Материалдар / Баяндама. Бастауыш сынып оқушыларының оқылым, тыңдалым, жазылым,айтылым дағдыларын қалыптастыру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама. Бастауыш сынып оқушыларының оқылым, тыңдалым, жазылым,айтылым дағдыларын қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Сауат ашудың әліппе кезеңінде оқушының оқу және жазу дағдысын қалыптастырудағы жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі. Тақырыптың өзектілігі: жаңа технологиялар негізінде оқушының оқу және жазу дағдысын қалыптастыру. Жұмыстың мақсаты: сауат ашу арқылы баланың танымдық белсенділігін, қоршаған ортамен қарым – қатынасын арттыру, заман талабына сай терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2019
3703
8 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сауат ашудың әліппе кезеңінде оқушының оқу және жазу дағдысын қалыптастырудағы жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі.


Тақырыптың өзектілігі: жаңа технологиялар негізінде оқушының оқу және жазу дағдысын қалыптастыру.


Жұмыстың мақсаты: сауат ашу арқылы баланың танымдық белсенділігін, қоршаған ортамен қарым – қатынасын арттыру, заман талабына сай терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.


Жоспары:

  1. Кіріспе

  2. Тақырыптың ғылыми – теориялық негізі

  3. Негізгі бөлім

  • Дыбыс пен әріпті меңгерудегі ізденіс

  • Сөз схемасы арқылы оқушы белсенділігін арттыру

  • Оқу мен жазудың алғы шарты – буын

  • Сауатты жазу – көркем жазу

  1. Қорытынды


І. Кіріспе

Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бастауыш сынып оқушыларын оқытуға ерекше мән берген. Онда бастауыш мектепте қажетті біліктермен дағдалырда игеруге оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамытатындай оқу әрекеттерін ұйымдастыру атап көрсетілген. Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік ашу көзделген. Қазіргі таңда мұғалім оқушыны ізденуге тәрбиелеп, өзі оған басшылық жасауы керек.

Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеудің қайнар көзі – мектеп, ал мектептің жаны-мұғалім. Олай болса бүгінгі заман мұғалімі: «Оқыту дегеніміз – екі есе оқу» деген қағидаға сәйкес болуы шарт.

Осы қағидаға сүйенген мен әр түрлі бағдарламаларды, әдіс-тәсілдерді оқып, салыстырдым, іздендім. Қазіргі кезде, мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологияларды қолданып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан оқушы әркетінің, яғни технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына, қызығушылығына қарай таңдағанды жөн көремін. Ең бастысы әдіс-тәсілдің нәтижесін ескерген жөн.


ІІ. Тақырыптың ғылыми-теориялық негізі

Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді, жалпы әлемнің үдерістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде. Бүгінгі ұстазға қойылар талап та өзгеше. Бүгінгі ұстаз білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастырады.

Бүгінгі оқушы-белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін мәдениетті тұлға.

Осы талаптарға орай бастауыш білім беру сатысында дамыта оқыту технологиясының сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын пайдалану арқылы оң нәтижелерге жеттім.

Сын тұрғысынан ойлау деген- әр жеке тұлғаның кез-келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп, қорытып, өз ойын ортаға еркін жеткізуі. Бұл өзіндік, жеке ойлау. Оқушы – үнемі ізденісте, сұрақтарға жауап іздеу, дәлелдеу, басқалардың пікірін дәлірек қалыптасыру үстінде болады.

Сын тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан-жақты іздену қабілеттері дамиды. Нашар оқитын оқушыларда да, қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын пайдаланғанда төмендегідей жетістіктерге жеттім:

  • оқушының ойлау қабілеті дамыды

  • оқушының сабаққа және шығармашылық жұмысқа деген ынтасы артады

  • пәнге деген қызығушылығы оянады

  • өз пікірін ашық айтады


Мектептердің оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылды. Сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туды.

