Материалдар / Бала құқығы - асыл қазына
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бала құқығы - асыл қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала құқығы - асыл қазына атты ашық тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Шілде 2018
352
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Бала құқығы- асыл қазына.Сабақтың мақсаты: Білімділік Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту. Дамытушылық: Оқушылардың мақал –мәтел айтқызу арқылы сөздік қорларын дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды зады құрметтеуге, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: заңдар сөздікшесіСабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндірмеСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:А . Оқушылармен сәлемдесіп, назарын сабаққа аудару.Ә. Қ.Р.Гимн орындау. ІІ.Жаңа сабақ
  • Кіріспе.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы, балалар, «Бала құқығы- асыл қазына» деп аталады. Құқық дегеніміз не? Міне , балалар, өздерің байқап отырғандай құқық дегеніміз заң рұқсат ететін адам табиғатына, жаратылысына сай әрекеттер жасау мүмкіндігі екен, яғни азаматтарға кең көлемді құқықтар мен бостандықтар берілген.Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға болып қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білеміз.Сондықтан да бүгінгі сабағымыздың мақсаты осы болмақ.Қазір ,балалар, заң сөздікшесімен танысалық.2. Біліп жүрейік:
Заң сөздікшесі


































3.Жыр шумақЖақсы ендеше балалар өз өлеңдеріңді оқи қойыңдар.

1 оқушы Бұл заңда жеңіс, даңқымызСалтанат құрған салтымыз.Сүйеніш, қамқор қорғаушыСүйеді заын халқымыз.

2 оқушы.Зерттей біл терең ғылымдыЗер салыцп үйрен білімді.Қадірле дейді ұлы заң,Қастерлеп ана тіліңді.

4. Атаулы күндер.

Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген. Атаулы күндер:
1-маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20-қараша Балалардың дүниежүзілік күні
10-желтоқсан Адам құқығы күні
1959жылы Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу. Декларацияны жариялаудан басталды.
1979жылы Балалардың халықаралық жылы өтті
20-қараша 1989ж БҰҰ-да Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды
8-маусым 1995жыл Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті.


А) Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы Б) Бала құқықтары туралы конвенция

Мен ,қысқаша Қазақстан Республикасының Конституциясында берілген бірнеше баппен сендерді таныстырып кетейін.

В) Қазақстан Республикасының Конституциясында былай делінген:1 бап Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. 15 бап
  • Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
27 бап
  • Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
  • Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті

Балалар,18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады

1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Нью-Йоркте ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Джеймс Грантпен бірге “Бала құқығы туралы Конвенцияға” әлемнің 156-шы елі болып қол қойды

5. Менің міндетім

-Балалар, қазір біздер берілген сөздерді дұрыс орнына қойып міндетімізді анықтауымыз керек.

Менің міндетім
  • Заңға ..................................................
  • Басқа адамдардың ..........................
  • , бостандықтарын, жеке өмірін, ар-намысын ...........................................
  • Мемлекеттік ........................ сыйлау
  • ...................... тәртіпті .....................
қоғамдық, сыйлау, бағыну, тәртіп, құқықтарын, рәміздерді, сақтау

6. Ой жалғау.Халық мақал-мәтелдер, тыйым сөздер арқылы баланы жастайынан ұрлық қылмауға, өтірік сөйлемеуге, «біреудің ала жібін аттамауға»тәрбиелеген. Ала жіпті қазақ тыйым белгісі ретінде қолданған, пір тұтқан.Ендеше келесі кезекте «Ой жалғау». Ол үшін мақалдың басқы бөлігінің жалғасын табу керек.

Заңның құрығы... анық бас
Ақырын жүріп... қорлық
Асыл тастан... жамандық болмайды
Ұрлық түбі... арлы бала
Жазасын тарпайтын... кешірген жөн
Әдепті бала... арты игі
Өш алғаннан гөрі... бәрінен ұзын
Әділ істің... өнер жастан




Қорытынды: Сонымен «құқық» дегеніміз не болды?- Құқық- мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық...



















































«Үміт» қимыл – тірек аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп – интернаты

































Тақырыбы:

Бала құқығы- асыл қазына.



Тәрбиеші: Рустемова Б.





































Қаратау қаласы
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!