Материалдар / Бала-бақша балаларын оқыту мен тәрбиелеу әдіс-тәсілдері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бала-бақша балаларын оқыту мен тәрбиелеу әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2020
236
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балалар психология пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері


Глоссарий

Агрессия белгілі бір мақсатқа жету құралы және басқалардың шабуылынан қорғанумен сипатталады.

Адаптация орта біртіндеп бейімделу.

Ақыл-ой сезімдері – ойлау іс-әрекетінен туатын сезімдер (таң қалу әуестік сенімділік және шұбалану сезімдері).

Әдет – әрект жасауды қажетсіну.

Бейнелеу іс-әрекеті – сурет салудың, жапсырудың, құраудың т.б. жалпы аты. Бейнелеу іс-әрекетінің жемісі – ерекше формада көрсетілген объективтік болмыстың көрнекі бейнелері.

Былдыр сөз – негізінен жеке буындардан тұратын алансыз, түсініксіз сөйлеу бала тілі дамуының алғашқы кезеңі.

Госпитализм – жабық типтегі балалар мекемелерінде пайда болатын құбылыс үлкендермен қарым-қатынастың аздылығынан балалардың дамып жетілуі күрт қала бастайды.

Дағды – сансыз қайталау нәтижесінде ол автоматтандырылған әрекетке айналып,оңай,шапшаң,дәл орындалып отырады.

Диалогтық сөйлеу – әңімелесуші адамның қолдап отырған сөзі екі немесе бірнеше адамның арасындағы сөйлеу бұл сөйлеу өтіп жатқан жағыдаймен тым жоғарғы дәрежеде байланысты сондықтан бұл сөздің жағдайға байланыстылғы жөнінде айтылып жүреді.

Дидактика - оқыту теориясының мәселелерін зерттейтін педагогиканың бөлімі.

Ерік – әрекет жасауды қажетсіну.

Есте сақтау - болмыстағы заттардің немесе құбылыстардың бейнелерін есте берік сақтауға мүмкіндік беретін ес процесі.

Зейін - баланың санасының белгілі бір затқа бағытталып тұрақталуын көрсететін құбылыс.

Жас дағдарысы – онтогенездің психологиялық өзгерістерімен сипатталатын, уақыты жөнінен ұзақ емес ерекше кезеңдері.

Жеке дара даму – өмір мен іс-әрекет үдерісінде әрбір адамның дамуы (онтогенез).

Жуықтасу талдауыштары – рецепторлары заттардың тікелей әсеріне шалынатын талдауыштар. Мысалы, тері талдауыш анализаторы.

Жандану кешені – баланың ішкі жан дүниесінің жағымды жауабы. Ересек адамды көргенде оның дауысын естігенде бала күлімсіреп дыбыс шығара бастайды оған тесіле қарайды осы кезде оның аяқтары мен қолдарының қозғалыс ырғақтары өзгереді жандану кешені баланың алғашқы әлеуметтік жауабы деп санау қабылданған.

Инстинкт – адам дүниеге келгенде бітетін мінез-құлықтың фомасы, белгілі ынтаға жауап ретінде мақсатқа сәйкес іс-әрекет жасау қабілеті.

Интероризация – сыртқы іс-әрекеттен заттардың бейнелері және олар туралы ұғымдар арқылы іштей орындалатын іс-әрекетке көшу үдерісі.

Күнделікті ұғымдар – арнаулы үйретусіз, өмір тәжірибесі нәтижесінде меңгерілгер, ғылымға дейінгі ұғымдар.

Қорғаныш рефлексі - шартсыз қорғану рефлексі.

Қыңырлық – ақылдың ережелеріне қарамастан өз дегеніне тұрып алуға тырысудан көрінетін жағымсыз қылық. Қыңырлық баланы тәрбиелеудің немесе оның ауру күйде екендігінің нәтижесі болып табылады.

Қабылдаудың тұрақтылығы – қабылдау шарттары өзгергендегі зат бейнесінің біршама тұрақтылығы.

Үнсіз сөйлеу – сөйлеу әрекетінің ерекше түрі.

