Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жоба жазу арқылы зерттеушілік құзіреттіліктерін дамыту.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жоба жазу арқылы зерттеушілік құзіреттіліктерін дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен бастауыш сынып мұғалімі ретінде оқушыларды ғылыми жұмысқа тартуды мақсат тұтамын. Оқу-тәрбие бағытындағы барлық өзгерістерді қамтып, озат педагогикалық тәжірибелерді зертттеп, жаңа тұжырымдар жасасақ, бұл бағытта оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулитын, таным белсенділігін арттыратын түрлері қажет-ақ. Солардың бірі – оқушылармен жүргізілетін ғылыми жоба жаау жұмыстарына баулу арқылы оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін ояту болмақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2022
438
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жоба жазу арқылы зерттеушілік құзіреттіліктерін дамыту.



Шаихова Сауле Аманбековна

Қарағанды облысы,Бұқар жырау ауданы

«Нұра жалпы білім беру мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

























Кіріспе

Түйінді идея: Білгеніңді үйрету, білмегенді меңгеру.


Мектепте оқушылар білім алып үйренгенімен, сол білімдерін іс жүзінде дұрыс пайдалана алмайды. Бұл олқылықтың орнын оқушыларды ғылыми-ізденушілік жұмысқа баулу арқылы толтыруға болады. Оқу үрдісіндегі ізденушілік бағыт оқушылардың теориялық білімдерін практикалық білік-дағдылар арқылы бекітуге мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, алдарына нақты мақсаттар қоюға, оны орындау үшін әдіс-тәсілдерді таңдай білуге үйретеді.
Мен  бастауыш сынып мұғалімі  ретінде оқушыларды ғылыми жұмысқа тартуды мақсат тұтамын. Оқу-тәрбие бағытындағы барлық өзгерістерді қамтып, озат педагогикалық тәжірибелерді зертттеп, жаңа тұжырымдар жасасақ, бұл бағытта оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулитын, таным белсенділігін арттыратын түрлері қажет-ақ. Солардың бірі – оқушылармен жүргізілетін ғылыми жоба жаау жұмыстарына баулу арқылы оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін ояту болмақ


ЖОБА деген не?

  • Жоба – грек тілінен аударғанда – бұл зерттеу жолы яғни арнайы үлкендердің басшылығымен ұйымдастырылып және балалардың кешенді әрекетімен дербес орындалып, шығармашылық жұмысты жарыққа шығара қорытындыланады.

  • Жобалау әдісі – жүйелі оқыту, балалар жоспарлау процесінде және тәжірибелеі жобалау тапсырмаларын үнемі күрделендіре орындайтын білімге ие болады. Жобалау әдісі тәрбиеленушілерге үнемі әлдеқандай тапсырмаларды шешуге бағдарлап отырады.

ЖОБАЛАУ ӘДІСІ

     Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді

Жобалау технологиясының мақсаты — баланың еркін шығармашыл тұлғасын дамыту.

  • Бала үшін жобалау деген не:

  • Шығармашылық потенциалын ашу;

  • Топпен жұмыс істеуге үйрету;

  • Баланың өзі қалыптастырған, қызықты мәселелерді шешу әрекетіне бағыт беру;

  • Өз жұмысын тарту етуге уйрету.


  • Жоба түсінігі бірнеше белгілермен сипатталатын түрлі қызметтерді біріктіреді.

  • Олардың негізгілері:

  • - нақты мақсаттарға, нәтижелерге жетуге бағытталу;

  • - белгілі ресурстар;

  • - басталу мен аяқталуы белгіленген шектелген уақыт ұзақтығы.

  • Жалпы алғанда, жоба – бұл жоспарланған немесе ойластырылған нәрсе.

Жобаның элементтері:

-ой (мәселе, міндет)

- жүзеге асыру құралдары (шешім)

- жүзеге асыру мақсаттары (нәтиже, шешім)


Жобалау әдісі

Әлемдік педагогикада жобалау ісі түбегейлі жаңа әдіс емес. 

Жобалау әдісі ХХ ғасыр басында АҚІІІ-та пайда болған. Бұл әдіс сондай-ақ проблемді деп те аталған және ол американдық философ-педагог Дж.Дьюи және онын ізбасарлары У.Килпатрик ұсынған. Дж. Дьюи тәлім, білім үйретуді баланың қызығушылығына сәйкес белсенділіктері негізінде, нақты мақсатты көздеген іс-әрекет арқылы ұйымдастыруды ұсынды.

Жоба әдісін дайындап, әлемде бірінші болып  топтастырған американдық профессор Коллингс болды. Оның ойынша, тәлім-білім тиімділігін көрсетуге бағытталған жобалар түрі келесідей болуы мүмкін:

Ойындық жобалар - әрқилы ойындар, халық билері, сахналық қойылымдар және тағы басқалар. Мақсат – балаларды топтық қатынастарға тарту.

Саяхаттық жобалар – қоршаған табиғат және қоғамдық өмірмен байланысты жағдайларды мақсатты түрде зерттеп үйрену.

Баяндама жобалары – мақсаты - әрқилы формада әңгімелесуден (ауызша, жазбаша, ән орындау, күй тарту және т.б) қанағат табу.

Құрастырушылық жобалары - нақты пайдаға жарағандай өнім жасау (құс ұясын жасап, жоғарыға ілу, мектеп театры сахнасын құру, көпір салу, ойын алаңын түзу және т.б.)

«Жобалау» сөзі қазақтың «жоба» деген сөзінен жасалынған, мағынасы – жаңа нəрсенің жобасын, сұлбасын жасау. Ғылымда ол тек қана жаңа нəрсенің жобасын жасау ғана емес, сонымен қатар оны негіздеу, басқадан айырмашылығын көрсетуді білдіреді. Бұл термин алғашында құрылыс, техника саласында қолданылды. Өткен ғасырдың орта шенінен бастап гуманитарлық ғылымдарда да қолданыс таба бастады.



Жобалау әрекетінің түрлері:

1) Қатысушылар құрамына қарай (Дара, топ бөлігімен, отбасымен, жұптасып, топпен)

2) Мазмұнына қарай (бір жоба (бір білім саласы), ықпалдасқан жоба (екі немесе бірнеше жоба)

3) Ұзақтығына қарай: (қысқа мерзімді (1-4 апта), орташа мерзімді (1 айдай), ұзақ мерзімді (жарты жылдық, 1жылдық))

4) Жобалау әрекетінің үстемдік түріне қарай (Ақпараттық, зерттеушілік, шығармашылық, жобалық-бағытталған)


Зерттеу жұмысының басты шартыоның жаңалығы және өзектілігі. Жұмыстың сәтті болуы үшін зерттенудің мақсаты мен міндеттерін ұғыну қажет.                

Мақсатбұл зерттеушінің ізденіс нәтижесі.Зерттеу мақсаты нақты және қол жетерлік болсын.

Міндеттерқадамдарды,мақсатқа жету кезеңдерін көрсету болып саналады.                                                                                                             

 Жұмыстың өзектілігі –яғни бұл жұмыстың қазіргі кезеңіндегі проблемасы.

Болжам-логикалық дәлелденбеген,тәжірибемен нақтыланбаған алдын ала ойластырылмаған білім

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін жобаның негізгі нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалады, ұсыныстар беріледі.

Зерттеудің қол жетімді әдістері:

1.дербес ойлау

2.кітаптан оқып білу

3.кино,теле фильмдерден білу

4.интернет желісінен іздеп табу

5.басқа адамдардан сұрап білеу

6.байқау

7.эксперимент жүргізу.

Оқушыларды ғылыми ізденіске баулу мақсатында «Мен-зерттеушімін» , «Мен – жобалаушымын» деген дәптер арнату. Дәптерге оқушылар ғылым әлеміне енудің түрлі жолдарын жазады, ұлы ғалымдар еңбегі, өмірінен мәліметтер береді. Оның маңызы оқушыларға практикалық та, теориялық та көмек бере алатынында. Ол әр баланың алдында жатады. «Мен-зерттеушімін» тақырыбында оқушылармен «дөңгелек стол», әңгімелер өткізуге болады. Алғашқы әңгімелерде «ғылыми жұмыстардың түрлері» сөз болады. Бұл жұмыстың тиімділігі оқушылардың ғылым туралы ұғымдарын кеңейтуге ықпал етіп, іздену, зерттеу жұмыстарының түрлерімен таныстырады


Ғылыми жобаның кезеңдері


1 кезең – Жоба тақырыбын таңдау. Мәселе қалыптасады, мақсат, міндет, ойын жағдаяттары жүргізіледі. Тәрбиеші- бастаушы, ата-аналардың сұраныстары, баланың қажеттілігі мен қызығушылығы қанағаттандырылады. Бұл кезеңде баланы ролі: мәселеге кіру. Ойын жағдайына кіру. Міндеттерді қабылдау.

2 кезең - Жоспарлау. Тәрбиеші әр түрлі әдістерді пайдалана отырып, мәселені шешуге көмектеседі:

3 кезең – Жобаны жүзеге асыру. Тәрибеші балалар әрекетін мәселе ортасына қарай ұйымдастырады, жоба тақырыбына қарай материалда және құралдармен қамтамасыз етеді, жүзеге асуын және бақылап бағыттап отырады. Балалар өзіне тән білім, білік, дағдысын қалыптастырады.

4 кезең - Жобаның қорытындысы. Педагог дайын өнімнің презентациясын дайындайды. Көрсетілім ұсынылады. Балалар дайын өнімді (көрерменге және эксперттерге көрсетеді.


Оқушымен шығармашылық жұмыс бастамас бұрын мұғалім өзіне төмендегідей талап қойғаны дұрыс:

1. Дарынды баланы анықтауда психологпен бірлескен жұмыс жасау;

2. Ата — анасымен педагог ретінде сөйлесе білу;

3. Дарынды балаларға арнайы бағдарламалар жасау,жұмыс жоспарын құрастыру;

4. Дарынды балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың тапсырмалар беру, орындалуына талап қою;

5. Жаңа технология элементтерін сабақта пайдалану;

6. Тапсырманың орындалу нәтижесін қадағалау.


Оқушыларды ғылыми жоба жарыстарына дайындау

Оқушыларды ғылыми жоба жарыстарына дайындауда мынадай мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажет:

Тақырыптың ғылыми құндылылығы, өзектілігі ;

Таңдаған тақырыпты ашудағы оқушы еңбегінің сипаты, қосқан үлесі;

Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;

Ойын ұтымды, жағымды жеткізе алуы, сөйлеу мәнері, өзін ұстауы, аудиторияны тартуы,қорғау регламентіне сай болуы;

-Өз бетімен ізденуге,тың дүниелерге құштарлығын оятуы

Жұмыстың көркем безендірілуі.


1.Ғылымның әр саласына бейімі бар дарынды балаларды таңдап алу және олардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

2. Оқушылардың өздігінен білімдерін көтеруге, жетілдіруге белсенді әрекет жасау.

3.Оқушы өзі таңдаған ғылым саласы бойынша өз бетінше білім – дағдыларын жетілдіру барысында жұмыс жүргізе алу.

4. Оқушылардың ғылыми – шығармашылық тобының жұмысы оқушылардың оқу үрдісін жетілдіруде және мамандық таңдауда көмегі бар.

Ғылыми жоба жұмысының құрылымы:

1.Тақырыптың өзектілігі

2.Жұмыс зерттеу мақсаты

3. Зерттеу міндеттері:

  • Тақырып бойынша ғылыми жұмыстармен танысу.

  •  Жұмыстың теориялық бөлімін жасау.

  •  Оқушылардың жоба жұмыстарына талдау жасау.

  • Тақырып бойынша қорытынды жұмыстарды рәсімдеу.

4.Зерттеу әдістері:

  • Әдебиетке теориялық анализ жасау.

  • Сауалнама өткізу.

  • Жоспарлау.

  • Жеке оқушылармен және топ мүшелерімен сұхбат өткізу.

Модельдеу.



Оқушының іс-әрекеті:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушы-оқыту субъектісі

Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы,жетекші

Алдына қойған мақсатына дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект

Бағыт-бағдар беруші, кеңесші , ақылшы

Өздігімен және бір-бірін оқытушы

Оқушының қол жеткізген жетістігін құптаушы

Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі, талапты

Ынталандырушы, мақсатқа жетуге уәж беруші

Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашыл тұлға

Сенімді әріптес,әрқашанда сенім артуға болатын тұлға

Ғылыми жобаның ресімделуіне қойылатын талаптар төмендегідей :

Жоба мынадай элементтерді қамтуы тиіс

титул парағы;

абстракт (аннотация);

мазмұны;

кіріспе;

негізгі бөлім;

қорытынды;

пайдаланылған дереккөздердің тізімі;

қосымша

Титулдық бетте:

  • ұжымның толық атауы;

  • автордың аты-жөні , сынып;

  • жұмыстың атауы<

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!