Материалдар / БАСТАУЫШ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ 2017 - 2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҚ ТАЛДАУ ЕСЕБІ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

БАСТАУЫШ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ 2017 - 2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҚ ТАЛДАУ ЕСЕБІ

Материал туралы қысқаша түсінік
МАТЕРИАЛ БІРЛЕСТІК ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ ҚАЖЕТ ҚҰРАЛ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2018
3231
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балқаш аудандық білім бөлімінің «№2 Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бастауыш сыныптар бірлестігінің 2017 -2018 оқу жылындаатқарылған жұмыстарының талдау есебі

Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ десек,жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе-білім беру.Осы орайда білім ордасы-мектеп,ал мектептің жаны-мұғалімнің басты міндеті-өз ұлтының әдебиетін,тарихын,мәдениетін,тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу. Шебер ұстаз - шығармашыл ұстаз , ол күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Біздің мектептегі ұстаздардың алдыға қойған міндеті оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру. Бастауыш әдіс бірлестігі «Оқушылырдың ойлау қабілеттерін қалыптастыру және әр оқушыны жеке тұрғыдан қарау» өзекті мәселесі бойынша еңбек етуде. Бастауыш әдіс бірлестігінде 8 сынып комплектісі 2 мектепалды даярлық сыныбы бар. Бірлестікте 11 ұстаз еңбек етеді. Жоғары санатты-1 ұстаз,бірінші санатты-8,екінші санатты-1 ұстаз және санаты жоқ – 1 маман бар. Жыл басында бірлестік мүшелері жыл бойы әдіс бірлестіктің атқарылатын жұмыстарымен таныстырылды. Әр сынып мұғалімдері тағайындалып, сағат сандары белгіленді. Жаңа оқу жылының мақсат міндеттері айқындалып жұмыс жоспары құрылды. Бірлестік отырысында нұсқау хатпен таныстырылып, күнтізбелік жоспар бекітілді. Аттестаттаудан өтетін мұғалімдерге құжаттарын жинақтап, дайындық жұмыстарын жүргізу ескертілді. Сынып мұғалдімдеріне бекітілген кабинеттерінің жұмыс жоспарлары тексерілді. Жыл бойына сынып мұғалімдеріне екі ашық сабақтар және сыныптан тыс сабақтар өткізу бекітілді. Қыркүйек айында мектеп әкімшілігінің ұйымдастырылуымен өткен «Денсаулық фестиваліне» әр сынып өз ұранымен, эмблеммасымен шығып, жаяу жүгіріс, веложарыстарға қатысып марапатталды. Тіл мерекесінде 2 «а,б» сыныптары ««Ана тілің тұғырың» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өз деңгейінде өткізді. Онда оқушылар ана тілімізге байланысты мағұлматтар беріп, тілге қатысты өлеңдер, тақпақтар, көріністерімен жалғасын тапты. «Қарты бар үйдің - қазынасы бар» тақырыбында 4 «а,б» сыныптары қарттар мерекесіне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Білім мен тәрбие егіз болғандықтан оқушылардың жыл мезгіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында «Алтын күз» мерекесі өтті. 8 сыныпқа сегіз түрлі көкөністер бөлініп берілді. Әр сынып өзіне тиісті көкөністер жайында мәліметтер жинақтап, жарнама, ән, би түрінде олардың пайдасын көрермендерге жеткізді. Сыныптар өз дайындықтарына лайықты орындарға ие болып, марапатталды. Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған «Ұстазым, менің – Ұстазым» атты концерттік бағдарламаға бастауыш сынып оқушылары ән, билерімен көрермендерді паш етті. Сонымен қатар Аудан әкімінің ұстаздар күніне орай өткізген мерекелік кешіне бастауыш сынып мұғалімі Сейіткерова Әлия барып аудан әкімінің сыйлығымен марапатталып қайтты. «Топар» орта мектебінде өткен «Критериалды бағалау заман талабы» тақырыбында өткен семинарға Оразымбетова Раушан барып, қатысып көріп ойымен бөлісті. 