Қазіргі өмір талабына сай электронды оқулықтар мектеп оқушыларын ақпараттық технологияны кіші жастан меңгеруге көмектесіп, оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыруына мүмкіндік береді. Сауат ашу процесінде электронды оқулықтың тиімді тұстарын көп пайдалану оң нәтиже берді.


Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып, үйретуде алатын орны да ерекше.

Сауат ашу жұмысының негізі міндеті-балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Сонымен қатар, сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады. Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады. Демек сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті іспеттес. Сауат ашудың негізгі мақсаты – болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру, сол арқылы оларды өмірге, өз Отанын, ел – жұртын шексіз сүйе білуге тәрбиелеу. Білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын талаптардың ішіндегі аса күрделісі – алты жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі.Өйткені мектеп есігін алғаш ашқан баланы оқытудың өзіндік қиындықтары бар. Ол қиындықтар балалардың физиологиялық – психологиялық өзгешеліктеріне байланысты. Себебі сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға, ой еңбегіне қажет белгілі бір қабілет, бейімділікті талап етеді.

Әрине, саутты оқу және жазу аясында байланыстырып сөйлеуге үйрету, алғашқы грамматикалық мағұлматтар, айналадағы дүниені таныту, адамгершілікке тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін дамыту секілді білім берудің ажырамас құрамдас бөліктері қоса жүргізіледі.

Қазақтың біртуар ақыны А.Байтұрсыновтың «Адамға тәрбие беруші ата – ана, содан соң ұстаз, мектеп тұрмысындағы төңірек» деген сөзін басшылыққа ала отырып мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде бала білімнің бастауыш сыныпта дұрыс қалыптасуында ата –ананың атқаратын ролі ерекше екендігін, яғни ойыннан мектептегі ой еңбегіне ауысқан балаларды сауаттандыруда ата –анамен ынтымақтаса жұмыс жүргізудің тиімділігіне көз жеткіздім.

Оқытудың жаңа технологиясы бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негіздеген. Осы тұрғыда бастауыш сынып мұғалімі мен ата –аналар бірлесе жүргізген жұмыс оң нәтижесін беретінін өз тәжірибемде басшылыққа алып және жоғары нәтижеге жеттім.

Әліппе жас жеткіншектердің ең алғаш танысатын оқулығы. Баланың оқи білуі, жазу дағдылары осы кітап арқылы қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларының оқу және жазу сауаттылығы неғұрлым жылдам әрі тез қалыптасса, соғұрлым ол өзгеде ғылым негіздерін оғай игереді.Сондықтан да сауат ашу қазіргі таңдағы оқыту мен тәрбие үрдісіндегі басты мәселенің бірі. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін мұғалімдер атқаратын міндеттер көп те, сан алуан.

Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталады. Сауат ашу үш кезеңге құрылған.

  1. Әліппеге дейінгі кезең (оқу жазуға даярлау)

  2. Әліппе кезеңі (оқу, жазу)

  3. Әліппеден кейінгі кезең (оқу, жазуын жетілдіру)

Әліппеге дейінгі кезең сауат ашуға даярлық кезеңі деп аталады. Осы даярлық кезеңінде мен қандай жұмыстар атқарамын? І. Сыныптағы оқушыны үш топқа бөлемін (үйден, балабақшадан, мектеп алды даярлық тобынан) танымдық қабілеттеріне талдау жүргіземін. Онда тіл байлығы, байланыстырып сөйлеуі, жазуға икемі, өлең –тақпақтарды жаттай білуі, есте сақтауы, сурет бойынша әңгіме құрауы т.б.

Оқушылардың әлеуметтік жағдайын зерттеу. Оқушының отбасылық жағдайы, жанұялық құрамы, ата –анасы, олардың білім деңгейі.

Оқушының жан дүниесін танып, оның сана сезімімен санасу, жеке дара өзгешеліктерін білу үшін психологиялық ерекшеліктерін зерттеймін. Оларға жеке –жеке психологиялық мінездеме жазамын.

