Материалдар / «Бастауыш сынып оқушыларын халық педагогикасы арқылы тәрбиелеу жолдары»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Бастауыш сынып оқушыларын халық педагогикасы арқылы тәрбиелеу жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ педагогтарға, жоғарғы оқу орындарының ұстаздарына қажет мәлімет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
247
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогика пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларын халық педагогикасы
арқылы тәрбиелеу жолдары»

ЖОСПАР
Кіріспе
1 Қазақ салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының теориялық негіздері
1.1 Салт-дәстүрлердің мәні және ерекшеліктері
1.2 Отбасындағы сыйласым дәстүрі және тәрбие
2 Салт-дәстүрлердің жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиелік мәні
2.1 Халықтың игі мәдени дәстүрлерінің жеке тұлғаны
қалыптастырудағы рөлі
2.2 Әдеп сақтау-адамгершіліктің белгісі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

2

3
5
5
8
12
12
18
20
21
22

Кіріспе
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өрісі биік сын
сапасы өскелең мәдениетке бір күнде жеткен жоқ. Осы мол зор қазынаның түптөркіні сонау 6-8 ғасырдағы Орхон-Енисей ежелгі түрік жазбаларынан
басталады.
Қазіргі Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық қазбалар
біздің ертедегі ата-бабаларымыздың тек мал баққан, жерін шет жаудан қор ға ған
батыр жауынгер ғана емес, ақын, жыршы, шешен, сонымен қоса с әулетші,
мүсінші, ұста, зергерде болған екенін дәлелдеді.
Қай заманда болмасын адамзат алдында т ұратын ұлы м ұрат міндеттеріні ң е ң
бастысы - өзінің ісін өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпа қ т әрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады.
Ал ұрпақты жан-жақты келбетті етіп өсіруде халы қты қ салт-д әстүрлерді ң
тәлім тәрбиелік, білім-танымдылық рөлі орасан зор. Өзге халы қтар сия қты қаза қ
елінің ұрпақ тәрбиесі жөнінде атам заманнан бері жиып-терген мол т әжірибесі
бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілікті, қайырымдылы қ, кішіпейілділік, әдептілік,
елін-жерін, Отанын сүюшілік ең асыл қасиеттерін жас ұрпа ққа к үнделікті
тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.
Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап оны ң есейіп, о д үниеге
аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, бас қалармен қарым- қатынас
атаулының барлығы салт-дәстүрден өзекті орын алып, адамны ң д үниеге
көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі.
Жер жүзінде екі мыңнан астам ұлт пен ұлыс тіршілік етеді десек, соларды ң
әрқайсысының өзіне ғана тән әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бар. Олар –
халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, одан ол халы ққа жататын адамдар
мәдениетінің деңгейі, рухани байлығы, басқа ұлттар мен ұлыстардан, халы қтардан
айырмашылығының барлық белгілері анық танылады. Сонымен қатар салт-сана,
дәстүр қатып-семген, мәңгі өзгермейтін нәрселер емес. Елді ң м әдениетіне,
экономикасына ілесіп өркендеп отырады.
Дәстүрсіз халық жоқ. Ол тарихи негізінде қалыптасып ұрпа қтан- ұрпа ққа
берілетін әдет-ғұрып жалпыға бірдей әдеп, инабат нормасы болып табылады.
Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі – адамдар арасында ғы өркендеп
және өзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру.
Тұрақтылық болмаса даму да болмайды. Соның нәтижесінде әрбір жа ңа
ұрпақ өткен ғасырлар мұрасының әсеріне ұшырап, оған бойсұну ға әзір. Белгілі
француз социологі Э.Дюркгейм “Дәстүр – адамдарды ң қо ғамнан дайын к үйінде
табатын, өздерінің тәртіптерін жөнге түсіріп және әрекетке келтіріп отыратын
тетік. Дәстүрді бұзғаны үшін берілген жаза тайпаларды ң бірлігін са қтау ға
3

