Материалдар / Баяндама АӘЖТД сабақтарында даралап оқытуды ұйымдастыру. Дарынды балалармен жұмыс істеудің әдістемесі: әскери-техникалық байқаула
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама АӘЖТД сабақтарында даралап оқытуды ұйымдастыру. Дарынды балалармен жұмыс істеудің әдістемесі: әскери-техникалық байқаула

Материал туралы қысқаша түсінік
дарынды оқушымен жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2018
933
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БаяндамаАӘЖТД сабақтарында даралап оқытуды ұйымдастыру. Дарынды балалармен жұмыс істеудің әдістемесі: әскери-техникалық байқауларға дайындау(семинар-2сағат)Жоспар:1. Дарын, дарындылық деген ұғымды жалпы түсінік.2. Дарынды баланың міңез-құлқындағы ерекшеліктер.3. Дарынды балалармен жұмыс әдістері.

Кіріспе.Мақсаты: Дарынды баланың мінез-құлқындағы ерекшеліктер ескере отырып, педагогикалық үрдісті оңтайландыруМіндеті:
  • дарынды оқушыларға жол сілтей бермей, керісінше тәуелсіз әрекет етуге көмектесу;
  • дарынды баланың мінез-құлқындағы ерекшеліктерді ескере білуді меңгеру;
  • жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу үрдісінің педагогикалық қызметінің дұрыс ұйымдастырылуына жағдай жасау.
Семинар қаралатын сұрақтар:
  • Дарын, дарындылық деген ұғымды жалпы түсінік.
  • Дарынды баланың мінез-құлқындағы ерекшеліктер.
  • Дарынды балалармен жұмыс істеу әдістері.
Семинар барысы. 1. Дарын, дарындылық деген ұғымды жалпы түсінік.Демократиялық мемлекет болып қалыптасу кезеңінде Республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарынын белгілеуде дарынды балалар проблемасының өткір  көрінуі мүлде кездейсоқ емес. Зерттеулер көрсеткендей, халықтың кез – келген тобына еркіндік берілсе, онда ойлау, шешім қабылдау, қорлар мен  қызмет бөлісу сияқты атқарылатын реттеуші қызметті ой,  мақсаттарының ішкі өзегі етіп таңдайды. Ал бұл өзекті қалыптастыруда аса дарынды адамдардың маңызды роль атқаратындығы даусыз. Міне сондықтан да бұл проблема шешімінің елдің болашағы, қоғамның дамуы, оның шығармашылық потенциялының іске асырылуы жататындығынан көреміз. Сонымен, дарындылықпен жұмыс мәні – адам мүмкіндігін толық пайдалану мен елдің интеллектуалды күш – қуатының стратегиясының қорын жасау болып табылады.Дарын дегеніміз – адам бойында негізінен ана сүтімен, ата тегімен даритын құбылыс екенін өмір тәжірибелері дәлелдеп отыр. Дарын – адамның белгілі бір дүниеге психологиялық қабілеттілігі. Осы қабілетті дер кезінде анықтап. Оны одан әрі дамта білу қажет. Мектеп психологтары сынып жетекшілерімен бірігіп, әр түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы мәселесі толық шешпейтінімен, әр баланың қабілетін, болашақ бағытын анықтауға, оның дарындылығының дамуына мүмкіндік береді. Дарынды бала дегеніміз – болашақта жаңа технологияларды ойлап табатын, ізгі саясаткер, сенімді дәрігер, шебер музыкант, қайталанбас суретші, ол еркін, жауапты, жоғары адамгершілік иесі, бұл ұлттық құндылық. Және ол бұлармен қатар нәзік жаралған жан. Қоршаған ортасын жиі түсінбейтін, соңынан күншілдікпен қастандық ере жүретін, олардың әсерінен көбіне жойылып кететін, немесе ақылшы ұстазының оның көтеріңкі және еркін ойын дұрыс бағыттай алмау кінәсінен болады. Дарындылық жалпы адамзаттық мәдениетке және өзіндік құндылық болып қарастырылады. Және адам табиғатындағы өте сирек, ерекше құбылыс. Мұнымен өзара  тығыз байланысты көптеген сұрақтарға жауапты ерекше қабілеті бар адамдармен – жұмыс жасауда туындалатынын ескерген жөн.