Материалдар / Баяндама "Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңа форматтағы тапсырмаларды қолдану"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама "Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңа форматтағы тапсырмаларды қолдану"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндамада оқушылардың тіл байлығын дамыту үшін қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында синоним, перифраз тапсырмалрын, жаңа форматтағы тапсырмаларды қолдану мағлұұмат берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2022
391
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









Баяндаманың тақырыбы:



Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында

жаңа форматтағы тапсырмаларды пайдалану







Кудашева Анара Назымбековна

«Павлодар қаласының № 30 жалпы орта білім беру мектебі» ММ





























Ж. Аймауытов айтқандай: «Сабақ беру – жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» десек, бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі инновациялық технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.

Бүгінгі таңда ғылым мен техниканың дамуы қазақ тілін үйретудің жаңаша жолдарын талап етеді. Тәуелсіз еліміздің әр азаматы мемлекеттік тілде еркін қарым – қатынас жасауы керек. Қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім деңгейі, ой – өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелей аламыз. Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамын.Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез – келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы –   жаңа технология негіздері болып табылады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді.

Бүгінгі таңдағы, басты мәселелердің бірі - басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту-баршамыздың басты парызымыз. Сондықтан да, қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында көп жаңа форматтағы тапсырмалар қолдануымыз керек. Солардың бірі – перифраз тапсырмаларына тоқталғым келеді. Перифраз тапсырмалары оқушылардың сөз қорын молайтады, тілін дамытады, өздігінен жұмыс істеуге көмектеседі, пәнге қызығушылық оятады.

Қазіргі зерттеліп отырған перифраза дегеніміз не? Перифраз немесе перифраза деген атау грек тілінен келген, ол заттаң, құбылыстың тура атын атамай, суреттеп көрсету, тұспалдап айту дегенді білдіреді.[1. 3] Мысалы: дәрігер деудің орнына «ақ желенді абзал жандар» деп атау, депутаттар деудің орнына «халық қалаулылыры» «халық қызметшісі» деп қолдаудағы мақсат бір сөзді басқа сөздермен ауыстырып қана қою емес, бұл ұғымды өз атынын басқаша етіп атау оны бейнелі етіп сипаттау үшін және қандайда бір эмоцияналды – экспрессивті баға беру үшін қолданылады. Сондай – ақ, кітап деудің орнына «жан азығы» деп атай отырып, жазушыларды «жан азығын өндеушілер», «адам жанының инжинерлері» деп ауыстырып атаудың өзіндік мақсаты, атқаратын қызметі бар. Бұл, біріншіден, стильдік мақсатта айтылып тұрса, яғни бір сөзді қайталап айта бермес үшін ойды түсініктірек баяндау үшін, бір ұғымды түрлендіріп әрқандай атаулармен атап, жалпы мәтінің көркемдігін арттыру болса, екіншіден, перифразалар заттың, кейіпкердің қасиетін, ерекшеліктерін баса көрсетуде, уақиғаны суреттеуде образдылық жасап, айтылған ойдың әсерлілігін арттырады, сонымен бірге автордың субъективті сезімдерін білдіру үшін қолданылатын стильдік тәсіл болып табылады.
Айтылған сөзімізге дәлел болу үшін мысалы халқымыздың ұлы ақыны Жамбыл туралы зерттеу еңбектерін алып қарасақ Жамбылдың атын бір жерде ақын деп, қарт ақын, ұлы ақын деп, қарт жыршы, қазақ халқының ұлы перзенті деп, ұлы махаббат жыршысы деп, Алатаудың асқақ жыршысы, ХХ ғасыр Гомері, екі ғасыр куәсі, ақындардың атасы, жыр алыбы тағы басқа деп ауыстырып көрсетілген. Мәтіндегі нұсқасымен көрсететін болсақ «... Ұлы махаббат жыршысы құбылысқа, көрініске өзі жүрген ортасына салқын қанды қарай алмайды... Сондықтан ақын көргенін көрген жерде – ақ өз тұрғысынан, өзінің идеалық позициясынан бағалайды... Бұдан басқа Жамбылда басқа көзқарас жоқ. Мұндай тұста қарт жыршы албырт жанды жігіт сезіммен қабыл алған әсерін қайта атқарған сөздің де адал сырға өткір, ұшқыр тіл боларлық жандысын, жарығын төгеді.... Поэзияның осындай қорығын, ұйығын, әрбір сөзді кристалдай өткір қырланған тұлғаларынан кесек – кесек алтындар шығады» [2. 55] Осыдан көріп отырғанымыздай, перифразалық тіркестер ақынның атын қайталап айта бермес үшін, тек стильдік мақсатта қолданылып отырған жоқ, сонымен бірге Жамбылдың ерекшелігін, қайраткерлігін әр тұсынан көрсетіп, оның ерекше өмірін, талантын, көп жасаған суреткерлігін, қазақ әдебиеті тарихында алатын орны мен басқа ұлттардың поэзиясына тигізген әсерін айтып тұр. Қазіргі кезде перифразаларды көп қолданылатын сала публицистика (яғни «газет тілі») болып отыр. Баяндауда стильді «әрлендіріп», мәтінге «өң беру» мақсатында астарлы сөздер мен сөз тіркестері қоланылады. Мысалы еңбек екпінділері жайында мәтіндерден комбайшы, тракторшы қыздарды дала тоғайлары, егін ерлері, бейбіт күннің мәншүктері, әлиялары, ел ішінің төл перзенттері, темір тұлпар мінген арулар деген сияқты перифразалық тіркестер егін жинау науқаны кезінде және мейрам кездеріндегі репортаждарда айтылу себебі әсіресе салтанаттық реңк беру үшін деп баса айтқан жөн. Немесе мынадай: «Сарыарқа төскейі қайта құрудың қоңыр самалымен терең тыныстап...» деген перифразалық орамының өз мағынасы «Сарыарқада қайта құру жүріп жатыр» деген болуға тиіс қой. Неге өз мағынасында айтылмай, ауыспалы мағынада қолданып тұр деп, перифраздап қолданудағы себептерін қарастыратын болсақ, бұл біріншіден, көркемдік үшін, көтеріңкі леп, айрықша сезіммен айтылуы мүмкін; екіншіден асырып айтуы үшін, құр әсірелеп айтылуы мүмкін.
Сөйтіп перифразалардың қолданылу аясы көркем әдебиет, сөйлеу тілі, публицистика болып табылатындығына көзіміз әбден жетті. Перифраза және мәтінде ерекше реңк беріп адамның сезімін баурап қызығушылықты одан әрі оята түседі.
Жаңартылған бағдарлама бойынша 8, 9- сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде жаңа термин сөздердің енгені бәрімізге де белгілі. Соның ішінде , перифразды оқушылардың ұғымына жақынырақ түсіндіру үшін мынандай тапсырмаларды орындатуға болады деп ойлаймын.

Троп –көркемдегіш құрал- құбылту, сөздерді тура мағынасында емес, ауыспалы мағынада қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту, ал перифраз –троптың бір түрі. Перифраз құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі. Перифраз мәтіннің идеялық-эстетикалық және көркемдік байлығын арттырады. Мағыналық реңк пен оның әсерін күшейтеді.

Бағалау критерийі - білім алушы перифраз түріндегі сөздерді заттық ұғымдағы сөздермен сәйкестендіреді; (төменгі деңгей) перифразды қолданып сөйлем құрайды; (жоғарғы деңгей) берілген тақырыпқа перфразды қолдана отырып, мәтін құрап жазады.

«Мамандық» тақырыбын меңгертуде сәйкестендіру тесті.

Перифраз


Заттық ұғымдағы сөздер

Ақ халатты абзал жан

Shape2 Shape1

мұғалім

Мектептің жүрегі

дәрігер

Адам жанының инженері

жазушы

Сөз зергері

мұнайшылар

Адам жанын арашалаушы

ақын

Қара алтынды өндірушілер

логист

Әлемдік сахна

өмір

Өнімді тасымалдаушылар

шахтерлер

Қиыннан қиыстырушы

студент

өз бетімен ізденіп оқушы

абитуриент

ЖОО түсуші талапкер


Кестенің бос орындарын толтыр .

Заттық ұғымдар

Перифраз


дала кемесі


аң патшасы


аққу ұшып көлге кетті


ащы су


ақ алтын


қара алтын

Жол

жер белбеуі


сөздің патшасы, сөз сарасы


қазақ балалар әдебиетінің атасы


Үш дана


Бес арыс


Үш бәйтерек

Керекті сөздер: арыстан, өмірден өтті, ішімдік, комбайн, мақта,көмір,өлең, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан, Сәкен, Шоқан, Міржақып, Бейімбет,Шәкәрім, Ілияс, Ахмет, Абай, Жүсіпбек .


Перифраз жасалу тәсілдері:


1.Сөйлемдегі сөз формасын басқа сөз табына алмастыру.

Мысалы: зат есім → етістік, зат есім → сын есім, т.б.

Түпнұсқа: Ауа райы өзгерісі адам денсаулығының нашарлануына әкеп соқты.

