Материалдар / Баяндама: "Сана арқылы оқыту"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама: "Сана арқылы оқыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Өзін-өзі тану» Рухани – адамгершілік бағдарламасының психологиялық- педагогикалық негіздері. (Сана арқылы оқыту)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Наурыз 2021
1430
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пригород жалпы білім беретін бастауыш мектебі









«Өзін-өзі тану» Рухани – адамгершілік

бағдарламасының

психологиялық- педагогикалық негіздері.

(Сана арқылы оқыту)



Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Сайфуллина Алтынай Абилсейтовна

















2020-2021 оқу жылы











Жоспар:
1.Классиктер рухани-адамгершілік білім туралы

2. “Өзін-өзі тану” рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының қағидалары

3. Сана арқылы оқыту

4. Сананы тазарту































Классиктер рухани-адамгершілік білім туралы

В.А.Сухомлинский

Мұғалім жақсы сабаққа өмір бойы дайындалады. Біздің мамандығымыздың рухани және философиялық негізі осында: оқушыларға білім ұшқынын шашу үшін мұғалім өз бойына телегей-теңіз нұр жинауы керек”

Парменид:
“Болмыс” ұғымын алғаш рет философияға енгізген, ежелгі грек философы, Элей мектебінің өкілі.

Рухани бастауда тек қана бір уақыт бар, ол қазіргі сіз. Рухани бастау біреу ғана. Бастау екеу болуы мүмкін емес.

Болмыс – бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады” , “Болмыс бар – болмыс емес жоқ”

Гераклит - эфес мектебінің ұстазы.

Саулықтың қадірін ауырғанда білетініміз сияқты, жақсылықты жамандық арқылы да дем алуды шаршау арқылы білеміз”

Ақылсыз адам кез келген ілімге бас ұруға құмар”

Бәрі ағып кетеді, бәрі өзгереді”

Әбу Насыр Әл Фараби: “Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту, Ең қиын нәрсе – өзіңді – өзің түсіну”

Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға, негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ...

Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.»

Ыбырай Алтынсарин: «Жақсы ой мен жақсы істерге жетелейді»

«Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды, кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауы тиіс».







Өзін-өзі тану” рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының қағидалары



Рухани адамгершілік білім беру бұл – білім беру мазмұнына оқушылардың жоғары рухани – адамгершілік болмысын ашуға және толық адам болып қалыптасуына ықпал ететін жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы оларды белсенді оқу танымдық әрекетке ынталандыруды және оны ұйымдастыруды, сол сияқты ойы, сөзі және ісі бір жерден шығатын кемел мінезді адам тәрбиелеуді мақсат ететін үдеріс.

З.Фрейд австралия дәрігер психологы: адам санасынан оның бейсаналық аймағын бөліп алып қарастырды. Сезім, эмоция, темперамент, адамның түпкі санасында бекиді де сонда жинала береді.
Карл Густав Юнг сананың жеке тұлғалық төмен деңгейінен басқа сананың жоғары деңгейі
(Жоғары сана) бар екендігін зерделеп, бейсана ұғымын кеңейте түсті
Сананың ішінде 5 сезім мүшесі арқылы үрдістер жүреді (оқыту, ойлау, түсіну)
Олардың екеуі, яғни көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады.
Ақпарат бес сезім мүшесі арқылы сыртқы әлемнен түпкі санаға өтеді (кейде саналы, кейде санасыз түрде) және психикалық-эмоциялық реңге ие болады

«Өзін өзі тану” рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық педагогикалық қағидалары

1.Ізгілікке бағыттылық қағидасы Бірінші орынға ізгілік идеяларымен бағдарларын шығаруды көздейді. Рухани адамгершілік білім беру- тек оқушының емес, мұғалімнің де қайта өзгеруі, себебі құндылықтарды оқулықтан шеберлікпен оқылған дәрістер толық меңгеру мүмкін емесоларды тәжірибе де қолдану қажет
2. Жалпы азаматтық құндылықтар қағидасы өзін – өзі тану пәнінің мазмұны адамның жоғары рухани табиғатының көрінісі мәңгілік жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделуі тиіс.
3. Әлеуметтік ынтымақтастық қағидасы тұлғаның адами қасиетін толыққанды дамуында мүмкіндік беретін қосымша арнайы сабақтан тыс әрекетке жүгінуді талап етеді.
4. Ұлттық мұра қағидасы жалпы адамзаттық рухани құндылықтардың ұлттық рухани мәдениет арқылы тану қажеттілігін алға тартады.
5. Табиғи сәйкестілік қағидасы тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін, рухани адамгершілік дамуындағы қажеттіліктер деңгейін

Сана — дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол танымқиялтүйсікой, тілдік ұғым және жадыны қамттиды. Ол адам миында болатын ерекше құбылыс. Сананы адамның ең басты артықшылығы деуге болады, өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында оның санасының прогрессі тұр.

Санаға қатысты екі негізгі мәселе бар: бірі, сана мен дененің байланысы, әсіресе сана мен нерв жүйесінің байланысы мәселесі әлі де зерттелу үстіндегі тақырып. Дуалистер мен идеалистер сананы физикалық емес нәрсе деп түсіндірді. Ал, қазіргі заманғы функционализм – яғни сананы нейрондардың қозғалысы деп түсінеді. Екінші мәселе, хайуандарда да сана бар ма деген тақырып. Егер сананы адамға ғана тән құбылыс десек, онда хайуандарда болатын кейбір саналыға ұқсап қалатын әрекеттерді жаңаша түсіндіруге тура келеді.

