Материалдар / Баяндама "Қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама "Қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық ұстаздарды толғандыратын жаңартылған білім мазмұны бойынша қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығы және күнделікті сабақта бағалауды жүргізуге көмек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2018
1590
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫММИНИСТРЛІГІ

Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектеп

























Тақырыбы:«Қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығы»















Дайындаған: Математика пәнінің мұғалімі Маханбетова К.А.















Шымкент-2018жТақырыбы: «Қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығы»

Маханбетова Канзада Абдиманапқызы.Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектепМатематика пәнінің мұғалімі

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады. В.А.Сухомлинский



Елімізді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындап отыр. Осы қажеттілікті шешудің бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау. Бағалау - оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.[МАН107бет] Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.[МАН,55бет] Жалпы қалыптастырушы бағалау сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы бағалаудың (оқыту үшін бағалау) маңызы – білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты–оқытудың қиындықтарын анықтау,оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу, болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс.  Қалыптастырушы бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында , сабақтың ортасында , сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі. Уақыт көлемі тапсырма деңгейіне сәйкес 5-10 минут болуы мүмкін. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың формальді, формальді емес әдістерін тиімді әрі жүйелі қолдану қажет. Қалыптастырушы бағалау: оқыту үшін бағалау, ынталандыру, жетелеу, критерийлерді айқындау арқылы жүргізіледі.  Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу - жиынтық бағалаудың нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бағалауда күмәнді ой туғызатын сәттері де бар. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы кейде шындыққа жетпей ме деп қаласың. Дегенмен бұндайда оқушының әрекетінен сол сәтте тіпті жақсы қадамға бару мүмкіндігі де туып жатады. Сыныптастарын бағалау оқушылар арасында маңызды рөл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен  шығуға мүмкіндік береді. Сондықтан «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Мадақтау сэндвичі», тіпті кейде сабақ үрдісінде «Керемет», «Тамаша», «Ризамын саған»  сияқты мадақтаулармен де бағалауды қолданамыз. Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру барысында оқушыларды тек сөзбен немесе қол сигналдарымен бағалау нәтижесі аса сәтті бола бермейтініне бірінші тоқсан барысында көз жеткіздім. Себебі жиынтық соңында оқушы қолдаудың үнемі жақсы жағын сете сақтап сәтсіз орындаған жұмыстарының нәтижесіне аса назар аудармайды (ұмытады). Сол себепті тоқсан барысында жеткен жетістіктері оқушы назарында болса, оқушының тоқсандық бағалары мен білімдеріне деген сенімін арттыру мақсатында «Ілгерілеу қалтасын» құрдым. Ілгерілеу қалтасында әр оқушыға арналған орын белгіленіп, оқушының атқарған жұмыстарына сәйкес бағалау парақтары, марапаттау белгілері, орындалған жұмыстары көрсетіліп қойылады. Күнделікті өз жетістіктермен қатар сыныптастарының жетістіктерін қарай отырып оқушыда білімге деген ынта мен өзіне деген сенім артатынына көз жеткіздім. Бұл әдісімнің тиімділігі үшінші тоқсан соңында өз нәтижесін берді.Қалыптастырушы бағалауды үш негізгі бағытта алып қарайтын болсам:
  • Нәтиже : оқу процесінде оқушы өзін-өзі бағалауды үйренеді. Өз білімінің артықшылығы мен кемшіл тұстарын көріп отырады. Білімін қалай дамыту қажеттігін түсінеді. Оқушы білімінің деңгейі мен ілгерлеушілік байқалады.
  • Кедергілер: кедергілер арқашанда болатындығы сөзсіз. Қағазбастылық. Мұғалімнің уақытын көп жұмсалуы. Асыра бағалаушылық (тапсырмадағы дескрипторлар дұрыс құрылмаған жағдайда).
  • Болашақтағы мақсатым: Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалаумен жұмыс жасау барысында оқушыларды сыни ойлауға, ойлау туралы ойлауға дағдыландыруым қажет. Уақытты тиімді пайдалануды назарда ұстау. Дарынды оқушыларды тәрбиелеу барысында дескрипторлар құрастыруға үйрету.
Сөзімді қорытындылай келе, критериалды бағалау —  бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Ол үшін оқушы өз жетістігін үнемі саралап, көз алдынан таса қалдырмауы керек. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыныс  болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні  белгілі.









Пайдаланылған әдебиеттер:Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ДББҰ 2016ж.Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы. Астана 2016ж
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!