Қабілет дегеніміз - белгілі айқын әрекетте нәтижелі айналысуға көмектесетін тұлғаның өзіндік ерекшелігі. Дарындылық - адам психикасының өмір бойы жүйелі түрде дамып, басқалармен салыстырғанда адамның бір немесе бірнеше іс-әрекет төңірегінде әдеттен тыс, сирек кездесетін жоғары нәтижелерге жету мүмкіндігі.Жалпы білім беретін көпшілік мектептер  өте қабілетті балаларды тежейді  делінетін қалыптасқан пікірлерге керісінше, бұл жұмысты жүргізудегі мақсат – психиканың тұтас және жүйелі құбылысы болып саналатын дарындылықты ашуға қолайлы жағдайлар болып есептелінеді.2. Дарынды баланың міңез-құлқындағы ерекшеліктер: 1. Пәнге деген қызығушылық өте жоғары деңгейде. 2. Құбылыстар мен пәндер арасындағы байланысты қабылдай алу және сәйкес тұжырымдар жасау. 3. Есте сақтау қабілеті жақсы. 4. Сөздік қоры үлкен. 5. Дайын шешімді қабылдамау. Дарынды балалармен жұмыс стратегиясы
  • Мектеп – қателесуге рұқсат етілетін орын;
  • Әркім өз көзқарасын және өз ойын ашық айтуына болады;
  • Әрекетті немесе нәтижені сынау, жеке тұлғаны мақтау;
  • Оқушы тек өз-өзімен ғана салыстырылады;
  • Мұғалім мақтаудың ретін табуы керек;
  • Оқушыларға жол сілтей бермей, керісінше тәуелсіз әрекет етуге көмектесу.
Ш.Амонашвилидің айтуы бойынша мектеп өзінің негізгі мақсатын айқындауда, қандай адамға білім беруге және тәрбиелеуге ұмтылады, деген сұраққа алдымен жауап ойластыруы қажет дейді.Өзіміздің стратегиялық маңызымыз іспетті жеке тұлға қалыптастырудың мұндай моделін жасауға және мұнда болашақ ұрпақтың әлеуметтік бейнесін сипаттамасын айқындайтын: коммуникативтік, әлеуметтік психологиялық тұрақтылық сияқты  басым сапа анықталып, пайдаланылды. Жеке тұлғаның базистік қасиеттеріне: интеллект, мәдениеттілік, шығармашылық әлеуметінің жоғарылығын жатқызуға болады және олардың табыстан – табысқа жететін, іскер адам екендігін, әлеуметтік бейімділген, материалдық тәуелсіз, әзілге бай жан иесі екендігін атауға болады.Өйткені іскерлік әлемде тек қана жағдайды дұрыс бағдарлай алатын, тиімді шешім қабылдай білетін, бір сөзбен айтқанда өз ісіне әділ бәсекелестік ережесіне сай құрған адам ғана дұрыс өмір сүре алады. Мектеп бітірушінің жеке тұлғалық моделінің сапалық құрамы белгілі дәрежеде дарындылықты айта келгенде танымдылық, жігерлі -   эмоциялық, жекелік тәрізді 3 сфераны біріктіретін психикалық білім беру жүйесі түрінде атап көрсетеді. Мектеп бітірушінің жеке тұлғалық моделі мақсатын айқындауда бәрінен бұрын жетістікке жету жолы ретінде бала мектеп қабырғасында жүріп білім, білік, дағдыны меңгеріп қана қоймай, керісінше өмірге әлеуметтік – психологиялық бейімделу талдалынып ескеріледі. Мұндай оқу орнының статусы оның Концепциясында көп құрылымды мектеп, жаңару бағытындағы мектеп түрінде берілген.Комплекс – болу себебі оқыту мен тәрбиелеу төменгі мектеп алды даярлықтан бастау алады. Көп құрылымдылығы – бір үлкен  мектеп аясында бірнеше кіші мектеп орталықтар, өзіндік концентуалды ерекшеліктері бар біріңғай даму бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды.Социум – қоғамның әлеуметтік әркелкі топтары үшін қызмет жасайтын социум типі негізінде құрылым,  қызмет етеді.