-

көмектесетін қорғаушы құрал болып табылады” – дейді.
Бұл жерде әңгіме Бірлестіктің берік өмір сүруі үшін, о ған кіретін адамдар ға
дәстүр талаптарын орындаудың міндеттілігі жайында болып отыр.
Дәстүрдің тағы бір қызметі – жақындастыру. Мұның тарихтағы айқын
көрінісі – рулық қауымдастықтар, олардың ауызбірлігі, т ұтасты қтарын са қтау ға
ұмтылушылық “Кімнің жерін жайласаң, соның жырын жырлайсы ң” деген ма қал
осыған байланысты айтылған.
Дәстүр ақпараттық қызмет атқарады. Ақпарлар дәстүр арқылы екшеліп,
қорытылып, қоғам жадында сақталады, соның ар қасында ғасырдан ғасыр ға
жетеді. Соған байланысты адамдардың дүниеге келген жа ңа ұрпа қтары өзара
қарым-қатынас нормаларын қайтадан жасап қалыптастырып әуреленбейді, я ғни
бұрыннан қалған жол-жосынды басшылыққа алады.
Дәстүрде жиналған ақпарлар арқылы ата-бабадан қалған материалды қ ж әне
мәдениетке ие мұрагер болады. Мысалы халқымызды ң “Ата сал ған жол бар, ене
пішкен тон бар”, “Ата көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер” деуіні ң м әні
бұрынғыдан қалған жөн-жосық, әдеп-салттың басшылыққа алыну ға міндеттілігін
білдіреді.
“Түбірлі мәселені шешерде, түп атадан келе жат қан жолды ұстар” дейтін
мақалдардың бір әулеттен келесі әулетке ұмытылмай жетіп келе жатуыны ң өзідәстүр. Халық осындай дәстүр жалғастығын зор мұрат санайды. “Атадан ұл туса –
игі, ата жолын қуса игі” деген ұлы арман со ған ме ңзейді.
Сондықтан да жеткіншек ұрпақтың дәстүрге құрметпен, әрі ықтияттылықпен
қарауы, яғни оны түсінуі, дәстүрді бұзып алып, адамдарды ң к өңіліне қаяу салудан
қатты сақтануы айрықша мәнді қастерлі қасиет саналады. Осы м әселелерді
екшелей отырып, тұлға тәрбиесінде халықтың салт-д әстүрлері үлкен р өл ат қарады
демекпіз. Бұл біздің курстық жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сынып
оқушыларын халық педагогикасы арқылы тәрбиелеу жолдары» деп
алуымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрлерінің негізінде тұлғаны ң
рухани мәдениетін қалыптастырудағы тәрбиелік мүмкін шіліктерін анықтау және
олардың педагогикалық шарттарын, іс- әрекеттілік нысанасын теориялық тұрғыда
негіздеп, бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде пайдалану жолдарын ай қындау.
Зерттеу пәні: оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрлерінің негізінде
тәрбиелей отырып рухани мәдениетін қалыптастыру процесі.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептің оқушыларына қазақ
халқының салт-дәстүрлерінің негізінде рухани мәдениетін қалыптастыру
мақсатында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстары.
Зерттеу міндеттері:
қазақ халқының салт-дәстүрлерінің негізінде тұлғаның рухани
мәдениетін қалыптастырудағы тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындау;

4

-

-

зерттеу жұмысының нәтижесінде қазақ халқының салт-дәстүрлерінің
құндылықтары негізінде тұлғаның рухани мәдениет жүйесінің іс-әрекеттік үлгісін
жасау;
қазақ халқының салт-дәстүрлерінің негізінде тұлғаның рухани
мәдениетін қалыптастыру мазмұны мен шартын іс-әрекеттік нысанын айқындау;
тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы қазақ халқыны ң салтдәстүрлерінің тиімді жолдарын анықтап ұсыну;
Қазақ халқының салт-дәстүрлері негізінен, ұлттық мәдениетті дамытуды ң игі
құралы болып қалыптасқан. Салт-сана, әдет-ғұрып пен әдетті ң, дәст үр мен
салттың халық санасына сіңіп, өмірлік заң болып қалыптасуыны ң к өрінісі.
Бұл біздің курстық жұмысымыздың көкейкестілігін анықтайды.
1. Қазақ салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының теориялық негіздері
1.1 Салт-дәстүрлердің мәні

Қазақ - дәстүрі бай және оны қатаң сақтайтын халық. Туған халқының
мінез-құлқы, наным-сенімін жете зерделеген ғұлама Ахмет Байтұрсынов
қазақтың құдайдан кейінгі қорқатыны дәстүр бұзушылық екенін айтады. Қазақ
дәстүрді білмегенді, сыйламағанды надан дейді.
Бұл - өте ауыр сөз, ауыр кінә, бірақ әбден орынды баға. Қазақтың туыстық,
құда – жекжаттық, той-томалақ өткізу, өлім жөнелту, аруақ сыйлау, үлкенді,
ата-ананы құрметтеу, қыз ұзатып, келін түсіру, жүйелі сөзге жығылу, тоқтау,
обал-сауап, дастархан, шаңырақ, қонақ сыйлау т.б салт-дәстүрлерінде
қаншалық адамгершілік, ізгілік, көргендік жатыр.
Осындай дәстүрлерімізді ардақтап, қадір тұтуға ақыл-парасаты, мәдениеті,
білім-білігі жетпеген жетесіз надан, көргенсіз болмағанда не болады? Рас,
кешегі кеңес заманында халықты ұлттық жадынан, тілінен, төлтума м әдениеті
мен діни нанымынан қол үздіруге бағытталған зымиян саясат жүргізілді.
Соның салдарынан қазақтың бірнеше ұрпағы, осы күнгі егде, қарт
кісілеріміздің көпшілігі әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізден бейхабар болып
қалады. Оқу-тәрбие орындары болмаса, қазіргі отбасы, ата-аналар салт-дәстүр
жөнінен ұл-қыздарына толымды тәрбие беруде білімдері, тілі жағынан
қиындық көруде. Қазақты қазақ етіп, ұлтымызды ұлт етіп келген және солай
болып қалуға тиісті ата салт, асыл дәстүрімізді, шала, шалағай ортада кездесіп
жүргендей, қолжаулық етіп, сөз алдарға ғана қолданып, құнсыздандыруға
немесе өңін айналдырып, рухына жат “жаңа замандық” жамаулар жамап
боямалауға, әрине болмайды.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері негізінен, ұлттық мәдениетті дамытудың
игі құралы болып қалыптасқан: Игі әдет-мәдени бастаулық іс-әрекет, ол
мәдени дағдыға айналған (мысалы, кісі күту); әдет-ғұрып-этностық игі іс5

