Материалдар / Баяндама "Мәдениет – қоғамдық құбылыс"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама "Мәдениет – қоғамдық құбылыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәдениет ұғымы философиялық, әлеуметтанушылық, саяси және көркем әдебиетте жиі ұшырасады. Бір ғана тарих курстарының өзінен біз алғашқы қауым адамдарының мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті, Пазырық мәдениеті, мәдениеттің орта ғасырлардағы дамуы және жаңа заман тұсындағы қарыштап өрлеуі деген ұғымдармен танысамыз. Демократиялық мәдениет, бұқараның саяси мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, киім кию мәдениеті деген түсініктер мен қалыптар да бар. Мәдениетке қатысты ұғым-дар мен түсініктер бұлармен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2018
3442
9 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мәдениет – қоғамдық құбылыс."Мәдениет" ұғымы және оған қатысты көзқарастардың көптүрлілігі.Мәдениет ұғымы философиялық, әлеуметтанушылық, саяси және көркем әдебиетте жиі ұшырасады. Бір ғана тарих курстарының өзінен біз алғашқы қауым адамдарының мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті, Пазырық мәдениеті, мәдениеттің орта ғасырлардағы дамуы және жаңа заман тұсындағы қарыштап өрлеуі деген ұғымдармен танысамыз. Демократиялық мәдениет, бұқараның саяси мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, киім кию мәдениеті деген түсініктер мен қалыптар да бар. Мәдениетке қатысты ұғым-дар мен түсініктер бұлармен шектелмейді. Мәдениет туралы жазылған ғылыми еңбектерде берілген анықтамалар да көп. Мәде-ниеттің ұлттық және халық-аралық аядағы мәні мен болмысы туралы пікірлер де әралуан. Мәдениет сөзінің көп мағыналы екендігі сонша, онда адамның жеке басында бар қасиеттерден бастап қоғамды тұтастай немесе бүкіл адамзат қауымдастығын қамти сипат-тайтын түрлі анықтамалар бар. Жалпы Еуропалық әдебиеттерде мәдениеттің жүздеген анықтамасы бар екендігі айтылады.Сонымен мәдениет дегеніміз не? Әдетте мәдениет дегенде, адамның ақылымен, ойымен, адамның қолымен жасалған барлық құндылықтар мен игіліктердің жиынтығы көз алдымызға келеді. Қысқаша, табиғатта кездеспейтін, адамның қолынан шыққанның барлығы мәдениеттің жемісі болып табылады деп тұжырымдай салуға болмас па еді? Бірақ түрлі ғылым салаларының өкілдері оған келісе қояр ма екен? Мысалы, археологтар болса, материалдық мұралардың рухани қайырымының болуына көбірек ден қояды. Ал тарихшылар қоғамның рухани белсенділігін мәдениетпен ұштастырады. Мәдениет туралы айтқанда адамның өмірлік белсенді қызметіне қатыстылардан да бірқатар сұрақтар туындайды. Мысалы, атом ядросының бөлшектенуін ашу адамзаттың ғылыми ізденіс жолындағы ұлы жетістігі емес, ол кемеңгерліктің ғажап үлгісі бола алмайды деп бағалай алар ма едік? Олай десек, ол біздің объективтілігімізге сын емес пе? Атом ядросын зерттеуші ғалымдардың теңдесі жоқ ерлік жасап, ұлы жаңалық ашқанын мойындамауға бола ма? Енді осы құбылысқа екінші қырынан қарап көрейікші: адамдарға қасірет әкелетін, миллиондардың жапа шегуіне, азап көруіне себеп болатын зұлымдық идеологияны немесе жаппай қырып жоятын қаруларды жасап шығару мен оны соғыс мақсатында қолдануды мәдениеттің жетістігі деп бағалауға бола ма?Мінеки, бұдан шығатын қорытынды: мәдениет — өте ауқымды, кең мағыналы ұғым. Сондықтан әзірше бізге мәдениетке берілген философтардың анықтамаларының бірін алға тарта тұруға тура келеді. Тек, бір ескеретін нәрсе, бұл да қатып қалған, міндетті түрде қабылдауға ұсынылған, мектеп оқушыларына таңылған айқындама емес екендігін еске сақтау керек. Сонымен философтар былай тұжырымдайды. Мәдениет (лат. Сиltиrа - өсіру, өңдеу) - адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларын қамтыған әлеуметтік-прогресшіл шығармашылық қызметі. Бұл қызмет заттандыру (қазыналар, нормалар, белгі жүйелерін және тағы басқаларды жасау) және затсыздандыру (мәдени-рухани мұра және оны игеру) үдерістерінің диалектикалық бірлігі болып табылады. Мәдениет өнімдерін жасаудың мұраты айналадағы болмысты өзгертуге, адамзаттың тарихи дамуы үдерісінде жинаған бар байлығын жеке адамның рухани байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталуынан көрініс табады.