3 – 4 сынып оқушыларынан тоқсандық жұмыстар алынды. Алынған бақылау, тест қорытынды жұмыстары бағаланып, диагностикалық талдау жасалынды. Ал 2 – сынып оқушыларынан жиынтық, тоқсандық жиынтық бағалаулар алынып, рубрика жазылып ата – аналармен таныстырылды. Әкімшілік тарапынан журналдар, мұғалімдердің құжаттары тексерілді. Әр мұғалімге қазаның отызы мен қарашаның бесі аралығында кабинет жоспары бойынша жұмыстар жүргізу лабораториялық қорларын толықтыру тапсырылды. Қазақстан Республикасындағы педогогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесі негізінде елімізде білім беру сапасын арттыру және оны халықаралық деңгейге көтеруде педогогтардың кәсіби деңгейі мен біліктілігін үнемі жетілдіру жүзеге асырылуда. Әр мектептің өз білім көкжиегінде өзіндік ізденісі ,сүрлеуі болуы аса қажет нәрсе. Сол сияқты біздің мектепте мұғалімдер сабақты интерактивті тақта арқылы өткізіп, жаңа интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланып оқушылардың қызығушылығын арттыруда. Екінші тоқсанда әдістемелік отырыс болып айлық жұмыстар талданып, алдағы тоқсандағы атқарылар жұмыстарға міндеттемелер жүктелді. Осы тоқсанда атқарылған жұмыстарға тоқталатын болсақ. І тоқсанның қорытындысы талданып, «Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы негізгі тәсілдер» баяндама оқылды. «Ақбота», «Кенгру» «Пони» сайыстарына әр сыныптан оқушылар қатысты. Олар: 2 сыныптан Тұртай Ерасыл, Тастан Айқын, Жасұланұлы Нұрсәт, Әскербай Зере, Тойлыбай Бауыржан, Ақансеріқызы Әлия, Жахан Жасұлан, Тұртай Айым. 3 сыныптардан Жомарт Ерсұлтан, Алимхан Жанерке. 4 сыныптардан Айтбек Асқар және Алмат Жарқын «Зерде» ғылыми жобасына қатысып, Алмат Жарқын аудандық байқауда І орынды иеленді. Қараша айында «Аталы сөз өсиет өнеге» атты ашық сынып сағаты 4 «Б» сыныбында өтті. Желтоқсанның төрті мен он төрті аралығында өткен «Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» атты онкүндігі басталды. Онкүндіктің салтанатты ашылуы желтоқсанның төрті күні бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты Карагаева Алия Сергеевнваның басшылығымен түрлі қызықты тапсырмаларын орындаудан басталды. 1-сыныптар үшін өтілген әріптерге байланысты тапсырмалар болса, 2-сыныптар сурет салудан жарыса құрастырды. Ал, 3 – сынып оқушыларына «Жалғасын тап» ойыны ұсынылды.4 – сынып оқушылары самакат тебе отырып, математикалық тапсырмалар орындады. Соңында 3- 4-сынып оқушылары ән,бимен аяқтады. Бесінші желтоқсан күні Бекадак Мейрамкүлдің «Шамалар» атты математика пәнінен ашық сабағы және Салкынова Жайдаркул Райқызының әдебиеттік оқудан «Бала Тұрар» тақырыбында сабағы өтті. Ескертулер де айтылды. Шамадан тыс көп тапсырма алмау ,уақытты тиімді пайдалану,оқушыларды көбірек сөйлету. Мұнда оқушылардың көп ізденгендері, тақырыпқа сай мағлұмат жинағандары көрінді. Сынып топқа бөлініп, топта тапсырмалар орындалып отырды.Сөздікпен ,шығармашылық жұмыстар өз мәнінде орындалды.Бұл сабақта тақырыптың негізгі ойын аша білді.