әрекеттің өмір қолданысына айналуы, халықтық мәдени тіршілік; әдеп-ізгілік
пен имандылықтың іс-әрекеттегі мәдени көрініс (әдептілік); дәстүр-әдепке
айналған игі іс-әрекеттің әлеуметтік көрінісі, ұлттың ізгі қасиетін көрсететін
мәдени құбылыс; салт (заң)-ұлттық дәстүрдің берік қалыптасып, өмір
заңдылығына айналуы, этностық тіршіліктің заңды, мәдени көрінісі. Салт-санаәдет-ғұрып пен әдеттің, дәстүр мен салттың халық санасына сіңіп, өмірлік заң
болып қалыптасуының көрінісі.
Дәстүрлер мен салт-сананың өмірдегі, тұрмыс-тіршіліктегі іс-әрекеттік
үрдістері: жөн-жоралғы, рәсім, рәміз, ырым, тыйым, сенім, обал, сауап, ысырап,
ар-намыс деп аталады.
Жөн-жоралғы-ұлттық сый-сияпат белгілері.
Рәсім-салт-дәстүрлердің игі іс-әрекеттегі бір көрінісі.
Рәміз-этностық белгілер мен жоралғылар.
Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ұлттық рәсімдері көп, соның ішінде
ырым, тыйым, сенім, обал, сауап, ұлттық намыс рәсімдері-ұлттық
ерекшеліктерді білдіретін этнопедагогикалық құбылыстар болып табылады.
Қазақ халқы жас баланы дүниеге келісімен тұзды сумен жуындырып,
денесін маймен сылап, қол-аяғын созып «өс-өс»әрекетерін жасайды, сонымен
қатар бала ауырса халық медицинасына жүгінген.
Баланың денесін шынықтыру үшін қолданылатын әдістер: иық қағыстыру,
маңдай сүзістіру, білек күшін сынау, бел күшін сынау, мықын итерісу, күресу,
жаяу жарыс, қоржын байлап жарысу, еңбектетіп жарыстырту, аударыспақ т.б.
қолданған.
Әсіресе, балаға дене тәрбиесін беруде ұлттық ойындар теңге ату, соқыр
теке т.б. түрлері маңызды рөл атқарады.
Қазақ халқы ақыл-ой тәрбиесін беруде өзіндік дүнитанымға сүйенген. Бұл
ұғымдар: Әлем, әлемнің төрт негізі: жер, ана, көк, тәңірі.; қазақ халқының
астрономиялық білімдері: Күн,Ай, жұлдыздар туралы, жеті ғалам, жеті қат к өк,
жеті күн туралы түсініктері; ауа райы туралы білімдері ерекше болған.
Балаға ақыл-ой тәрбиесін берудің басты құралдары қазақ халқының ауыз
әдебиетіндегі мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер, термелердегі
ақыл-нақыл өсиеттер, жұмбақтар, жаңылтпаштар үлкен рөл атқарады. Осылар
арқылы баланы өнер-білімге, тапқырлыққа, ойлауға тәрбиелеу халықтық
дәстүрге айналған. Халық шежіресі-халық тарихы, ол тәрбие мен білім негізі.
Сонымен қатар дәстүрден, ғұрып-салттан адамдар өзінің жеке басын
таниды. Мұнда адамдардың айналадағы заттар – нәрселер мен табиғат
құбылыстарына қатынасындағы жеке ұлттың және кәсіби өзгешеліктер көрініс
табады. Мысалы, Үндістанда сиыр мен маймылды ерекше құрметтеуі,
6

қытайлардың, жапондардың жыланның етін, италяндықтардың есектің етін аса
сый тағамға санауы, қазақта қойдың басын сыйлы қонақ ретінде ер адамға,
қырғызда әйелге ұсынуы тағы басқа сияқтылар сондай салт-ғұрыптар
өзгешеліктеріне жатады да, соларға байланысты әдептік талаптар келіп
шығады. Ел мен ел, ұлыс пен ұлыс шекаралас, аралас- құраласта өмір сүреді.
Сондықтан олардың ғұрып- салт ырымдарында ұқсастық та бар. Мысалы
Иранда жылдың ақырғы сәрсенбісін киелі күнге балап, ол күнгі барлы қ тілек
қабыл болып, ойлаған ой іске асады деп ырымдайды екен. Ирандықтар бұл
сәрсенбіні «қызыл сәрсенбі» деп атайды. Әсіресе ол күнді бойжеткен қыздар
асыға күтеді. Олар соңғы сәрсенбіге байланысты шартты орындар, түрлі
жоралғы –кәделер жақсы жасалса, тұрмысқа шығуымыздың сәті түседі деп
сенеді. Біздің халқымызда бар:
Сәрсенбі сәтті күні той жасапсыз,
Тойыңыз құтты болсын, қыз атасы! – деп «Тойбастар» жырында
айтысатын, сол күнгі бастаған ісі сәтті болады деп ұғынылатын «Сәрсенбінің
сәттісі» ырымының да иранның «қызыл сәрсенбісімен» бір негізден шығуы да
ғажап емес.
Мұның бәрі әр түрлі халықтардың салт-дәстүрлерінде кейде әріден
жалғасатын сабақтастық та, діни наным бірлігінен бастау алған ұқсастық та,
тарихи аралас құраластық. Ұзақ уақыт іргелес шекаралас өмір кешуден болған
ауыс-түйістер де кездесетіні сондай-ақ өздеріне ғана тән, былайғы жұртқа
өрескел, ерсі көрінетіндері де болатыны дәлел.
Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз ата-бабаларының жинақтаған өмір
тәжірибесін, бай рухани қазынасын жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланған,
бала тәрбиесіне ерекше мән бере, үміт арта сергек қараған.
Жас ұрпақтың алдына асқарлы мақсат қойып келелі міндеттер жүктеп,
баланы болашақ ел қамқоры, отан қорғаушысы, шаңырақ иесі, өмір гүлі деп
бар жақсысын балаған арнаған. Халық дүниеге келген жас нәрестенің
болашағын ойлап, бар жақсылықты соған арнап, көркем сөзге, әнге, күйге
қосып, түрлі қызықты ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, әңгімелер
шығарып оларды ұрпақ тәрбиесіне пайдаланып келген. Қазақтың аса көрнекті
ағартушысы, педагог, ақын әрі жазушы Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқан
екен “Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын
сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасын
да сыйламайды, қоғамға да пайда келтіре алмайды” – дейді. Сонды қтан да
қазақ халқы өз ұрпағын бесікте жатқан кезінде ақ тәрбиелей бастаған. Отбасы –
мемлекеттің ірге тасы қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем
болмай мемлекетте де мықты болуы мүмкін емес. Қазақ халқының ұлын
7

үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы жемісін үзбей жалғасып келе жатқан
өзіндік салт-дәстүрі де бар. Бұл әдет-ғұрыптар нәсілінің болашағын ескеруден
туындаған. Қазіргі заманда ел егемендігін алып, тәуелсіздіктің байрағын
көтерген рухани осы мұратымызға бір рет болса да ден қою заңды құбылыс.
Ғасырлар бойы қалыптастырған інжу-маржан дәстүріміздің біразын жоғалтып
алсақ та, біразын қайтадан көмескілендіріп алдық. Сондықтан да мектептегі
оқушыларға білім беруде ұлттық тәрбие дәстүрлерін басшылыққа алу басты
талап.
Салт-дәстүр ұлттық тәрбие. Ұлттық тәрбиені оқыту үшін мектепте мұғалім
баланың жас дара ерекшеліктеріне сай ұғымына байланысты ертегі, мақалмәтел және алуан түрлі салт-дәстүрлерді педагогикалық тұрғыдан іріктеп алу
керек. Балаға ұлттық тәрбиені дер кезінде меңгерту ұстаздың басты міндеті.
Төменгі сынып оқушыларына ізеттілікті, кішіпейілділікті, қайырымдылы қты
үйрету тәрбиелеу. Оның бастамасы қазақ халқына тән үлкен бір ерекшелік
“сәлемдесу” дәстүрі. Сондықтанда қазақ халқында “Сәлем - сөздің атасы”деген мақал бар.
Ендеше оқушының басты қарым-қатынас жасауының басты әліппесі
сәлемдесуден басталады.
Бұл дегеніміз – қазақ ауылында кіндігі кесіліп, туған халқының әдет-ғұрпын
тасындай қалап, дәстүрін жадына жылудай жинап, асыл тілін аманаттай
ардақтап, дінін дініне тұмардай тағып, салтын санасына сыбағадай сақтап ж әне
олардың бәрін құрандай қастерлеп өскен ұрпақ екенін білдіру. Оның мақсаты
ата салтымыздың асыл мұрасы мен алтын қазынасын көпшілікке, кейінгі жас
ұрпаққа ұсынып, оны оқып үйренуді өмірге еңгізуді аманат деп тапсыру.

8

1.2 Отбасындағы сыйласым дәстүрі және тәрбие
«Отан отбасынан басталады» дейді халық. Отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Әке – шеше арқылы өрбіген тұқымның
туыстық – адамгершілік қатынастары жүйеленіп, әлеуметтік, қоғамдық
құрылысқы байланысты қалыптасқан.
Әрбір отбасында әкеге байланысты: баба, кейуана, ана, әже, әке, аға, іні,
қарындас; ал шешеге байланысты: түп нағашы, нағашы ата, нағашы әже,
нағашы ағағ нағыш әпке, нағашы іні, нағашы қарындас деген туыстық ұғымдар
бар.
Отбасындағы туыстық қатынастар әкенің жақындығына байлапнысты
қалыптасқан. Отбасындағы әрбір адамның туыстық қатынасқа байланысты
міндеттері, парыздары, борыштары бар.
Міндет – күнделікті іс-әрекет арқылы имандылық пен қайырымдылық
рәсімдерін орындау әрекетін іске асыру жолы.
Парыз – міндетті іске асырудың қалыптасқан әрекеттері. Борыш – атаанаға, үлкен адамдарға қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу үшін
жүргізілетін салтқа айналған қайырым іс-әрекеттер және ол «қарыз» деген
сөздің де баламасы. Яғни бала өзін әлпештеп өсірген ата-ана алдында олардың
жан аямай жасаған еңбектерін өтеуге қарыздар.
Егер ол нағыз адам болса, ең әуелі ата-ана алдындағы борышын өтеуді
өмір жолына мақсат етіп қойып, сол мақсаттарды орындауға жан-тәнімен
әрекет жасап, еңбек етеді.
Отбасының қос шынары – ала таудай атасы және аналардың анасы - әже.
Ата – береке, мейірім, өнеге даналықтың қайнар көзі, ата салтын алға
апарушыларға үлгі беретін, қсиетті ісімен сый – құрметке бөленген қадірлі
қария. Атаны сыйлау – ата-бабаны, елді сыйлау, ал әжені құрметтеу өмірді
құрметтеу болып табылады.
Әкенің негізгі мақсат-баланы өмірге баулу,тәлім беріп тәрбиепеу. «Мен
балам үшін өмір сүремін» дейді әзіз әке.Әкенің үлгі-өнегесі арқылы, нұсқауы,
талап етуі – бала үшін бұлжытпай орындайтын заң іспетті.
Ақ сүт берген ана баласы үшін жанына да аямайды. Қазақта «Әкемді алсаң
ал, құдай, шешемді қой, шекпен тоқып берсе де, өлмеймін ғой» деген мақал
бар. «Түн ұйқысын төрт бөліп, суық бесік таянған, түнде шошып оян ған»
ананың ақ мейірімі, оның қызметі, еңбегі бағаланбаса, ол – қорлық. Бірақ ана
бәрін де кешіреді, аналық міндеттерін айнытпай орындай береді. «Әпке» деген
сөз «апа » деген түбірге «еке» деген сыйласым қосымшанының жалғануымен
қалыптасқан. Әпке – екінші ана. Ол - әрі анаға көмекші. Ол - әрі ана ға к өмекші,
9

