Материалдар / Баяндама: "Мектепалды даярлық топтарында жаңаша білім берудің әдіс-тәсілдері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама: "Мектепалды даярлық топтарында жаңаша білім берудің әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды бастауыш мектепте оқуға, балалардың зияткерлік, мотивациялық, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін және бірінші сынып оқушысының табысты бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қырқүйек 2021
884
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы

«Үлкен-Нарын ауылындағы «Балбөбек»

бөбекжай-бақшасы» КМҚК







Shape1


Тақырыбы: «Мектепалды даярлық топтарында жаңаша білім берудің әдіс – тәсілдері»




МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӘДІСКЕРЛЕРІ, ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АЯСЫНДА ӨТЕТІН СЕКЦИЯСЫ




Дайындаған: Мағауянова А.Б.

мектепалды даярлық

тобының тәрбиешісі











2021 жыл




Әр бала үшін мектепке дейінгі балалық шақтан мектепке көшу кезеңі өте күрделі кезең болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық топтарына бармаған балалар үшін бұл кезең айтарлықтай күрделі, себебі, ол көбінесе мектепке жеке және өзіндік дайындықтың жеткіліксіздігіне байланысты.

5 жастағы балаларды мектепалды даярлау міндетті және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы 30-бап).

Мектепалды даярлық топтарында тәрбие мен оқытудағы қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдердің мақсаты мен міндеттері балалардың жан-жақты дамуына, олардың жас және тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік дағдылары мен өзіндік оқу дағдыларын дамытуға бағытталады.

Мақсаты: балаларды бастауыш мектепте оқуға, балалардың зияткерлік, мотивациялық, эмоционалдық - еріктік дайындығына ықпал ететін және бірінші сынып оқушысының табысты бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру.

Міндеттері:

-балалардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мектепалды білім беру кезеңінде оқыту процесін ұйымдастыру;

- балалардың жаңа білім беру жағдайларына табысты бейімделуін, ойын әрекетінен оқу әрекетіне біртіндеп көшуін қамтамасыз ету;

- баланың мектепте оқуға оң көзқарасын қалыптастыру;

- ұжымдық қызметтегі бірлескен іс-әрекет дағдыларына тәрбиелеу (құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.);

- баланың мектепке эмоционалды-оң көзқарасын, оқуға деген ынтасын дамыту.


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартында мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне және бағдарламаның мазмұнына қойылатын талаптар айқындалған.

5-6 жастағы балалардың мектепалды дайындық деңгейінің мазмұны:

1) Физиологиялық дайындық.

Бұл аспект баланың мектепте оқуға физикалық тұрғыдан дайын болуы тиіс екенін білдіреді, яғни оның денсаулық жағдайы.

Физиологиялық дайындық ұсақ моториканың (саусақтардың, қозғалысты үйлестіру) дамуын білдіреді; негізгі гигиеналық нормаларды сақтаудың маңыздылығын білу және түсіну; «көз – қол» қозғалыстарын үйлестіру (бала қашықтықта көзбен қабылданатын қарапайым графикалық бейнені, өрнекті, пішінді дәптерге дұрыс салады); белгілі бір уақыт ішінде ересектерді мұқият тыңдау және бөгде заттарға алаңдамай тапсырмаларды орындау, үйге өз бетімен жету;

2) Зияткерлік дайындық.

Саралап қабылдауы: ұқсас заттарды шатастырмайды (шаршы, тікбұрыш және т. б., 6 және 9 сандары және т. б.).

Ерікті зейіні мен есте сақтауы:

- 3-4 секунд ішінде заттарды есте сақтайды және оларды атайды;

- тақпақтарды, жаңылтпаштар біледі;

- 10-ға дейінгі сандар тізбегін, тура және кері санауды біледі;

- ересектердің көмегімен үлгі бойынша тапсырманы орындайды;

- -, +, = таңбаларын түсініп, үйренеді.

Логикалық ойлауы: заттарды бірнеше белгілері бойынша жіктей алады,

заттардың негізгі белгілерін және олардың арасындағы қарапайым байланыстарды біледі.

Шығармашылық қиялы: сурет салу, мүсіндеу, қайшымен жұмыс жасау техникасын меңгерген; таныс әндерді айтады, ойдан әуендер шығарады.

