Материалдар / «Балабақша өз үйім»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Балабақша өз үйім»

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалымды педагогтарға жариялағым келеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қырқүйек 2019
388
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің техкартасы


Топ: «Ботақан» кіші топ.

Білім саласы: Таным

ҰОҚ: Жаратылыстану

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Балабақша өз үйім»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Балабақшаның ауласындағы өсімдіктерді, ағаштарды, гүлдерді бақылау

Ұйымдастырылған оқу қызметінің міндеттері:

1. Балабақшада еңбек ететін адамдардың мамандықтарымен таныстыру (медбике,аспаз).

2. Балабақшаның балаларды көп нәрселерге үйрететінін және жақсылыққа тәрбиелейтін орын екенін түсіндіру.

3. Балабақшада еңбек ететін адамдардың еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Балаларды мейірімді болуға баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер: аспаз, медбике, дәрумендер, азық-түліктер, айна, ойыншық торғай, үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс:аспаз, дәрігер.

Билингвальды компонент: хатқалта-конверт, балабақша- детский сад, аспаз-повар, дәрігер- врач.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Есеп+

Есеп-


Ой қозғайтын себептер


Шаттық шеңбері.Сәлеметсіңдерме балалар. Жалпы адамдар кездескенде бір-біріне амандық пен саулық тілейді, яғни амандасады, жаңдайларын сұрайды.Сендердің үстелдеріңде сиқырлы қорапшалар жатыр, оның ішінде ақылды да алғыр балалар отыр. Кәне, бәріміз ашып қарайық, олар қандай балалар екен?Әр қобдишаның ішін де айна жатады.Кәне балалар айнаға қарап: «Біз әлемдегі ең жақсы балалармыз»,- деп айтайық.Осылайша көңілімізді көтеріп. Сабаққа кірісейік.


Шаттық шеңберде тұрады, бір-бірімен амандасады.





Ізденіс-ұжымдық-негізгі бөлім

.Педагог балабақша туралы өлең оқиды.-Өлең не туралы?-Балабақшаға кімдер барады?-Балалар балабақшада не істейді?-Балаларға кімдер қарайды?Балабақша 2-3 жастан мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбилейтін (қоғамдық) орын. Балалар, балабақшада сендерге кітап оқып беретін, сендермен күнде қыдыратын кім?-Педагогке көмектесетін кім?-Ол қалай көмектеседі?-Жарайсыңдар, балалар.Бізге ормандағы аңдардан хат келіпті. Кәне хатқалтаны ашып көрейік (хатты ашып, ішінен аспаз бен дәрігер бейнеленген екі сурет алып шығып, оларды мольбертке іледі).-Балалар торғайлар ақ қалпақ киіп, шөміш ұстаған адамдарды көріп, енді олардың кім екенін білмей отыр (көренекілікті көрсетеді).-Аспаз сендер үшін не істейді?Торғай:-Егерде балалардың біреуі ауырып қалса, не істейсіңдер?-Біздің балабақшамызда денсаулықты қадағалап отыратын адам бар. Ол кім? Есімі қалай аталады? Ол қандай қызмет атқарады?5.Билингвальды компонент: хатқалта-конверт, балабақша- детский сад, аспаз-повар, дәрігер- врач.6. Сергіту сәтін «Торғайлар мен автокөлік» қозғалыс ойынымен өткізеді.Торғай:-Сендердің балабақшаларыңда біз білмейтін заттар көп екен.-Қайғырмаңдар. Балалар айтып береді.7. «Ғажайып қапшық» дидактикалық ойыны. Шарты: қапшықтан заттар бейнеленген суреттерді бір-бірден алып шығады. Мысалы:-Аспазға азық-түлік, қазан, таба, тамақ пісіретін плита керек.8. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындатады. Сурет бойынша балабақша туралы әңгіме жүргізеді.Торғай балалармен қоштасады. 9.Жеке жұмыс.Топтағы кейбір балаларға аспаз бен дәрігердің жұмыстары жайында сұрақ қояды. Жауаптарын тыңдайды, толықтырады.










-Тамақ пісіреді.







Дәрігерге айтамыз.











Қайталайды.




Рефлекциялық түзету

Қорытынды:-Балабақша дегеніміз не?-Балабақшада кімдер қызиет етеді?-Өз балабақшаларыңды жақсы көресіңдер ме?


Педагогпен бірге сабақты қорытындылайды.



Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: балабақша және оның қызметкерлері туралы ұғымды.

Қабылдайды: балабақша тақырыбына байланысты берілген тапсырмаларды. 

Қолданады: топта бір-бірімен қарым-қатынас жасай білу іскерліктерін.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!