Материалдар / Баяндама пед кеңес "Тәрбие мен білім беру процесінде ата аналар мен педагогтардың әлеуметтік серіктестігін дамыту"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама пед кеңес "Тәрбие мен білім беру процесінде ата аналар мен педагогтардың әлеуметтік серіктестігін дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектеп ұстаздарына кеңес
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2020
742
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаз: Байтукаева Кенжегуль

Баяндама "Тәрбие мен білім беру процессінде ата-аналар мен педагогтардың әлеуметтік серіктестігін дамыту"

Білім берудегі жағдай жаңа типтегі балабақша,білім мазмұнын жаңарту, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру сияқты оң тенденциялармен ғана ерекшелініп қоймай, отбасы мен балабақша арасындағы байланыстың әлі де өз деңгейінде болмауымен де ерекшеленеді. Бұған себеп ретінде ата-аналардың жұмыс бастылығын,әлеуметтік деңгейдің төмендеуін,отбасылық құндылықтың жоғалуын т.бкелтіруге болады.

Сондықтан білім ордалары адамгершілік қарым-қатынастың, құндылықтарды қалыптастырудың, жеке тұлғаны дамытудың ошағы ретінде әрекет етуге бағытталған. Қазіргі балабақшаМиссиясы тек балаларға адамгершілік,коммуникативтілік, ынтымақтастық мекені болып қана қоймай, ата-аналардың да бала тәрбиесіндегі сенімді серіктесіне айналу құзырына да ие болуы маңызды. Әсіресе бұл ынтымақтастықты қалыптастыру балабақшада ерекше орын алады.

Баланың бірінші ұстазы-ата-анасы деп тегін айтылмаған. Балабақша болсын,мектеп болсынең алғаш оқытушы алдына келген баланың отбасында қалыптасқан мінез-құлқы, танымы,әдеті мен түсініктері бар. Сондықтан алдымызға келген баланы әрі қарай дамытып, бойына жеке тұлғалық құндылықтарды қалыптатыруда ата-анамен бірлесе әрекет ету күмәнсіз жақсы нәтижеге жеткізері анық. Білім беру мен тәрбиелеудің негізгі тапсырыс берушісі ретінде ата-аналардың педагогикалық-психологиялық сауаттылығын арттыру-ата-аналармен әрекеттің негізі. Баланы балабақшаға дайындаудағы мақсат, міндет, түсініктер мен танымдарды қабылдап,атсалысуын қамтамасыз ету.

Көптеген ата-аналардың балабақша өміріне тікелей қатысуында тәжірибесі жоқтың қасы.

Бұл мәселені шешуде отбасымен серіктестік пен ынмытақтастықты баланың балабақшаға бейімделуі кезеңінде жаңа деңгейде құру қажет. Баланың балабақшадағы өмірінің табысты басталуы-отбасы мен балабақшаның ортақ әрекетінің нәтижесі. Ата-аналарменынтымақтастық бастауында серіктестіктің қалыптасуы баланың балабақша өміріне тез бейімделіп, жан-жақты дамуына апарар жолдың негізгісі. Себебі ата-анасының балабақша өміріне белсене қатысуыбаланың өзіне деген сенімін арттырып,оқуға деген құлшынысын арттырары сөзсіз.

Балабақшадан мектепке қабылданған кез-әр баланың өмірінде күрт өзгеріске толы кезең. Баланың психикалық жетілуіндегі маңыздықортынды оның мектепке қаншалықты дайындығында жатыр.Себебі үйреншікті әдеттері мен әрекеттері өзгеріске ұшырайды, жаңа әлеуметтік жағдайларға тап болып, оған бейімделе бастайды. Өзінің жаңа қалып-жағдайын ұғыну,түсіну қиындыққа соқтырады.

Педагогикалық ұжымның міндеті – балабақшада балалармен жұмыс істеудің мазмұнын жаңарту қызметін жетілдірудің ішкі резервтерін іздестіру. Мектепке дейінгі ұйымның негізгі функциясы – баланың жеке тұлғасын мақсатты түрде әлеуметтендіру.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!