Материалдар / БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНЕ ПЕДАГОГТЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТІСІНІҢ ӘСЕРІ

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНЕ ПЕДАГОГТЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТІСІНІҢ ӘСЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада бастауыш сынып мұғалімінің эмоционалдық интеллектісі оқыту үдерісіне қалай әсер ететіні қарастырылады. Эмоционалдық интеллект ұғымының мәні, оның педагогикалық қызметтегі рөлі, оқушылардың оқу үлгерімі мен психологиялық дамуына ықпалы ғылыми тұрғыда талданады. Сонымен қатар, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері негізінде эмоционалдық интеллектті дамыту жолдары ұсынылады. Зерттеу барысында педагогикалық және психологиялық еңбектерге сүйене отырып, эмоционалдық интеллектінің мұғалім мен оқушы қарым-қатынасына тигізетін ықпалы жан-жақты сипатталады.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНЕ ПЕДАГОГТЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТІСІНІҢ ӘСЕРІ



Әуесбек Зәуреш ,Еламан Ақбота zauresh.0606@mail.ru , elamanakbota4@gmail.com Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті , 6В01301-Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі ,2 курс студенті Алматы,Қазақстан

Аннотация :Бұл мақалада бастауыш сынып мұғалімінің эмоционалдық интеллектісі оқыту үдерісіне қалай әсер ететіні қарастырылады. Эмоционалдық интеллект ұғымының мәні, оның педагогикалық қызметтегі рөлі, оқушылардың оқу үлгерімі мен психологиялық дамуына ықпалы ғылыми тұрғыда талданады. Сонымен қатар, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері негізінде эмоционалдық интеллектті дамыту жолдары ұсынылады. Зерттеу барысында педагогикалық және психологиялық еңбектерге сүйене отырып, эмоционалдық интеллектінің мұғалім мен оқушы қарым-қатынасына тигізетін ықпалы жан-жақты сипатталады.

Кілт сөздер: эмоционалдық интеллект, бастауыш сынып, мұғалім, оқыту үдерісі, психология, педагогика, оқушы мотивациясы, білім беру, қарым-қатынас, эмоцияларды басқару.

Abstract:This article examines the impact of emotional intelligence of primary school teachers on the learning process. The concept of emotional intelligence, its role in pedagogical activity, and its influence on students' academic performance and psychological development are analyzed from a scientific perspective. Additionally, based on research by Kazakhstani and foreign scholars, ways to develop emotional intelligence are proposed. The study provides a comprehensive description of the impact of emotional intelligence on teacher-student interaction, based on pedagogical and psychological works.

Keywords: emotional intelligence, primary school, teacher, learning process, psychology, pedagogy, student motivation, education, communication, emotional regulation.

Қазіргі білім беру жүйесінде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігімен қатар, оның эмоционалдық интеллект деңгейі маңызды рөл атқарады. Білім беру процесі тек академиялық білім берумен шектелмей, оқушылардың тұлғалық дамуына да бағытталуы тиіс. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының эмоционалдық күйі мен танымдық белсенділігі көбінесе мұғалімнің қарым-қатынас жасау стиліне, эмоциясын басқару қабілетіне және оқушылармен орнатқан сенімді байланысына тәуелді болады. Осыған байланысты педагогтың эмоционалдық интеллектісі оқыту үдерісінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылуы қажет.

Эмоционалдық интеллект (EQ) ұғымы алғаш рет ХХ ғасырдың соңында ғылыми айналымға енді. Америкалық ғалымдар Питер Саловей мен Джон Майер (1990) эмоционалдық интеллектіні адамның өз эмоцияларын түсінуі, оларды реттей білуі, өзгенің сезімдерін тануы және тиімді қарым-қатынас құра білу қабілеті деп сипаттайды[1]. Ал бұл концепцияны кеңінен танытқан Дэниел Гоулман (1995) EQ-ді адамның табысты өмір сүруі мен кәсіби қызметіндегі шешуші фактор ретінде қарастырады. Ол эмоционалдық интеллектінің бес негізгі компонентін бөліп көрсетеді: өзін-өзі тану, өзін-өзі басқару, мотивация, эмпатия және әлеуметтік дағдылар[2].

Бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне байланысты эмоцияларын ашық білдіруге бейім келеді және олар мұғалімнің көңіл-күйін, қарым-қатынас стилін тез қабылдайды. Сондықтан эмоционалдық интеллекті жоғары мұғалімдер балалардың эмоционалдық жағдайын түсініп, олармен дұрыс қарым-қатынас орната алады. Мұндай мұғалімдер сыныпта жылы атмосфера қалыптастырып, оқушылардың өзіне деген сенімін арттырады. Ал керісінше, эмоциясын басқара алмайтын, күйгелек немесе тым қатал мұғалімдер оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетуі мүмкін.

Қазақстандық ғалымдардың зерттеулері де мұғалімнің эмоционалдық интеллектісінің маңыздылығын көрсетеді. Қ.Т. Қуанжанова мұғалімнің эмоциялық тұрақтылығы мен эмпатиясының оқушылардың мінез-құлқына және оқу үлгеріміне тікелей әсер ететінін анықтаған[3]. Оның пайымдауынша, эмоционалды интеллектісі дамыған мұғалімдер оқушыларға білім берумен қатар, олардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. С.Т. Иманбаева мен Ш. Майгаранова болашақ педагогтарды даярлау барысында эмоционалдық интеллектіні дамыту қажеттілігін атап көрсетеді. Олардың пікірінше, EQ деңгейі жоғары мұғалімдер оқыту процесінде стресстік жағдайларды оңай еңсеріп, оқушылармен тиімді қарым-қатынас орната алады.

Эмоционалдық интеллекттің оқыту процесіндегі маңыздылығын дәлелдейтін көптеген ғылыми зерттеулер бар. Педагогикалық тәжірибе көрсеткендей, эмоционалдық интеллекті жоғары мұғалімдер оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, олардың бойында сенімділік қалыптастырады. Сонымен қатар, мұғалімнің эмоцияларды басқару қабілеті оқушылардың оқу үлгеріміне ғана емес, олардың психологиялық әл-ауқатына да әсер етеді.

Осы мақалада бастауыш сынып мұғалімінің эмоционалдық интеллектісі оқыту үдерісіне қалай әсер ететіні жан-жақты қарастырылады. Эмоционалдық интеллекттің теориялық негіздері мен оның білім беру процесіндегі рөлі талданып, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері негізінде EQ-ді дамыту жолдары ұсынылады. Зерттеу барысында педагогикалық-психологиялық еңбектерге сүйене отырып, эмоционалдық интеллекттің оқыту сапасына және оқушылардың эмоционалдық дамуына тигізетін ықпалы сипатталады

1. Эмоционалдық интеллект және бастауыш сыныптағы оқыту үдерісі

Эмоционалдық интеллект – адамның өз эмоцияларын түсініп, оларды реттей білу, өзгенің сезімдерін тану және тиімді қарым-қатынас орнату қабілеті. Бұл ұғым алғаш рет Питер Саловей мен Джон Майердің еңбектерінде қарастырылып, кейін Дэниел Гоулман оны кеңінен дамытты [1]. Оның пайымдауынша, мұғалімнің эмоцияларды басқару және эмпатия қабілеті оқу үдерісінің тиімділігін арттырады [2].

Бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне байланысты эмоционалдық тұрғыдан тұрақсыз келеді. Олар мұғалімнің дауыс ырғағына, мимикасына, қарым-қатынас стиліне ерекше мән береді. Егер мұғалім эмоционалды тұрақты, мейірімді және қолдаушы болса, балалар өзін қауіпсіз сезініп, оқуға деген қызығушылығы артады. Керісінше, мұғалімнің эмоционалдық тұрақсыздығы оқушыларда үрей, сенімсіздік және сабаққа деген ынтаның төмендеуіне алып келуі мүмкін [3].

Мен өзім практика кезінде эмоционалдық интеллекттің маңызын анық байқадым. Сабақ барысында кейбір оқушылар тапсырманы орындауда қиналып, жауабын таба алмай жатты. Мұғалім оларға түсіндіруден гөрі, ашуланып: «Білмесең неге тақтаға шығасың?» дегендей сөздер айтты. Бұл оқушының өзін төмен сезінуіне және қорқынышқа бой алдыруына әкелді. Ал мұғалім сәл сабырлық танытып, басқаша сөйлегенде, бала өзіне сенімді болар еді. Бұл жағдай мұғалімнің эмоционалдық интеллекті төмен болған кезде оқыту үдерісіне қалай теріс әсер ететінін көрсетеді.

