Материалдар / "Бала сұлтаны" сайысының сценариі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Бала сұлтаны" сайысының сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сценарий орыс тілді мектепте қазақ тілінен бала сұлтанын ұйымдастыруда көмекші құрал ретінде көмектеседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2018
1027
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Бала сұлтаны» сайысының сценарийі



Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан  халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу. Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, шар, гүл, мультимедия, қанатты сөздер


(Музыка ойнап тұрады, қонақтар жайғасады, екі жүргізуші ортаға шығады)


1 – жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және «Бала сұлтанына» келген барша көрермендер!
2 – жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,
Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды!
Сол өнердің жолын қуған «Бала сұлтаны» сайысына қатысатын балалардың
жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп сайысымызды ашық деп
жариялаймыз.

Сайыстың барысымен таныстырып өтсек:

  1. Таныстырсам тегімді» ( өзін-өзі таныстыру )

  2. «Білімді жүзден озар» ( сұрақтарға жауап беру)

  3. «Атадан қалған асыл сөз» (мақал-мәтел сайысы)

  4. «Күш атасын танымас» (спорттық сайыс)

5. «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес» (өз өнерін көрсету)


2 – жүргізуші: Бүгінгі сайысымызда балалар өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетеді.

1 – жүргізуші: Ең алдымен осы сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары,қазақ тілі пәнінің мұғалімі : Смаилова Ф.М.

Денетәрбиесі пәнінің мұғалімі : Саин Б.С.

Директордың бастауыш мектеп жұмысы жөніндегі орынбасары: Ибраива Л.Г.


1 – жүргізуші:

Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
«Бала сұлтаны» атанбақ.
Құрметті көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп балаларды ортаға шақырайық.

(Сайыскерлеріміз сахнаға шығады)

2 «А» сынып оқушысы –Тұрғанбек Тамерлан

2 «Б» сынып оқушысы – Бауыржан Даниал

2 «В» сынып оқушысы – Қадірбек Айсұлтан

2 «Г» сынып оқушысы – Шәріпбай Тамерлан

2 «Д» сынып оқушысы – Жанұзақұлы Айтуар

2 «Е» сынып оқушысы – Шишхаев Али

2 «З» сынып оқушысы – Ерболов Ансар


2 – жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Балаларға сәттілік тілейікші.

1– жүргізуші:

Балалар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен сіздерменен танысуға

2 – жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз. Балаларымыз өздерін таныстырып өтсін.


(Жігіттер таныстыруға реті бойынша шығады)

Тамерлан:

Ассалаумағалейкум жиылған жұрт,

Атым менің Тамерлан

Шыққан тегім асыл тек.

Ел үмітін ақтаймын

Қарап тыныш жатпаймын.

Назима апайдың әр сөзін

Жүрегімде сақтаймын

Даниал: Бас иіп сәлем берем баршаңызға,

Бас ию ежелден болған халқымызда .

Бауыржан Даниал мен боламын,

Сегіз қырлы,көңілді баламын

Бәйтерегім саялы Аида анам.

Ербол асқар тауым,аяулы әкем,

Осындай ата-ананың батасымен

Қатысамын «Бала сұлтаны» байқауына.

Айсұлтан: Ассалаумағалейкум, жиналған жұрт,ағайын!

Жігіттердің сұлтаны боп мен бүгін

Көпшіліктің есінде мен қалайын

Айсұлтан таныстырсам есімім

Азаматтай әкемнің тыңдап шешімін!

Гүлім менің анашымның есімі

Қарындасым Алима менің ермегім

Бесігінде анаммен бірге тербедім.

Алматының көркем мынау қаласы

Қазақтың мен бір туар баласы

Алатаудай өнерімді көрсетем

Көрерменнің жақсы болса бағасы!

Тамерлан:Қазақтың баласымын тегі бүтін,

Елі бар жасайтұғын ер үгітін.

Баланың сұлтаны боп келіп тұрмын,

Тамерлан деген ұлымын Нұрғалидің

Егемен елдің іші азатпыз ғой,

Бөлінбейік біз өзі азақпыз ғой.