Рухани мәдениеттің сипаты.Көпшілік қолды әдебиеттерде неғұрлым тар мағынасында, мәдениетті материалдық және рухани мәдениет деп бөліп қарастыру жиі ұшырасады. Материалдық мәдениетке адам өмірінің материалдық жағын қамтамасыз ететін құндылықтар — техника, өндірістік тәжірибе, материалдық байлық (тұрғын үй, киім, тамақ, транспорт құралдары, т.б.) жатады. Рухани мәдениет ғылым, әдебиет пен өнер, философия, мораль, білім беру істерін қамтиды. Сонымен қоса, рухани мәдениет бұқараның саяси мәдениетін де қамтиды. Қоғам мүшелерінің, таптардың, түрлі әлеуметтік топтардың, жеке адамның қызметінің сапасы, көзқарастары, ділділігі тұтастай қоғамның мәдениетінің деңгейін көрсетеді. Жеке адамның, әлеуметтік топтардың қоғамдық қатынастарды өзгерту субъектісі ретіндегі қызметінің сапалық көрсеткіштері әлеуметтік дамудың да шамасын сипаттайды.Мәдениет - өркениет сатыларының алмасуына байланысты дамитын тарихи құбылыс. Философиядағы материяның санаға, сананың материяға қатысынан туындайтын рухани мәдениет те материалдық мәдениетке қатынасы туралы екі қарама-қайшы тұжырым бар. Олардың біріншісі рухани мәдениетті материалдық игіліктерден ажырата қарастырады. Олай болғанда руханилық ештеңеге - материалдық қамтамасыздыққа тәуелді емес. Онымен кез келген адам, қандай ауыр жағдайда болса да, жоғары деңгейде айналыса алады және мәдениеттің қай саласында болса да, әдебиетте, бейнелеу өнерінде, музыкада, ғылымда, саяси-әлеуметтік мәселелерді шешуде де теңдесі жоқ жетістіктерге жете алады. Оған адамзат тарихында мысалдар да аз емес.

Мысал:С.Торайғыров ауыр әлеуметтік жағдайда өмір кешті, жазылмас дертке ұшырады, 27 жас қана өмір сүрді, сонда да артына өлмес, мол әдеби мұра қалдырды.Бұл тұрғыны ұстанушылар кейде мәдениетті "таңдаулылардың" жетістігі деп түсіндіреді. Ағылшын әлеуметтанушысы А.Тоинби тарихтың қозғаушы күштері мәселелерін қарастыра келіп, "кұдайдың аян беруі" мен оған тартылу үмітін тарихтың мағынасы ретінде тануды жеке адамға, "шығармашыл индивидтерге немесе шығармашылық азшылыққа" табынумен ұштастырды.Лев Толстой өнер және эстетика мәселелерін қарастырған еңбектерінде декаденттікке және ресми "мырзалар мәдениетіне" қарсы шықты. Өнерді жеке адамдардың қатынас, бір-бірімен сезім алмасу құралдарының бірі деп есептеп, зұлымдықты жеңуге, адамның өзін жетілдіруге көмектесетін, адамдарды жақындастыруға бағытталған әрекет деп түйді. Адамзаттың биік мақсаты жер бетінде "құдай патшылығын орнату" деп түсінген Толстой өнердің негізі эстетикалық идея емес, парасатты, діни идея болуы тиіс деген тұжырымға тоқтады.