әрі өзінен кіші ұрпақты тәрбиелеуші. «Ағасы бардың жағасы бар» дейді халық.
Аға - әкеден кейінгі отбасының иесі. Ол - әрі әкеге көмекші, әрі отбасында ғы
бар тірліктің басқарушысы, тәрбиеші, тәлімгер. Аға ініге, қарындасқа үлгі өнеге көрсетіп, оларға қамқоршы болуға міндетті.
«Інісі бардың тынысы бар» деп, халық інінің ағаға көмек көрсетіп, оған
сүйеніш болатынын уағыздайды. «Аға – бордан, іні зордан» деген мақал ағаның
кешірімділігін іні пайдалана бермей, іні одан да зор болып, я ғни асып т үсуге
тиіс деген ұғымды білдіреді. Іні ағаны ардақтап, ақылына тәнті болуға, ке ңесіп
отыруға міндетті.
Інісі мен қарындасы ағасын әкесіндей сыйлауы керек.
Қазақта «қарындасын сыйламағанның қары сынсын» деген мақал бар.
Ұлттық дәстүр бойынша қыз баланы, әсіресе, ең кіші қызды әлпештеп аялау әрбір жақынның жандай міндеті. Қыз баланы сыйлай білу, оның көңіліне қаяу
салмау, бар жақсылықты әуелі қызға жасау – ұлттық дәстүрдің салтқа айналған
үрдісі. Ал қарындас ағасына қызмет етуді, әпкесіне көмек көрсетуді өзінің
негізгі міндетім деп, инабаттылық қарым қатынаста болуы керек.
Отбасында ағасының жұбайы – жеңгесі болса, ол да ананың міндетін
атқарады. «Жеңге» деген – қастерлі де сыйлы ұғым. «Жеңгесі бардың теңгесі
бар», «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» дейді халық. Жеңгені
анадай сыйлау қажет.
«Бір үйде қанша болсаң, бір-біріңе меймансың», «Бір-біріңді жаттай
сыйла, жат жанынан түңілсін» деп, халық отбасындағы сыйласымды жоғары
бағалайды. Әке, жәке, көке, апа, апатайым, ағатайым, айым, күнім, панам,
алтыным т.б. ізетті сөздермен сыйласым рәсімдерін іске асырып отыру –
отбасындағы әрбір адамның парызы. Отбасындағы сыйласым – қуаныш, бақыт,
қызықты өмір!
Қазақта «Жеті атасын білмеген - жетесіз» деген мақал бар. «Жылқы жеті
тегіне тартып туады» деп, халық адамның арғы тегіне тартып туатындығын
айқындап, «Біреу әкеге тартып туады, біреу әкеден артып туады» дейді де,
ұрпағының мейілінше «артып туғанын» тілейді.
Жеті атаға дейін жақсы білудің әдептілікке әсері мол, яғни шөпшек
бабасына дейінгі туыстық тегін жақсы біліп, халықтық салт-сана бойынша,
туыстық қатынаста қалыптасқан парыздарын орындап, борыштарын өтеуге
міндетті.
Ата текті білуге туыстық, жақындыққа байланысты: баба, ата, әке, бала,
немере, шөбере, шөпшек, туажат, жүрекжат деген ұғымдар бар. Атаның баба
алдындағы зор міндеттері баланың, немеренің, шөберенің, туажаттың,
жүрекжатты алдында жалғасады, ол әдептілік қарым-қатынас ру, ел, ұлт,
10

ұлтаралық, бүкіладамзаттық мәнде дами қалыптасып адамгершілік парызды
өтеуге міндеттейді. Адам баласының адамгершілік қарым-қатынасындағы
атаға, руға, ұлтқа бөліп, адамдық асыл сезімдерге жол бермей, күндестік,
бақталастық, дүние таластық тудыруға, әдепті бұзып, адамгершілікке қиянат
көрсетіп, қылмыс жасау текті сыйламаудан, адамдық қасиеттерді
қастерлемеуден туындайды. Тегіміз – адам. Біз адамдық қасиетке иеміз.
«У ішсең руыңмен» дегенде, халық тек руыңды сыйла деп тұрған жоқ,
әуелі руыңнан бөлектеніп кетпей, сыйласымды отбасыңнан, жақыныңнан баста
деп, отан сүйгіштікке шақырып, отанды сүю отбаснан басталатынын уағыздап
тұр. «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» деп, халық
сыйласымның бастауын айқын көрсетеді.
Абай атамыз: «Атаның ғана баласы болма, адамның баласы бол» деп,
адамгершілік қарым қатынас атаға атаға бөлуге байланысты болмау керектігін
басып айтқан болатын. Әкеңді сыйласаң, атаңды құрметтей білесің, бабаңды
қастерлеп, бабаның өнегесін орындайсың да ,ліңе елеулі, халқыңа қалаулы,
бүкіл адам баласына лайықты әрекеті мен әдептілігі бар жан екендігіңді
танытасың.
«Қарындасына бұрмағанның қары сынсын» деп, халық жан бауырына
әділетті, адал болып, оған жақындық көрсетпегенді қатаң қарғайды. Өйткені
бүкіл адам баласын сыйлау ең әуелі отбасынан, аталасты, руласты, ұлттық
сыйлаудан басталады. Руыңды сыйла, бірақ басқа руға қарсы болу – қылмыс,
онымен де жақындас, ұлтыңды ардақта, бүкіл адам баласын құрметтей біл.
Міне біздің халқымыздың имандылық дәстүрлерінің түпкі мақсаты осындай.
«Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деп.
Халық жас ұрпақты бірлікке шақырады. «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін» деп,
аталарымыз «бөлінуді» бәрінен де жек көріп, қатты қарғайды. Өйткені
адамгершілік асыл қатынастарды іріту, бірлікті бұзу – ең ауыр қылмыс, ондай
қылмыс бүкіл адамзаттық асыл қасиеттерге кесірін тигізді.
Текті білу дәстүрі ата текке байлынсты туыстық қатынастарды
әдептілікпен, имандылықпен орындау отырып, одан әрі дамып, жекжат –
жұрағатымен, отандастарымен, жалпы адам баласымен халық қалыптастырған
адамгершілік қатынастардың болуын уағыздайды.
Қазақтың салт-дәстүрінің қалыптасуы, олардың халық қоғамының
саласымен, тарихымен, мәдениетімен байланысы және оны оқыту мақсаттары
Жас баланың жаны мен тәнін тәрбиелеген халық оның түрінде ақылды да
жігерлі, көкірек және саналы, өз жерін қорғай алатын оның болашағын
ойлайтын адамды көргісі келді.
11