Үшінші күні «Санды өрнек» тақырыбында Оразымбетова Раушан апайдың сыныбында ашық сабағы өтті. Көрнекіліктері бар,тиімді қолданды. Сынып сабаққа жақсы қатысып, топтық жұмыстар берілді. Даярлық «Б» тобында «Ғ дыбысы мен әрпі» тақырыбында оқушылар топқа бөлініп топтық жұмыстар жасап, тақырыпқа байланысты тақпақтар айтып барынша белсенді қатысуға тырысты. Төртінші күн 4 «А» сынып оқушыларының «Санды көбейтіндіге көбейту, бөлу» тақырыбындағы ашық сабағынан басталды. Мұнда оқушылар топқа бөлініп, үй тапсырмасын орындауды «Өрмекші торынан бастады. Бірақ, оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсенді қатыспады. Жас ерекшелігіне байланысты сыныпты топқа бөліп,топқа тапсырмалар беру арқылы өткізу ұсынылды. Көрнекі құралы аздау болды,интербелсенді тақтаны пайдалану керек еді деген ойға көпшілік тоқталды.Сол күні 2 «А» сыныбында әдебиеттік оқудан «Кімнің мекені жақсы?» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ балалардың көңіл - күйін анықтаудан басталды. Үй тапсырмасы «Бес қадам сұхбат арқылы сұралып, оқушылар суреттер арқылы топқа бөлінді. АКТ, электронды оқулық пайдаланылды бірақ, уақыт тиімді пайдаланылмады. 4 «А,Б» сыныптарында Салқынова Жайдаркүлдің өткізген «Математика әлемінде» интеллектуалды сайысы да тартымды,қызықты өтті. Математика пәнінде оқушылар «Көпбұрыштың периметрі» , геометриялық фигуралардың құпия сырларымен танысты.Сайыс тартымды өтті. Келесі күн Салимова Жамалдың әдебиеттік оқу пәнінен «Батыр Бауыржан» сабағы да оқушыларды қызықтыра түсті. Оқушылар топқа бөлініп, топтық жұмыстар, тақырыпқа сәйкес мәліметтер жинау барысында жақсы жұмыстар,әуендер,сергіту сәті, әр-түрлі тапсырмалар интербелсенді тақта арқылы орындалды.Топтық жұмыстарда барлық оқушылардың қамтылуын қадағалау,жеке тапсырма беру арқылы әр оқушының білімін тексеріп отыру ескертілді. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» Байсбаева Меруерт сол күні ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағат интербелсенді тақтамен тақырыпқа сай видеороликтер көріп өмірмен байланыс болып жоғары деңгейде өтті. Жетінші күнді 1 «Б» сынып оқушылары «К дыбысы мен әрпі» сауат ашу пәнінен жаңартылған білімнің барлық элементтері қамтылған жақсы сабақ көрсету арқылы өткізді. Оқушылар да, мұғалімде жаңартылған білімге үйреніп, төселіп қалғандықтары көрініп тұрды. 2 «А,Б» сыныптарында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» тақырыбында интеллектуалды ойын-сайыс өтті. Сайысты әр топ ұрандарын айтудан бастады. Сайыс V айналымнан тұрады.Топтық тапсырмалар, өлең шумақтары, жұмбақтар, суретпен жұмыс, сахналық көрініс көрсеті сияқты тапсырмалар орындау арқылы қорытындыланды. Он екінші желтоқсан күні өтуі керек «Алғыр алтау» 1 «А» сынып оқушыларының интеллектуалды ойын себеп – салдармен өтпей қалды. Үшінші сыныпта қазақ тілінен ««Қаратпа сөз»» тақырыбы бойынша өткен Байсбаева Меруерттің сабағы шаттық шеңберінен басталып, үй тапсырмасы «Кубизм» әдісімен қорытындыланды. Акт болды бірақ, сабақ бірсарынды, уақыт шектелмей өтті. Муздапарова Гүлбану апай сауат ашу пәнінен «Г дыбысы мен әрпі» тақырыбы бойынша өткізілген сабағында оқушылар топқа бөлініп, сұрақтарға жауап беріп, топтық жұмыстар жасады. Интербелсенді тақтаны пайдалану керек еді деген ойға көпшілік тоқталды. «Ауылым – алтын бесігім» атты тақырыпта Салимова Жамал ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар белсене қатысып, туған жерлері, ауылдары туралы өлеі жлдарын, әндерін, көріністерін, арнауларын ортаға салып белсенді қатысты. Бұл тәрбие сағаты үшін Жамал апайға рахметімізді айттық. Он төртінші желтоқсан күні онкүндіктің жабылуы өтті. Онкүндікке белсенді атсалысқан бастауыш сынып оқушылары марапатталды. Он күнге жоспарланған ашық сабақтар,с абақтан тыс шаралар,тәрбие сағаттары уақытылы өтті,талданды,ескертулермен ұсыныстар айтылды. 