×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады. Тәрбиешілерге, ұстаздарға, оқушыларға, студенттерге арналған турнирлер басталды. Толығырақ
Құрметті аттестация тапсыратын ұстаздар аттестацияға арналған сұрақтар мен оның жауаптары дайын болды. Біз оны арнайы кітапша ретінде шығардық. Толығырақ: 8-(707)-358-15-26 осы номерге дәл қазір хабарласыңыз немесе ватсапқа жазыңыз.

Бастауыш сынып математика сабақтарының сапасын арттырудың әдіс-тәсілдері

Автор:Байдыбекова Ерке Избасаровна
Бағыты: Барлық пәндер
Бөлімі: Мақала
Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2019-09-25

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

В статье рассматриваются методы и способы повышения качество уроков математики в начальных классах.

Бастауыш сынып математика сабақтарының сапасын
арттырудың әдіс-тәсілдері

Байдыбекова Ерке Избасаровна

ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан

Резюме
В статье рассматриваются методы и способы повышения качество уроков математики в начальных классах.
Summary
The article deals with the methods and ways to improve the quality of mathematics lessons in primary school.

Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек

Ахмет Байтұрсынов

Елбасының Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуға бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пәндер бойынша білім сапасын арттыру керек. деп айтылған. Еліміздің егемендік алуына байланысты жалпы білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде кайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Болашақ коғам мүшелерінің өмір сүріп нәтижелі қызмет етуіне математикалық білімдердің жасайтын ықпалы мол. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді.
Математика пәнін жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс – амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Орта мектепте математиканы оқытудың білімділік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады. Ал оның негізгі бастауыш сыныптарда қаланады. Сондықтан да бастауыш сынып математика сабағында әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру көкейкесті мәселе.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, математиканың негізін қалыптастыру, ұғындыру, түсініктерін тереңдетуде бастауыш сынып мұғалімдерінің математикалық білімдері терең болуы керек. Заманымыздың ойшыл педагогтарының бірі Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.
Бастауыш сынып математика сабақтарының сапасын арттыуда модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту.
Оқыту технологиясының әзірлеген нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерін, яғни жадының алуан түрін (есту, көру, қимыл-қозғалыс және т.б.), ойлау, ынта, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас жасау, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, дамытуға бағытталуында.
М.М.Жанпейісованың технологиясында модуль 3 құрамды бөліктен тұрады:
1. Кіріспе бөлім (тақырыпқа енгізу)
2.Сөйлесу бөлімі (оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру)
3. Қорытынды бөлім (бақылау)
Кіріспе бөлімде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте, және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Оқушылар бұл кезеңде бағдарламаның аталған тарауын неге және не үшін оқып үйренулері керектігін, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түсінуі қажет. Сондай-ақ бұл бөлімде әңгіме әдісі, түсіндіру әдісі, оқулықпен жұмыс әдісі жүзеге асады.
Сөйлесу бөлімінде оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейі, қарапайым білік пен дағдыларын және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы жүзеге асырылады. Бұл бөлімде оқытудың көрнекілік, практикалық әдістерін қолдану тиімді. Тақырып мазмұнына өсу бағытымен — қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмалар мен зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, жазбаша және ауызша тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әрбір берілген оқу материалын сабақта үш күрделілік деңгейінде тыңдау, жазу, көру және айтуға мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.
3,4-сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай тапсырмалар деңгейлермен беріледі.
І деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне, яғни интеллектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмалар қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындалу міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Қорытынды бөлімінде бақылау әдісінің түрлері арқылы оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Сондықтан модульдік оқыту технологиясында қолданылған әдіс-тәсілдері арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың тиімді жолы ретінде тәжірибеге негізделген әдістемесін ұсынамыз. Сонымен бірге бұл тақырыпты оқып-үйренудің үш бөлім құрылымының II бөлімінде (30-35 минут) ұйымдастырылды.
Тақырыбы: Қозғалысқа байланысты есептер шығару (4 сынып) сабағынан үзінді келтірейік. Сыныпта 27 оқушы бар. Оқушылар 3 топқа: Жылдамдық, Уақыт, Қашықтық болып бөлінеді. Балалар бізде алда үлкен мереке тұр. Ол мереке - Астана күні. Енді сендердің осы мерекенің қарсаңында Астана қаласына барғыларың келеді ме? Ендеше біз алдарыңда тұрған машиналармен Астана қаласына барамыз. Ол үшін әр топқа ұсынылған тапсырмаларды орындау керек. Сонымен бірге оқушылар Астана қаласына келгенде берілген тапсырмалар бойынша мына аталған: 1) Бәйтерекке бару 2) Думан ойын-сауық орталығына бару, 3) Қазақстан Республикасы ұлттық мұражайына бару жолын, уақытын, жылдамдығын есептеу арқылы тәжрибе жүзінде орындап және оларды сабақ тақырыбына байланыстырып баяндап береді.
Тапсырма №1. Жылдамдық тобына
Жүк машинасы 200 км жолды 4 сағатта жүріп өтті. Оның қандай жылдамдықпен жүргенін тап. (50 км/сағ)
Тапсырма №2. Уақыт тобына
Үйден кітапханаға дейінгі арақашықтық 1800м. Осы арақашықтықты оқушы 30 минутта жүріп өтті. Ол қандай жылдамдықпен жүрді? (60 м/мин)
Тапсырма №3. Қашықтық тобына
Мотоциклші 120 км арақашықтықты 2 сағатта жүріп өтті. Ол қандай жылдамдықпен жүрді? (60 км/сағ)
Айталық:
1) Бәйтерекке бару үшін І топ ізделінді шама - қашықтықты, ІІ топ ізделінді шама – қозғалыс уақытын, ІІІ топ ізделінді шама – жылдамдығын табу керек;
2) Думан ойын-сауық орталығына бару үшін І топ ізделінді шама – жылдамдығын табу, ІІ топ ізделінді шама – қашықтықты, ІІІ топ ізделінді шама - қозғалыс уақытын табу керек;
3) Қазақстан Республикасы ұлттық мұражайына бару үшін І топ ізделінді шама - қозғалыс уақытын ІІ топ ізделінді шама – жылдамдығын табу, ІІІ топ ізделінді шама – қашықтықты табу керек.
Осылайша қозғалысқа байланысты есептерді шығаруға балалардың қозғалыс туралы түсінігін қорытуды, жаңа шамамен – жылдамдықпен танысуын, жылдамдық, уақыт, қашықтық шамаларының арасындағы байланыстарды айқындай түсу жағын қарастырады. Балалардың қозғалыс жөніндегі түсініктерін жалпылау үшін экскурсия сабағы арқылы ұйымдастырып, модульдік оқыту технологиясын пайдаланып, оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, топпен және өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытыта отырып бастауыш сынып математика сабақтарының сапасын арттыруға болады. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жағдай жасалады.
Қазіргі мектеп ғылым жетістіктері мен адам қызметінің әртүрлі салаларының сұраныстарына сәйкес ертеңгі күннің қажеттіліктеріне сай болатындай мектеп бітіруші түлектің алдағы өміріне қажетті білімінің берік іргетасын қалауы керек. Сондықтан, білімдер мен икемділіктер білім жүйесін құруға арналуы тиіс. Математика саласында математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетанымын да жаңаруда. Мектепте математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қоюымыз қажет. Осы тұста Абайдың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?! Дұрыс әрі тиімді әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Математика сабақтарының сапасын арттыру үшін жаңа оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, бастауыш сынып оқушысының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы 2006 ж.
2.Қамзина М. Модульдік оқыту технологиясы.//Тәрбие құралы. 2005 жыл, №4.
3.Оспанов Т. Құрманалина Ш. Құрманалина С. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. – 2-басылым. – Фолиант баспасы Астана-2010ж.

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.