Материалдар / Балабақша көшбасшысы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Балабақша көшбасшысы

Материал туралы қысқаша түсінік
ортаңғы топ балабақша тәрбиеленушілері арасында өкізілетін танымдық сайыс. Бұл сайыста балалардың білімдері сыналады, ойлау қабілеттері дамиды. Логикалық тапсырмаларды шапшаң орындауға дағдыланады.Осындай танымдық сайыстарды қазіргі таңда бірінші және екінші топтарда өткізіп жатырмыз. Тапсырмалар балалардың жас ерекшелігіне сай алынады. Материал балабақша тәрбиешілеріне көмегі болар деген ойдамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Наурыз 2018
1031
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балабақша көшбасшысыМақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, білімділігін, тіл байлықтарын дамыту. Жарыста өздерін еркін ұстауға, ойын ашық айта білуге, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: Түрлі-түсті алмалар кестесі, түрлі тақырыптағы логикалық жұмбақтар, әр түрлі құрастырғыштар, ермексаз, балаларды бағалайтын кесте, ойыншықтар, барабан, доп, т.б суреттері.

Өтілу барысы:-Армысыздар, құрметті қонақтар, жас бүлдіршіндер! II кіші топ бүлдіршіндерінің «Балабақша көшбасшысы» атты танымдық сайысына қош келдіңіздер! Ал, құрметті қонақтар, ұстаздар ортаға назар салайық қол соғып жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар балаларымызды қарсы алайық. Сәлемдесу. Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылсын. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал, канекей, бәріміз, Сәлем дейік үлкенге. Сәлеметсіздер ме, ағайлар мен апайлар.-Қане балалар келген қонақтарымызбен амандасып алдық, енді орындарымызға жайғасайық. (Балалар орындарына келіп отырады). Ашық, жарқын жүзді, Әділ қазыларымызды. Таңдап баға беруге, Шақырайық төрге. (Әділқазылармен таныстыру).
  • №17 Байқоңыр орта мектебінің директоры: Б.Ш.Дастанұлы
  • «Балбұлақ» балабақшасының әдіскері: М.Баржаксина


Шаттық шеңбері. Біз ерекше баламыз Айтқан тілді аламыз, Қонақтарды көргенде, Қуана қарсы аламыз

-Жарайсындар, балалар, орнымызға отырайық. Қазір біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік. Шарттарды дұрыс орындағандардың жауабы үш, төрт, бес бұрышпен бағаланады. Сайыстың шарттары төрт кезеңнен тұрады. I-кезең: Бәйге. Қалаған алманың түсі мен санды таңдай отырып, сол алмадағы сұраққа жауап беру. II-кезең: «Жеті жұрттың тілін біл». Жұмбақтың шешуін үш тілде айту. III-кезең: Тапқырлық кезеңі.Балалар өздерінің шығармашылық жұмыстарын көрсетеді. IV-кезең: Жорға. Шешуші кезең. -Ал, балалар, барлық кезеңдермен таныстық. Сендерге сәттілік тілеймін.

I-кезең: Бәйге. Ұяшықтағы сұрақтар:
  • Балабақшаның және өз тобың қалай аталады? («Балбұлақ», «Балдырған» аралас тобы).
  • 1-ден 10-ға дейінгі сандарды ата.
  • Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)
  • Жыл мезгілдерін ата. (Жаз, Күз, Қыс, Көктем)
  • Қазір қандай мезгіл? (Қыс).
  • Үй жануарларын ата. (Сиыр, жылқы, қой, түйе, мысық, ит)
  • Жапырақ қай мезгілде сарғаяды? (Күзде)
  • Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
  • Жемістерді ата. (алма, алмұрт, шие, жүзім,өрік, банан, т.б.)
  • Көкеністерді ата. (Қияр, қызылша, қызанақ, сәбіз, т.б.)
  • Көлік түрлерін ата. (Машина, қайық, кеме, арба, ұшақ.)
  • Төрт түлік малдың төлдерін ата. (Құлын, бота, бұзау, қозы, лақ)
  • Құрастыру-жапсыру, мүсіндеу сабағына қандай құралдар қажет.
(түсті қағаз, желім, қайшы, орамал, тақтай, ермексаз)
  • Біздің астанамыз қай қала? (Астана)
  • Аяз ата мен Ақша қар жаз мезгілінде келе ме? (Жоқ. Тек қыста Жаңа жылда)


