Материалдар / Баяндама: «Физика пәнін ағылшын тілінде жүргізе отырып, CLIL әдістерін қолдану»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама: «Физика пәнін ағылшын тілінде жүргізе отырып, CLIL әдістерін қолдану»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндамада үш тілділік туралы және CLIL әдістерін тиімді пайдалану әдістері туралы, жалпы ағылшын тілінде сабақ өткізудің артықшылықтары туралы айтылады. Тамыз кеңесінде қорғалған баяндама.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2019
2341
20 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қасым Ахмиров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп бала-бақша кешені





Баяндама

Тақырыбы:

«Физика пәнін ағылшын тілінде жүргізе отырып, CLIL әдістерін қолдану»



Орындаған: Қамашева Л.Қ

















2018-2019 оқу жылы





«Физика пәнін ағылшын тілінде жүргізе отырып, CLIL (Content and Language Integrated learning) әдістерін қолдану»

Қазіргі таңда мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының басты бағыты – шығармашыл, сындарлы ойлай білетін, өз мүмкіндіктеріне сенімді, әртүрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешетін бәсекеге қабілетті тұлға қабілетті азамат дайындау екендігі мәлім.Осыған орай әлемдік қауымдастықта айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру, бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында тың да нақты қадамдар жасалуда.Сондықтан бізде өз халқымыздың қарыштап дамып өркениетттен кемде қалмау үшін көп тілді меңгеруміз қажет.Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік.Себебі,бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.Қазіргі жаңарған заманда үш тілді қатар меңгеру бұл біз үшін, ұрпақ үшін құнды нәрсе.Егерде біз тек өз ана тілімізбен шектелсек, онда бәсекеге қабілетті ел бола алмаймыз. Осы биік мақсаттарға жетелеу, қалыптастыру кезеңі адам өмірінің мектептегі өткізген жылдарына сайма-сай келетіні - білім беру саласына үлкен жауапкершілік пен сенім артады, білім берудің жаңа ұлттық тиімді механизмдерін құрумен байланыстырады. Осыған орай жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде жүргізу арқылы үш тілді оқыту бағдарламасы іске асырылады.Оның ішінде физика пәніне тоқталайық. Физика пәні 7 сыныптан басталады.Алғашқы жылдан – ақ оқушыларға тақырып, тарау бойынша терминдерді, қосымша ақпараттармен видеоларды ағылшын тілін пайдалана отырып, үйрететін болсақ, жоғарғы сыныпқа келген кезде физика пәнін толықтай ағылшын тілінде жүргізу оқушы үшінде, мұғалім үшінде тиімді әрі жеңіл болмақ. Дегенмен біз пәнді ағылшын тілінде емес, пәнді жіне тілді оқытуымыз керек. Ол үшін оқушы пәнді өз ана тілінде толық түсіну қажет, ал мұғалім тиімді әдіс-тәсілді шеберлікпен қолдана білгені жөн. Қандай әдіс пәнді және тілді оқытуға тиімді?Әрине ол CLIL Content and Language Integrated Learning (CLILмазмұнды және тілдік интеграцияланған оқыту) пән мен тілді кіріктіріп оқытуға ықпал етеді.

CLIL - екі мақсатты көздейтін оқыту әдістемесі: 1. Екінші немесе үшінші тіл арқылы пәнді оқыту 2. Пән арқылы тілді оқыту.

CLIL әдісін қолданатын мұғалім тек пән мұғалімі немесе тек тіл мұғалімі болмауы тиіс, керісінше, пән мен тілді қатар оқытуы керек. Бұл әдіспен оқытудың ерекшелігі, мұнда  түрлі оқыту жағдайларда сабақ және оқу мақсаттарының берілген кезеңіне тиісті тілді пайдаланып, сабақты өткізу екі тілде жүзеге асырылады.

