Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдығын арттыратын әдіс-тәсілдер.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдығын арттыратын әдіс-тәсілдер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдығын арттыратын әдіс-тәсілдер. Қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы оқушының екі жақ ми бөліктерін бірдей дамытуға бағытталып,оның креативті сыни ойлау дағдысын қалыптастыра отырып,жылдам оқу машығын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Сәуір 2022
957
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдығын арттыратын әдіс-тәсілдер.

11 ЖББМ КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі: Тайгараева Акбота Бахытовна

Мақсаты:Қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы оқушының екі жақ ми бөліктерін бірдей дамытуға бағытталып,оның креативті сыни ойлау дағдысын қалыптастыра отырып,жылдам оқу машығын арттыру.

Әрбір адамның өмірінде білімнің маңызы зор. ХХI ғасырда білімді қабылдап,оны өмірде пайдалану үшін ең керек машық-ЖЫЛДАМДЫҚ

Бастауыш мектепті бітірген оқушылар оқу жылдамдығын толық меңгеріп шығуы тиіс. Алайда бастауыш мектептегі төрт жыл ішінде олар тек қана оқу процесінің алғашқы қадамдарын ғана игереді. Психолог Т.Г.Егоровтың айтуынша «іштей», саналы, мәнерлі және жүрдек оқу, оқыту процесінің соңғы этаптарында ғана ұстаз ойлаған деңгейге жетеді. Сондықтан бастауыш мектеп сыныптарында балалардың оқу іскерлігі аяқталмайды, ол ұзақ дамудың тек қана алғашқы бөлімі болып табылады. Оқушы үлгеріміне әр түрлі жағдайлар әсер етеді. Соның ішінде ең күшті орын алатыны - баланың оқу жылдамдығы болып шыққан. Егер оқушы нашар оқыса, оның оқуға ынтасы өзінен-өзі төмендейді, үлгермейді. Әдетте кім тез оқыса, сол көп оқиды, көп оқыса, көп біледі. Оқу техникасы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл-ой еңбегіне ынталығы да арта түседі.Мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі мазмұнды түсіне оқи білу-үлкен еңбектің жемісі.Оқушы үлгерімінің негізгі факторы-оқу жылдамдығы болғандықтан мен бұл мәселені өзекті тақырып етіп алдым.


Тез оқу әдістемесі немесе техникасы дегеніміз не және не үшін қажет?

Жалпы оқу сапасын арттыру үшін жай оқу керек па, әлде шапшаң оқу керек па? Жеделтетіп тез оқу әдісі неге маңызды және қай жерде пайдалы? Қарапайым өмірде адамдар тақырыпты жай асықпай оқу пайдалы әлі түсініктірек деп қате пайым жасайды. Расында тез оқу дегеніміз тез игеру, тез түсіну, тез ұғыну ұғымдарымен тығыз байланысты.Оқымысты, жан-жақты адам дегеніміздің өзі – жеделдете тез оқи алатын, әртүрлі ақпараттарды тез игере алатын адам деген сөз.

Бұрынғы өткен ұлы данышпан адамдардың көбісі тез оқу әдісін терең меңгерген, өз заманының озығы болған. Жай асықпай оқитын адамдарға қарағанда, әр түрлі зерттеулердің қорытындысына байланысты, тез оқи білетін адамдардың жүйке жұмысының өте белсенді күшті дамығанын және де қарапайым өмірде де осы белсенділігінің арқасында көп жетістіктерге жететіндігі дәлелденген.

Жылдам оқуға қойылатын талаптар:
-тыңдаушыға жететін ақпараттың түсінікті болуы;
-әрбір сөз бен дыбыстың анық айтылып, құлаққа жағымды болып естілуі;
-сөйлем құрылымдарын еркін меңгеру;
-дауыс ырғағы - интонацияның сөйлеу мазмұнына сай болуы;
-мәтін жолдарын тұтас, еркін көру және көздің алға жылжуын қадағалау;
Саналы түрде түсініп оқу - жылдам оқуға қарама-қарсы құбылыс. Түсініп оқу дағдысын меңгермеген оқушы білім негіздерін жете қабылдай алмайды, содан өздігінен ғылым-білімді игере алмайды.
Мұндай қиындықтарды жою үшін мынадай бастауыш сынып оқушыларының ОҚУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН арттыратын әдіс-тәсілдер мен жаттығулар ұйымдастырдым:
1.Нейрогимнастикалық жаттығулар

2.Екі қолмен сурет салу

3.Шульте кестесі

4.Бағдаршам әдісі

5.Ассоциация тәсілі

6.Эмоциямен оқу

7 Пирамида әдісі

1.Нейрогимнастикалық жаттығулар

Нейрогимнастика – бұл ми жаттығуы. Мидың оң жақ және сол жақ жарты шарларының үйлесімді жұмыс істеуін жақсартады.  Ақпаратты тез қабылдап, қорытуға көмектеседі. Зейінді шоғырландырады. Оқу және жазу процесстерін жеңілдетеді. Мидың жұмыс істеу өнімділігін арттырады.


2. Екі қолмен сурет салу

  • Екі қолмен сурет салу”әдісі

  • Екі қолдың бір уақытта қимылдауы, екі қолмен сурет салу мидың екі

  • жарты шарын бір мезетте іске жұмылдыру болып табылады

3. Бағдаршам әдісі

Берілген сөздерді түрлі түсті жазумен жазып,оқушыларға сөзді емес,түстерді айтады. Бұл әдіс екі ми бөліктерін бірдей дамытуға бағытталған

Picture 4

4. Шульте кестесі.

Бұл жаттығулар әдістемесі ауқымды көруді жақсартуға, бірден оқылатын  мәтін санын арттыруға және сәйкесінше оқуды жеделдетуге бағытталған. 

Бұл техниканың орындалу тәртібі: ортасындағы қара нүктеге қарап тұрып көздің қарашыған жылжытпай сандарды өсу ретімен табасыз. Бұл техниканы орындау арқылы көздің көрі аймағы 75% өседі Шульте техникасын 20 сағат орындаған адамның, көзінің көру кеңістігі толықтай ашылады.

Picture 3

5. Ассоциация әдісі

Өлеңді ассоциация тәсілімен 5минутта жаттау. Яғни оқушы қлеңнің әр сөзіне елестете отырып,сурет салу арқылы жаттайды. Бұл тәсіл өлең жолдарын тез жаттауға көмектеседі


6. Пирамида кестесі

Бұл жаттығу оқушы көзінің қамту аймағын кеңейтуге көмектеседі. Оқушының назары ортадағы+ таңбасында болады.+ таңбасына қарап тұрып,екі жақтағы буындарды қосып оқиды.

Picture 4

7. Эмоциямен оқу

Оқушы бір сөзді бірнеше эмоциямен айтып үйренеді.Әр сөзді эмоциямен айтқан оқушы мәтін мен өлеңдерді нақышына келтіріп оқитын болады.

Picture 1

Қорытынды: Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - бастауыш мектеп мұғалімдері. Өйткені білім мен тәрбие негізі, баланың жеке басын қалыптастыру негізі - бастауышта қаланады. Оқушының бойында қалыптасуға тиісті дағды мен шеберлік мемлекеттік стандарт талабына сәйкес болу үшін мұғалім оқу-білім үрдісінде қиындықтарды жоюға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізу арқылы білім сапасын арттыруға болатынына көз жеткіздім.











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!