1 – желтоқсан күні Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күніне орай сап жиын болып, 1 – сынып оқушылары «Жас қыран» ұйымына өтті. 2017 жылмен қоштасуға байланысты «Кел, Жаңа жыл ортаға!» атты мультфильм кейіпкерлерімен көңілді шырша болып, балалар тақпақ, өлеңдерін айтып, сахналық көрініс көрсетті. Екінші тоқсан қортындысы бойынша тоқсандық жиынтық бағалаулар, әкімшілік бақылау , тест жұмыстары алынды. Осы алынған бақылау жұмыстарын әкімшілік пен пән мұғалімдері қосылып тексеріп, қортындысын шығарды. Алынған пайыздар гистограмма арқылы белгіленді. л «Мұғалім қандай болса,мектепте сондай болмақшы...» деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. Демек ,білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Білім сапасын көтерудің негізгі тетігі –ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі. Осы орайда білім ордасы-мектеп, ал мектептің жаны-мұғалімнің басты міндеті- өз ұлтының әдебиетін, тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу. Біздің мектептегі ұстаздардың алдыға қойған міндеті оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру. Әр мектептің өз білім көкжиегінде өзіндік ізденісі ,сүрлеуі болуы аса қажет нәрсе. Сол сияқты біздің мектептің бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері сабақты интерактивті тақта арқылы өткізіп, жаңа интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланып оқушылардың қызығушылығын арттыруда. Үшінші тоқсанда әдістемелік отырыс болып айлық жұмыстар талданып, алдағы тоқсандағы атқарылар жұмыстарға міндеттемелер жүктелді. Осы тоқсанда атқарылған жұмыстарға тоқталатын болсақ.ІІ тоқсанның қорытындысы талданып, «Сапалы білім беру өмір талабы» баяндама оқылды. Үшінші тоқсанға деген мақсат, міндеттері айқындалды. Қаңтар айында бірлестігімізде көптеген үлгі боларлықтай үлгі сабақтар өтті. Атап айтсам, Даярлық «Б» тобында сауат ашу пәнінен «Алматыға саяхат» тақырыбында Мустафина Мейрамгүл сабақ өткізді. Сабаққа сынып оқушылары толық қатысты. Сабақ орташа деңгейде өтті. 1 «А» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Ғарыш дегеніміз не?» тақырыбында Оразымбетова Раушан апай жоғарғы деңгейдегі сабақ өткізді. Сабақта оқушылар топқа бөлініп, өз – өздерін бағалай білетіндіктерін көрсетті.3 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Түбірлес сөздер» тақырыбындағы сабақ интербелсені тақтамен топқа бөлу арқылы өтті сынып жетекшісі Салимова Жамал. 4 «А»сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Көксерек» тақырыбында Жумадильдаева Майра апайдың ұйымдастыруымен сабақ болып өтті. Сабаққа жаңартылған білім аясындағы әдіс – тәсілдер аздау болды, оқушылар белсенді қатыспады.4 «Б» сыныбы әдебиеттік оқу пәнінен «Бір белең» тақырыбындағы сабағы көптеген әдіс – тәсілдерді пайдалану арқылы сынып жетекшісі Салкинова Жайдаркүл Райқызының ұйымдастыруымен жоғарғы деңгейде өтті. Өзен деген бұлақтан басталады,Шарықтап кетті міне қазақ әні.Дінмұхамед атамыздың туған күнін,Еске алуды ұмытпайды ұрпақтары.Халқымыздың бір туар перзенті Дінмұхаммед Ахметұлы Қоневтың туылған күніне орай 4 «А» сыныбы «Дана ,дара тұлға - Д.А Қонаев» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сынып жетекшісі Жұмадильдаева Майра Әжімханқызы. Тәрбие сағаты жақсы өтті. Оқушылар көрермендер көптеген мәліметтер алды.Бұл тәрбие сағатта көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте социалистік еңбек ері, қазақ КССР ғылым акдемиясының академигі Д.А.