Ұғымталдық – сезім мүшелерімен ақыл-ой арқылы тез қабылдауы.

Мектепке дейінгі шақ – психикалық даму сатысы, үштен жетіге дейінгі жас аралығына сәйкес келеді.

Мәдени қажеттіліктерде – адамның белсенді іс-әрекетінің адамзат мәдениеті жемістеріне байланыстылық көрінеді. Әр-түрлі экономикалық және қоғамдық құрылыста осы құрылысқа тән мінез-құлықты игеру мен тәрбиеге байланысты адам әр-түрлі мәдени қажеттілікке ие болады.

Мотивтер иерархиясы (сатысы) – мінез-құлықтың түрткі күштерінің жүйесі. Мәні төмен түрткі күштер мәні жоғары түрткі күштерге бағынады.

Нышандар – қабілеттіліктер дамуының тәбиғи жағдайлары түрінде көрінетін ағзаның іштей туа біткен автономиялық физиологиялық ерекшеліктері (нерв жүйесінің типі рецепторлар құрылысының ерекшеліктері т.б). Рухани қажеттілік – тек адамға ғана тән мәдени қажеттілік.

Ойын іс-әрекет (қызметі) – негізінен үлкендердің іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын ерекше түрде елестетумен сипатталатын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекетінің басты түрі.

Іс-әрекет (амал) – белгілі мақсатқа қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттің біршама аяқталған элементі. Ол ішкі және сыртқы болып ажыратылады.

Іс-әрекет қызмет - қоршаған болмысқа ықпал етумен сипатталатын белсенді қарым-қатынас.

Ынта – мотивтер түрі, адамның қажеттілігінің көріну формасы.

Сөздің байланыс функциясы – араласу функциясы әңгімелесіп отырған адамға тура не жанама әсер ету.

Синтез – бөлшектерді, жақтарды, белгілерді біріктіру, жалпылау, топтау бүтін қарау.

Сензитивтік кезеңдер – организмнің қоршаған ортаға өте жоғары сезімталдығын көрсететін кезеңдер.

Тәбиғи қажеттілік - белгілі сыртқы ортаның жағдайларына организмнің өмір сүруіне қолдануға керекті қажеттілік. Бұған тамақ ішу қажеттілігі дем алу қажеттілігі жылыну қажеттілігі т.б. жатады.

Тиянақталған сөйлеу – әрбір сөздің немесе сөйлемнің дәл анықталған, мазмұны жағынан аяқталған сөйлеу.

Темперамент – нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешіліктері.

«Балалар психологиясы»

Тақырыптың аталуы: Балалар психология пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері.

Дәріс жоспары:

  1. Балалар психология пәні. Міндеттері.

  2. Балалар психологиясының даму тарихы, теориялары туралы негізгі түсініктер.

  3. Балалар психологиясының басқа ғылым салаларымен байланысы.

  4. Психологиялық жас кезеңдеріне бөлу.

  5. Жас дамуы мен ерекшеліктері.

  1. Балалар психологиясы баланың психологиялық даму факторлары мен заңдылықтарын, оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық үдерістер мен сапаларының ерекшеліктерін және жеке басының психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуын зерттейді. Сонымен қатар психикалық дамудың маңызды жағын баланың бойындағы психикалық үдерістер мен сапаларды, қабылдаудың түйсік, ес, зейін, қиял, ойлау, сөйлеу және мінез-құлық ерекшеліктері мен сезімнің, жас ерекшелігіне байланысты дамудың бастапқы формаларының пайда болуы, өзгеруі және жетілуі туралы мәселелерді жан-жақты қарастырады.

Балалар психологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және анатомиялық, физиологиялық даму ерекшеліктерін де жан-жақты зерттеп, қарастырады.

Балалар психологиясының маңызды міндеті – әр жас кезеңіндегі баланың даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру.

