Материалдар / Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасының ынтымақтастығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасының ынтымақтастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Шілде 2018
280
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баланы шектен тыс еркелетіп өсірудің зардаптары. Ата – ананың баласын еркелетуіне болады, алайда бәрі орынды болғаны жөн. Бала тәрбиесі мамандары баланы қалыптан тыс еркелету тым нәтижелі бола бермейтіндігі туралы төмендегідей түсіндірілулер жасады. Балаңыз өзімшіл болып өседі. Қалыптан тыс еркелеткен бала ата – анасының сенікі ғана жөн деп санайтын көзқарасын жадында сақтап, басқаларды көзге ілмей, басқалардың тұрғысында ойлау сынды көзқарастарды қайырып қойып, тек менікі ғана жөн деп қарайтын нашар дағды қалыптастырады. Алайда, ішінара адамдардың назарында мына қоғамда өзімшіл болсаң зиян тартпайсың деген ұғымдар да жоқ емес. Міне, бұл ең үлкен қателік. Өзімшілдік те тек қана белгілері бар мезеттегі белгілі бір жағдайды меңзейді, алайда кәсіп жағында өзімшіл болсаң жеңіліске ұшырайсың, сүйіспеншілік тұрмыс жағында да бұндай болудың қатері күшті. Өркеуде болып жетіледі. Баланы аялау мен еркелету рухани және заттық жақтағы қарым-қатынас. Баланы әлпештеуде баланың заттық шартын қанағаттандырып, көңілді болуы үшін қолын қақпайсыз, алайда сіз бұл жерде балаға рухани жақтан қамқорлық жасауды қағыс қалдырып қоясыз, міне осындай ортада бала тұйық мінезді, ашуланғыш болып өседі. Егер балаңыздың ырқына көне берсеңіз, көптеген үйлесімсіз талаптарын қанағаттандырумен әбігер болып жүретін болсаңыз, балаңыз менің талабым қай кезде де орындала береді екен деген идеямен ешкімге жол бермейтін, кешірім жасауды білмейтін, әрқандай бір қиындыққа төзімділік етпейтін өркеуде мінез қалыптастырады.



Шаруаға ұқыпсыз әрі тәртіпсіз болады. Тым шолжаң өскен баланың киер киімі, ішер асын түгелдей ата – анасы қамдап ьергендіктен, ешқандай іспен жұмысы болмайды, бара – бара қолынан ешқандай іс келмейтін адамға айланады. Бірер жұмысты тапсырсаңыз тындырып істей алмайды әрі басқа жанның барлығы өзін ғана тыңдаса дейтін нашар әдет қалыптасады да келешекте қоғамға керексіз адам болып шығады. Үлкендерді құрметтеу сынды жора – жосынды білмейді. Ата – аналардың шектен тыс шолжаңдатудың кесірінен балалардың кейбір нашар әдеттері тыйымсыз кетіп, әдеп – ибаны, үлкенді құрметтеу дегенді білмейтін, тіпті үлкендермен қарсыласуға дейін баратын болады. Әлсіз, қиыншылықтарға төтеп бере алмайды. Үнемі ата-анасының қорғаштауында болған бала қиыншылық дегеннің не екенін мүлде түсінбейді, өйткені қандай істің барлығын ата – анасы шешіп береді, аяқ астынан қиыншылыққа кезіксе, төтеп бере алмайды, ірі істерді тындыруға дәрмені жетпейді. Ол бейне жылы жайда өсірілетін гүл іспетті, жылыжайдан айырылса желмен бірге ұшып кететіндей болады. Адамдармен қарым – қатынаста сенімді болмайды. Өте шолжаң өскен бала өзімшіл болғандықтан, барлығында өзінікін жөн санап, әдеп пен тәртіпті болуға назар аудармағандықтан, табиғи түрде кісілік қарым – қатынасын сәйкесімді жөнге сала алмайды.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!