттың символына айналады. Көкбөрі –түз тағысы, бірақ өте ақылды, аса сақ, қайсар, азулы жыртықыш, күшке көнбейтін өр мінезді еркін даланың батыры. Адам арыстанды да, жолбарысты да, аюды да таяқпен қорқытып, өзіне құл етіп цирк аренасына шығарады, ал бөріні әлі күнге дейін ешкім бағындыра алмай келеді. Ол айбындылықтың, еркіндік пен тәуелсіздіктің символы. Кешегі өткен көне түркілердің байрағындағы көк бөрінің белгісі міне осы. Жарты әлемді жаулаған Шыңғысханның туы тоғыз шашақты үкілі ақ матаны үш жерден байлатып, ала тудың ортасына қанатын жайып ұшып келе жатқан «көк» қаршығаның суретін салғызған. Дәстүрлі діни наным-сенім тұрғысынан алғанда көк түс Тәңірлік түс екені осының айғағы. Осы Шығңысханның туын Керей мен Жәнібек қазақ хандығының байрағы етіп көтергені тарихтан мәлім. Көк сөзі қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркі тілдес елдердегі басты бірліктің біріне жатады. Ол өте көне және әлі күнге өзінің ең байырғы аспанды Тәңірінің мекені деп кие тұтқан тотемдік мәнін жоғалтқан жоқ. Аспан көк түсті тулар мен байрақтарды көк асаба тарихтың түрлі кезеңдерінде Түркі қағандығы (552-603), (682-743), Хазар қағанаты (651-983), Ұлы Селжұқ қағандығы (1040-1157), Ақсақ Темір мемлекеті (1368-1501) көтеріп шықты. Қазақ хандығының кейбір хандары мен батырлары көтеріп шыққан шағын көгілдір жолақ Қазақ КСР жалауында да бар болатын. Далалық ел билеушілер мен батырлар әр түсті тулар көтергені белгелі. Мөде, Бұмын мен Елтеріс, Жәнібек пен Керей, Қасым мен Есім, Тәуекел мен Тәуке, Әбілқайыр мен Абылай, Барақ пен Болат хандар ел билеушілеріміздің, қол бастаған бахадүрлеріміздің өз байрағы болғаны тарихтан мәлім. Алғаш қазақ жерінде қызыл ту ұстаған Орыс хан одан кейін ер Есім хан, әз Тәуке, Болат пен Әбілмәмбеттер мемлекеттік байрақ етіп бекітсе, Ақ ту негізінен Шағатай әулетінен тараған билеушілердің еншісінде саналса, қазақта ақ ту көтеру Қыпшақтарда болып, олардың ұғымында ақ түс әділеттіктің, тазалықтың нышаны саналған. Қаракерей Қабанбай мен Оспан батырлардыңда байрағының түсі ақ болған. Көк тумен дараланған Үгедей ұрпақтары. Кейбір деректерде Абылай хан мен немересі Кенесарының байрағы көк –жасыл болған деседі. Алашорда үкіметінің де туының түсі жасыл болған. Ал Амангелді батыр атасы Иман батырдан қалған ала-шұбар туды жанынан тастамапты. Бұл жайлы Ахмет Байтұрсынов «Мұсылманның ұраны-шұбар-ала ту болды!»-де жазған. Шәкәрім қажы Құдайбердіұлы да қазақта шұбар-ала ту болғандығын растайды. Шұбар-ала ту әсіресе ұлт-азаттық көтерілістері көсемдерінің нышанындай болды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының бір түсті болуы кездейсоқ емес ол-еліміздің мемлекеттік бір тұтастығы идеясының көрінісі «Көк» сөзі көне түркі тілінде «Шығыс» деген жағрапиялық ұғымды білдіреді. Бұл Қазақстанның жер шарының күн шығысында орналасқандығына, тамыры тереңде жатқан шығыстық мәдениетінің өкілі екендігінің куәсі. Байрақ бетіне әр түрлі нышандар, сурет салу бұрыннан бар үрдіс. Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек сондай айтары мол астарлы айшықтар. Олармен бірге халқымыздың тарихи зердесі де қайта оянғандай. Қазіргі туымыздағы күн образы-байлық пен берекенің белгісі. Күн көшпелілер өркениетіне тән дүниетанымның темірқазығы іспеттес. Күн көшпелілердің ұлы ұстазы да көгілдір аспан аясында мәңгілік сапар шеккен күн бейнесі көшпеліліер үшін нағыз өмір символы. Әлемдік рәміздік жүйеде күн исі шығыс елдерінің төл белгісі болып саналатыны тағы бар. Табиғаттың төл баласына айналған көшпелілерлдің ұрпағы үшін қанатты қыран дала бүркітінің де орны бөлек. Тарихшы Рашид-ад-диннің күәлік сөзіне қарағанда, Оғыз хан үлес үлестірген кезде үлесіне ұшы-қиыры жоқ киелі кең дала тиген үшінші ұлына елтаңба ретінде қанатты қыран бейнесін ұсынған екен. Қалықтаған қыран бейнесі көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Мемлекетті туды даралап тұрған тағы бір белгі оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Бұл өрнек сонау Сақ дәуірінен белгілі. Ол-қазақ мәдениетінің ең бір төл тума түрі. Көшпелілердің көркемдік танымы талай ұрпақтың ақыл-ойы мен шеберлігінің талай ғасырларға созылған үздіксіз ізденісінің жемісі іспеттес. «Көк бөрі», «Көк Тәңір», «Көк байрақ». Біз үшін киелі, қадірлі, қасиетті. Дәл осы сөз алпыс екі тамырында қаны ойнаған бойындағы ар-намыс пен қазақтың қамын ойлаған, мынау алып даламның төсін емген, осы бір құт мекенде өсіп-өнген «Көшпенділер» деп аталған, бабалардың көшіне ерген бар қазақтың жүрегінде сақталатын, құранның аятындай жатталатын сөз болса керек. Арқадағы Ақорданың төрінен көкке өрлеген көк байрақпен көгіме арғы тегі көк бөрі деп саналған қайсар мінез қазақтың тәуелсіздік қыраны қалықтаған күні туды. Қанша ғасыр өтсе дағы көнермеген, тозбаған, айтқан сайын рухыңды қозғаған тыңдағанда көкірегінде намыс оты маздаған дәл осындай құдіретті сөз қазағымның бүгіні мен ертеңінде талай-талай жас оттарды маздатып, өшкенімізді жандырып, жоғалғанымызды іздеуге себеп болары хақ. Жаңа ғасыр таңы тағы атқанда, қазағымды әлем танып жатқанда, көк байрағым көтерліп аспаға, ынтымақ пен ырысымыз жарасқан бұл шақтарда, көк аспан, ата –баба рухына сиына отырып жаһандану көшіне алға тартқанда қазақ елі Еуразия ғана емес бүкіл әлемге танымал болады. Күні сәуле шашқанда, қыраны қалықтап ұшқанда көк Тәңір деген ел-жұртымның көк байрағы мәңгіге желбірегей.









Әдебиеттер
  • Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 4 том. Алматы 2002 ж. 682 б.
  • Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 2 том. 1999ж. 78-79 б.
  • Қазақстан ұлттық энциклопедиясының 8 том. 1999ж.506 б.
  • Абылай хан энциклопедиясы. 2011ж. 489-490 б.
  • Қазақ мемлекеттілігінің тарихы. Астана 2007ж.
  • Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. Алматы 1996ж.
  • М.Қашқари Түркі тілінің сөздігі. 1 том 1997ж.
  • Қазақ елінің рәміздері. 1992ж.
  • Көк тудың орны Көктөбе. Түркістан газеті 2012ж. 2б.
  • Жараған темір кигендер. Алматы 1996ж.
  • Ғасырлар қолтаңбасы немесе рәміздік таным баспалдақтары. 2011ж
  • Көненің көзі 1996ж. 54 б.
  • Оғыз қаған эпосының тілі. Алматы 1988ж.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!