Қайтеміз, танысқанда руға бөліп,

Бәріміз бір атадан- Қазақпыз ғой

Айтуар: Таныстырып өтейін мен өзімді

Құлақ салып тыңдаңыздар сөзімді

Мен боламын Жанұзақұлы Айтуар

Топқа түсіп, бағым сынар төзімді

Али: Ассалаумағалейкум халқым менің,

Ержүректі Али атым менің.

Ұлтым басқа болса да,

Қазақ тілін оқимын.

Қазақтың салт –дәстүрін

Көкейіме тоқимын.

Ансар:Ассалаумағалейкум, құрметті қауым!

Атым Аңсар болады сұрасаңыз,

Жалайыр екен кешегі бір атамыз!

Әкем аты Қанат асқар тауым,

Пана болып біздерге жүз жасаңыз!

Анашым Аида қызы Құдайбергеннің

Жүзіңнен төгілетін күннің нұры.

Ұстазым Назима апай аяулы адам,

Біздерден бар білгенін аямаған!

2-жүргізуші:

Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.

Ал енді әділқазыларымыздың бағаларын көрсек (жүргізуші айтып тұрады)

1 - жүргізуші

Ей жігіттер!

Сендерге артар міндет көп.

Көтер биік ата салтын құрметтеп

Ақтай білсең ата-баба үмітін

Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп!

Сайысымыздың келесі түрі «Білімді жүзден озар» Ол үшін алдарыңыздағы ұяшықтардың бірін таңдап,берілген сұрақтарға бірден жауап бересіздер.


Сұрақтар:

  1. Биенің сүті қалай аталады?

  2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата

  3. 1 аптада неше күн бар? (атап шық)

  4. Қазақстанның елордасы қай қала?

  5. Неше жыл мезгілі бар? Қандай?

  6. Төрт түлік малды ата

  7. ҚР Гимнің авторлары кімдер?

  8. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

Ал енді әділқазыларымыздың бағаларын көрсек (жүргізуші айтып тұрады)

1-жүргізуші:

Асқақтаған ән дайын,

Күмбірлеген күй дайын.

Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар!

 Сайысымыздың келесі түрі «Мақал – мәтелдің жалғасын тап»
Қазақ шешен халық. Халықтың шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің міндеті.


1. Досы жоқ адам – (тұзы жоқ тағам.)

2. Тазалық- (денсаулық кепілі)

3. Отан – (оттан да ыстық. )

4. Оқу –білім бұлағы, (білім- өмір шырағы.)

5.Үлкенге – құрмет, (Кішіге – ізет. )

6. Көз қорқақ, (қол батыр).

7.Аққуды атпайды,(достықты сатпайды)

8. Білекті бірді жығады , (білімді мыңды жығады. )

9. Кітап-(алтын қазына)

10. Күш- білімде,(білім-кітапта)


1-жүргізуші

Ал енді әділқазыларымыздың әділ бағаларын көрсек.

(Әділқазылар алқасы өз бағаларын айтады, жүргізуші оқып тұрады)
2-жүргізуші:   Ат өнері білінбес,

              Бәйгеге түсіп жарыспай.

              Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай, -  демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстағы өнерлерін көрейік. Білек күшін сынап көрсек. Бұл сайысты дене тәрбиесі мұғалімі Берік Серікұлы ұйымдастырғанша мың бұралған бүлдіршіндеріміздің биін тамашалайық.


Енді құрметті әділ-қазылар әділ бағаларыңызды берсеңіздер. (бағаларын көтереді, жүргізушілер айтып отырады)


1 жүргізуші: Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,

Қыран жігіт асырар елдің даңқын!-

демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.


рқайсысы өз өнерін көрсетеді. )


2 – жүргізуші: Енді құрметті әділ-қазылар әділ бағаларыңызды берсеңіздер.

(бағаларын көтереді, жүргізушілер айтып отырады)

 

2-жүргізуші Жігіттер, жаман істі кәсіп етпе,

Досыңды бірге жүрген басып өтпе,

Басыңа әлдеқандай іс түскенде.

Келесі кезекті тағы да әнге берейік.

 1-жүргізуші Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,

Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.

Көңіліңді шат сезімге баурайды,

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!