2. Мұғалімнің эмоционалдық интеллектісі оқушыларға қалай әсер етеді?

Эмоционалдық интеллекттің бастауыш сыныптағы оқыту үдерісіне әсерін бірнеше негізгі аспектілер арқылы қарастыруға болады:

1) Оқушының оқу мотивациясын арттыру.

Мұғалімнің эмоциялық қолдауы оқушының өзіне деген сенімін күшейтіп, сабаққа деген ынтасын арттырады. Гоулман зерттеулерінде мұғалімнің эмоционалды қолдауы бар сыныптарда оқушылардың үлгерімі жоғары болатынын дәлелдеген [4].

2) Оқушылардың психологиялық саулығы.Эмоционалдық интеллекті жоғары мұғалімдер стресстік жағдайларды дұрыс басқара алады. Бұл оқушыларға да оң әсер етіп, олардың эмоционалдық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қ.Т. Қуанжанова зерттеуінде мұғалімнің эмоционалдық қолдауы оқушылардың қорқынышын азайтып, олардың әлеуметтік дағдыларын дамытатынын анықтаған [5].

3) Оқушының өз эмоцияларын басқаруды үйренуі.Бастауыш сыныпта баланың эмоционалдық дамуы қалыптасады. Егер мұғалім өз эмоциясын дұрыс басқарып, оқушыларға үлгі көрсетсе, балалар да өз эмоцияларын бақылауды үйренеді. С.Т. Иманбаева мен Ш. Майгаранованың зерттеулерінде эмоционалды интеллектісі жоғары мұғалімдердің оқушыларға сабырлық, эмпатия, өз ойын дұрыс жеткізу дағдыларын үйрететіні айтылған .

Тағы бір мысал, мен практика кезінде бақылаған тағы бір жағдай: сабаққа белсенді қатысатын, бірақ қатесін мойындауға ұялатын бір оқушы бар еді. Ол бір тапсырманы орындау барысында қателесіп, мұғалімнің қатаң дауысы мен қатаң көзқарасынан кейін үндемей қалды. Бұл баланың қателесуден қорқуына әкелді. Егер мұғалім «Жарайсың, сен жақсы тырыстың, енді қателігіңді бірге түзетейік» деп айтса, оқушы өзін жайлы сезініп, әрі қарай белсенділік танытар еді.

3. Бастауыш сынып мұғалімінің эмоционалдық интеллектісін дамыту жолдары.Мұғалімдердің эмоционалдық интеллектісін арттыру үшін келесі тәсілдер ұсынылады:

1. Өзін-өзі тану және эмоцияларды басқару – мұғалім өз эмоциясын түсініп, оны тиімді басқара білуі керек. Күнделік жүргізу, өзін-өзі бағалау әдістері көмектеседі.

2. Эмпатияны дамыту – оқушылардың жағдайын түсіну үшін мұғалім белсенді тыңдау дағдыларын меңгеруі қажет.

3. Стрессті басқару – медитация, тыныс алу жаттығулары, спортпен айналысу сияқты әдістер эмоционалды тұрақтылықты сақтауға көмектеседі.

4. Коммуникативтік дағдыларды жетілдіру – тренингтер, рөлдік ойындар мұғалімнің қарым-қатынас дағдыларын жақсартады.

Эмоционалдық интеллекті жоғары мұғалімдер оқушылардың білім алу сапасына, психологиялық әл-ауқатына және мектептегі жалпы атмосфераға оң әсер етеді. Сондықтан педагогикалық білім беру жүйесінде бұл аспектіні дамытуға ерекше мән берілуі тиіс

4. Мұғалімнің эмоционалдық интеллектісі: тәжірибеден алынған сабақтар

Мен өзім де оқушы болдым және сол кезде мұғалімдердің эмоционалдық интеллектісінің маңызын өз басымнан өткердім. Кейбір мұғалімдер бізге сабақты дұрыс орындай алмасақ, ұрсып, жоғары талаптар қоятын. Мұндай жағдайда кейбір оқушылар қорқып, сабаққа деген ынтасын жоғалтатын. Керісінше, кейбір мұғалімдер бізге түсіністікпен қарап, қателерімізді түзетуге көмектесетін. Олар бізді жігерлендіріп, өзімізге деген сенімділігімізді арттыратын.