Психикалық зандылықтардың шығу тегін зерттемей тұрып түсіну мүмкін емес, ал анатомия, физиология мен байланысты дейтін себебіміз баланың жүйке жүйесі мен жоғарғы жүйке жүйесі психологиясының негізгі міндеті – оқу, ойын, еңбек әрекеттерінің бала психикасының дамуына тигізетін әсерін зерттеп, баланың психикалық дамуына дұрыс бағыт бағдар беріп, осы тұрғыда тәрбие жұмысының қалай болу керектігін ата-аналар мен тәрбиешілерге жете түсіндіру.

Жантану ғылымының негізгі салаларының бірі – жасерекшелік психологиясы. Оның бөлімдерінің бірі балалар психологиясы, яғни мектеп жасына дейінгі балалар психологиясын зерттейді. Зерттеу объектісі – адамның дүниеге келген күнінен бастап қартайғанға дейінгі әр түрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық ерекшеліктері. Мұның өзі бірнеше тармақтарға бөлінеді. Олар мектепке дейінгілер, бастауыш сыныптағылар, жасөспірімдер, балан жастағылар, кәмелетке келген және ересек, кәрілік, қарттық жастағылардың психологиясы. Бұлар да жан қуаттардың дамуының жас ерекшелігіне қарай дамып, қалыптасып отыратындығы ілім – білімді меңгеруге лайықты мүмкіндіктер қарастырады. Балалар психологиясы балдырғандарды зерттейді. Балдырғандардың басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алатын, еңбектенетін, жаңалық ашатын, өнер туындыларынан қалай ләззат ала білетінін, ересек адамдарға қалай айналатынын анықтап береді. Жас балдырған үлкен адамдарға ұқсамайды. Тек біліммен ғана емес баланың сезінуі ойлауы үлкен кісілермен емес екендігін білеміз. Сәбилердің сезімдері күшті, бірақ көбінесе тұрақсыз болуы мүмкін. Құштар болған нәрсесін ертең ұмытып кетуі ғажап емес. Астарлап сөйлегенді балалар түсіне бермейді. Өзін қызықтырмаған істі зорлап орындай алмайды. Баланың қолынан келмейтіні көп.

Сәбидің дамуын сипаттайтын факторлар: Баланың үнемі ілгері ұмтылуы, оның мінез-құлқында іс-әрекетінде жаңалықтың пайда болуы. Қарапайымдылықтан неғұрлым күрделі. Ойланып атқарылатын қимылға ауысуы. Сөйлеуді игеру дербестілігінің алғашқы көріністерінің пайда болуы. Балалар психологиясының маңызды міндеті – даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру Балалар психологиясының негізгі зерттеу компоненттері – балдырғанның психикалық дамуын, психикалық дамудың әрбір сатысының ерекшеліктерін, психикалық дамудың маңызды жағын, баланың бойындағы психикалық процесстер мен сапалардың, қабылдаудың, зейіннің, қиялдың, есте сақтаудың, ойлаудың, сөйлеудің, сезімдердің, мінез-құлықтың, еріктің, басқарудың бастапқы формаларының пайда болуы және жетілуі қарастырылады.

Стол үстіндегі ойыншыққа қолын созуы, қасындағы сызғышты пайдалануы, саналы іс-әрекетке көшу. 2-3 жастан кейін бала алдын ала күрделі емес ойын сюжеті арқылы игереді. Мысалы, гараж машина сыятындай болуы керек. Мұның бәрі іс-әрекет үстінде ойлаудан практикалық іс-әрекетке бағыттап, жөнге келтіре бастайтын ақыл мен ойлауға өту болып отыр.

Сәбилік және мектепке дейінгі шақ – баланың жеке басының қалыптасуы басталатын шақ. Балалар психологиясы – балалардың психикалық даму факторлары мен заңдылықтарын, оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық процестердің және сапаларының дамуын оның жеке басының қалыптасуын зерттейтін ғылым. Дамудың жалпы заңын білу – бала психикасына балалардың психикалық дамуын зерттеуге дұрыс жол табу. Сананың қалай пайда болуын дүниеге келген «табиғаттың, кішкене тірі организмнің қалайша дүниеге адамзат тәжірибесі арқылы көз тастайтын қоғам мүшесі болып шығатынын айқындауға көмектеседі. Басқа ғылымдармен байланысы балалар психологиясы жалпы психологиядан тарайтын адам психикасы туралы білімге сүйенеді. Жас ерекшелік анатомиясы мен физиологиясы нерв жүйесінің дұрыс жетіліп нерв қызметінің дамуы – жұмыс істеуі психикалық дамудың маңызды шарты. Балалардың психикалық дамуы, даму заңдылықтары баланың эмоциялық ерекшеліктерін, бейімділігі мен ынтасын білу, балабақшадағы оқу –тәрбие жұмысының маңызды шарты болып табылады. Баланың психикалық дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Мидың ауырғанына ешқандай педагогикалық тәрбие берілмегендіктен сөйлеспеген, ойнамаған, үйретпеген т.б.

