Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларына еңбекке баулу сабақтарында ойындарды қолданудың маңызы

Бастауыш сынып оқушыларына еңбекке баулу сабақтарында ойындарды қолданудың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына еңбекке баулу сабақтарында ойындарды қолданудың маңызызын анықтау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
479
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ХҚТУ магистр-оқытушысы

магистр оқытушы Р.Момбекова

Бастауыш сынып оқушыларына еңбекке баулу сабақтарында ойындарды қолданудың маңызы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан" -2030 стратегиялақ даму бағдарламасында ұзақ басым мақсаттардың бірі ретінде Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын ынталандыру шарасын атап көрсетеді. Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде бастауыш оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан. Педагогикалық ғылымның аталған саласына Л.А.Венгер, В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Н.Н.Подьяков, А.П.Усова, Д.Б.Эльконин және тағы да басқа ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты. Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекеті процесінде аса дайындықты қажетсінбейтін дидактикалық ойындарды пайдалану керек және олар оқытатын, үйрететін сипатқа ие болуы тиіс. Дидактикалық ойындарды ұйымдастырғанда, оның сабақтың мақсатына жетуге көмектесетін жағын ескеру маңызды. Оларды сабақтың әрбір кезеңіне сәйкес дұрыс пайдалану да өте тиімді. Сабақтың басында ойын баланың қызығушылығын оятады, оны ұйымдастырады,сабақтың ортасында ойын тақырыпты меңгертуге бағытталады,сабақтың аяғында ойын ізденіс сипатына ие болады. Бірақ ойын сабақтың қандай кезеңінде ұйымдастырылса да, қызықты, түсінікті болуы, оқушыларды іс - әрекеттің әр түріне баули алуы тиіс. Осы тұрғыда денсаулығы мықты ,адамгершілігі жоғары,жан -жақты дамыған қоғам құру үшін көрсетілген негізгі бағыттардың қатарына халақтың дене тәрбиесімен айналысу шаралары орын алған. Бұл жүктелген міндетті орындау үшін ұстаздар оқу-тәрбие процесіне шығармашылықпен қарап, күні бүгінге дейін іске қосылмай келе жатқан тәрбие құралдарын пайдалануы, оқытудың жаңа әдіс-тәсілін қолдануы қажет. Сондай оку-тәрбие негіздерінің бірі -ұлттық ойындар. Ұлттық ойындар -халық педагогикасының бір саласы болып табылады. Ол ұрпақтан-ұрпаққа, атадан-балаға мирас болып, сандаған ұрпақтың керегіне жарап , өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Бұл жөнінде көрнекті педагог В.А.Сухамлинский "Ойынсыз ақыл-ойдың калыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес .Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып , айналасындағы дүние туралы түсінік алады. " деп ойын баланы жан-жақты дамуына әсер етіп шығармашылақ қаблетін дамытатынын көрсеткен.

Баланың еңбек тәрбиесі ежелден-ақ ата парызы, бүкіл халық міндеті болады. Жас ұрпақты халқымыз еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, «он саусағынан өнер тамған » нақты кәсіп иесі болуын көздеген. Еңбек дағдысын меңгертуде зор жігерліктің қажет екенін жақсы түсіне білді. Сондықтанда болар еңбекке баулу пәнінде оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары қатар қадағалауды қажет етеді.

Ойын - баланың танымдық қызығушылығын және белсенділіктерін, қабілеттілігін дамытуға қосар үлесі ұшан теңіз. Еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың оқуға деген құштарлықтарын қамтамасыз етіп, балада қалыптасатын еңбектік іскерлік пен дағдыларды танымдық іс-әрекет арқылы дамытуда ойын әрекеттері негізгі қызмет атқарады. Оқушылардың логикалық және абстракті ойлауына, қиялы мен елестетулеріне, есте сақтауына тікелей әсер етіп, олардың дамуына ықпал жасаушы әрекеттер – ойын әрекеттері болып табылады. Әсерлі әрі дұрыс ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті балалардың әртүрлі ойындарға қатысын анықтауға, олардың ойынға берілуі, араласу дәрежесін біліп отыруға, сол арқылы олардың ықыласын одан әрі дамытуға, ойынды педагогикалық мақсатты мазмұнмен байытып отыруға зор көмегін тигізеді. Ойын – оқушылардың дүниені,

Қазіргі сабақтың түрлері сайыс, жарыс сабағы, концерт, аукцион, кіріктіру сабағы т.б. өз нәтижесін беріп жүр. Әсіресе, халықтық педагогиканы пайдаланып, ата-бабаларымыздың жақсы дәстүрін шәкірттердің бойына дарыту мақсатында халық ауыз әдебиетін пайдалануға болады. Балалардың бастауыш мектептен дамыту танымдық процестерін, қабілеттерін одан әрі арттыру нақты ойын іс-әрекетін оқу іс-әрекетімен байланыстыра өрістету шараларын әрбір пәнді оқыту үрдісінде дұрыс ұйымдастыра білумен, мұғалімнің сол бағытта әдіс-тәсілдерде жандандыру іс-әрекетін жоспарлы түрде қолдануына байланысты. Еңбек іс-әрекеті үстіндегі бастауыш сынып оқушысына ойынды дер кезінде мақсатты пайдалану оның ой-өрісін дамытуға септігін тигізіп, алдыға қиындықсыз жылжуына түткі болады, себебі бастауыш мектепте оқитын оқушыға ойын - өте таныс, психологиялық тұрғыдан жақын әрі қызықты да тартымды болып, бір сарынды емес, әртүрлі қимыл-қозғалысқа негізделген, жеңіл, еріксіз игерілетін әрекеттер жиынтығы болып табылады.

Оқу барысында қиналысқа ұшырап, шаршаған немесе оқуға ықыласы аз баланың қызығушылықтарын арттырып, танымын кеңейтіп, белсенділіктерін дамытуға атсалысатын педагогикалық құрал ретінде ойынның бастауыш сынып оқушысын жан-жақты дамытып, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруларына ықпалы зор екендігін айта отырып, балаларды еңбекке баулу сабақтарында ойын әрекеттерін пайдалану арқылы дамытудың рөлі ерекше деп ойлаймыз. Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге танымды белсенді іс - әрекетінің белсенді бір формасы болып табылады. Соның барысында олар мұғалімнің басшылығымен жаңа білімді меңгереді. Ойынды ұйымдастырып, оны басқара жүріп, ұстаз балалар ұжымына және ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды. Ойынға қатысушы бала өзінің ниеті мен әрекетін басқалармен үйлестіруге, ойында қалыптасқан ережелерге бағынуға тиісті болады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