Мәдениет қоғамдық құбылысАдам, қоғам және мәдениет — бұл үшеуі бір-бірінен ажырағысыз, тұтас дүние. Мәдениеттің қоғамдық құбылыс ретіндегі мәні оның ешқашан жеке адамның қолымен емес, тек қоғамның күшімен жасалатынынан көрініс береді. Өйткені, кез келген адамның жетістігі оның жеке өзінің жетістігі бола алмайды.Мысал:Жазушы роман жазғанда өзгелердің қолымен жасалған материалдық игіліктерді (қағаз, қалам, үстел, киім, тамақ, үй, т. б.) пайдаланады, таза шығармашылық еңбегі үдерісінде де мектептен алған білімін, ата-анадан алған тәрбиесін, өмірден алған тәжірибесін, өзгелерден үйренген жазу үрдістері мен амалдарын, өмір бойы жинақтаған көркемдік құралдар мен тәсілдерді, архив материалдарын пайдаланады.Демек, кез келген көркем туынды сол көркем туындының авторының ғана емес, қоғамның жетістігі болып табылады. Көркем туындыны қоғамдық құбылыс ретінде қарастыруымыздың бір себебі осында. Барлық жағдайда мәдениеттің дамуы мен қоғамның дамуында сәйкестік болып, олар бір-біріне тікелей ықпал етіп отырады.Мәдени даму - қоғам дамуының мәнді бір саласы. Егер қоғамды тұтас бір дене десек, мәдениет оның бір жанды ағзасы болып шығар еді. Қоғам дамуындағы саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер мәдениеттің дамуына да тікелей әсер етіп отырады. Егер экономика қарыштап дамыса, елдің әлеуметтік жағдайы жақсы болып, саяси тұрақтылық болып тұрса, онда осының барлығы мәдениеттің дамуына да игі ықпал етеді. Мұндай жағдайда шығармашылық жұмыстармен айналысатын адамдар да өз еліндегі болып жатқан өзгерістерді көркемөнер тілімен бейнелеу мүмкіндігіне ие болады.Адамзат тарихында мәдениеттің дамуына, білімнің, ғылымның, көркемөнердің қарыштап алға басуына игі ықпал ететін басқа да факторлардың болғандығын атап өту керек. Бұл жерде халықтың саяси белсенділігі, күрескерлік құлшынысы, төңкерістік және ұлт-азаттық идеялары, қоғамның өзінің ішіндегі саяси-экономикалық өзгерістер мен реформалар жасауға ұмтылысы мәдениеттің баға жетпес туындыларын тудыруы мүмкін. Тарихта мұндай жағдайлар да аз болмаған. Материалдық өндірістің мәдени дамумен бір-біріне сай келмейтін кездері, басқаша айтқанда, материалдық-экономикалық жағдай нашар болып тұрғанда да мәдени даму қарыштап алға басатын кездер болып тұрады. Мұндай құбылыстар жекелеген елдерде де, кейде өңірдегі топ елдерде де ұшырасуы мүмкін. Мысалы, XIX ғасырдағы Ресейде сол кездегі Еуропаның алдыңғы қатарлы елдеріменен салыстырғанда, қай жағынан болсын, әсіресе экономикасы жағынан артта қалып келе жатқан ел бола тұра, мәдени-рухани даму жағынан жоғары деңгейде ілгерушілік болған еді. Ресей мәдениет қайраткерлері көркем өнерде, соның ішінде әдебиетте теңдесі жоқ туындыларды, әлем алдында мақтана аларлықтай көркем шығармаларды дүниеге әкелді. Көркем әдебиетпен қоса классикалық музыка өнері де, ғылым да қарыштап алға басты. Бұл ғасыр Ресейдің "мәдениеттегі алтын ғасыры" деп аталды.