Осылайша, сабақты CLIL әдісі бойынша жүргізу метапәндік байланыстарды қамтамасыз етеді және жаңа білім беру стандарты принциптерін дамытуда практикалық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді, атап айтсақ, мәдени хабардарлығын, тілдік құзыретін дамытады, тек оқуға ғана даярлығын емес, сонымен қатар жаңа білімін өмірде қолдана білуге және сәйкесінше өмірлік дәлелдемесін көтеруге, табысқа мақсатталған, сайып келгенде, басты мақсатқа қол жеткізуге – болашақ түлектердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға,  олардың ұтқырлығы мен тез өзгеретін өмірлік жағдайларға бейімделу қабілетін арттыруға әкеледі.

CLIL әдісін қолдану мұғалімнен: пәндік білімін жетілдіруді, ресурстарды кеңінен қолдануды, сабағын тиянақты жоспарлауды, кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруды талап етеді.

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту – білім сапасын көтеру құралы.  Қазіргі ғылым мен техника дамыған қоғамда білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігі дамыған, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етіп отыр. Білікті де білімді маман болу үшін әр ұстаз өз білімін үздіксіз жетілдіріп, заман талабына сәйкес кәсіби біліктілігін үнемі үздіксіз жетілдіріп отыруы тиіс. Педагог оқытудың жаңа әдістерін барынша жетік меңгеріп, неғұрлым шығармашылығы жоғары болса, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі соғұрлым кең болмақ. Қазіргі заманауи талапқа сәйкес өзіндік көзқарасы бар жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мұғалімдер үшін маңызды мәселе болып отыр. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тірегі етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр оқу орнының жауапкершілікпен атқаратын міндетінде.

CLIL әдісін қолдану барысында:әр сабақтың пәндік және тілдік мақсаттары болуы керек, мұғалім оқушылардың сол мақсаттарға жетуін қадағалауы қажет, сабақта тірек сөздермен жұмыс жасалуы қажет, айтылым, жазылым, тыңдалым және оқылым дағдылары дамытылуы қажет, белсенді оқу әдістерін қолдану қажет.

CLIL әдісін қолдану барысында тапсырмалар: мақсатқа бағытталған, оқушылардың тіл деңгейлеріне сай, орындауға қызықты, ынталандыратын, бір-бірімен логикалық түрде байланысқан болуы қажет.

Үш тілді бірдей меңгеру әрбір қазақстандық жастың міндеті. Қазіргі білім беру саласында да үштілділікті енгізу жаппай қолға алынуда. Біздің мақсатымыз - жан жақты, бәсекеге қабілетті, көптілді білетін, қазіргі заманға сай маманды даярлау. Осы мақсатта мен де, болашақ іс жүргізуші мамандардың үш тілді қатар меңгеруі бастамасын жүзеге асыруды мақсат еттім. Өз сабақтарымды CLILтехнологиясын басшылыққа ала отырып өткіземін.Мысалы: CLIL технологиясы арқылы өткізілген сабақта оқушылардың ағылшын тілінде оқу, сөйлеу дағдысын жетілдіру үшін үй тапсырмасы үш тілде тест тапсырмасы арқылы тексерілді. Сабақта кездесетін жаңа сөздермен танысып, терминдер бойынша сәйкестендіру тест (mathing) тапсырмалары орындалды.Сонымен қатар STT (student talking time), TTT(teacher talking time) яғни оқушының сөлеу уақыты, мұғалімнің сөйлеу уақыты.Толығырақ айтатын болсам кері байланыс, оқушылардың бірін бірі бағалауы.Бұл кезде оқушылардың пәндік білімдерін ғана емес тілдік білімдерін дамытуға ықпалын тигізеді. Өзім өткізген сабақтардан үзінді:

Match (CLIL-method)

Атауы

Формуласы

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

1

Жұмыс

Ep=m*g*h

Потенциальная энергия

 

