Материалдар / Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану арқылы коммуникативті біліктіліктерін дамыту
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану арқылы коммуникативті біліктіліктерін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану арқылы коммуникативті біліктіліктерін дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2022
268
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

811.111

Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуда ойын әдісі арқылы коммуникативті біліктіліктерін дамыту

Акмурзаева Аягөз Нұрболатқызы

ayagoz.akmurzaeva@mail.ru

М.Өтемісов атындағы БҚУ филология факультетінің студенті. Ғылыми жетекші – Ешмуханова Назгул Бергенбаевна

Орал, Қазақстан


Аннотация: Бұл мақалада ағылшын тілін оқытуда бастауыш сынып оқушыларын ойын әдісі арқылы коммуникативтік біліктілігін арттыру жолдары қарастырылған. Өз мақаласында автор ағылшын тілін ерте жастағы оқушыларға қалай оқыту керектігін және сол арқылы бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті біліктілігін нығайту жолдарын нақтылауға баса назар аударады.

Кілт сөздер: ерте жастан білім алу, коммуникативтік құзыреттілік, әдістеме, көптілділік, тілдік жүйе.

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру. Осы мәселені шешу білім беру мазмұнын жаңа шыландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру болып табылады. Қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығушылығын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде, демек бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениет аралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Күнделікті бір сарынды, дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтыратыны сөзсіз. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін, сабақ барысына жаңалық енгізу қажет. Сол арқылы біз оқушылардың бойында ізденімпаз, шығармашыл, ойлау, ізденіс қабілеттерін қалыптастырамыз. Бастауыш сыныпта ол үшін ойын технологиясын қолданған жөн. Ойын технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек, себебі санына емес сапасына назар аударған жөн. Ойын ойнау арқылы балалар өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын – балалардың ең негізгі әрекеті болды. Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге жете алмайтының түсінікті. Сабақта ойын әрекеті болу керек екендігін аңғарылды. Бірақ қандай деңгейде? Сабақтың қай кезеңінде? Қай кезде жақсы нәтиже береді? Оқу барысындағы ойындық технологияның орны мен ролі, ойын және оқу элементтерінің үйлесімі көп ретте мұғалімнің педагогикалық қызметімен топтастыруын түсінуіне байланысты. Бірінші кезекте әрекет ету барысына қарай ойындарды физикалық (қимылдық), интеллектуалдық (ақыл-ой), еңбек әлеуметтік және психологиялық деп бөлу қажет. Педагогикалық барысының сипатына қарай ойын мынадай топтарға бөлінеді:

  • оқытып-үйрететін, жаттықтыратын, бақылайтын және жинақтайтын;

  • танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;

  • өнімді, шығармашылық;

  • коммуникативті, кеңес беруші, кәсіби бағдарлы, психо-техникалық және т.б.

Сабақта қолданатын дидактикалық ойындарды 4 топқа бөлуге болады

  • лексикалық;

  • фонетикалық;

  • грамматикалық;

  • орфографиялық [1., Б. 112].

Оқыту процесінің әр түрлі сатысында ойын түрлері де танымдық мақсатты көздей алады, оқушының жас ерекшелігіне қарай әр түрлі формада қолданылады:

  • Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

  • Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.

  • Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.

  • Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.

  • Уақытты үнемдеуге үйретеді.

  • Оқушылар үшін психологиялық жағымды.

  • Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.

  • Оқушылар үшін қауіпсіз.

  • Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;

  • Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;

  • Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға (2, 70).

Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданған тиімді. Мысалы: «доппен ойыны» балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін, яғни жалғастыру керек. «Сұрақ қой» ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар жатады, оқушылар әр затқа сұрақ қою керек, «Затты тап» ойынында мұғалім әлдебір затты газетпен жауып, сұрақтар қою барысында оқушылар ол не зат екенін шешу керек, «Сөз құра» суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек, «Дым білмес» ойынында дым білмес тақтадағы сөзді немесе карташыдағы санды дұрыс оқымайды,мысалы: мұғалім 20 санын көрсетеді, ал дым білмес It’s twelve десе, сынып түзетіп No, it’s twenty деп жауап беру керек, «Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл түсті карташы көрсетіп «What color is it?» балалар It's red деп жауап береді. Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. Бұл ойындар оқушының сөйлеу тілін жаттықтырады, яғни коммуникативтік құзіреттілікті арттырады. Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды, мысалы: “colours”, “friends”, “ school”, “family”. Сонымен қатар оқушы құзыреттіліктерін дамытатындай рольдік, сюжеттік ойындардың да маңызы зор. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: «Our house» ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді.

  • Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;

  • Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;

  • Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға (2, 70).

Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей:

  • Рөлдік ойындар.

  • Іскерлік ойындар.


Рөлдік ойындар интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі. Рөлдік ойындар екіге бөлінеді:

  • Әрбір оқушы рөлде ойнайды.

  • Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды.


Іскерлік оқу ойындарға келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойнау.Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазады. Блиц оқу ойындары туралы айта кетсек, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады.мынадай түрлері болады: фотосуреттерді баяндау(отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер тақырыбы бойынша), шындық детекторы (дұрыс, қате), т.б. Өндірісті ойындарда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар күрделі мәселелерді шешуге болады. Мысалы, «Қоршаған орта немесе қоқысты қайта жіберуге болады» деген тақырыптарда. [3]. Мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөлуге болады. Олар: дайындық ойындары және шығармашылық ойындары. Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографикалық ойындар жатады. Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді. Сол себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді. Мысалы, затты тығып қойып, ағылшын тілінде «Менің көзілдірігім қайда?» немесе «Мынау не?» деп сұрақ қою. Сөз орын да есте сақтау оңай емес болғандықтан, ойын ойнатқан жөн деп есептеймін. Мысалы, «Домино», «Бинго» ойындары, қызықты геометриялық фигураларды сызып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай, ретсіз жазып қойып, атап беру. Фонетикалық ойындар сөзді дұрыс айтуға арналған. Ал орфографикалық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу.Әдеттегідей ойынға оқушылар 2-3 топқа бөлінеді. Бұл ойындарға дайындықтың қажеті жоқ, тек қана оқушыларды ойынның шарттарымен таныстырамын. Бұл ойындарды шығармашылық ойындардың қатарына қосуға болады [3].


Сонымен қатар әртүрі викториналар, жағдаяттар, берейін ринг, рөл ойындарын, мысалы, «Жұлдызды сәт», «Таңғажайып алаңында», «XXI ғасыр көшбасшысы» ойындарын өткіземін.ойындардың бәрі дамыту ойындарына жатады. Ең бастысы, белгілі бір нәтижеге жету үшін сабаққа үздіксіз дайындаламын, көп ізденемін, тиімді жолдарын тауып, оқушыларға дәріс беруге ынтамын [3]. Оқытушы ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар оларды ойын үстінде дұрыс шешім қабылдай білуге жетелеуі маңызды болып табылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін де пайдаланған абзал. Біздің мақсатымыз –ақыл –ойын, сезімін, білімін, құзыреттілігін еркін үйлесімділікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген тұлға тәрбиелеу. Бұл ретте білім мен тәрбиені ұштастыра отырып оқушылардың бойында өзіне сын тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш салуымыз қажет. Ол үшін әңгіме, пікірталас, және басқа әдіс –тәсілдерді, сондай –ақ ролдік, іскерлік ойындарды енгізіп отырған жөн. Ойын әдісі – оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу білік дағдыларын қалыптастырады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады. Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

  • Ойынның мақсаты нақты болуы керек;

  • Ойын тәртібі әбден түсіндірілуі керек;

  • Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болуы керек;

  • Оқушылар түгел қамтылуы тиіс;

  • Дұрыс шешім қабылдауға дайын болу керек [4].

Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушы құзыреттілігі дамиды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту», деп көрсетілген [5]. Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы. Осыған байланысты мектеп мұғалімдері 1-4 сыныптарға арнап авторлық бағдарлама жасады. Бағдарламаның мақсаты: оқушыларды әр түрлі соңғы әдістемелер арқылы еркін де сенімді сөйлеуге үйрету, коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында, қоғамдық орында қолдануға дағдыландырып, білім деңгейін тереңдету, ағылшын және қазақ елдері туралы ауқымды мағлұмат беру, таныстыру. Бағдарлама бойынша 1 сыныпта ауызша кіріспе курсы жүреді, оған ең негізгі деген тақырыптар таңдалып алынды. Мысалы: Жанұя, түр-түс, 1-10 дейінгі сан, жануарлар, ауа-райы, спорт, дене мүшелері ең жиі кезігетін етістіктер, модальды етістік, «болу» «бар болу» етістіктерін қолдану. Ал 2 сыныптың бірінші жарты жылдығында өткен сынып материалдарын қайталау болып табылса, екінші жарты жылдықта әріптерді танып, жазуға үйренеді, сөздік қорын кеңейтеді. Келесі сыныптарда тақырып ауқымы кеңіп, грамматикалық материалдар қосылып білім аумағы кеңейе береді [6]. «Заманына қарай адамы» деген сөз бар емес пе? Соны ескерсек,бүгінгі таңда келешектің мықты маманы деп, бірнеше тілді меңгерген жан-жақты адамды ғана айта аламыз. Басқа мемлекеттермен қатарлас ұрпақ тәрбиелегіміз келсе,онда біздің міндет оларға сапалы білім беру және тілді үйрету. Ал, балалар тілді ертерек кездерінде жақсы меңгереді. Сол себептен ағылшын тілін 1 сыныптан бастап оқыту қолға алынды. Бастауыш сыныптың оқушылары барлығын тез қабылдап алатындықтан, оларға ойын түрінде сабақ өткізу өте тиімді әдіс болып табылады. Себебі, осы жаста балалардың негізгі әрекеті ойын екені мәлім. Ойын арқылы балаларды тез ойлауға,еркін сөйлеуге, жылдам әрекет жасауға, есте сақтауға үйретеміз. Жалпы сабақты қызықты етіп өткізу мұғалімге байланысты, сондықтан ұстаздар үшін ағылшын тілі сабағында ойынның бірнеше түрлерін қолданған жөн. Тілді үйрену үшін ойындар көптеген септігін тигізеді. Ойын басарында бала өзін еркін сезініп, барлықтары тең болып тілді үйренуге талпынады. Болашақта өздеріне қандай мамандық таңдаса да,шет елдеріне ойланбастан барып, олармен тәжірибе алмасуларына жағдай дайын болады. Негізінен барлық білім базасы бастауыш сыныпта қаланады. Сол себептен, ағылшын тілін де үйрену осы кезден басталады. Сабаққа кедергі келтірмейтіндей етіп, ойын сабақтарын араластырып отыру қажет. 21 ғасырдың тілі ағылшын тілі екені бәріне аян. «Ойын бала үшін өмірлік тәжірибе» деп М. Жұмабаев айтып өткендей, өмірге деген дайындығы осы жолдан бастау алады.




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Верещагина И.Н., Рогова Г.В. Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учреждениях. – М.., 2004.

  2. Ботағарина Г. Ағылшын тілін оқытудағы бүгінгі белес // Білім, 70-бет, №3, 2006 ж.

  3. Ахметов Н. К., Хайдаров Н. Ж. Игра как процесс обучения. – Алма–Ата: «Знание», 1985.

  4. Петров А.В. Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу. 2001.

  5. «Білім туралы» Заңы, 2007 ж.

  6. Амандықова Г.Н., Мұхтарова Ш.Е., Баймұқанова Б.С. Шет тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2002.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!