Бұл тәжірибелер маған мұғалімнің оқушыларға қалай әсер ететінін жақсы түсінуге көмектесті. Мысалы, бастауыш сыныпта бір мұғаліміміз бар еді, ол әрбір оқушының жауабын мұқият тыңдап, қателескен жағдайда бізді ұялтпай, керісінше, дұрыс жауап табуға бағыттайтын. Оның сабағында өзімді еркін сезінетінмін және жаңа нәрсені үйренуге деген қызығушылығым арта түсетін. Ал екінші мұғаліміміз қатаң талап қойып, бізді қатал сөгіп, кішкентай қателіктің өзін үлкен мәселе ретінде қабылдайтын. Ол кісіге сабаққа келгенде қобалжып отыратынбыз, өйткені қателескен жағдайда бізді жазғыратынын білетінбіз.

Бұл тәжірибелерден мынадай қорытынды жасауға болады: мұғалімнің эмоционалдық интеллектісі оқушылардың өзін қалай сезінетініне тікелей әсер етеді. Егер мұғалім оқушыны түсініп, қолдау көрсетсе, онда бала өзін жайлы сезініп, сабаққа белсене қатысады. Ал керісінше, мұғалім тек талап қойып, оқушының эмоциялық жағдайына мән бермесе, онда ол баланың өзін төмен сезінуіне, қорқынышқа бой алдыруына әкеледі.

Осыған байланысты, Дэниел Гоулманның эмоционалдық интеллект теориясын басшылыққа ала отырып, бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың сезімдерін ескеріп, оларға жанашырлықпен қарауды үйренуі керек. Сондай-ақ, эмоционалдық интеллект мұғалімнің өзіне де қажет: ол стресс жағдайларында сабырлы болып, оқушылармен жағымды қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, мұғалімнің эмоционалдық интеллектісі бастауыш сыныптағы оқыту үдерісіне тікелей әсер етеді. Мұғалімнің оқушыларға деген қарым-қатынасы олардың оқу мотивациясына, өзіне деген сенімділігіне және психологиялық жай-күйіне ықпал етеді. Эмоционалдық интеллекті дамыған мұғалім оқушылардың эмоцияларын түсініп, қолдау көрсете алады, бұл өз кезегінде тиімді оқу ортасын қалыптастыруға көмектеседі.Тәжірибе көрсеткендей, мұғалімнің эмоционалдық реакциясы оқушылардың оқу үлгеріміне ғана емес, олардың өзін бағалауы мен болашаққа деген көзқарасына да ықпал етеді. Оқушылар мұғалімнің сенімі мен қолдауын сезінгенде, өздерін еркін ұстап, жаңа білімді игеруге деген ынтасы артады. Ал керісінше, мұғалімнің эмоциялық тұрақсыздығы, тым қатал немесе салқын қарым-қатынасы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетіп, олардың өзіне деген сенімсіздігін арттырады.Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі үшін эмоционалдық интеллектті дамыту маңызды. Бұл педагогикалық шеберлікті арттырумен қатар, оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасайды.



Әдебиеттер тізімі:

1. Саловей П., Майер Дж. Эмоциональный интеллект: Теория, развитие, применение. – М.: Изд-во Института Психологии, 1990.

2. Гоулман Д. Эмоциональный интеллект: Почему он может значить больше, чем EQ. – М.: Манн, Иванов и Фербер, 2018.

3. Қуанжанова Қ.Т. Эмоционалды интеллект және оның оқыту үдерісіне әсері // Педагогика және психология журналы, 2022.

4. Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш. Бастауыш сынып мұғалімдерінің эмоционалдық интеллектін дамыту мәселелері // Қазіргі білім беру мәселелері, 2023.

5. Әбілқасымова А.Е. Педагогикалық шеберлік және мұғалімнің тұлғалық қасиеттері. – Алматы: Қазақ университеті, 2019.

























21 Мамыр 2025
68
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі