Материалдар / Баяндама: Математика пәнінде ҰБТ-ға оқушыларды дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері" 11 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама: Математика пәнінде ҰБТ-ға оқушыларды дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері" 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып оқушыларына арналған ҰБТ-ге қалай да+йындалу керек туралы түсінік беріледі. Жәнеде оқушылар ҰБТ тапсырған кезде ешқандай қобалжымау қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
850
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика пәнінде ҰБТ-ға оқушыларды дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдеріЖоспар:1.Кіріспе2.Негізгі бөлім:а).орта мектепте ҰБТ-ге дайындық жұмыстарыныңбағыттары;б). Пән мұғалімінің оқушыны ҰБТ-ге дайындау жұмысжүйесі3.Қорытынды.4.Қолданылған әдебиеттер. «Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді: бірі-                                             математикамен шұғылдану, екіншісі –одан сабақ беру».                                                                                                                         С.Д.ПуассонҚазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм беруді дамыту тұжырымдама-сының жобасында “Жоғары бiлiмдi дамытудың негiзгi үрдiсi мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми – зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық бiлiмдi дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерiнiң әлеуметтiк сала мен экономиканың қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты бiлiм беру және технологияларды жетiлдiру болып табылады” деп атап көрсетiлгендей, қазiргi бiлiм беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтiк – педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан бiлiм мазмұнына жаналық енгізудiң тиiмдi жаңа әдiстерiн iздестiру мен оларды жүзеге асыра ала-тын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң дамуы оқушыны сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Өйткенi, бiлiмдi ұрпақ – бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан.Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапасын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ-ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi бес пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау. Бағдарлама – мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру -оқушының, меңгерту – мұғалiмнiң ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.ҰБТ - білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек. Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық – оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.ҰБТ – ға қатысушылардың дайындығы үшін, мектепте комплекстік дайындық бағдарламасын жыл сайын оқу жылы басында құрып, сол бағдарлама негізінде жұмыстар жүргізіледі.Бағдарламаның мақсаты: ҰБТ-ді оқушылардың сәтті және нәтижелі тапсыруына сапалы дайындық.Бағдарламаның негізгі міндеттері: 11 сынып бойынша байқау сынақтарын өткізу кестесін жасау; пән мұғалімдерінің оқушыларды ҰБТ-ге дайындау жоспарын құру; ҰБТ-ге дайындықтың қосымша сабақтар кестесін жасау; жекелеген оқушыға тест қорытындысы бойынша мониторинг жасау; байқау сынақтарының сараптамасын талдау және оны оқушы мен ата-аналарға таныстыру; байқау сынақтарынан төмен көрсеткіш көрсеткен оқушыларға көмек ұйымдастыру; байқау сынақтарының салыстырмалы диагностикасын жасау; мұғалімнің ҰБТ-ге дайындаудағы жұмыс жүйесінің болуы.Мұғалімнің оқушыны ҰБТ-ге дайындаудағы жұмыс жүйесі төмендегі кезеңдерден тұрады.І. Ұйымдастырушылық кезең: оқушыларды ҰБТ-ді ұйымдастыру және өткізу ережелерімен таныстыру, ҰБТ-ге арналған бұрыштама жасап ілу; 5-ші таңдау пәнін дұрыс таңдау мақсатында кәсіби бағыт бағдар беру; жыл көлеміндегі және тоқсандық қорытынды бағаларының дұрыс обьективтіқойылуына бақылау жасау; аралық байқау тестілеуіне мониторинг жүргізу.ІІ. Ақпараттық кезең: ҰБТ туралы сайттар мен қосымша әдебиеттермен таныстыру; білім және ғылым министрі мен ұлттық мемлекеттік тестілеу орталығының нормативті құжаттарымен таныстыру.ІІІ. Психологиялық кезең: пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің іс-тәжірибе алмасу семинарларын өткізу; оқушыларға арналған психологиялық тренингтерді ұйымдастыру және өткізу; оқушыларға «Қорқынышты қалай жеңуге болады» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу; «Менің түлегім» атты ата-аналар жиналысын өткізу.ІV. Технологиялық кезең: курстар мен үйрету семинарларына қатысу; тесті құру теориясы мен тесті өңдеу технологиясын меңгеру; күнделікті сабақта және бақылау жұмыстары кезінде тестілеуді қолдану; оқушыларды тест жазу жұмысына үйрету; пән бойынша (тарау, сынып, курс) тест тапсырмаларын құру; мұғалімнің өзіндік білімін көтеру жоспарына ҰБТ жағдаяты туралы сұрақтарды енгізу.Тақырыптық тест жинақтарын қолдана отырып, оқушылардың материалды меңгеру деңгейлерін бағалау және олардың тест тапсырмаларын орындауға дағдыландыру, тестік жаттықтыру жұмыстары ҰБТ – ті тапсыру кезінде оқушыларға балын жоғарлатуға көмектеседі. Тест тапсырмаларының құрлысын білетін оқушы уақытын ережемен танысуға бөлмейді. Осындай жаттықтыру кезінде, олардың психотехника-лық дағдылары, өзіндік қадағалаулары және өзіндік бақылаулары қалыптасады. Дегенмен де жұмыстың негізгі бөлімін дәл емтихан алдында емес, өтілген тақырып-тар бойынша, жеке бөлімдерін қарастыра отырып сынақты алдын – ала өткізу, бірақ ҰБТ – тапсыру кезіндегідей оқушылардың бойында қобалжу болмау керек.Оқу үрдісінде оқушылардың алған психотехникалық дағдылары, тек ҰБТ – ке дайындығын жоғарлатып қоймайды, сонымен бірге емтихан тапсыру барысында, олар өздерін жетістіктерін көрсете алады, ойлау дағдыларын дамытады, шешуші сәттерде өзінің эмоциясын бір қалыпта ұстауға үйретеді.Психологиялық қызметтiң мiндеттерi:– Психологиялық және әлеуметтiк – психологиялық тұрғыдан қиындық көрiп жүрген балалардың проблемаларын анықтап, оларға дер кезiнде көмек көрсету;Проблемасы бар балаларды жан – жақты зерттеп, оны туғызған себебiн анықтау және түзету, дамыту жұмыстарын жүргiзу;Дамуына ауытқуы бар балалардың психологиялық қасиеттерiн өндеу үшiн психологиялық тренингтер ұйымдастыру;«Ұмытудың пайызын азайту үшін не істеу керек?Ұзақ мерзімді есте сақтау процесін қалай жаттықтыру керек?» – дейтін болсақ, еске сақтау ережесін білуіміз қажет.1. Ең алдымен есте ұстау керек мәліметті бөліп алу керек.2. Барлық зейінді есте сақтауға қажетті материалға шоғырландыру қажет.3. Қажетті материалдың ішінен негізгісін және қосымшасын бөліп алған дұрыс.4. Күрделі, қиын материалды есте сақтау үшін мазмұнын негізге алған жөн.5. Өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңізге сенімді болыңыздар және оны үнемі жаттықтырып тұрыңыздар.6. Жүйелі түрде қайталап есте сақталған материалды қайта жаңғырту керек.7. Тану мен қайта жаңғыртуды араластырмаңыздар.8. Қайта жаңғырту қиын болған жағдайда сол сәттегі жағдайдың әрбір оқиғасын жекелеп
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!