Сондықтан өсіп келе жатқан жас буынды тәрбиелеу үшін халық
педагогикасы тәрбиелеудің көптеген әдіс-тәсілдерін, түрлерін және құралдарын
пайдаланды; тәрбие берудің алуан түрін: дене, еңбек, эстетикалык,
интеллектуалды, рухани- өнегелілік, ерлік-отансүйгіштікті қолданады.
Тәрбиенің басы отбасынан басталады. Бала дүниеге келгеннен 5-6
жасқа дейін ата-ана немесе ата, әже қарамағында болады.
Қазақ отбасындағы тәрбие ісі ғалым Ш. Ахметовтың 8 түрлі мәселені
зерттеулер негізінде қамтыған.
1. Тәрбие басы алдымен әдептілікті үйретуді көздеген.
2. Баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген.
3. Тіл алғыш елгезек болуға баулыған.
4. Адал сыншыл болу.
5. Өнегелі ұстаз бен көпті көрген қария сөзін тыңдап “ақпа құлақ болмай,
құйма құлақ бол” дегенді бойға сіңірген.
6. Үлкенді, ата-ананы сыйлауды үлкен және ең басты міндет етіп қойған.
7. Кісі айыбын бетіне баспайтын, біреуге орынсыз тіл тигізбейтін азамат
бол, қаріп-қасірлердің табиғи кемдігін бетіне баспа деген.
8. Ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған
жұмса деген
Сан ғасырдан бері жинақталған ойшылдардың, даналардың, шешендердің,
ұстаздардың педагогикалық идеялары халықтың өмір тіршілігімен, кәсібімен,
ұлттық тәрбие дәстүрімен қоғамнан қоғамға жалғасып, дамып, ұрпақтанұрпаққа ауысып отырған.
Бұлардың бәрі тәрбиені жетілдіру талабынан туған еді.

12

2. Салт-дәстүрлердің жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиелік мәні
2.1 Халықтың игі мәдени дәстүрлері
Салт-дәстүр дегеніміз – халықтардың кәсібіне сенім нанымына, тіршілігіне
байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық
құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеден қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап
шығара алмайды. Бүкіл халық ел жұрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге
жаңалық енгізіп, оны қоғамдық болмыс көріністеріне бейімдеп өзгертіп
отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып өмірге
қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы
ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты. Қазіргі ғылыми дәлелдеулер
бойынша қазақ ұлтының алғаш пайда болуы ХІІІ-ХІV ғасырлардан басталады
деп жүрміз. Олай болса сол дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет-ғұрып,
салт-дәстүрлері қалыптасып дамыды.
Ұлттық салт дәстүрлер – тарихи процесс. Көптеген дәстүрлер ұлттың ұлт
болып қалыптасуынан бұрын пайда болған. Сондықтан ол кейде бір талай
ұлттарға ортақ мәнді дәстүр болып келеді. Мысалы: асар-қырғыз, қазақ, өзбек,
тәжік, түркмен халықтарына ортақ өте ертеден пайда болған. Ал қазақ
халқында кейбір дәстүрлеріміз ұмыт болған. Мәселен қазақтың жаугершілік
заманында құрдас батыр жігіттердің ұлы жорыққа аттанар алдында ақ қой
сойып, қанына найзаларын малып “Өлсек бірге өлеміз, опасызды ант атсын”
деп тас түйістіріп анттау немесе әке-шешенің асырап алған баласы мен ту ған
балаларының саусақтарын ақ қойдың бауыздау қанына малғызып “қаны бір
бауырлық” деп ант ішкізеді екен. Ал қазіргі уақытта бұрын болмаған ақ шашты
қариялардың алтын, күміс неке тойларын жасау бүгінгі салт-дәстүрден тұрақты
орын алған.
Халық “Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар”, “Әдет - әдет
емес, жөн - әдет”- деп заман талабына сай дәстүрлерді дәріптеп тәлім тәрбиенің
пәрменді құрылысы ретінде пайдаланылып келген. Мысалы: көп жылдары
бойы “діни мейрам” деген жаңсақ көзқараспен Наурыз мейрамын еліміз мүлде
атаусыз қалдырып, қазіргі демократия кезінде ол қайта жанғыртылып жалпы
халық мейрамына айналды.
Әрбір ұрпақтың өмір тәжірибесінде екшеленген идеяларының,
сұрыпталған моральдық ережелері мен нормаларының жыл озған сайын
үстемеленіп дамып отыруында.
Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ерекшелігі мен қасиеті тәрбиелік әсер
ықпасында өміршеңдігінде, жаңа дәстүрдің туып, дамып, қалыптасып тәрбие
құралы ретінде кейінгі ұрпаққа мұра болып қала беруінде.
13

Қазақ халқының салт санасында ата-ананың арман тілегі ерекше көрініс
тапқан, бірақ бұл асыл қазыналар тоқырау кезінде нағыз тәрбие құралы бола
алған жоқ, қайта жыл озған сайын тәрбиеден шеттеп шығып қалып отырды.
Қазақ дәстүрінде баланы әлдилеу, жұбату, ойнату, тәрбиелеу үстінде оның
алдына неше алуан тілек - мақсат қою өлеңмен жырмен, әнмен к өркем с өз
айшықтарымен айтылған.
Қазақ халқы жас ұрпақты ерлікке, отаншылдыққа, адамгершілікке, өткір
тілді шешендікке, еңбекке, өнерлі шебер болуға, өнерліні құрмет тұтуға, туған
жер табиғатын, ерлік дәстүрін сүюге тәрбиелеген.
Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай. Салт-дәстүр халықтың белгілі бір
әдет-ғұрыптарына байланысты туған.халық өз ұрпағының “Сегіз қырлы, бір
сырлы”, өнегелі өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабадан қалған бар асыл
қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы өлең жырмен насихаттады. Әсіресе “Өнер
алды – қызыл тіл”, “Жер астында жатқанды қазбай тіл табар”- деп саналы сөзді
сары алтыннан артық бағалаған халқымыз тілді тәрбиенің пәрменді құралы,
ақыл ойдың асыл қоймасы деп таныды. Қазақтың айтыс өлеңдерінде, терме
толғауларында, бесік жырларында, ертегі, аңыз-әңгімелерде, мақал-мәтел,
нақыл сөздерінде ел тағдыры, келер ұрпақ қамы, бас бостандығы, адамгершілік
ар-ождан мәселелері жан-жақты сөз болып, дидактикалық ақыл өсиет, насихат
түрінде айтылып, ол халықтың қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана, баланы
бесікке салу, өлікті жөнелту сияқты дәстүрлері жиындарында марапатталып
келді. Сол арқылы көпшілік қауымға әсіресе жастарға өнеге айту, тәлім-тәрбие
беру, салт-дәстүрді оқыту көзделді.
1)
Баланың дүниеге келуі ат жалын тартып мініп, отау тігіп азамат
болуына дейінгі салт-дәстүрлер: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке
салу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет тойы т.б.
және қыз бала мен ұл баланы келешек отбасы – жанұя құруға, шаруашылыққа,
өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған азаматтық жөн-жорғылар кіреді.
2)
Тұрмыс салт-дәстүрлері – қазақтың киіз үйі, үйдің жиһаздары, ұлттық
киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық,
бағбаншылыққа қатысып, кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.
3)
Әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлерге қазақ ауылы, ауыл адамдарының
туыстық қарым-қатынастары, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық музыка
аспаптары, үйлену, үй болуға байланысты салт-дәстүрлер, қонақ күту,
халықтың ұлттық мерекелерді өткізу, өлікті жөнелту рәсімдері, әдет ғұрыптары
жатады.
Қазақ халқының осы салт дәстүрлерінің ерекшелігі мен қасиеті, тәрбиелік
әсер, қимылы да дәстүрдің дамып, қалыптасып тәрбие құралы ретінде кейінгі
14

ұрпаққа мұра болып қала беруінде.
Баланың тууы. Қазақ халқының көпшілік дәстүрлері баланың дүниеге
келуімен байланысты туған. Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі ата-ананың ғана
емес бүкіл ауылдың қуанышы. Міне осы күндері “Шілдехана” немесе “Шілде
күзеті” өткізіледі.
Бесікке салу – кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Бесік
– нағыз халық мұрасы бабаларымыздың ғасырлар бойы тұтынып келген ата
мүлкі. Бесікті Орта Азия мен Кавказ, Үнді мен Қытай жерін мекендейтін
халықтардың басым көпшілігі пайдаланған, әлі де пайдаланып келеді. Қазақ
бесігі талдан, қайыңнан иіліп жасалады. Бесікті дүниеге әкелген “аттың жалы,
түйенің қомында” өткен көшпелі тұрмыс тіршілік.
«Ел болу үшін, бесігіңді түзе» (М.Әуезов)-деген сөздің мән-мағынасына ой
салсақ, ол-тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады; сол-тәрбиенің
дәстүрлік, салт-саналық бастаулары мен бағдарларын жан-жақты пайдаланып,
даналықпен дамыта білу керек деген өсиеттің мәнін ұғамыз
Баланы бесікке бөлеген әже баланы тербете отырып ақырын ыңылдап
бесік жырын айтады:
Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем,
Астына терік салайын,
Үстіңе тоқым жабайын,
Ауылдан кеткен апаңды,
Қайдан іздеп табайын.
Тұсау кесер – сәби тәй-тәйлап жүре бастаған кезде ата-анасы баланы тез
жүріп кетсін деген оймен “тұсау кесер” тойын жасайды. Алдымен тұсау кесер
күні белгіленіп арнайы қонақтар шақырылады. Жиналған көпшілік арасынан
көбінесе жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске епті қасиеттері мен к өзге т үсетін
қағылкез пысық адам таңдалып алынып нәрестенің тұсау кесерін соған
тапсырады.
Әдетте қазақтар бала тұсауын ала жіппен, қылдан ескен шыжыммен
немесе ішекпен кескен. Тұсау кесер сәті алдында тәтті дәмді тағам салын ған
дастархан жойылады. Дастархан жанына қазық қағып тұсаулы баланы
арқандап қояды. Бұдан соң “жүйрік бол”, “шауып кет” деп таңдалып алынған
адам, екі қолынан екі адам жетектеген баланың тұсауын кесіп жібереді. Т ұсауы
кесілген соң сәбиді екі адам ортаға алып асығып тез-тез жүгіреді. Осы кезде
“тұсау кесер” жырын айтады.
Қаз-қаз балам, қаз балам
Қадам бассаң мәз болам.
15

Қаз-қаз балам қаз балам
Тақымыңды жаз балам.
Күрмеуіңді шешейін
Тұсауыңды кесейін.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз балам жүре ғой!
Халық балаға табиғат тамашаларын танытып, еңбекке баулыған. Қазақ
баласы табиғат аясында малын бағып жүріп айнала қоршаған дүниені танып
төрт түліктің дыбысын ажыратып, табиғаттың сан қилы құбылыстарын, дала
мекендеушілерінің қимыл-әрекетін, тіршілігін бақылап, олардың өмір сүруін
танып білген. Халық оларға арнап әндер, тақпақтар, мақал-мәтелдер,
жаңылтпаш, жұмбақ және өтірік өлеңдер, қанатты сөздер ертегілер, музыкалық
ойындар шығарып күнделікті бала тәрбиесіне қолданылып, осы құралдар
арқылы баланың сезімін оятып, рухани дүниесін байытып еңбекке баулыған.
Сонымен қоса қазақ халқы жас ұрпақты әдепті, сыпайы, үлгі өнеге тұтқан
азамат болуды көздеген. Сол себепті жасы үлкенді сыйлап атын атамай, ата,
әже, апа, аға, тәте, жеңге, көке, әпке десе, жас кішіні інімен, қарындасы т.б. деп
құрметпен тәрбиелеген.
Қазақтың ұлттық ойындары ертеден келе жатқан дәстүрдің бірі.
Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан.
Солардың қай –қайсысы да адамға, оның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары.
Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей – тегжелі білуді
баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала
табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан –жақты дамыма қ
емес. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі
жасаған қимылына сенімі артады.
Баланың бойында ойлау тапқырлық шыдамдылық
ұйымдастырушылық
белсенділік қасиеттері қалыптасады.
Алтыбақан – жаз күндері ойналады. Алтыбақан тебушілер екі-екіден
жақтаудағы екі арқанға отырады да ортадағы арқанға аяқтарын тіреп, бір адам
ақырындап қозғап ойнайды.
Қазақша күрес – ежелгі спорт ойыны. Бұл ойын адамның денесін ширатып,
бұлшық еттерін жетілдіріп, ептілікке, төзімділікке, батырлыққа, әдіс таба
білуге үйретеді. Жасына сай ортаға екі жас бала шығып күреседі.
Арқан тартыс – көгалда, спорт залында өтеді. Ойыншылар екіге бөлініп
арқанның екі ұшынан ұстайды. Ойыншылардың мақсаты – екі топтың бірі
16

ортасын сызықтан бұрын сүйретіп өткізу. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып
ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.
Ат жарыстары. Бәйге. Бәйгенің тұрі көп. Ол жылқы малының жасына
қарай бөлінеді. Бұның мақсаты баланың еңбекке, малға деген сүйіспеншілігіне,
мықтылығына, батылдығына, табандылыққа, тапқырлыққа үйретеді. Жарыс
түрлері: тай жарыс – 1 жасқа келген жылқы, құлан жарыс – тай кезінде
бәйгеден озып келген екі жасар жылқы, дөнен жарыс – төрт жасар алыс қа
шабатын жылқы.
Жорға - өзінің жұмсақ та, тайпаша жүрісімен көзге түседі.
Аударыспақ – спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, батылдықты талап
етеді. Бұл ойында екі салт атты бірін-бірі аттан аударып алуға тырысады. Б ұған
ат үстінде айқасты жақсы меңгерген спортшылар қатысады.
Теңге алу – бұл ойын тегіс жерлерде өткізіледі. Жердің ойық тұсына
шүберекке түйілген зат немесе теңге тастап қояды. Ойыншы тартпалы мықты
атқа мініп 30-40 метрдей жерден шауып бара жатып ойық жерде жатқан затты
еңкейе беріп іліп алады. Егер іліп алса зат өзінікі болып саналады.
Қыз қуу - қазақтың көне ойындарының бірі. Бұл ойын тәртіп бойынша
жарыс жігіт пен оның қалыңдығы арасында өткізілген.
Егер ер жігіт жарыста жеңілсе ол өзіне қойылатын талапты ақтай алмағаны
үшін қызбен некелесуге құқығы жоқ.
Егер қыз жеңілсе ешқандай қалың малсыз жігітке тұрмысқа шығатын
болған.
Ойын тәртібі қыз бен жігіт – сөреге шақырылып, жігіт қыздан 10-15 метр
кейін тұрып жарысқа қосылады. Жігіт қызды қуып жетсе,
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!