II-кезең: «Жеті жұрттың тілін біл». Жұмбақтың шешуін үш тілде айту.
  • Төрт бұлағы сүт, өзі күшті, мүйізі мықты,
шайнаңдағаны сағыз. (Сиыр, корова, ко)
  • Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян, заяц, рабет)
  • Тітіркеніп құлағы,
Менен бұрын тұрады.Бойын жазып керіліп,Беті-қолын жуады. (Мысық, кошка, кәт)
  • Кішкентай ғана бойы бар,
айналдырып киген тоны бар. (Қой, баран, шип)
  • Лағымның құлағы, селтиіп тұрады,
Қозы көрсе болғаны, оны тұра қуады. (Ит, собака, дог)
  • Өзі айлакер, өзі қу
Жүрген жері айқай да шу. (Түлкі, лиса,фокс)



  • Қызыл, сары, көгілдір
Беткейде өскен небір гүл Күлгін түсті тағы бар Алқызыл да табылар Ажыратып санаңдар Қанша бояу сонда бар? (Бес, пять, файф)
  • Бес алманың үшеуін
Досы сұрап алады. Айтшы, сонда нешеуі Өз қолыңда қалады? (Екі, два, тю)

III-кезең: Тапқырлық кезеңі. Балалар өздерінің шығармашылық жұмыстарын жасап көрсетеді.-Балалар, қалаған орындарымызға отырып, алдымыздағы түрлі заттардан қандай жұмыс жасай алатындығымызды көрсетейік. (Балалар орындарына жайғасады, музыкалық әуен қосылады). 1-үстел. Ойыншықтар, барабан, доптың суреттерін түрлі-түсті қаламмен бояйды. 2-үстел. Ермексазбен жұмыс. (Еркін тақырып). 3-үстел. Логикалық жұмбақтар. а) Төлдердің енесін тауып жабыстыр. 4-үстел. а) «Шалқан" ертегісін құрастыру. 5-үстел. Құрастыру. Жемістерді қиып жапсыру.

-Ал, әділ қазылар, балаларымыздың шығармашылық жұмыстарын көруге шақырамыз. (Әділ қазылар балалардың жұмыстарын бағалайды).- Балалар шаршаған болармыз бойымызды бір сергітіп алайық. (Балалар орындарынан тұрып, өлеңді жатқа айта отырып қимылмен бойларын сергітеді)

Сергіту сәті Дөңгеленіп тұрайық Керегені құрайық Бір шаңырақ астында Достық үйін құрайық.

-Өте жақсы, балалар, достықтарың әрдайым мықты болсын! Балаларымыздың жинаған ұпайларын санап, ең көп ұпай жинаған екі баланы келесі сайысқа өткізейік.

IV-кезең: Жорға. Сұрақтар:
  • Үйден балабақшаға келгенде апайларыңа айтылатын алғашқы сөз. (саламатсыз ба?)
  • Жаңа жылдық ағаш қалай аталады? (Шырша)
  • Аптаның неше күні бар? (Жеті).
  • Үшбұрышта неше бұрыш бар(Үш.) (суретін көрсету)
  • Байқамай қағып кеткенде айтылатын сөз. (Кешіріңіз)
  • Сағаттың неше тілі бар? (Үш)
  • Шеңберде бұрыш бар ма? (Жоқ) (суретін көрсету)
  • Бір жылда неше ай бар? (12ай).
  • Аң патшасы не? (Арыстан)
  • Алдыңнан үлкен кісі шықса, не деу керек? (Амандасу)


-Әділ қазылар балалардың білімдерін саралағанша қонақтарымызға арнап балабақшамыздың ең кішкентай балапандарының орындауындағы «» биін тамашалайық.Кімдер күшті, кім алғыр, Әділ қазы көріңіз. Қара қылды қақ жарыпӘділ баға беріңіз.Әділ қазылар балалардың білімдерін бағалап, марапаттайды. Қорытынды:-Балалар, болашақтың іргесін қалайтын, Қазақстанның мерейін көтеретін Азамат сендерсіңдер. Сендерге әрдайым сәттілік тілейміз.











































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!