Сана ұғымы философияда негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнінде, сана арқылы қоғамдағы байланыста жеке адам белсенді болады.

Сана — өмірде белсенді бола алатын адамның ішкі қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.











Сана арқылы оқыту

Оқыту, ойлау, және түсіну – осының бәрі бес сезім мүшелері арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер.

Олардың екеуі: көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады.

Бес сезім мүшелері арқылы ақпарат сыртқы әлемнен түрлі санаға түседі де (кейде саналы түрде, кейде санадан тыс), техникалық- эмоциялық реңге ие болады.

Әр пәнде тақырыпты сана арқылы түсіндіру

Дүниетану

«Жыл мезгілдері » тақырыбын өткенде «Қыс», «Жаз» мезгілінде болатын табиғаттағы өзгерістерді адам бойындағы қасиеттерімен байланыстырып жазу.
«Қыс» — қатал, суық, ешкімді аямайды, боран.
«Жаз» — мейірімді, жайдарлы, жылы, ашық
Осылайша біз мейірімділік, шыдамдылық, сабырлылық құндылығына тән сипаттар арқылы жан-жағымыздағы адамдарға күн нұрының жылуындай жақсы қасиеттерімізді тарата білуге тәрбиелейміз.



Физика пәні
Магнит өрісі.

Белгілі бір заттарды бір – біріне үйкелеп, соңынан бір - бірінен алшақтататын болсақ, бәрі бір - біріне тартылады.

Яғни бұдан шығатын қортынды: Рухани жақын адамдар бір – біріне ренжісіп көңілі қалып жатса да, кейіннен түсінісіп сыйластықта бола алады.

Осылайша біз оқушылар арасында орын алған түсініспеушілікті шешуге және олардың татуласуына ықпал етеміз.

Математика
«Масштаб» тақырыбын өту кезінде (6-8 сыныптар), сабақты тігін шеберханасында, құрылыста, ал диаграмманы құруға арналған (6-7 сыныптар) сабақтарды – жылыжайда, зоофермада және т.б. орындарда өткізуге болады. Табиғатта өткізілген сабақтың тәрбиелік әлеуеті артады. Баланың пәнге деген қызығушылығы артып, талпынады.

Математика сабағында ұлттық ойындарды ойнатуда, жұмбақ есептер шығартуда және қызықты тапсырмаларды орындатуда тәрбиенің келесі міндеттерін шешеді: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытады, тез ойлауға, шапшаң есептеуге үйретеді, ұжымдыққа, ептілікке баулиды; қазақ және өзге халықтардың ұлттық ойындарын ойнату арқылы балаларды ауызбірлікке, достыққа тәрбиелейді.

Сананы тазарту

  1. Күн сайын жағымды көңіл күйге ену тәсілін қолданыңыздар. Бұл сананы тыныштандыру мен бақылау үшін, әлемді ұғынуға арналған тікелей және тура әдіс.

  2. Күні бойы барлық адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыныңыздар.

  3. Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минутыңызды бөліңіз, және де одан да зорғысын жасауға шешім қабылдаңыз.

  4. Ашу- ызаңызды бақылаңыз. Өзіңізді ұрсып, ренжіткен адам сізге өз ашу- ызаңызды бақылауға көмектесетін әрдайым есте ұстаңыз.

Ашулана бастасаңыз, онда

  • бір стакан суық су ішіңіз;

  • айнадан бет- жүзіңізді қараңыз;

  • тыныш қана жатыңыз;

  • ашуыңыз келіп тұрған жерден кетіп қалыңыз.

  • . Өзіңізді тыныштандыратын ізгі немесе жұбату сөздерді дауыстап айтыңыз.

  • 6. Жаныңызды жайландыратын ән саламыз.

  • 7. Жақсы компания, орта табыңыз.

  • 8. Басқаларға тыныштық беруге, қызмет етуге және оларды жұбатуға үйреніңіз.

  • 9. Тыныштық сақтауға үйреніңіз. Жұмсақ әрі мейірімді интонациямен сөйлеңіз, тек қана жақсы нәрсе айтыңыз. Пайдалы нәрсе айта алмасаңыз, одан да үндемей қалыңыз.

  • 10. Тыныс алуыңызды бақылаңыз: әр уақытта баяу, терең және ырғақты тыныс алыңыз және бұған кедергі жасайтын нәрсенің бәріне абай болыңыз.

  • 11. Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылытарды ұстануға ұмтылыңыз.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Мұкажанова Р.А., Г.А.Омарова., Р.Мұратханова «Мұғалімге арналған нұсқаулық. Негізгі деңгей», Алматы «Бөбек» ҰҒПББСО, 2016

  2. Петракова Т.И. Духовные основы нравственного воспитания. – М.: Импэто, 1997.

  3. Ш.Амонашвили. Основы гуманной педагогики. В 20 кн. КН. 2. Как любить детей. –М.: Амрита-Русь, 2012.

  4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар. http://www.akorda.kz/

  5. Мұқажанова Р.А., Омарова Г.А. Мектепте «Өзін өзі тану» пәнін оқыту әдістемесі. Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік құрал. /-Алматы, ННПООЦ «Бөбек», 2013. – 136 б.





















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!