Материалдар / Баяндама "Рухани тәрбие - құндылық мәні"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама "Рухани тәрбие - құндылық мәні"

Материал туралы қысқаша түсінік
директордың тәрбие ісі орынбасарларына қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
490
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Рухани тәрбие – құндылық мәні»



Рахманова Бибигуль Ербатырқызы

директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары


ХХІ ғасыр – қарыштап өркендеген ақпарат ғасыры. Дөңгеленген дүниенің тез дамуы қарқынды. Талап пен сұраныс өзгеруде, кешегі керек нәрсе көнеге айналып, ескінің қылауында қалып жатқанын көріп отырмыз. Салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптардың озығы заман ағымына ілініп, тозығы шетте қалып жатқан дәуір. Бірақ дегенмен қанша заман өтсе де, өз құнары мен салмағын жоғалтпайтын құндылықтар реті бар. Соның бірі – рухани тәрбие. Білім саласы жүйеленбеген уақытта да қазақ даласында рухани тәрбиенің маңызы зор болған. Ұлан байтақ – даламыз, ата-бабаларымыздың өнегелі өсиеті тұнып тұрған рухани тәрбиенің қайнар бұлағы. Ертегі, жыр-дастандар, аңыз-әңгімелер, халық даналағы ешқандай мектепті алмастыра алмайтын ұрпақ тәрбиелеудің қарулы күшіндей болатын. Қазақ даласында қаншама бас бұзушылық болса, барлық іс аталы жиын ішіндегі аталы сөзге тоқтаған. Қара қылды қақ жарған әділ билер, шешендер, өнеге тұтар әжелер, байсалды аналар екі елдің арасындағы біраз қақтығыстардың алдын алған. Бұдан түйетініміз, халық даналығы – рухани тәрбиенің бастауы, бүгінгі рухани тәрбие беру бағытының негізгі көзі десек те болады.

Өзімізде барды мақтан ете келе, осы рухани тәрбиенің бүгінгі білім беру тұжырымдамасында жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, рухани-адамгершілікті қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау міндетінің ерекше аталуы біз көтерген мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығын дәлелдейді. Оның үстіне қоғамдағы рухани құндылықтардың табиғаты, мәні және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеулердің адамгершілік пен руханилық мәселелерімен тікелей байланысты қарастырылып, осы кезге дейін күн тәртібінен түспеуі біздің мәселеміздің өзектілігін арттыра түседі. Өйткені, оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелері көптеген ғылыми зерттеулерге арқау болған.

Рухани-адамгершілік тәрбиесі қоғамның барлық сатысында зерттеу нысаны болып отырғаны баршаға белгілі. Рухани-адамгершілік құндылықтар мәні, тәрбиелік маңызы туралы қазақ ғұламаларының, қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтарының ой-пікірлері мен көзқарастары бар. Бүгінгі таңда сұраныс қоғамдағы ізгілікке, руханилыққа бет бұрғызып, оқу-тәрбие жұмысын рухани-адамгершілік тәрбие негізінде ұйымдастырып, мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру қажеттілігін айқындап отыр.

Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу - кезек күттірмес мәселе. Негізгі міндет – балалардың жақсы әдет, мінез-құлқын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі  де жас ұрпаққа – адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»-деп, бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.   Рухани-адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан – тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетістіктерін зер салып талдау керек.

Рухани тәрбиенің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы – балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені – ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ.

Оқушы бойындағы мейірімділік, шыншылдық, адалдық, тұрақтылық сияқты рухани қасиеттерді қалыптастыра отырып жұмыстану, өзін-өзі басқаруына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлу, өз ортасында еркін сөйлеп, өз ойын еркін айта алатын дарынды, қабілетті ұл-қыз тәрбиелеу  мақсатында орта мектеп-гимназиясында – рухани-танымдық тәрбие, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамыту бағытында көптеген іс-шаралар жоспарланып: «Мәңгілік елдің – ұлы Абайы» атты әдеби танымдық кеш, «Сұлулық – әлемді құтқарады» поэзиялық кештері, «Мейірбандық – адамның барлық адамгершілігіне түрткі болатын негіз», «Қайырымдылық – жасампаз күш» тақырыбында іс-шара өткізілді. Барлық сыныптарда «Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя» атты тәрбие сағаттарындағы рухани-адамгершілік білім баланың, жеткіншектің бойына өзінің жарқын болашағына деген сенімділігін ұялатты.

Шығыс философы, кемеңгер ғалым Әл-Фараби: «Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз берілген бiлiм – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi» - дейді. Себебі, тәрбие, соның ішінде адамгершілік әрі рухани-тәрбие ұлттардың, халықтардың өзіндік қасиетін атадан балаға сақтап қалуға, құндылықтарды өмірлік жағдайларда қолдануға негіз болады. Осы бағытта ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтқандай, жаңа оқу жылынан бастап еліміздің білім беру ұйымдарына «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы енгізілетіндігін атап көрсеткен болатын. «Қазіргі уақытта білім берудің барлық деңгейінде тәрбиелік компонентті толықтыру міндеті тұр. «Сондықтан біз «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын әзірледік және ол жаңа оқу жылынан бастап енгізіледі. Бұл жобаны біз биылғы оқу жылынан бастап барлық білім беру ұйымдарында енгізетін боламыз. Бұл өте маңызды», – деп атап көрсетті министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі барысында. Оның атап өтуінше, бұл жоба оқушылар, студенттер парламенті қызметін жетілдіре түсуі тиіс.