Қонаев туралы мәліметтер айтылды. Көптеген көрнекілік түрі:Естелік кітаптар,суреттер,дана сөздері қамтылып қойылған. Бұл тоқсанда аттестациядан өтетін мұғалімнің сабағына кіруді де ұмытпадық. Аттестатциядан өтетін Нұрбай Бану Жаңбырбайқызының сабақтарына қатысып, соңынан талдау да жасалып отырды. Оқушыларды пән олимпиадасына дайындау бөліміне тоқталатын болсам ІІ Республикалық творчествалық « Менің Отаным –ҚАЗАҚТАН» конкурсына қатысып 3 «Б» сынып оқушылары Ерғали Сандуғаш І орын, Жалғасбек Бексұлтан ІІІ орын, 1 «Б» сынып оқушысы Ануарқызы Аршын ІІ орынмен марапатталды. Халықаралық таланттылар порталының ұйымдастыруымен өткен «Балалық шағымның аспаны» атты Халықаралық таланттар байқауына қатысып, өз шеберлігін танытқаны үшін «Менің сүйікті мульткейіпкерім» номинациясымен Әнуарқызы Інжу, Жұмахмет Айару І орынмен, Әбілжан Айару ІІ орынмен, Азаматұлы Нұржан, Балтабек Іңкәр ынталандыру, топ жетекшісіне алғыс хатпен марапатталды. «Үркер» республикалық байқауынан Жұмахмет Айару, Ардаққызы Айғаным дипломмен марапатталып, топ жетекшісі алғыс хатпен марапатталды. Наурыз айының басында Мад жетекшісі Муздапарова Гүлбану Ноябрқызы «Мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы интеграция» тақырыбында семинарға қатысып құрмет громатасымен марапатталды. Облыстық жинаққа «Ата – ананың отбасындағы ынтымақтастығы» тақырыбында мақаласы жарияланды. «Тәрбиеші» журналына «Қоршаған ортамен танысу пәні бойынша «Табиғатқа серуен» тақырыбында сабағы жарық көрді.Жүз жасаған бабамыз Жамбыл Жабаевтың туылған күніне «Жамбыл-жыр алыбы» 1 «А» сыныбы Оразымбетова Раушан апай тәрбие сағатын өткізді. Мадтың 1 «А» тобы «Ормандағы жануарлар» тақырыбында үлгі сабақ өткізді. Топ жетекшісі Мұздапарова Гүлбану Ноябрқызы. Наурыз айының 12 – ші жұлдызында даярлық «А» тобы Сөйлеуді дамыту. «Наурыз – жыл басы» тақырыбында үлгі сабағын өткізді. Аталмыш айдың 15 – ші жұлдызында Байсбаева Меруерт 3 «Б» сыныбымен «Киіктің айласы» тақырыбында әдебиеттік оқу пәнінен үлгі сабақ өткізді. Бекадақ Мейрамкүл Сайлауқызы 2 «Б» сыныбына қазақ тілі пәнінен «Етістік» тақырыбында үлгі сабақ өтті. Сабақта интербелсенді тақта, электронды оқулық пайдаланылмады, бәлкім пайдаланғанда сабақ жоғарғы деңгейде өтер ме еді?! Дәл осы күні «Әже үйдің ажары, немере үйдің базары» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кешке 2 – 4 сынып оқушылары әжелерімен 6 әже, 6 немере қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Барлық әже, немерелеріміз номинациялармен марапатталып, ән, бимен соғына жетті. Байсбаева Меруерттің ұйымдастыруымен 3«Б» сыныбы «Наурыз –жыл басы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында қазақ халқының салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, ән, жырлары айтылып, жақсы деңгейде өтті. Журнал ұсталымының реттілігі,баға нормамалары тексеріліп, соңғы тоқсанға бастауыш әдістемелік бірлестігі байын деуге болады.Үшінші тоқсан қортындысы бойынша тоқсандық жиынтық бағалаулар, әкімшілік бақылау , тест жұмыстары алынды. Осы алынған бақылау жұмыстарын әкімшілік пен пән мұғалімдері қосылып тексеріп, қортындысын шығарды. Алынған пайыздар гистограмма арқылы белгіленді. ІҮ тоқсан Нұрбай Бану Жаңбырбайқызының үлгі сабағымен басталды. 