2.Бала психологиясы – жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған бала психологиясы XIX ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған – неміс ғалымы В.Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В.Прейердің «Бала жаны» атты кітабы (1882) бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психологиялық еңбек болды. Бала психологиясының пәні – балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе – баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:

  1. биогенетикалық

  2. социогенетикалық

Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектепке барғанға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

Балалар психологиясының пайда болуы мен бала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу биология ғылымының жүйесіне енген үлкен бір жаңалық болды.XIX ғ. Чарлз Дарвиннің жасаған эволюциялық ілімі аса маңызды кезең болды. Адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді.

Көрнекті чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670ж) балаларды сезім ерекшеліктеріне байланысты оқыту жүйесін құру керектігі туралы ең алғаш өз пікірін ұсынып, мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады. Осы негізде «Ұлы дидактика», «Суретті көрнекі әлем» еңбектері шықты.

1712-1778 жылдары мектеп жасына дейінгілердің психикалық ерекшеліктерін егжей-тегжейіне дейін толық байқаған Жан-Жак Руссо баланың өздігінен дамуына ерекше мән беріп, оның дүниені танып білу негізі табиғат болуы керек деді. Табиғаттың өзі баланың ақыл-ойын дамытудың негізі. Ал тәрбиешінің рөлі – іс-әрекет барысында әрі қарай ұйымдастыру.

1746 - 1824 ж Генрих Пестолоций баланы үлкендердің жүйелі түрде үйретіп отыруына үлкен мән беру маңызды мәселе деп қарастырды. Ол кісі баланың жеке басын қалыптастыруда отбасының, әсіресе анасының рөлі ерекше деп бағалаған. Онда табиғи дарындылық принциптерін басшылыққа ала отырып, баланың жас ерекшелігін ескеруді талап етті.

Жеке адамды қалыптастырудағы тәрбие рөлінің құдіреті туралы көзқарасты XVIII ғасырдағы Ресейдегі алдыңғы қатарлы ағартушылар да жүйелі түрде қолдады. Мысалы, В.И.Татишев өзіндік ақылдың даму көзі жас адамға өзгенің іс-тәжірбиесін меңгеру болып табылады деп атап көрсетті. Бұл тәжірбие тіл арқылы немесе жазбаша түрде беріледі. Сондықтан адам екінші бір адамның еңбегінің көмегінің жемісі болып есептеледі. Ең алғаш балалық шақтың психикалық дамуының жас кезеңдерінің түп нұсқасын салған осы В.И.Татищев болды.

XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың бас кезінде шетел психологтары В.Штерн, Э.Мейман, А.Бине, К.Коффка, К.Бюллер, т.б өз еңбектерінде балалар психологиясы туралы мәселелерді қорытындылап, негізгі бағыттарға қысқаша талдау жасады. Революциядан кейінгі қайта өрлеу жылдарында диалектикалық материализм негізінде де бала психикасының дамуы туралы Ресейде эксперименталдық балалар психологиясы ерекше қарқынмен жұмыс жасады. Атап айтар болсақ, А.Ф.Лазурский, А.П.Нечаев, И.Кросногорский, В.М.Бехтерев, Н.М.Шеловановтардың физиологиялық зерттеулері соның дәлелі.

Ал Лев Семенович Выготскийдің «жоғарғы психикалық функцияның тарихи мәдени даму теориясы», «Психикалық дамудың жас дағдарыстары» атты зерттеу жұмыстары балалар психологиясы ғылымы үшін теңдесіз құнды материалдар болып есептелуде.

Баланың ақыл-ойының дамуының негізгі күші мен себептері жөнінде де түрлі педагогикалық ой-пікірлер айтылды. Мұндай негізгі себепші күшке баланың үлкендерге еліктеуі, үлкендерден оқып үйренуі жатады. Сонымен қатар баланың адамгершілік сезімі мен ақыл-ойының дамуы үшін тілінің шығуы сөздік қорының дамуының рөлі ерекше екенін атап көрсетті.

Балалар психологиясының отандық ғалым болып бөлініп шығуына И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский еңбектерінің де өзіндік үлесі бар. Мысалы, И.М.Сеченовтың 1829-1905 «Бас миының рефлекстері» деген еңбегінде кішкентай балалардың рефлекторлық әрекетінің алғашқы даму барысын бақылай жүріп, сезгіштігінің даму бағытын, қимыл-қозғалысын, олардың ойлауының алғашқы формасын, ес, ерік, зейіннің сөйлеген сөзінің және өзін-өзі танып білу өзгешеліктерін көрс етіп берді.

Ұлы психолог, физиолог Иван Петрович Павлов 1849-1936 жылы өзінің «Ой элементі» – деген еңбегінде сөз туралы екінші сигналдық жүйе, - деп баланың психикалық әрекетінің қалыптасуы туралы тұңғыш рет бағалы материалистік түсінік берді.

Баланың жеке басының дамуындағы оқыту мен тәрбиенің рөлі туралы әлде қайда прогрессивті ойды дамытып, жақсы негізін салған И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский «Адам тәрбиенің тиегі» – деген еңбегінде баланың жеке басының жан-жақты даму жағдайларының басты себептерін барлық жағынан көре отырып, баланы оқыту жүйесіне бағалы педагогикалық кеңес берді. Тамаша педагог әрі психолог К.Д.Ушинский баланың дамуын жеке өзінің белсенді ойлауы мен таным әрекеті еңбегінің жемісі деп атап көрсетті.

К.Д.Ушинскийді балалар психологиясының негізін салушы деп қарастыруға болады.

Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған психологтар: С.Балаубаев, Е.Суфиев, Ш.Әлжанов, А.Темірбеков, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, т.б. Балаларды жан-жақты зерттеумен басқа ғылымдар да айналысады. Әр ғылым өз зерттеу мақсатарына қарай түрлі бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Баланың бойының өсуін, салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін, нерв жүйесінің құрылымы мен жұмысының жетілуін, ішкі секреция бездерінің жұмыс атқару өзгерістерін – жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясы зерттейді.

Қазіргі балалар психологиясының теориялық және практикалық міндеті. Қазіргі балалар психологиясын зерттеудің педагог үшін теориялықта, практикалық та маңызы зор. Өйткені баланың жас кезеңіне байланысты айырмашылық дағдарыстарын зерттеп білу педагогқа программалық материалдың көлемін анықтауға септігін тигізеді. Психологияны жете игеру тәрбиешілерді көптеген қателіктерден сақтануға жөне балалармен дұрыс байланыс қарым-қатынас орнатуға көмектеседі және педагогтарға тек баланы түсініп қана қоймай, қолдап, жақсы қасиеттерін дамытуға, баланың жан дүниесін сезе білуге көмектеседі. Оқу-тәрбие жұмысы, ғылым саласында болып жатқан реформалық жаңалықтарды ғылыми тұрғыда зерттеу осы ғылымның негізгі міндеті. Мысалы, баланы мектепке 6 жастан бастап оқыту, басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін кеңінен игерту немесе мүмкіндігіне қарай бастауыштан бастап шет тілдерін игерту. Ауылдық жердегі мектептің оқу-тәрбие үдерісінің ерекшелігі халықтың бала тәрбиесіне байланысты жинақтаған бай тәжірибесі, психологиялық идеялар ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдауды талап етеді. Осының бәрін балалар психологиясынсыз шешу мүмкін емес.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!