Материалдар / Балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалалық шақ» атты мерекелік ертеңгілік.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалалық шақ» атты мерекелік ертеңгілік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша музыка
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2020
765
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балаларды қорғау күніне арналған

«Бақытты балалалық шақ»

атты мерекелік ертеңгілік.


Мақсаты:Қоғамда балаларға деген ерекше қажеттіліктің позитивтік қарым- қатынасын құру,аз қамтылған көп балалы жанұяның балаларының мәселелеріне қоғамның назарын аудару, мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамда әлеуметтік бейімделуін және интеграциялануына қолдау көрсету болып табылады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Қымбатты сәбилер мен бүлдіршіндер 1- маусым балаларды қорғау күні мерекесі құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір , сәбилерге бақытты балалық шақ тілейміз «Бақытты балалалық шақ» мерекемізге қош келіпсіздер!

Ертеңгілікті ашу үшін «Алмар» бала бақшасының меңгерушісі Динара апайымызды ортаға шақырып сөз кезегін береміз

Сөз сөйлейді

Жүргізуші:

Арманы бір, үні бір

Аға ардақты іні гүл

Бақыт туын көтерген

Балалардың күні бұл!

«Ботақан »тобы (Би биленді)

Жүргізуші:

Қазақстан тәуелсіз ел екенбіз

Жоғалмасын ешқашан берекеміз

Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз

Құтты болсын бүлдіршін мерекеміз

«Әр қашан күн сөнбесін !»(Ән орындалады)

Жүргізуші:

Ән айтайық қосылып

Сәбилердің бұл күні

Мақтап кетсін осы жұрт

Балалар деп үлгілі

Жүргізуші:

Жан серігі біле білсең би деген

Кімдеріңбар биді ұнатыпсүймеген

Қазағымның би өнерін паш етіп

Алдымызда аруларымыз билеген

Би биленеді (Вальс)

Жүргізуші:

Құшағымыз қызыл гүл

Гүлмен келсін келер күн

Балалардың күлкісі

Көркі сәні әлемнің

(Ән орындалды)

Көрініс

Жүргізуші:

Талайлардың шырқалады жыр әні

Талайларды жүрегі нұрқұшады

Бүгінгі күн туған жер аспанында

Ән қалықтап , күн бірге ұшады.

«Күншуақ» тобының әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші:

Би болады әр қашанда қыз барда

Жылуынан жібір тіпті мұздарда

Мың бұралып билегенде кім жетер

Биші ,әсем , сұлу қыздарға

Құттықтау сөз сөйленді

Ата-ана

Жүргізуші:

Кел билейік,кел билейік

Неге тұрсың билейікші

Біздің бақша балалары

Би биледі іркілмей

«Қошақаным» әні орындалды

Жүргізуші:

Достарымыз бар қуанып

Тамашалап кештеде

Талшыбықтай бұралып

Биші болам өскенде

Би «Байтерек » тобы «Домбыра » биледі

Жүргізуші:

Сөнбе ешқашан күніміз

Тіледі мұны жүрегіміз

Тіледі мұны еліміз

Тілейміз мұны бәріміз

Хор «Айгөлек » тобы «Жас дәуірдің гүліміз»

Жүргізуші:

Өнерлі өрге жүзер талаптанып

Қуан биік самғайды қанат қағып

Адам үшін парызымызғай өнер іздеу

Жүрген соң адам деген атақ алып

Би: «Байтерек» тобының тәрбиеленушілері «Гүл мен көбелек » биі

Жүргізуші:

Үлгі боп өсіңдер

Самал жел боп есіңдер

Өнер қуып білімді боп

Тек білімді сара жол

Іздесеңдер талаптанып

Орындалар арман мол

Қызмет етіп отанына

Болса білсең нағыз ер

Мақтан тұтар есімін

Туған елің , туған жер- дей отырып

«Байтерек » тобы «Біз отанның баласы » әнімен ортаға қошеметтпен шақырайық.

Жүргізуші:

Жұздерінен шаттық арайын

Осылай болсын әрбір күннің ,әр ойың

Қадамдарың сәтті болсын балалар

Тілектерің қабыл болсын әр дайым

Бала бақша тәрбиеленушілерінің «Бауырсақ » ертегісін тамашалайық

Жүргізуші:

Сау болыңдар көргенше

Қайта айналып келгенше

Жиі келіп тұрыңдар

Қоштасайық ендеше – дей келе бүгінгі

«Бақытты балалалық шақ»атты мерекелік ертеңгілікімізді аяқтаймыз келесі кездескенше күн нұрлы болғай!!!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!