Оқушылардың физиологиялық – психологиялық ерекшеліктері мен сауат ашуға дайындық дәрежесін есепке алғаннан кейін ата –аналармен «Әліппе кезеңі – сауат ашудың жауапты кезеңі» тақырыбында методикалық кеңесті жүйелі өткіземін. Онда әліппе кезеңінің міндеттері мен негізгі талаптары түсіндіріліп мұғалім жұмысын үйде қалай дамыту, баланы сабаққа дайындау туралы методикалық кеңес, «Ашық есік» күніне кесте жасап ұйымдастырып отырамын.

Дамыта оқытудың негізгі компоненттері дайын үлгіде берілмей, мақсатты шешу, іштей талқылау, сосын жинақтау бойынша жұмыс жүргізу. Жоғары қиындықта оқыту принциптерін ұстану. Жеңілден ауырға емес, ауырдан жеңілге қарай, қарапайымнан күрделігі емес, обстрактіден қарапайымға жету үшін оқулықтан тыс баланың тапқырлығын, зерделілігін дамытатын тапсырмаларды орындату. Тапсырма ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей беріледі.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдеріне сәйкес, әліппе кезеңінде жүргізілетін шығармашылық жұмыстар жүйесін жасадым.

  1. Дыбыс пен әріпті меңгертудегі ізденіс.

  2. Сөз схемасы арқылы оқушы белсенділігіен арттыру.

  3. Оқу мен жазуға үйретудің алғы шарты – буын.

  4. Сауатты жазу – көркем жазу.



І. Дыбыс пен әріпті меңгертудегі ізденіс.

Жеке сурет бойынша жұмыс. Бұл не?, бұл аң, зат, жеміс туралы не білесің? Суретте аю көрсетілсе оқушы аю туралы теледидардан көргендерін, ертегіден тыңдап, білгендерін ортаға салады. Сөзден жеке дыбысты бөліп алады. Оны дыбыстап айтады. Айтылу ерекшелігіне сай дауысты, дауыссыз дыбыс екенін анықтайды. Қызығушылықты ояту кезеңі осылай нақтыланады.

Әрбір сабақта халық даналығынан ұлағатты сөздер үйрету, дәстүріміздегі қолданылған сөздер мәнін ашуды жоспарлау.

Мысалы: А дыбысына байланысты

Ата, апа, аға – ол кім?

Астау, арба, адырна – ол не?

Мағынаны тану кезеңі жұмбақтар шешу арқылы да жүзеге асады.

Белін буып алдаған,

Жер өлшейтін Саржан (А)


Керекті дыбыстан басталған сөздерге сәйкес екі сурет электронды оқулықтан шығарылады. Заттарды атын атап салыстырады. Сюжетті сурет шығады. Шешуі а дыбысынан басталатын сөздерге жұмбақ құрастырады.

Мысалы: өзі ұшады, шығады, бал жинайды (ара). Ой толғаныс кезеңі оқушыны байқампаздыққа, қорытынды жасауға үйретеді.


ІІ. Сөз схемасы арқылы оқушы белсенділігін арттыру.

Қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс бағдарламалары бойынша тапсырмалар топтап, жеке оқушыға мүмкіндігіне, деңгейлеріне байланысты беріледі. Сөз жасырынған схема, жоғалған әріп, берілген санға сәйкес 1,2,3, буынды сөздеріді жазу, жеке дыбысқа байланысты сөз үйқасын құрауға үйрету, берілген дыбыстардан сөз құрау, схема бойынша сөз тізбегін құрау, дауысты, дауыссызға аяқталған сөздер құрап жазу арқылы оқушы сабақтың өн бойында ізденушілік әрекет үстінде шығармашылықпен айналысады. Оқушы орындаған тапсырманы әрі оқып ,әрі жазады.

ІІІ. Оқу мен жазуға үйретудің алғы шарты – буын.

