Материалдар / Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу пәнінде ұйымдастырылатын шығармашылық жұмыстар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу пәнінде ұйымдастырылатын шығармашылық жұмыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
устаздар окушылар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
451
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Курстық жұмыстың өзектілігі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2008-жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі бастауыш сынып білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек» деп атап көрсетті.

мақсаты. Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды ұйымдастыруда теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемесін жасау.

.

Міндеттері:

1 Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту проблемасын теориялық тұрғыда қарастыру және оны қазіргі кезеңде дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау.

2. Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда моделін құру.

3. Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда нақты әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

























І. Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері


1.1 Оқушылардың шығармашылық тұлғасын дамытудың ғылыми педагогикалық мәселелері


Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді дағдыларды меңгер»етін, кайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл әрине оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы оқушылардың шығармашылық әрекеті ғылыми-педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген.

Оқушылар бойында «шығармашылық әрекет тәжірибесін» қалыптас-тыру қажеттігі туралы 80-жылдары-ақ И.Я.Лернер жазған болатын. Қазіргі нарық заманындағы жағдай мұны дәлелдей түседі.

В.В. Давыдов «жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр; жеке тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және кабілеттілігіне байланысты» деп есептеген. Б. Д. Эльконин шығар-машылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық — бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздык, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын. дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады».



ІІ. Бастауыш сыныптағы оқушылардың қабілетін оқу процесінде дамыту


2.1 Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру


Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап кетсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.

Мектептегі оқу процесі оқушылардың ізденімпаздығын, танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуына жол ашуы қажет.

Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып, оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына, адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді.


Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой-пікірлері қалыптасады. Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:

  • өзіндік пікірлерін дәлелдеу;

  • пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;

  • өзінің жолдасына, мұғалімдерге сұрақ қоюы;

  • жолдасының жауабына пікір айту;

  • сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;

  • үлгерімдері нашар сыныптастарын оқытумен айналысу;

  • үлгермеушілерге түсініксіз жерлерін түсіндіру;

  • өз бетімен қиындау тапсырмаларды таңдау;

  • танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;

  • өзіндік бағалауға жағдай туғызу, өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;

  • танымдық тапсырмаларды шешуде бұрында білетін әдісті қолдану арқылы орындау.



Шығармашылық дегеніміз — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.

Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін дамыту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.

Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан ойлануға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады. Мысалы:

1. Берілген сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп жаз.

қыран

қала

Дархан

мұз

бұлақ

есек

қысым

сүт

киім

2. Берілген сөздерге (зат есімге) бір әріп қосып, мағынасы өзгерген сөз жаз.

қала + (қ) таба +(н)

ат + (а) ел + (у)

бақа + (н)

Осындай сөздікпен жүргізілген жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді.

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын дамыта түседі.



Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымызда қолданамыз:

1. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

2. Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.

3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.

5. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.

6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.

7. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)

8. Өлең, мақалдар құрастыру.

9. Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.

10. Кейіпкерге мінездеме беру.

11. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.

12. Рөлге бөліп оқыту.

13. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)

14. Диалог-ертегі.

15. Образға кіру.

Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземіз. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Олар: образға кіру, , суырыпсалма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.

І тапсырма «Образға кіру»

Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды.

ІІІ тапсырма «Суырыпсалма ақын»

Бастауыш сыныптарда шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған жөн. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы қалыптасып дамиды.

Мысалы «Жаңбыр ойыны»

Іс-әрекет жасаудың маңызы ерекше. «Жаңбыр» ойыны кезінде мұғалімнің айтқан құбылыстарын оқушылар сол сәтте, әрқайсысы өз беттерінше найзағай ойнады, жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп құйып жауды, жел бәсеңдеді іс-әрекет арқылы көрсетеді. Осылайша оқушыларды сергіте отырып, қызығушылықтарын туғызған соң «Жаңбыр» өлеңіне сай суырыпсалмалықтың ең алғашқы сатысын орындатуға болады. Ол үшін тірек-сөздер қолданамыз:жаңбыр, дала, тау, қала, бау, ауыл.

