Материалдар / Бала бақшамен қоштасу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бала бақшамен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке даярлық топтар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
231
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балабақшамен қоштасу кеші.

Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата – аналар! Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытуын қамтамасыз ету жөніндегі   2013–2016 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне  Қокшетау қаласының №1 «Арман» балабақшасының «Көжек » тобының  түлектері   «Бақытты балалық шақ» ұшағымен  келіп қонды. Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойдырып,  қолдарыңыздан келгенше әр  баламызды  қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап,  өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз!

Мисс Эндрю: (сығырғышпен сықырып шығады , амандасады , санап шығады ата - аналарды. )Қоштасу кеші! Біз бәрін шақырдық па мерекеге? Ешкімді ұмытқан жоқпыз ба? Көрем мен қазір қалай мектепке дайындалғандарын. Менің рұқсатымсыз ешкім ешқайда бармайды. (сықырып кетеді)

Айзере: Қайырлы күн құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Карим: Добрый день, уважаемые родители, дорогие дети! Гости нашего праздника!

Бекет:Құрметті қонақтар армысыздар,

Бәріңізде есен сау бармысыздар?

Қоштасатын күн келді бақшаменен

Апайларға айтатын алғысым бар.

Ақ тілекті ағытып біз тастайық,

Қоштасатын әнімізді бастайық.

Әдеппенен өнегені үйреткен,

Бақшамызды есімізге сақтайық!

Убайдулла: Сегодня у нас торжественный день мы прощаемся с нашем любимым детским садом. Мы хотим показать, все то, чему мы научились детским саду.

Алдияр: Сүйген өз қыз, өз ұлын.

Бөбегім деп аянбай

Балабақша өз үйім

Апай болды анамдай деп ортаға тәрбиеші апайларды шақырамыз:
Құрметті ата-аналар, қонақтар, достарым еңдеше ортаға апайларымызды қарсалайық. Бегзат Хайыргельдіқызы және Кенжегул Ауганкызы.

Кенжегул: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын,
Мектеп есігі әрқашан ашық болсын.
Өсті ақыл, ойларың,

Өсті, міне, бойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың!

Түлектерді қарсы алыңыздар

Бегзат: Қымбатты ата — аналар,балабақша қызметкерлері қонақтар, бүгін біздің бірінше жыл мәпелеп,күтіп,тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей, кішкентай түлектерімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.

Ән: «Оқуда озат боламын»

Хасан: Балабақша есігін

3 - ке тола ашқанбыз

Балапандай өсіріп

Мәпелейді бақшамыз

Бұл екінші үйіміз

Біз туғанбыз бәріміз

Біз осы үйдің гүліміз

Біз осы үйдің сәніміз

Бұл құшағы тым ыстық

Мектебіміз бастапқы

Мұнда жақын туыстық

Мұнда тұнғыш дос таптық

Жібек Бала, бала, баламыз

Бақшамызға барамыз

Күні бойы қызыққа

Батамызда қаламыз.

Үйренеміз өнер біз

Шетімізден шеберміз

Тақпақ айтып ән шырқап

Билеп билеп береміз.

Аиша: Мектепке ертең барамыз

Оқимыз білім аламыз

Қашықта болса арамыз

Сіздерге келіп тұрамыз.

Мектеп қамқор анамыз

Оқып білім аламыз

Өнерпаз боп өсетін

Біз оқушы боламыз.

Мектепке енді барамыз

Үлгілі оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз.

Мисс Эндрю (кіреді): О-О-О балалар мерекелерінді бастап жатсындар ма?

Өздерің әдемі болып отырсындар мектепке барамыз деп. Бірақта мен сендердің білімдеріңді тексермей ешқайда жібермеймін(сықырады). Менің сендерге арналған тапсырмаларым да көп, соны орындауға дайынсыңдар ма?

Балалар: Иә дайынбыз!

Мэрри Попинс: (жан-жағына қарап, қасына мысығын ертіп кіреді).Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, балалар?! Мен жер шарын аралап келе жатқан білім ханшайымымын. Балалар, сендер осы балабақшадан жақсы тәрбие алдыңдар және бүгін балабақшамен қоштасып мектеп табалдырығын аттағалы отыр екенсіңдер. Сондықтан мен сендердің білімдеріңді тексеруге келдім. Мен сендерге өзімнің досымды мысығымды таныстырғым келеді. Ол ақылды, білімді мысық. (Мысығын таныстырады.)

Кенжегул: Мисс Эндрю және Мэрри Попинс қош келдіңіздер! Біздің қоштасу кешіміздің құрметті қонақтары болып , балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыздар! Сіздердің құрметтеріңізге біздің қыздарымыз тамаша билерін орындап берсін. Ару қыздарымызды қарсы алыңыздар!

Би: Көңілді би

Мэрри Попинс: Жарайсындар билерің тамаша екен.

Әлімхан:Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Мектепке барам мен енді,

Бала бақшам қош енді.

Жеті жасқа толамыз,

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата – ананы

Мектепке кетіп барамыз.
Мансұр: Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштын мың гүлін

Бақшамызды қыймаймыз

Қоштасамыз күн бүгін

Ботақандай бөбектеп

Еркелеткен ұл - қызын

Анамызды ерекше

Қуантамыз біз бүгін.

Қасымхан: Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып бала бақшамен

Біз мектепке барамыз.

Балабақша байтағым

Күліп ойнап қайтамыз.

Ән саламын би билеп

Тақпақты да айтамын.

Көнілдіміз күлеміз

Әріптерді білеміз.

Бақша біздің үйіміз

Тату - тәтті жүреміз.

Мисс Эндрю: Бәрекелді, тақпақты жақсы айтады екенсіңдер. Енді менің тапсырмамды қалай орындай аласыңдар соны тексерейін.

Ойын: «Тез тұратын сандар»
Шарты: Балаларға бірден 10 – ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек. кері тұрады. есеп шығару.

Бегзат:   Рахмет  көп- көп
                      Балаларымыз көңілді
                      Шақырамыз ортаға
                      Тойымызға сән беріп
                      Ән айтайық тамаша
Кешіміздің одан әрі әнмен жалғастырайық.

Ән: «Осында біз өстік»

Айя: Жақсы мен жаманды

Ажырата білеміз

Ата - баба жолымен

Алға қарай жүреміз

Жалқаулықты жат санап

Еңбекті дос көреміз

Жақсы менен жаманды

Ажырата білеміз.

Арманжан: Бала бақша, бала бақша,

Шаңырағы шаттықтың

Бала бақша қорғанышы

Балғын сәби жастықтың

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызбен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін.
Мисс Эндрю: Өте тамаша мен балалардың білімін тексердім, енді ата-аналарымен ойын ойнағым келіп тұр. Маған 4 ата-ана керек. Әкелері ортаға шықша жақсы болатын еді. (Әкелерге әріптер таратылып берілеті, жұмбақтардың жауаптарын табулары керек.)

Ойын ата - аналармен: Жұмбақтар

1.Зулап түсіп төменге

Шықпас меңсіз төбеге (Шана)

2.Қыста киімін тастайды

Көктемде киіне бастайды. ( ағаш)

3. Алыстан қарасам аппақ

Татып қарасам тәтті - ақ (Қант)

Кенжегул: Құрметті қонақтар Мери попонс, Мисс эндрю кішкене демалып біздің биімізді қабылаланыздар:

Би: Ромашка

Мери Попинс: Балалар билерің өте жақсы екен. Мен сендермен ойын ойнағым келеді. Мисс эндрю сіз маған көмектесесіз бе?

Мисс Эндрю: Жақсы бір рет көмектесейін. Балалардың білімдерін тексергенді жақсы көремін.

Мэрри Попинс: Рахмет, балалар мен сендерге сұрақтар қоямын сендер оған жауап беріңдер. Тек мұқият болыңдар!

(Мысық балармен бірге сұрақтарға жауап беруге тырысады.)

1-билет:

1.Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

2.Кім біздің елбасымыз:

2- билет

1.Бір жылда  қанша жыл мезгілі бар?

2.Ал, қане атап беріндерші?

3- билет

1. Ақ балапан,

Сары балапан,

Шұбар балапан

Қара балапан

Барлығы неше балапан?

2.Менде бес жұмыртқа, біреуін жарып алдым. Менің қолымда неше жұмыртқа қалды?

3.Дүкеннен анам төртбұрышты екі доп алып келді. Біреуін ініме берді, нешеуі қалды? (төртбұрышты доп болмайды)

Мухамедкәрім: Ән салайық бас қоса.
Бақшаменен қоштаса
Қалам,дәптер,өшіргіш
Кітаптармен достаса

Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Үлкен болып,өссекте,
Бақшамызды қимаймыз

Аиша: Жарастықпен жайнатып өмір көркін

Гүл бақшада жайнатып өскен еркін

Шат көнілді, бақытты ел ұланбыз

Келешекте ұлы істі меңгеретін

Отанымыз әлпештеген анадаймыз

Құшақтайды аялап сағат сайын

Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң

Не керектің біз үшін бәрі дайын

Жібек : Аялар бізді, қамқоршы ізгі

Сүйкті отан анамыз

Отанды мақтап, айтамыз тақпақ

Шырқатып әнге саламыз

Жалықпай оқып , көнілге тоқып,

Білімді адам боламыз.

Мысық: Ойын: «Кім жылдам сөз айтады» Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады,сол әріпке сөз айтады.

Мери попинс: Бәрекелді, балалар жарайсыңдар! Сендер мектепке баруға  әзірсіңдер. Жолдарың болсын!

Мисс эндрю: Жо-жо-жоқ. Мен балалардын ағылшын тілін сұрамай балаларды мектепке жібермеймін. Ағылшын тілін білесіңдер ме?

Айару : Ия білеміз. Айтып береик пе? Кәне достарым, Мисс эндрю көнілін толықтырайық

Май лавли киндергарден

Ай мисс ю Ай кисс ю

Сәнк ю май тичер

Сәнк ю май Ноузмэйт

Грейт сәнкс ту еври уан

Арманжан : Ай уил невер форгет з брайт меморис

Ай хав мени френдс энд тойс хеа

Ай лав ю еври матч

Ай уил невер форгет ю

Алдияр : Еври дэй кам ту киндергарден

Ай си май френдс хеа

Уи хав грейт дэй

Бат Ай донт форидж

Карим :Май лавли киндергарден

Еври дэй ай кам ту май ктндергарден

Грейнд сәнкс ту май тичер

Ай хав мэни френд хеа.

Бекет : Хэппи дэй фанни френдс

Еврибади из хеа

Уи хав гейм

Уи хав лессонс

Сәнск ту май тичар

Аяулым : Май киндергарден

Йор киндергарден

Уи ар хэппи хеа

Уи хав мэни френдс хеа

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!