Материалдар / Батыр туса - ел ырысы "Қобыланды батыр" жыры 3 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Батыр туса - ел ырысы "Қобыланды батыр" жыры 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Батыр туса - ел ырысы "Қобыланды батыр" жырынан үзінді тақырыбындағы 3 сыныптарға арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2021
1495
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КМҚК








Бекітемін _____________

Әдіскер: Табилтай С.

Келісемін _____________

Сынып жетекшісі: Құдайберген Г.Т.






Сабақ жоспары








Тақырыбы: Батыр туса - ел ырысы. «Қобыланды батыр» жыры

Өтетін орны: «№3 ЖОББМ» КММ

Сыныбы: 3 «б»

Мерзімі: 12.10.2021

Тобы: 42

Машықкер: Мұратбекова Аяулым

Бағасы: _______________









Семей 2021 жыл

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Батыр туса - ел ырысы

Күні: 12.10.2021

Практикант: Мұратбекова А.

Әдіскер: Табилтай С.

Мектеп мүғалімі: Құдайберген Г.Т

Бағасы:

Қолы:


1-сабақ.

Бөлім:

2-бөлім: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Педагогтің аты-жөні:

Мұратбекова Аяулым

Күні:

12.10. 2021ж

Сыныбы: 3 «Б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Батыр туса - ел ырысы. «Батырлар жыры»

«Қобыланды батыр» (жырдан үзінді)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Дереккөздермен жұмыс жасай алады

Көпшілік оқушылар үшін:

Дереккөздерден нақты ақпарат ала алады

Кейбір оқушылар үшін:

Дереккөздерден алынған ақпаратты сызбаға сала алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Сергіту сәті: «Ағаш. Бұта. Өсімдік.»

Оқушылардың байқағыштықтары мен жылдамдықтарын дамытатын сәт. Орындалатын іс-әрекет:

  • «Ағаш» - қолдарын жоғары қарай созып, қол бұлғайды;

  • «Бұта» - қолдарын екі жаққа созады;

  • «Өсімдік» - отырады.

3. Үй тапсырмасын «Алтын балық» әдісі арқылы сұрау. Алтын балықтың арманы: «оқушылардан үй тапсырмасын сұрау». Бүгінгі сабақта оның арманын орындаймыз.

Қойылатын сұрақтар:

  1. Абайдың 38-қарасөзі не туралы?

  2. Абайдың неше қара сөзі бар?

  3. Надандық дегенді қалай түсінесіз?

  4. Еріншектік дегенді қалай түсінесің?

  5. Абай осы қарасөзімен оқушыларға не айтқысы келді?


Мақсаты: Оқушылар жылдамдық және байқағыштық дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылардың көңіл-күйін көтереді және белсенділіктерін арттырады.

Алтын балық макеті

Сабақтың ортасы

3 мин

1-тапсырма. Ширату тапсырмасы:

Бес қаруы сайланған,

Қылышы бар қайралған,

Жауды көрсе таймаған,

Шайқасып, жерін қорғаған, бұл кім?

Мұғалімді тыңдай отырып, ойланады. Жұмбақтың шешімін тауып, бүгінгі сабаққа кіріспе жасайды.

Жұмбақ шешуі: батыр



Дескриптор: Жалпы-2 балл

- Оқушылар жұмбақтың шешімін табады

7 мин

2-тапсырма:

- Оқушылар, оқулықтағы «Батырлар жыры» мәтінін түсініп оқып, «Тірек-сызба» әдісімен таратылған кестені толтырасыздар.

Мұғалім бірінші оқиды, кейін оқушылар оқушылар оқытады.

Мұғалім оқыған мәнерді тыңдап, мәтінді қайта оқиды. Оқып, түсінгендерін таратылған кестеге жазады.


Дескриптор: Жалпы-5 балл.

- Мәтінді түсініп оқиды, ақпаратты кестеге салады.

Оқулық, таратпа материал (кесте)

7 мин

3-тапсырма:

Оқылым тапсырмасы. Қобыланды батыр жырынан үзіндіні кезек-кезек «Шахмат» әдісі арқылы оқытады.

Жаңа сөздермен таныстырады. Жаңа сөздер: қыпшақ, қар, қарысты, сүңгі, тақым, шәрі.

Оқушылар жырдың үзіндісін мәнерлеп оқып, жаңа сөздердің мағынасын естеріне сақтайды. Уақыт үнемдеу үшін барлық оқушы емес, «Шахмат» әдісі бойынша оқып шығады.

Дескриптор: Жалпы-4 балл.

- оқушылар жырды мәнерлеп оқып, түсінеді.

Оқулықтағы «Қобыланды батыр» жырынан үзінді


7 мин

4-тапсырма:

Қажетті көрнекіліктерді тақтаға іледі. Оқушыларға ойналу үшін 1-минут уақыт беріледі. «Ашық микрофон» әдісі оқушылардың пікірін тыңдайды. Көмекші құрал ретінде сұрақтар қояды.

-Суреттегі батырлар кімдер?

-Олардың тұлпарларының –аты?

-Киімдеріне сипаттамам бер?

-Қару-жарақтарын ата.

- Тағы қандай батырларды білесің?

Суретке қарап өз ойларымен бөліседі. Суреттегі батырларға қарап, олар туралы ақпарат береді. Бұл үшін «Ашық микрофон» әдісі қолданылады. Көмекші сұрақтарға жауап береді.

WhatsApp Image 2021-10-09 at 14.42.23.jpeg


Дескриптор: Жалпы-3 балл.

Оқушылар суретке қарап болжам жасап, сипаттай алады.

Тапсырмаға қажет сурет, микрофон.

Рисунок 23




7 мин

5-тапсырма. Бекіту тапсырмасы:

«Күн шуағын шашайық» әдісінде көрнекіліктерді қолдана отырып, мақал-мәтелдердің жалғастыру тапсырмасын орындатады. Мақал-мәтелдер тақырыпқа байланысты, бекіту тапсырмасы ретінде қолданылады.

Оқушылар, бұлтқа жазылған мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, күннің бетін ашады. Батырлар тақырыбындағы мақалдарды жалғастыру арқылы алған білімдерін бекітеді. Мақал-мәтелдер:

  1. Батыр туса ел ырысы, Жаңбыр жауса ...

  2. Болат қайнауда шынығады,

Батыр ...

  1. Шешенді дауда сына,

Батырды ...

  1. Көз – қорқақ, ...

  2. Батырлық білекте емес ...


Дескриптор: Жалпы-3 балл

- Оқушылар мақалды жалғастыра алады.

Күн салынған плакат А3, мақалдар жазылған бұлт формасындағы қағаздар.

Сабақтың соңы

Рефлексия

3 мин.


«Бас бармақ» әдісі арқылы мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың кері байланысын алады.

Мақсаты: оқушылардың сабаққа деген көзқарасын білу

Тиімділігі: барлық оқушыдан бір уақытта кері байланыс алу

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабаққа эмоциялары арқылы қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушылардың кері байланысын «Бас бармақ» әдісі арқылы көріп, осыдан өзіне қорытынд жасайды.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі.

1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.












Халық шығармасы

Басты кейіпкері

Не мадақталған?

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!