Мұғалім

Оқушы

Жаңбыр жауды

Далаға

Жаңбыр жауды

Қалаға

Жаңбыр жауды

Ауылға

Жаңбыр жауды

бауға да

Көктемгі кез, жазғы мезгіл, күзде бәрі, қыста бәрі, көрікті, жаңаша, әдемі, тамаша. (өлең шығарады)

ІҮ тапсырма «Диалог-ертегі»

Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, былай бастайды: «Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты…» 1-оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті…» десе, 2-оқушы: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті…» — міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтауы тиіс.

Ү тапсырма «Жұмбақтар, мақалдар құрастыру» арқылы оқушылардың ой-өрісі дамиды.

1. Суреті бар, хабарлайды,
Жәшікте тұрып жыбырлайды.
Ән салады, би билейді,
Көңіліңді көтереді. (теледидар)

2. Жерге түсірсең, секіреді. (доп)

3. Бізге жарық береді,
Бассаң, жоқ болып кетеді. (электр шамы)

4. Өзі әдемі, иісі жұпар,
Оны туған күніне сыйлар. (гүл)

5. Өзі гүл сияқты,
Күн көзін сүйер.
Ішінде дәні бар,
Балалар оны шағып жер. (күнбағыс)

Мақалдар

1. Еріншек болсаң,
Наның жоқ.
Еңбекқор болсаң,
Қарның тоқ.

2. Еңбексіз нан жоқ,
Нансыз өмір жоқ.

3. Бір сәттік бақытқа,
Алланы ұмытпа.



жас ұрпақтарымыз еліміздің ертеңгі өмірінде білімді, білікті азамат, саналы қайраткер болып қалыптасу үшін, өмірден дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай білуге үйренуі қажет. Осы мәселені шешу үшін оқыту мазмұнында әдіс… тәсілдердің де озығын пайдалану керек деп ойлаймыз. Өз іс-тәжірибемізде дамыта оқыту және сын тұрғысынан ойлау арқылы төменгі сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлеміз. Шығармашылық іс-әрекеттер алға қойған проблемамен бетпе… бет келген кезде жүзеге асады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын қазақ тілі сабағында қалай іске асыратыныма тоқталып өтейік.





Сабақта жаңылтпашты құрғақ жаттатпай, шығармашылыққа баулу жұмыстарын іске асырамын. Мысалы:

1. Бұл… піл, бұл ірі піл.

2. Шеше, шеше,

Неше кесе Сынды кеше?

Осы екі жаңылтпашты қатыстыра отырып мәтін құрастыруға тапсырма берілді.

Мәтін.Айдардың шешесі ас үйде кеселерді жуып тұрды. Бір кезде үйге дәу піл кіріп келді. Қасында тұрған Айдар қорқып кетті де, қатты жылап жіберді. Шешесі қолындағы кесесін жерге түсіріп алды. Кесе сынып қалды.Шешесі оған:

— Айдар, жылама, қорықпа! Бұл — піл, бұл —ірі піл ғой. Ол саған тиіспейді, — деді.  — Шеше, шеше, неше кесе, сынды кеше?, — деп сұрады. Шешесі күлімсіреді де, ұлының басынан сипады.

Қорытынды: өзіміздің іс… тәжірбиемізді қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.

1. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.

2. Оқушылардың білім сапасы көтерілді.

3. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артты.

4. Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата… аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.

5. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын.

6. Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата… аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.

7. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын.

8. Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата… аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.

9. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын.


Қорытынды


В.Сухомлинский "Шығармашылық арқылы тұлғаның рухани байлығы қалыптасады, шығармашышық адамды адамға тартатын магнитпен тең. Сондықтан да мектептің, мұғалімнің, ата-ананың, тәрбиешілердің негізгі мақсаты баланы өмірге, еңбекке шығармашылықпен қарауға үйрету"деп атап көрсеткен.

Сондықтан, баланың бойындағы шығармашылық қабілетті ашып, толыққанды тұлға қалыптастыруда өнердің, оның ішінде поэзия, драматургияның рөлі ерекше.


8


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!