1 «Б» сыныбында өткен дүниетану пәнінен «Біз қалай тамақтанамыз?» тақырыбындағы сабақ оқушыларды топқа бөлуден басталды. Әр топқа жедел жәрдем машиналары таратылды. Мақсаты: егер топтасып, жұптасып жұмыс жасағанда көмек керек болған жағдайда көтеретіндіктері ескертілді. Бірақ оқушылар барлық тапсырманы ешкімнің көмегінсіз орындап, сабақ соңында жедел жәрдем машинасының әйнекшелеріне әр топ балалары сабақты қаншалықты түсінгендіктерін әр түспен белгілеп атын жазу арқылы көрсетті. Жоспарға сәйкес 4 «Б» сыныбындағы «Күштілік пен тапқырлық» тақырыбындағы ашық сабақ Карагаева Алия Сергеевнаның оқуға кетуіне байланысты өтпей қалды. МАБ-тың ұстаздары өз оқушыларының келесі оқу жылына қаншалықты дайын екендігін «Біз мектепке барамыз!» атты ертеңгілік қою арқылы көрсетті. Ертеңгілікте оқушылар мектепке, ұстаздарға, ата – аналарға арнап өлеңдар, арнаулар, билер орындау арқылы дәлелдеді. Биылға 2017 – 2018 оқу жылында аттестация өткен Нұрбай Бану Жаңбырбайқызының қорытындысы шығып, Бану Жаңбырбайқызы бірінші санатын растады. Бастауыш сынып оқушыларының арасынан 2 «А» сыныбынан Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «Эрудит» интелектуалды білім порталының ұйымдастыруымен оқушылар арасында қашықтықтан өткен Республикалық байқауға қатысып, Қуаныш Ерке, Мықтыбай Аяжан «Тәрбие – тал бесіктен» бөлімінен, Әскербай Зере мен Даярбек Әнел «Мен анамды бақытты еткім келеді...» бөліміне қатысып І орын иегерлері атанды. Осы аталмыш байқауға даярлық сыныбының 6 бала қатысып, 8 бала І және ІІ орынмен марапатталды. Сол сияқты көптеген балалар интернет, аудан арасында көптеген сайыстарға қатысып, мақтау қағаздарымен марапатталып жатты. Соның ішінде ерекше дарындылығымен көзге түскен Алматұлы Жарқын. «Зерде» ғылыми жобасынан І орын, облыс көлемінде ІІ орынға ие болды. 2 «А» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Магнит не үшін керек?» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сынып жетекшісі Сейіткерова Әлия. Сынып топтық, жұптық жұмыс жасап,өз – өздерін бағалай алды. Сабақ соңында кері байланыс та жасалды. Мамыр айының 20 – шы жұлдызында «Балалығым, бағбанымсың – Бастауыш» тақырыбында 4 «А,Б» сыныптарында бастауыш сыныппен қоштасы ертеңгілігі болды. Ертеңгілік жоғарғы деңгейде өтті. Оқушылар 4 жыл ішінде мектептен, ұстаз, ата – анадан алған, үйренген өнерлерін ортаға салды. Биылғы оқу жыл аясында Оразымбетова Раушанның «Педогогика және медецина» Республикалық газетінің №18 баспасына 18 – мамыр күні «Тізбектер» тақырыбында математика пәнінен жұмысы жарық көрді. Сонымен қатар, 2 – наурыз 2018 жылғы Алматы облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту және бастауыш білім мазмұнының интеграциясы» атты жинағына Муздапарова Гүлбану Ноябрқызының «Бала дамуына отбасының ықпалы» тақырыбында баяндамасы жарық көрді. №2 Жамбыл атындағы орта мектеп мұғалімдерінің жыл бойына рейтингісі бірлестік папкасында және мұғалімдер бөлмесінде ілініп, әр ұстаз өздері қатысқан жарыс, семинар т.б. байқауларды белгілеп жүреді.Биылғы оқу жылында бастауыш сыныптаға бала саны - 154 , оның - мақтау қағазымен марапатталып, - ектінді есебіне кірді. Биылғы оқу жылы бойынша білім сапасы пайызды көрсетті. Әдебиеттік оқу пәнінен - 79%, қазақ тілінен - 76%, сауат ашу пәнінен - 66%, математика пәнінен -61%, дүниетану пәнінен - 69%, жаратылыстану пәнінен - 72% көрсеткішті көрсетті.«Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін!» - деген екен Конфуций. Сол жыл бойғы атқарған, қатысқан жұмыстарын қорытындылай өтсем,







Аты-жөніАвгуст.семинаркурсҚашықтықконкурс ОқушыМұғалімолимпиадаМектепішілік жарысБаспаға материал






































жарыс



















аудоблаудобл









Сек.Плинарн.



























облауд































мұғоқушы













1Салкынова Жайдаркүл

-------++
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!