Материалдар / «Балабақшада денсаулық сақтау технологиясын қолдану маңызы»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Балабақшада денсаулық сақтау технологиясын қолдану маңызы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне, болашақ педагогтерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2020
1190
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балабақшада денсаулық сақтау технологиясын қолдану маңызы»

Өскемен қаласы,

«Бүлдіршін балабақша-бөбекжайы» ҚМК

Әдіскер А.М. Бельдеубаева


Денсаулық – адамның табиғаттан алатын бірден-бір бағалы сыйлығы. Оны шыңдау үшін, әр адам өзінің ағзасын шамасынша шынықтырып, салауатты өмір сүруге ұмтылуға тиіс. Бұл ұмтылыс жас шағынан басталғаны өте дұрыс екенін өмірден байқауға болады.Денсаулық сақтау технологиясының мақсаттарына жету- дене шынықтыру сабақтары, денені сауықтыру жұмыстары, түрлі гимнастика, сергіту сәттері, түскі ұйқыдан кейінгі шынықтыру жаттығулары, ойындар арқылы іске асырылады. Баланың жеке бас тазалығын сақтау ережелерін қалыптастыру, дене жаттығуларын, қозғалыс ойындарын, сергіту сәттерін, табиғи әдістермен (күн, су, ауа) ағзаны шынықтыруды ұйымдастыру, пайдалы дағдыларды дарыту, зиянды әдеттерден сақтандыруды үйрету күнделікті өткізілетін іс-шара болып табылады. Технологияның бір бөлімі- сергіту жаттығулары, баланың жұмыс қабілетіне, ойлау жүйесіне игі әсер етіп, жүйкесін, сезімталдығын арттырып, денсаулығын нығайтып, зейінін тұрақтандырады. «Денсаулық сақтау» технологиясының басты шараларының бірі- шынықтыру шаралары. Балаларды «денсаулық жолдарымен»: массаждық кілемшелер, түймелі, тығынды, бұршақты кілемшелер, иректі тақтайша, кішкене тасты, құмды қораптармен жүргізу, бүлдіршіндердің қоршаған ортадағы температура өзгерісіне шыдамдық танытатын ағза қалыптастыру, шынықтыру шараларының негізі болып табылады.

Денсаулық сақтау технологиялары - бұл балалардың денсаулығының сақтауы және дамытуы бойынша бiлiм беретiн кеңiстiк жұмысының жүйесi.  Денсаулық сақтау технологиялары - балалардың денсаулығын сақтау мәселесін үстiрт емес, сезiніп, балалардың өзіндік жеке даму  ерекшелiктерiн есепке алып шешу.

         Тәрбиеші баланың денсаулығын сақтай отырып білім беруде ең алдымен баланың диагнозын, әлеуметтік жағдайын жақсы білу керек. Ол үшін балабақша дәрігерімен, мамандарымен және тәрбиеші көмекшісімен қарым-қатынас өте тығыз болуы тиіс. Олармен кеңесе отырып және әр баланы жеке зерттей отырып түзете білім беру жоспарын құру қажет.

Балабақшада күн кестесіне сәйкес жұмыс күнін денсаулық сақтаудың тиімді әдісі- таңғы жаттығудан бастайды. Ертеңгілік жаттығулардың орындалу барысында балалардың бойында жинақылық, шапшаңдық, дене бітімінің түзу, әрі сымбатты, жүрісінің жеңіл болуы қадағаланады. Жаттығулар денедегі зат алмасуын жақсартады, мойын, иық, бел, іш, арқа, балтыр бұлшық еттерін қатайтады, жүйкесін нығайтады, бала өзін-өзі сергек сезінеді, көңіл–күйі көтеріледі. Қимыл-қозғалыстар бір орында тұрып жүруден бастап, аяңдап жүрумен аяқталады. Жаттығу түрлері ай сайын алмастырылып отырылады. Жылы күндері аулада, салқын күндері спорт залында өткізіледі.

Бекітілген жоспар бойынша ата–аналар, тәрбиеші олардың тәрбиеленушілерімен біріккен алуан түрлі спорттық сайыстар, жарыстар, «денсаулық күндері» жыл бойы өткізілуде. Мәселен, «Көңілді эстафета», «Біз – спорттық отбасы», «Спорт – біздің досымыз» атты шарамызды ұсынамыз.

Тақырыбы: Спорт - біздің досымыз!

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.

Түрі: Эстафеталық ойын

Көрнекілігі: Үлкен резеңке доп, шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш.

Барысы:

Жргізуші: Құрметті балалар! Бүгін біздің "Гүлдер" тобында спорттық жарыс өтпекші. Балаларға сәт сапар тілейміз.

Сайысқа қатысатын балалардың кеуделерінде өз белгілері қыстырылған. Алдымен жүргізуші сайыс шарттарымен таныстырылады.

Сайысқа қатысушыларымен жеке таныстыру. Әр команданың ұранымен таныстыру.

Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,

Болашақ спортшылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық, балалар.

«Тұлпар» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.

«Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.

Ойын түрлері:

1.Тез адымда

2. Шебер

3. Кім жылдам?

4. Шегірткелер

5. Доппен секіру.

1."Тез адымда"

Ойынның шарты: себеттен себетке кедергілер арасымен ирелеңдеп жүгіріп барып себетке доптарды тасу.

2. "Шебер"

Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу

3." Кім жылдам?"

Мәреге дейін кім бұрын жүгіріп барады.

4. "Шегірткелер".

Бір бала қос аяқпен кедергілер арасынан секіріп барып, қайтар жолда жүгіріп қайтады. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады.

5. "Доппен секіру".

Үрмелі резеңке доппен секіру.


ІІІ. Қорытынды бөлім

Көрсетті міне өз өнерін балалар,

Сайыстың да соңы келіп таянар.

Жеңімпазды анықтайық қанекей,

Әділқазы сайысты әділ бағалар.

Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпай санын шығарып, қай команданың жеңгенін айтады. Жарыс соңында жеңіске жеткен командаға сыйлықтар тапсырылады. Балаларға арнайы дайындалған алқалар тапсырылады.

Спорт – көркі өмірдің,

Спорт- досың, серігің.

Жаттықсаң шымыр боларсың,

Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!

«Денсаулық сақтау» технологиясы бойынша бұл өткізіліп жатқан шаралар баланың аурудың алдын алуға деген алғашқы қадамы болып саналады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келмек болсақ, «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен болады бақыт өмір», -деп сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, мектепке дейінгі мекемелердің әрбір ісі жан-жақты жарасымды, рухани бай тәрбие берумен қатар, денсаулығы мықты болашақ өсіруге бағыттау баршамыздың міндетіміз.

         Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.К.Ю. Белая «Инновационная деятельность в ДОУ» әдістемелік құралы. М. 2005ж.

2. Б.Бөрібаев, Е.Балапанов «Жаңа ақпараттық технологиялар».– Алматы,2001.

3. М.Ж.Жадрина «Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беруді дамытудың тенденциялары мен мәселелері». Алматы, 2002 ж.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!