Инновациялығы – мектептің мүлде жоғары жетілуге ұйымшылдығы мен айқындалады. Міне осындай мектеп қана дарынды балаларды интеллектуалды және әлеуметтік дамуының өзара сәйкессіздігінен, әлеуметтік тежелушіліктен сақтандырып, олардың қажеттіліктерін қанағаттандырудың барлық шараларын қарастырады. Сонымен қатар соңғы ғылыми деректерге сүйенсек дарындылықты біз қарастырған бір ғана психологиялық білім беру тұрғысынан алмай, керісінше социум тұрғысынан, әлеуметтік шындық тұрғысынан зерделейді. Психологтар осы көзқарас   тұғысынан алып қарап, дарындылықты маңызды әлеуметтік қауыммен аймағында өте жоғарғы нәтижеге жетуге бейімділік деп санайды.Осыдан келііп негізгі міндет – мектепте дарынды балалар үшін нақты өмірге жақын кеңістік құру мәселесі көрініс табады. Мектеп социумда барлық оқушылардың,  сондай – ақ дарынды балалардың да өмірге бейімделуі үшін табиғи жағдай жасалады. Ал оқушының жеке дамуы деп дамушы жеке тұлғаның қоршаған орта мен өзара әрекеттестік принципі алынады. Қорыта айтқанда Концепциядағы ұжым қызметіндегі жетекші мінездемелердің бірі балалар дарындылығына қатысты алынып, балалар дарындылығын ашу, сақтау және дамыту әрбір тұлғаның жан – жақты дамуына қажетті жағдайлар жасау, сондай – ақ интеллектісін адамгершілік  қасиетін рухани және денсаулығын нығайту болып табылады.3. Дарынды балалармен жұмыс әдістері.Дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетінің даму тәжірибесі арнайы шығармашылық бағдарлама мен оқу материалдарының жоспары мен іске асырылуын шамалайды. Дарынды балаларды оқытудың болашақта шығармашыл тұлғаның әлеуметтік іске асырылуына ықпал ететін шығармашылыққа, қарым-қатынас жасай білуге, көшбасшылық және басқа тұлғалық сапаларды қалыптастыруға ықпал ететін арнайы бағдарламалар жоспарлануда.Ғылым білім беру мазмұнының проблемасында дамыта оқытуды күшті амал категориясында ертеден көтерді, өйтпегенде Концепция авторлары  білім беруді дамытуға болжам жасауда егер сол ақиқатты айқындамағанда, онда білім беруді сан алуан жеке – жеке мәлметтермен арнайы операцияларды орындаушы саласында ғана пайдаланып, білімнің қоғам және адамзаттық функциясын атқаруына тосқауыл қойып негізгі кедергі болар еді, олай болғанда білім беру мазмұнында жаңа бірлестіктерді анықтауды талап етеді. Сонымен дарынды балалармен жұмыста осындай қажеттілік пайда болды. Дүние жүзілік практикада мәлім болғандай білім беру мазмұны проблемаларының бірнеше шешімі пайдаланылады. Оларды атар болсақ:
  • Оқу пәндерінің интеграциясы
  • Білім беру мазмұнын модульдік формаға ауыстыру
  • Білім беруді гуманитаризациялау
  • Білім беру мазмұнына әрекет жайлы ұсыныстар ендіру
Мазмұнның әдістер және формаларымен байланысы психодидактиканың әрқашан маңызды проблемаларының бірі болып саналады және әрбір тарихи кезеңде әртүрлі жолмен шешілді. Ақыл – ой әрекетін қалыптастыру тәсілі – 60 жылдары В.В Давыдов және оның  жақтастарының еңбектерінің шығыуы дамыта оқыту проблемасын мазмұндық деңгейде шеше бастады. Ю.К. Бабанский сөзінен «саналуан тәуелді әдістер формасынан»... оқу материалы мазмұны негізгі және анықтаушы роль атқарады. Мақсат және мазмұн әдісті жасайды, ал бірақ керісінше емес.Пассов әртүрлі жастағы дарынды және талантты балаларға сәйкес арнайы оқу бағдарламасының 7 принципін ұсынды.