Б.Момышұлы «Баласын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын, екінші немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқамын, үшіншіден достарын сыйлай білмейтін балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Қолына қылыш берсе шауып тастауға даяр, қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан әже, әке жоқ» деген екен. Олай болса, Бауыржан Момышұлының осынау аталы аманатының астарына көз жүгіртіп, жан-жүрегімізде орнықты орын берейік. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, алтын тамыры тәлім-тәрбиесінде жатыр. Қабілетті ұл-қыз тәрбиелеу  мақсатында орта мектеп-гимназиясында «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебі» және «Аға мектебі» мен «Жеңге мектебі» жұмыс жасауда. Табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтар отбасы, мектеп әлеуметтік ортада нәрленеді. Адам асыл қасиетті үйрене отырып, рухани тәрбие алады. Мейірімділіктің негізі қаланады. Отбасында ынтымақты орта қалыптасты.

Ұлттық тәрбиені айтқанда ұлттық құндылықтарды тілге тиек етеміз. Ал, ұлттық құндылықтар жөнінде айтар болсақ, тәрбиемен қорытындылаймыз. Бұл егіз ұғым тәрізді. Себебі, құндылықтың құнын ұғындыруда тәрбие құралын айналып өте алмаймыз. Демек, бұл қазақ халқының ұрпағын тәрбиелеуге негіз болатын ұлттық мәдениеттің тірегі. Бұл жөнінде ұғымның ғылыми тұрғыда ашылған анықтамаларына да сүйенеміз. Ұлттық құндылықтар – ұлттың өзіндік ерекшелігі, ұлттық мәдениеттің өзгешелігі, ұлттық тілдің байлығы, ұлттық нақыш, ұлттық салт-дәстүрлер т.с.с. деген мағыналы түсінік беріліп, біздің жоғарыдағы ойымызды нақтылай түседі. Ұлттық құндылықтар – қауіпсіздігі сақталған және үдерісті дамыған қоғам мен мемлекеттің, тұлғаның сұраныстарын қанағаттандырушы нәрсе немесе құбылыс және оның қасиеттері, олай болса, жаһандану заманында қазақ елінің дербес қалпын көрсететін тұлғалар тәрбиелеуіміздің қажеттігі айқындала түспек. Демек, ұлттық құндылық белгілі бір ұлтқа ғана тән, сол ұлттың дүниетанымы мен тәрбиесіне, жаратылысы мен мінезіне негіз болатын қасиеттерді құраушы дүниелер деп тұжырымдай келе, ұлттық құндылық – ерекшелік, абырой, мақтаныш туғызатын, ұлттық мәдениет пен ұлттық мінездің іргетасы деген түбірлі ойға табан тірейміз.

Қазіргі қазақ баласын осыдан 25-30 жыл бұрынғы балалармен мүлде салыстыра алмайсыз. Заман өзгерген соң, адам өзгеріп жатқандай болып көрінетін шығар. Алайда, қазіргі балалардың ерекшелігі туралы зерттеген ғалымдардың айтуынша, қазіргі балалардың 80-90 пайызы жаңа санамен туылуда. Бұларды ғылымда «индиго балалар» деп атайды. Мысалы, қазіргі балалар қазақ тілінде сөйлеуге, домбыра тартуға, ұлттық киім киюге сұраныстары жоғары. Демек, қазақ болуға ұялмайды. Қазіргі балалардың ерекшелігі туралы өз алдына дербес тақырыпта баяндама жасауға болады.   Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жас ұрпақ бойына сіңіру, құрметтеуге тәрбиелеудің маңыздылығын сезіну – педагогикалық парыз. Қазіргі кезде тәуелсіз еліміздің ертеңі қазақ халқының ұрпағының білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді жан-жақты қабілетті, ұлтының болмысы мен сипатына сай, мәдениетіне құрметі жоғары ұрпақ баға жетпес қазынамен тең. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – оқушыны жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымы терең, көзқарасының кеңістігі кең, рухани бай, ұлттық құндылық қасиеттерді жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеу. Мұндағы басты мақсат – тәуелсіз еліміздің алдыңғы қатарлы, дамыған өркениетті елдермен терезесі тең болуы үшін, қазақ елінің мәдениетін, тілін, өнерін, ғылымы мен экономикасын, елі мен жерінің байлығын ұлттық құндылық деңгейіне көтере білетін тәрбиелі ұрпақты өмірге дайындау.

Қазіргі ұрпақтың XXI ғасырдағы қазақ ұрпағының міндеті экономикамызды дамыта отырып, әлемдік қауымдастыққа кірігу. «Мәңгілік ел» болып қалу үшін ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, ұстаздар мен ата-аналар бірлесе отырып, жас ұрпақтың санасына рухани тәрбие – құндылық мәнін сіңіру керек. Себебі, ұлттық құндылық – ұлттың тірегі. «Болашаққа бағдар ететін, ұлтты ұйымдастырып, ұлы мақсатқа жетелейтін идея ол – мәңгілік ел идеясы. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгі қазақтың перзенті. Жарқын іспен күллі, әлемді таң қылып, Рухани тәрбие – құндылық мәні жасасын!





















Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

[ 1. Қ.Жарықбаев. Қазақ психологиясының тарихы. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 39 бет]

[ 2. Нысанбаев Ә. Қазақ даласының ойшылдары. 2-ші кітап/ред. –Алматы: ФСИ, 2001. – 28 бет]

[ 3. Әл-Фараби философиясы//Қазақ халқының философиялық мұрасы: 20 томдық. – Астана: Аударма, 2005. 2 том. – 460 бет]

[ 4. Әбішев Қ. Философия. – Алматы: Ақыл кітабы, 1998. – 259 бет]

[ 5.«Педагогика». Ж.Б.Қоянбаев;]

[ 6.Р.М.Қоянбаев – 2006 жыл «Дамыта оқыту технологиялары»]

[ 7.Б.А.Тұрғынбаева – 2000 жыл«Білім кілті» - №3, 2006 жыл]










Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!