Перифраз: Ауа райы өзгергендіктен адам денсаулығы нашарлады.

2. Синонимдерді қолдану.

Түпнұсқа: Менің апам ажарлы адам.

Перифраз: Менің апам әдемі жан.

3. Сандар мен пайыздық көрсеткіші өзге формаға ауыстыру.

Түпнұсқа: Оқушылардың үштен бір бөлігі жақсы деген бағаға ие болды.

Перифраз: Оқушылардың 30% жақсы деген бағаға ие болды.

4. Бірінші жақтан үшінші жаққа немесе үшінші жақтан бірінші жаққа алмастыру (ырықсыз етіске алмастыру).

Түпнұсқа: «Алаш» газеті Абай өлеңдерін жариялады.

Перифраз: «Алаш» газетінде Абай өлеңдері жарияланды.

5. Анықтама берудің әртүрлі құрылымдарын пайдалану.

Түпнұсқа: Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? - деген сұраққа жауап беретін сөз табы.

Перифраз: Зат есім - бір заттың, нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның атын білдіретін сөз табы. Кім? Кімдер? Не? Нелер?- деген сұрақтарға жауап береді.

6. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі формаларын түрлендіріп қолдану.

Түпнұсқа: «Өмірді өмірдің бағасынан артық сүю қажет» - деді Ф. Достоевский

Перифраз: Ф. Достоевский өмірді өмірдің бағасынан артық сүю қажеттігін атап өтті.

7. Сөйлем құрлымын өзгерту және байланыстырушы сөздерді өзге түрлерін қолдану.

Түпнұсқа: Арман сабағына дайындалып отырып, інісіне де көмектесті. Алайда екі нәрсені қатар жасау оған қиын тиді.

Перифраз: Арман әрі сабағына дайындалды, әрі інісіне көмектесті. Дегенмен екі нәрсені қатар жасап қиналды.

8. Алайда жалқы есімдер мен кілт терминдерді ауыстыруға, өзгертуге болмайды.


Көркемдік құралдардың тілдік-стильдік механизмін айқындау – бүгінгі тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі. Троптың бір түрі – перифраздың функционалдық табиғатын ашып, тілдік (материалдық, тұлғалық, синтаксистік) көрінісін талдау үстінде лингвостилистиканың бірқатар теориялық тұжы-рымдарына қазақ тілі материалдары арқылы да үлес қосуға болады. Перифраз көркем тілдің табиғатын тани түсуге, дәстүр мен жаңашылдықтың қатынасын, автордың көркемдік әлемін, жоғары көркем сөз мәдениетінің күрделі дамуын түсінуге көмектеседі.

Қорыта айтқанда, мұғалім баланы оқытуда оқушыға өлең жаттатып, ережелерді оқытып, түрлі жаттығулар жазғызады.Оған талап қойылады, бала кітап оқып, өз тарапынан пікір қоса алмайды. Сондықтан оқушылардың жеке басының белсенділігі мен іскерлігін арттырып, шығармашылыққа ұмтылуына көмектесу мұғалімнің өзінің шеберлігіне қарай оқыту барысында әдіс-тәсілдерді, жаңа форматта тапсырмаларды қолдана білуі керек.

Жеке тұлғанының өзіндік айқындалуына кешенді ықпал жасау үшін мұғалім көп ізденіп, баланың ашылмаған қабілетін ашу, белсенділігін арттыру,өзіне деген сенімін күшейту, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыра түсу керек. Үздіксіз іздену-бүгінде мұғалімдерге қойылып отырған басты талаптардың бірі. Оқушылардың топтық және жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, сабақ үстінде жекелеген тапсырмалар мен көмек түрлерін пайдалануда, сыныпта шығармашылық жағдай жасауға мүмкіндік туғызады. Өйткені, әрбір оқушы өз мүмкіндігіне қарай нақтылы және қызықты жұмыс орындайды.Оқу процесінде оқытудың озық технолологиясын қолдану - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мектептерде оқу үрдісінде жаңа технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеңілдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап оқытуға мүмкіндік туады.Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы - оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді. Оқушының дайындық деңгейін саралау, оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылады. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарлаған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады.

Жаңа форматтағы тапсырмалардың пайдалану ерекшелігі – тек стандартта берілген білімді меңгерту ғана емес, сонымен қатар оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, тұлғаның танымдық қабілеттерін танымдық жағдайлар арқылы қалыптастыруға, шығармашылық қажеттіліктерін толықтыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы.










Пайдаланған әдебиеттер тізімі:



  1. Г. Амандықова Қазақ көркем әдеби тіліндегі перифраздар. – Алматы, 1999, КДА

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!