  • Оқу бағдарламасының мазмұны ой құрылымымен білімді ықпалдастыратын маңыздырақ мәселелерді, ойлар мен тақырыптарды  ұзақ, тереңірек үйретуді қарастыруы қажет.
  • Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы өндірістік ойлаудың дамуын қарастыруы керек, сонымен қатар ол оқушыларға бар білімін қайта ойлау және жаңасын игеруге мүмкіндік беретін тәжірибеде қолданылу дағдысын қарастыруы тиіс.
  • Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы оларға үнемі ауысып отыратын, дамып отыратын білімге және жаңа ақпараттарға қатынасу мүмкіндігін беруі керек, оларға білімді іздеп табуға талпыныс жасауға әсер етуі қажет.
  • Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы сәйкес келетіндерінің еркін қолданылуын және дайын болуын қарастыруы тиіс.
  • Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың ынтасын және оқу мен дамудағы еркіндігін кеңейтуі керек.
  • Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың санасы мен сезімін, бөтен адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен және т.б. жағдайлармен қарым-қатынас түсінігінің дамуына ықпал етуі қажет.
  • Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы алдыңғы маңызы бар принциптермен бірге бағалануы керек. Сонымен бірге балалардың күрделі ойлау процесіне, олардың шығармашылыққа икемділігіне және орындау шеберлігіне басты назар аударылады.
Қорытынды: Жеке ерекшеліктерді есепке алу маңызды жағдай. Мұғалім бұл мәселеде шектен шығып кетпеуі керек, яғни, баланың мүмкіншілігін артық бағалау да, ескермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді. Жеке тұлғаның бағыты – көзқарас, пікір, қажеттіліктер, қызығулар, бейімділік, іс-әрекет пен тәртіптің негізін салатын себептер, әдет және дағдылардан құрастырылады да солардан көрінеді. Бұлар өмір бойы қалыптасатын болады.

Пайдаланған әдебиеттер:
  • Абатурова В.В.О системе работы с одаренными школьниками в России /В. В. Абатурова //Профильная школа. - 2010. - № 3. - С. 10-13.
  • Азаров Ю. Ускоренное выявление и развитие детских дарований /Ю. Азаров // Воспитание школьников. - 2009. - № 1. - С. 25-30.
  • Алейникова И. Если за партой - гений...: учителя не прощают детям их одаренность / И. Алейникова //Управление школой: изд. дом Первое сентября. - 2010. - № 21. - С. 20-23.
  • Боровик В.Г. Роль инновационных общеобразовательных школ-интернатов в работе с одаренными детьми /В. Г. Боровик //Администратор образования. - 2010. - № 14. - С. 3-7.
  • Данилова Л.Н. Одаренные школьники: обучение в германоязычных странах /Л.Н. Данилова //Народное образование. - 2010. - № 1. - С. 220-226.
Қосымша әдебиеттер:1. Лейтес Н.С. О признаках детской одаренности /Н. С. Лейтес //Завуч. - 2009. - № 8. – С. 45-51.2. Психология развития: Учебник / Под ред. Т.Д. Марцинковской. М., 2000 г.3. Левин К. Динамическая психология: Избранные труды / Под общ. ред. — М.: Смысл, 2001.4. Бабушкина О.В. Использование открытых образовательных технологий в рамках реализации программы "Одаренные дети" /О. В. Бабушкина // Завуч. - 2010. - № 8. – С. 11-16.



Орындаған: Сарсеков Ерғали Сламқұлұлы
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!