Демек, қазіргі таңда біздің алдымыздағы үлкен міндет жас буынды болашақ өмірдің дамуына бейімдеп, еңбек етуге тиісті деңгейде білім беріп, балалардың бойына қажетті дағдыларды қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Бұл мәселе білім беру саласында қазіргі дамыған және дамушы мемлекеттердің идеялогиялық жағынан аса маңызды мән беретін тақырыпқа айналды. Білім сапасының мемлекеттің болашағына жол ашатын, тұрақтылығына негіз болатындай қуатты күші бар екенін барша сауатты адамдар жақсы біледі. Ендеше 4 К моделі жайлы не білеміз? Балабақша балалары үшін қаншалықты қажетті? Қолдану тиімділігі неде?-деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттыратыны баршамызға мәлім, сондықтан мектепалды даярлық топтарында балаларға білім беруде 4К моделін тиімді қолдану жолдарын көрсеткім келеді.

4К модель бұл баланың бойындағы шығармашылдығы, қарым-қатынасы, ынтымақтастықты орната білуі, топпен жұмыс жасай алуы. Осы орайда, мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиешілері күнделікті балаларда жоғарыда аталған дағдыларды қалыптастыру үшін қарқынды жұмыс жасау қажет.







Бүгінгі күннің мектепке дейінгі педагогына қойылып отырған талап, 4К моделіне сәйкес жұмыс істей алу қабілетін жүзеге асыру.


Соның ішінде мектепалды даярлық топтарында 4К моделі балаға не береді?

Біріншіден, шығармашылық (креативтілік) – өзгермелі жағдайларда өзін сенімді ұстап, дәстүрлі емес шешімдерді қабылдай алуға, жағдаятты әр тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, басқа адамдардың бастамаларын дамытып, жетілдіре алу қабілеті қалыптасады:

- ойлауда, сезінуде, қарым – қатынас жасауда икемділік;

- іс-әрекеттің жеке түрлерінде бірегейлілігі;

- жеке тұлға немесе оның жеке жақтарын;

- бөлшектерді қосу арқылы жетілдіру қабілеті;

- мәселені шешу қабілеті, яғни талдау қабілеті;

Екіншіден, қарым-қатынас (коммуникативтілік) — ойлауда, сезінуде, қарым –қатынас жасауда, икемдідік -сондай-ақ іс-әрекеттің жеке түрлерінде, бірегейлілігі; — жеке тұлға немесе оның жеке жақтарын; — бөлшектерді қосу арқылы жетілдіру қабілеті, мәселені шешу қабілеті, яғни талдау қабілеті қалыптасады:

- сөздік-логикалық ойлауды дамытуға арналған ойындар және жаттығулар;

- келіссөздер жүргізу және байланыс орнату;

- әңгімелесушіні тыңдау және өз көзқарасын жеткізу қабілетін өмірлік дағдыға айналдыру.

Үшіншіден, командалық жұмыс балаларды бір-біріне жолдастық, адами тұрғыдағы қарым-қатынас дамиды, ынтымақтастық құзыреттілігі қалыптасады:

  • ынтымақтастық - кәсіби салаға қарасты құзыреттілікпен тығыз байланысты.

Жалпы мақсатты және оған жету жолындағы рольдерді айқындай отырып, оның нәтижесін бағалай алу қабілеті 3 кезеңнен тұрады;

1.Мақсат қою, оған қол жеткізу;

2.Бірлесіп жұмыс істеуге үйрету:

3.Жалпы жауапкершіліктерін дамыту.

Төртіншіден, сыни ойлау арқылы балалар ақпараттар ағынын бағдарлай алу, себеп-салдарлық байланыстарды көре алуы, қажетсіз ақпараттарды електен өткізіп қорытындылау, қажетті жағдайда шешім шығарып, өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін түсіне алу дағдылады қалыптасады:

- тек қана оқу үшін ғана емес, өмірде қажетті ойлау дағдыларын қалыптастыру;

- мәселені көре білуге;

- стандартты емес шешімдерді табуға үйрету:

- сұрақтар қоюға ,түрлі дәлелдер айту;

- өз іс-әрекеттеріне талдау жасауға;

- істеген жұмыстарына баға беруге және бағалауға.

Осы орайда айта кететіні, мектепалды даярлық топтарындағы балаларға 4К моделін қолдана отырып, ең тиімді деген оқу тәсілдерін ұсынғым келеді:

  • 1. Белбеу әдісі (сабақтың жаңа тақырыбын ашу)

  • 2. «Блум таксономиясы» тәсілі

  • 3. Блум түймедағы (әр топтан бір-бір адамнан шығады, мысалы: 6- бала шықты бір–бір сөйлемнен айтады, сонда жалпы бір әңгіме құрастырылып шығады)

  • 4.Жеміс ағашы (өзі –өзі бағалау, қандай деңгейді екенін бала біледі)

  • 5. Пицца әдісі (сабаққа байланысты күрделі тапсырма беру).

  • 6. Бес саусақ әдісі (сабақтың соңында әр саусақта сұрақтар болады, не қызықты болды, неге қол жеткіздің, не қиын болды, не ұнады, не ұнамады)

  • 7. 3 әріп стратегиясы (бір әріппен өткен тақырыпқа қорытынды жасауға болады).