Мәдениет тарихына көз салсақ.Өткен ғасырдың отызыншы жылдарының ішінде ондаған мың зиялы өкілдерінің саяси қуғын-сүргінге ұшырағаны белгілі. Алайда, зиялы қауым қатты зардап шексе де, мәдени-рухани үдеріс тоқтап қалған жоқ. Бәрібір ұлттың ішкі рухани әлеуеті орасан зор шығындардың орнын толтырып отырды және әлеуметтік-мәдени өмірдің де үнемі алға жылжуын қамтамасыз етті. Осылай үлкен кедергілерге, ауыр соққыларға қарамастан, қазақ халқының мәдениеті Кеңес Одағының қарамағына енген өзге ұлттардың мәдениетімен бірге үнемі өрлеу үстінде болды. Мәдениеттің даму үрдісінде үлкен тоқырау жетпісінші жылдардың ішінде анығырақ біліне бастады. Бұл Кеңес Одағының жалпы мемлекет ретіндегі алға басу жолындағы тоқыраумен тығыз байланысты еді. Қоғамдық өмірдің барлық аяларын қамтыған түрлі кедергілер мен іркілістер туралы сыни пікірлер де осы тұста орын ала бастаған болатын.Көркемөнерде ол алдымен тілдің тұрмыс шеңберінде ғана қолданылуына байланысты тақырып аясының тарылуы, кітап оқырмандары мен театр көрермендерінің азаюы сияқты құбылыстардан байқалды. Жетпісінші, сексенінші жылдардағы қазақ әдебиетіндегі ірі олқылықтардың бірі - өмір шындығын біржақты әсірелеп көрсету болды.Ол кездердегі қазақ қаламгерлері негізінен өздерінің көркем шығармаларында ауыл өмірін тілге тиек етті. Тұрмыстық мәселелер көркем әдебиеттегі негізгі сюжет желісіне айналды. Отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастар, солардың өмір жайлары жиі көрініс берді. Идеология әдеби-мәдени үдерісте болып жатқан құбылыстарды ашып көрсетуге ерік бермеді. Саяси өмір, халықаралық қатынастар аяларындағы оқиғалар, әскери өмір тұрмысы, өндіріс тақырыбы жеткілікті суреттелмей жатқандығы айтылып жүрді. Тақырыптық шектеулілік сол кездегі қазақтың көркем әдебиетінде ғана емес, өнердің өзге түрлеріне де тән болды. Ақыры бұл құбылыс жалпы көркем әдебиет оқырманы санының азаюына, тиісінше көркем шығармалардың таралымының шектелуіне әкеліп соқтырды. Бүкіл республика өмірінде орыс тілінде таралатын ақпараттар, ғылыми және көркем әдебиет мөлшері үлкен қарқынмен артып отырғанда олардың қазақ тілінде таралуы үнемі кеміп отырды. Сол кезде қазақ халқының демографиялық өсуіне сай көркемөнер шығармаларының пропорционал көбею құбылысы болмады.Мәдени-рухани өмірдің негізгі тармақтарының бірі — білім берудегі іркілістер оқушылардың білімге деген ынтасының түсіп кетуінен, жалпы орта білімнің сапа деңгейінің төмендеуінен, білімді бағалаудағы формалдылықтан байқалды. Білім саласының мәселелері үнемі көтеріліп отырды, бірнеше рет білім саласының жұмыстарын жақсартуға бағытталған қаулы-қарарлар қабылданып, реформалар жүзеге асырылды. Білім мәселелерін тереңдей қамтыған реформа 1984 жылы жүргізілді. Мұның барлығы да сол кездегі Кеңес Одағында, кейіннен тәуелсіздік алған Қазақстан шеңберінде білім мәселелерін алға жылжытып жіберуге септігін тигізе алмады.Кеңес өкіметінің тұсында Қазақстан ғылымы екіжақты бағытта дамыды. Қазақстанда нақты және жаратылыстану ғылымдарының өкілдері бірқатар жетістіктерге де жетті. Солай болса да, Кеңес кезіндегі ғылымның тоқырауы қоғамдық-гуанитарлық салалардан айқын көрініс берді. Қоғамдық ғылымдар ол кезде шын мәнінде коммунистік идеологияның насихатшысына және оның идеясын халыққа таратушы құралға айналды. Философиялық, социологиялық, саясаттану, мәдениеттану ғылымдары іс-жүзінде коммунистік партияның бағдарламаларының, съездерінің шешімдерін, олардың алға қойған міндеттерін халыққа түсіндіру, олардың дұрыстығын дәлелдеу бағыттарында жұмыс істеді. Тарих ғылымы орескел бұрмалаушылықтарға ұшырады. Әсіресе ұлттық мүдделерге тікелей қатысы бар мәселелер зерттеу аясынан тыс қалып отырды.









Пайдаланылған әдебиеттер1. Адам және қоғам. Қ. М. Жүкешев. Алматы. 2003 ж. 2. Ә. Нысанбаев, Қ. Әбішев, Қ. Жүкешев. Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ж.2. Адам және коғам. Н. Күнқожаев. «Мектеп» 2002 ж.
  • Азаматтану. Алматы. Р. Әділбекова. А. Шоталиекова. 1998 ж.
  • Дүниетану даналығы. С.Зейнолла. Алматы. 1994 ж.
  • Основы обществоведения. А.Нысанбаев и др. Алматы. «Мектеп» 2006 ж.
































Мақтаарал гуманитарлық – экономикалық және агробизнес колледжі.















Мәдениет – қоғамдық құбылыс.(кафедра жиналысында)



















Атакент

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!