Potential energy

2

Қуат

Fa=m*g

Работа

Work

3

Ауырлық күші

Fсерп= k*x

Кинетическая энергия

Kinetic energy

4

Серпімділік күші

Ek=mv2/2

Мощность

Power

5

Кинетикалық энергия

A=F*s

Сила тяжести

Gravit

6

Потенциалдық энергия

N=A/t

Эластичность

Elasticity


Right answer

Атауы

Формуласы

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

1

Жұмыс

A=F*s

Работа

 Work

2

Қуат

N=A/t

Мощность

Power

3

Ауырлық күші

Fa=m*g

Сила тяжести

Gravit

4

Серпімділік күші

Fсерп= k*x

Эластичность

Elasticity

 

5

Кинетикалық энергия

Ek=mv2/2

Кинетическая энергия

Kinetic energy

6

Потенциалдық энергия

Ep=m*g*h


Потенциальная энергия

Potential energy


Пәніңізді ағылшын тілінде өткізетін болсаңыз міндетті түрде төмендегілерге назар аударыңыз:

  1. Өз пәнін өте жақсы көру. Ағылшын тілінде сөздік қоры жеткілікті болу. Тілдің мүмкіндігі мен құдіретін көрсету, керісінше қиындығын көрсетпеу.

  2. Сабақ барысында жылы , достық жағдай тудыру:

  • оқушының жеке басындағы сенімсіздікті жоюға көмек беру;

  • жеке дыбыстарды, сөзді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді, грамматикалық түрлерді дұрыс қолданбаған жағдайда оқушыны тоқтатпау, сөзін бөлмеу, қателіктеріне акцерт жасамау («шет тілде қате сөйлеуге құқығың бар!» );

  • оқушының кез келген жауабын қабылдау; кіші-гірім қиындықтардан өткеннің өзінде қолдау жасау, енді үлкен жетістікке де жететініне сендіру;

  • оқушының қате жауабына ескерту жасамау, қатені түзеткен оқушының мәртебесі басқалардың алдында жоғары деген жалған пікір қалыптастырмау;

  • тек қайталау әдісі арқылы қателерді жою, қиындықтардан өту.

  1. Жаңа тақырып материалын тек жағымды үлгі арқылы ұсыну.

  2. Оқушының шығармашылық өсуіне және сенімділік жағдай орнату үшін көтеріңкі көңіл атмосферасын орнату.

  3. Оқушы баға үшін оқымайтындығы ойын қалыптастыру. Сондықтан төмен бағамен үрейлендірмеу. Тіпті керек болған жағдайда сабаққа сынып журналынсыз келу.

  4. Сабақ барысында үйреніп жүрген тілде араласу талабын қатаң сақтау. Тілдерді араластыруға жол бермеу. Мұғаліммен сабақтан тыс уақытта үйреніп жүрген тілде, немесе пән оқытылатын тілде ғана араласу шартын әрдайым орындау.

  5. Актерлік қабілетті де қолдану: оқушы назарын «Кәнеки, назар аударыңдар! Бері қараңдар! Түгелдерің маған қараңдар!» сияқты дәстүрден бас тарту. Қимыл, мимика, дауыс әсеріне жүктену.

  6. Қосымша қолданбалы материал ұсыну.

  7. Сабақ материалы «жанды», күнделікті өмірмен тығыз байланыстыру. Түрлі проблемалардан жол табу мүмкіндігін ескеру.

  8. Сөздікпен жұмыс жасау әдісін оқушының жетік түрде меңгеруі.

  9. Үй тапсырмасы шығармашылықты, тіл дамуын қажет етуі шарт (мүмкіндігінше жазба жұмыстарын, аналог бойынша жасалатын тапсырмаларды бермеген жөн) т.б.

«Қоғам тек таңдаулылардың арқасында адамзатты ілгері жылжытады» деген Вине. Олай болса, көп тілдерді жетік меңгерген шәкірттер – Қазақстан Республикасының жарқын болашағы екендігі сөзсіз.









Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Акитай Б.Е. Физиканы оқыту теориясы және әдістемелік негіздері. Оқу құралы .- Алматы: Қазақ университеті, 2006.-280бет.

2. 8сынып физика оқулығы

3. http://zkoipk.kz/ru/confnis1s/712-conf.html

4.http://www.academia.edu

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!