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің жаңартылған мазмұнын енгізу жағдайында осы оқыту моделімен қатар тәрбиеленушілердің отбасыларымен өзара әрекетінің маңыздылығы бар екенін айтқым келеді. Бұл балаларға берілетін білім сапасына ата-аналардың сұраныстарының артуына, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды әлеуметтік және педагогикалық қолдауға байланысты. Ата-аналар баласының оқу процесіне қатыса алады және қатысқысы келеді, яғни білім беру процесі барынша ашық болуы тиіс. Ата-аналар баласын барынша қолдап отыруы керек, себебі мектеп өміріне бейімделу кезеңіне тән мәселелерді шешу өте қиынға түседі.

Ата-аналармен жұмыстың түрлері:

жеке - ата-аналармен әңгімелесу, жеке сұрақтар бойынша кеңес беру, телефон арқылы ата-аналармен әңгімелесу, электрондық поштаны пайдалану (мұндай мүмкіндік бар жерде), ата-аналармен хат алмасу. Осындай қарым-қатынас барысында ата-аналар баласының жетістіктері туралы ақпарат алады, оқытудың табысты болуына ықпал ететін ұсыныстар алады.

ұжымдық және топтық - сауалнама жүргізу, консультациялар (топтар бойынша) жалпы ата-аналар жиналыстары, байқаулар, бірлескен мерекелер мен ойын-сауықтар, сұрақтар мен жауаптар кеші, ата-аналар клубы, МДҰ әкімшілігімен ата-аналардың кездесуі және т.б. Әлеуметтік желіде топтың жалпы чатын ашу, мысалы, Whatsapp, бұл педагогтерге хабарландырулар, сауалнама материалдарын, балаларды үйлеріне жеткізу бойынша түсініктемелерді және т. б. ақпараттарды орналастыруға мүмкіндік береді.

Баланы мектепке дайындау бойынша міндеттерді табысты іске асыру отбасынан басталады. Педагогикалық процестің әрбір қатысушысы балалармен маңызды және жауапты жұмысты жүзеге асыруда өзінің баға жетпес үлесін қосады. Осылайша, педагогикалық процестің барлық қатысушыларының ойластырылған және жүйелі қызметі баланың жеке қабілеттерін ашуға, денсаулығын нығайтуға, ой-өрісін кеңейтуге және оны 1- сыныпта оқуға тез бейімделуге мүмкіндік береді.



ҚОРЫТЫНДЫ

Білім беру жүйесінде балаларды мектепке дайындау ерекше орын алады. Мектепалды даярлық топтарының мазмұнындағы сабақтар, ойын технологияларын қолдана отырып және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі. Баланың мектепке дайындығы туралы айтқан кезде, тек зияткерлік (болашақ бірінші сынып оқушыларының белгілі бір біліктері мен дағдылары жиынтығы) ғана емес, сонымен қатар баланың мектеп өмірінің басталуына психологиялық дайындығын білдіреді. Баланы мектепке дайындау бойынша міндеттерді табысты іске асыру отбасынан басталады. Педагогикалық процестің әрбір қатысушысы балалармен маңызды және жауапты жұмысты жүзеге асыруда өзінің баға жетпес үлесін қосады.

Осылайша, педагогикалық процестің барлық қатысушыларының ойластырылған және жүйелі қызметі баланың жеке қабілеттерін ашуға, денсаулығын нығайтуға, ой-өрісін кеңейтуге және оны 1- сыныпта оқуға тез бейімделуге мүмкіндік береді.



















1-қосымша

Әңгімелесу тесті

Баланың психоәлеуметтік жетілу деңгейін диагностикалауға бағытталған (авторы Банков С. А.).


Сауалнама барысында оқу мотивтерінің қалыптасу деңгейі анықталады. Әңгімелесу үшін сұрақтар:

1. Сенің аты қалай?

2. Неше жастасын? Бір жылдан кейін қанша болады? Екі жылдан кейін?

3. Сен қайда тұрасың? Өз мекен-жайыңды ата.

4. Әкең, анаң кім болып жұмыс істейді?

5. Сенің ағаң немесе қарындасың бар ма?

6. Балабақшаға барасыз ба?

7. Балабақшадағы сүйікті ісіңіз?

8. Сен сурет салғанды ұнатасың ба? Бұл карындаш қандай түсті?

9. Қазір таңертең немесе кеш пе?

10. Таңғы асты қай кезде ішесің? кешке немесе таңертең? Түскі ас, кешкі ас? 11. Қазір жыл мезгілінің қай кезеңі?

12. Неліктен қар қыста жауады ? жазда емес?