Сауат ашу кезеңінің келесі міндеті дыбыстарды буынға, сөзге жинақтау буындарды дауысты дыбысқа бағдарлап, бір дауыс қарқынымен бір дыбыс сияқты оқуға, жазуға, дауысты дыбыстың буын құрауын меғгертуге бағытталады.

Осы міндетті негізге ала отырып сөздерді буынға бөлу, буындап оқуға, жазуға төселдіру бағытындағы оқушының белсенділігін арттыратын, ізденушілік тудыратын жұмыстарға тоқталсам. Топтық жұмыстар, жеке оқушымен жұмыс, диктант түріндегі тапсырмаларға негізделген сызбалар жиынтығын электрондық түрде, үлестірмелі карточкалар түрінде пайдалануға болады. 1 буынды, 2 буынды, 3,4 буынды сызбалар арқылы заттардың атын, құстардың, аңдардың, туыстық атаулар оқу құралдары, өсімдіктер аттарын жазу, жоқ буынды жалғастыру ба - . . ., ша - . . . , тұтас берілген сөзді буынға бөліп жазу шағала, ала, орны ауысқан сөзден буын құрау, суреттегі заттың атын буынға бөліп жазу, тірек дыбыстарынан буын, одан сөз құрау.

Е,е,е – ке – бе – же , бірдей дауыстыға аяқталған буын құрау

ла , ре, та, ба, ша, қа, са

ле, ре, те, бе, ше, ке, се

әр түрлі дауыстыға аяқталған буын құрау

ла, ле, да, то, ру, ре

дауыссыз дыбысқа біткен буын құрау

аш, ат, ас, ер, оқ, ой, буын арқылы сөз ұйқасын құрау

ы-ы-ы сабақ оқы, кілем тоқы, дәнді шоқы

у-у-у таза жүру, бәрін білу, түгел ұғу. Жетекші әс – әрекеттер арқылы оқушының ойлау белсенділігі, топтасып жұмыс жасауға үйренеді.

Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс – әрекетін – компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу) бейімделуіне мүмкіндік береді.


IV. Сауат ашу – аса жауапты да күрделі іс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдыланады.

Бала сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп, күнделікті өмірде қолдана алуы тиіс. Әдемі жазу өнер. Таза, анық әдемі жазуда оқу да жеңіл, ойын түсіну де оңай. Оқушының жазуына жете көңіл бөлу оны ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеп, әсемдік сезімін оятады. Оқушының көркем жазуы біртіндеп қалыптасады, мұғалім бұл үшін жұмыстың әр түрлерін, оқыту әдіс- тәсілдерін тиімді пайдалану керек. Түрлендірген жұмыстар оқушыларды қызықтырып қана қоймай, логикалық ойлауын арттырады. Мысалы «басып жазу» жаттығуы оқушының

қолын жаттықтырады

сөйлеуге белсендіреді

ойлауға белсендіреді

Әріптерді жазып үйренуде электронды оқулық үлкен роль атқарады. Әріп элементтерін ретімен жазу, үзбей жазуға үйрету, әріптің аяқталуы, келесі элементпен жалғасуын көрсету.

Көзбен қолдың бір бағытта жұмыс жасауын қалыптастыру үшін көз бірінші нүктеде, қол да бірінші нүктеде, көз екінші нүктеде, қол да жоғарыда, көз үшінші нүктеде, қол төменде. Бұл жаттығу қолды сенімді қозғауға үйретеді.

«Бірдей биіктікте секіру» жаттығуы әріптердің ара қашықтығын сақтап жазуға машықтандыру.

Көркем жазу дағдыларын қалыптастырудың мынадай жаттығуларын ұсынуға болады: «Әріпті тап», әріптің 1 - элементіне қарап қалған элементін жазады.

«Ғажайып алаң» ойыны. Жасырынған сөздің әрбір әрпін элементтері бойынша сипаттап айтады.

Сауатты әрі әдемі жазуға дағдылануы қаламды дұрыс ұстаудан басталады. Әріпті меңгергеннен кейін сөзді буынға бөліп оқыту қажет. Буынды дұрыс меңгерсе, қатесіз жаза да біледі.

Оқушының жазба сауаты ата – ана назарында болуы үшін күнделікті диктант түрлерін алып, бағалап отырған жөн.

Оқушыны сауаттылыққа үйретудегі нәтижелі әдістің бірі – сабақ үстінде ойын элементтерін пайдалану.

«Есіме жаттап сақтайын»

Ый – и, я, ю әріптенің емлесіне байланысты жазылатын сөздер. Дауыссыз дыбыстардан кейін «и» жазылуына назар даударту, жи, ти, ки, қи.

Тасымал тақырыбына байланысты «Кім көп сөз тауып жазады» ойынын жарыс түрінде жүргізген жөн.

1 буынды, 2 буынды, 3 буынды сөздерді дұрыс жазу.

Сауат ашу кезеңінде тақтаға жаздыру өте пайдалы. Сөйлемде кеткен қатені өздері тауып түзетеді, қате сөздің астын сызып талдау жүргіземін.

Оқушыларды қатесіз жазуға дағдыландыру үшін көшіріп жазуға көп көңіл бөлу.

Сауатты әрі каллиграфиялық дұрыс жазуда көрнекіліктің алатын орны ерекше.



  1. Қорытынды.


Бастауыш сатыда әрбір пән бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндегі деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушының білімін саралау, оның жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі.

Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбегін негізге ала отырып: әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша, жазбаша тапсыру. Тапсырма беру, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.

Осы тапсырмаларды орындату арқылы оқушы білімін есепке алып, білім деңгейіндегі кемшіліктер тізбегін жасап, жеке жұмыс жасауға жоспар жасайды.

Қай салада болмасын, ондағы жұмыстың нәтижесі сапасымен өлшенеді. Мектептегі жұмыстың нәтижесі білім сапасында.

Білім қоғамды түрақтандырады, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтандыратын құрал. Білім бастауы – Әліппе. Әліппе кезеңіндегі сауат ашу процесінен кейін оқу мен жазуды жоғары деңгейде меңгерген оқушы – білім алуға талапты, ынталы, ізденуге құштар оқушы болмақ.





















Әліппе кезеңі соңындағы оқушылардың білімдік және икемдік дағдыларының қалыптасу нәтижесі







  1. Алфавиттегі барлық әріптер бойынша кез –келген буыннан құралүан сөздерді буындап, тұтас оқи алады

  1. Кіші және бас әріптерді дұрыс, біркелкі және өзара байланыстырып, оқыған сөздерін өздігінен жаза алады.



  1. Жеке сөздерді, сурет бойынша құрастырған сөйлемдерін есту арқылы және көшіріп жазуы қалыптасқан.



  1. Қысқа мәтіндерді оқып, өз көзқарасын білдіре алады, тақырыпты сурет бойынша мәтін құрай алады.



  1. Жеке дыбыс, буын, сөзге ұйқас таба алады. Өлең жолдарын ойлап табуға ынталы.



  1. Кейбір грамматикалық – орфографиялық мағұлматтарды біледі.



  1. Дыбыстарға байланысты өлең, тақпақ, жұмбақ, мақал – мәтел, даналық сөздер, жаңылтпаштарды жатқа біледі.



  1. Сызба бойынша дыбыс, буын, сөз, сөйлем құрайды, бір – біріне жұмбақ жасырып оның шешімін таба біледі



  1. Оқушылар ойларын еркін айтып, тез, қызықты шешімдер қабылдай алады.



  1. Топта, ұжымдық бірін – бірі сыйлайтын, тыңдайтын сауатты оқып жаза алатын оқушылар қалыптасады.


































































Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері.

С.Мирсейтова . 2011 жыл



  1. Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары.

Н.Қошқарбаев. 2010 жыл



  1. Оқушыларды сауатты жазуға үйрету.

«Бастауыш мектеп». 2013 жыл №7

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!