13. Жылдың қай мезгілінде ағаштарда жапырақтар пайда болады?

14. Күн мен түннің айырмашылығы неде?

15. Жаңбырдан кейін жер бетінде не қалады?

16. Қандай құстарды білесің?

17. Сен қандай жануарларды білесің?

18. Сиыр үлкен бе немесе ит үлкен бе?

19. 9 немесе 6, 5 немесе 8 қайсысы көп?

20. Мектепке өзің барғың келе ме?

21. Мектепте не қызықты болады деп ойлайсың? Неге мектепке қоңырау мен парта керек?

22. Егер абайсызда бөтен біреудің затын сындырып алсаң, не істеу керек?

Жауаптарды бағалау:

1. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін бала 1 балл алады.

2. Бала әр сұраққа дұрыс, бірақ толық емес жауап бергені үшін 0,5 балл ала алады.

3. № 2, 3, 21, 22 бақылау сұрақтары былайша бағаланады: № 2-Егер бала қанша жаста екенін есептесе-1 балл; егер туған жылымен қоса айды есепке алып жасын атаса-3 балл; № 3 - қаланың аты мен толық мекен – жайын атағаны үшін - 2 балл; толық емес-1 балл.

21-әрбір дұрыс қолдануы үшін - 1 балл; № 22-дұрыс жауап үшін-1 балл. Егер бала 21-ші сұрақ бойынша кемінде 3 балл алса, дұрыс жауап берсе, тексеру хаттамасында мектепте оқуға деген ынтасы белгіленеді.

4. «Анам дәрігер болып жұмыс істейді» қойылған сұраққа сәйкес келетін дұрыс жауап болып табылады. «Анам жұмыс істейді, жұмыста» дұрыс емес жауап деп есептеледі.


Әңгімелесу нәтижелерін бағалау:

егер бала 24-29 балл алса, ол мектеп жасына жетілген болып саналады;

20-24 балл жинаған балалар орташа жетілген болып саналады;

15-20 балл жинаған балалардың психоәлеуметтік жетілу деңгейі төмен болып есептеледі.



2 Қосымша

Ата-аналарға арналған тест


Мектепке баруға балаңыз дайын ба?

1.Сіздің балаңыз мектепке барғысы келеді ме?

2.Сіздің балаңызға мектепте оқу қызықты ма және ол көп нәрсені біледі ма? 3.Сіздің балаңыз 30 минут ішінде (мысалы, конструкторды жинау) көңіл бөлуді талап ететін қандай да бір әркетпен дербес айналыса ала ма?

4. Сіздің балаңыз бейтаныс адамдардың ортасында ұялшақ емес пе?

5.Сіздің балаңыз сурет бойынша 5 сөйлемнен кем емес әңгіме құрастыра алады ма?

6. Сіздің балаңыз бірнеше өлеңдерді жатқа айтып бере ала ма? Ол сандар бойынша зат есімдерін өзгерте алады ма?

8. Сіздің балаңыз буынға бөліп оқи ала ма немесе бүтін сөздерді айта алама? 9. Сіздің балаңыз 10-ға дейін тура және кері санай ала ма?

10.Ол бірліктерді азайту немесе қосу үшін қарапайым есептерді шеше ала ма?

11.Сіздің балаңыз карандаш ұстай ала ма?

12.Ол сурет салуды және суреттерді бояуды ұнатады ма?

13.Сіздің балаңыз қайшыны және желімді (мысалы, аппликация жасау) пайдалана ала ма?

14. Ол 1 минут ішінде 5 бөліктен кесілген суретті жинай алады ма?

15. Бала жабайы және үй жануарларының атауларын біледі ме?

16. Ол түсініктерді қайталай ала ма (мысалы, қызанақ, сәбіз, пияз)?

17. Сіздің балаңыз өз бетінше сурет салуды, мозаика жинауды ұнатады ма? 18. Сіздің балаңыз ауызша нұсқауларды түсініп, дәл орындай ала ма? Тест сұрақтарына дұрыс жауаптардың санын санаңыз.


Егер ол болса:

15-18 балл-бала мектепке баруға дайын деп есептеуге болады. Сіз баламен босқа көп айналыспағансыз, ал егер мектеп қиындықтары пайда болса, оңай еңсеретін болады;

10-14 балл-Сіз дұрыс жолдасыз, бала көп нәрсені үйренді, ал сіз теріске шығарған сұрақтардың мазмұны сізге одан әрі күш салуды қажет етеді;

9 баллдан аз алса - балаға сіздің көмегіңіз қажет, басқа арнайы әдебиетті оқыңыз, баламен сабаққа көп уақыт бөліңіз және оның білмейтін сұрақтарына ерекше назар аударыңыз!


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!