Материалдар / Баяндама Тақырыбы: Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың ұсақ қол моторикасын көркемдік өнер арқылы дамыту.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама Тақырыбы: Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың ұсақ қол моторикасын көркемдік өнер арқылы дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту туралы жазылды. Менің тобым әлеуметтік бейімделу тобы. Осы топтағы балалардың қол моторикасын дамыту жұмыстарын әр сабақта жүзеге асырып отырмын, "Ерекше" балалардың ұсақ қол моторикасын дамып келеді, жеткен жетістігіміз де бар. Кейбір балаларым өзіне-өзі қызмет ету дағдылары жетілді.
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама Тақырыбы: Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың ұсақ қол моторикасын көркемдік өнер арқылы дамыту.Ұсақ қол моторикасы термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Педагогтардың мақсаты - ата– аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуді, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды. Бас миы мен ұсақ қол моторикасының өзара байланысы бас миының қабығы әрқайсысы бір денеге жауапты бірнеше бөліктен тұрады. Бас миының қабығында қозғалыстық сипатты анықтайтын бөлік бар. Бас миы қабығының үштен бір бөлігі қол мойнының қозғалыстық қабілетімен байланысты және мидың сөйлеу зонасы бір – біріне өте жақын орналасқан. Сондықтан егер баланың саусағы нашар дамыған болса, ол баланың сөйлеу қабілетіне әсер етеді. Осыған байланысты ғалымдар қол мойнының буынын артикуляциялық аппарат сияқты «сөйлеу органы» деп те атайды. Бала тілін дамыту үшін сөйлеу органы ғана емес сондай –ақ, ұсақ қол моторикасын да дамыту қажет. Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың ұсақ қол моторикасын толық жетілмеген. Міне, сондықтан да көптеген жаңашыл зерттеушілер ұсақ моториканы дамытуға байланысты саусақ моторикасын дамытуға саусақ ойындарын, саусақ ойындарын сипаттауды, сергіту сәттерін, ойын–ертегілер пайдалануды ұсынады. Т. А. Ткаченко сергіту сәтіне жаттығу енгізу бас миының сөйлеу зонасының қимылын белсендіреді, ол баланың сөйлеу тілін түзетуге мүмкіндік береді деп тұжырым жасаған. В. В. Цвынтарный ұсақ қол моторикасын дамытуға есептеу таяқшалар мен сіріңкемен жұмыстар жасатудың әсері мол деген көзқарас білдіреді. Балалардың еркін өзіндік қызметі баланың жеке қабілеті мен мүддесіне сай таңдалған жаттығулар баланың өз бетімен дамуына септігін тигізді. Соның бірі саусақ жаттығулары, тигізер пайжасы өте зор. Бірлескен және жеке жұмыста саусақ жаттығуын массаж (саусақтың басынан қол буынына дейін сипау) және жаттығу (әр саусақты жеке –жеке бүгу және бүктеу) түрінде жүзеге асырған дұрыс. Массаж - пассивті гимнастиканың бір түрі болып табылады. Массаж - бұлшық ет жүйесінің тонусын, бұлшық ет икемділігі мен әрекет жасау қабілетін арттыруға көмектеседі. Сондай–ақ, балаларға табиғи материалдармен массаж жасау ұсынылды (шырша бүршігі, жаңғақ, доптар т.б. Осындай жаттығу нәтижесінде «ерекше» баланың қызығушылығы артады. Жаттығуға ұласқан тақпақ – сезім ритмін қалыптастыратын және жетілдіретін негіз болып табылады, қолайлы эмоционалды жағдай пайда болады, соның арқасында бала ойынмен айналысады, орындайтын қозғалысты қызғушылықпен орындайды, ал бұл саусақ қозғалысын жақсартады. Тақпақты бейнелеу, тыңдау және түсіну дағдысын дамытады. Жапсыру ісімен айналысу қол мойнының буыны және ұсақ әрі жалпы қол моторикасын дамытуда маңызы зор. Жапсыру ісімен айналысу баланың сенсорлы және кеңістікті сезіну, қабылдауын дамытуға қажетті. Өз жұмысымда жапсыру ісімен айналысуда ермексаз, тұздалған ұн, тұқымнан және ұлу қабыршығынан жасалған оюларды жиі қолданамын. Бұл еңбекті көп қажет ететін, қызықты жұмыс болғандықтан баланың назарын, көз бен қолдың өзара қозғалыс үйлесімділігін, анықтылығын және келісілген сенсомоториканы дамытады. Қағаздан бұйымдар жасау - қол мойын буынының кіші бұлшық етін дамытуға әсер етеді. Мұндай жұмыстар баланы қызықтырады қиялдарының дамуына, сындарлы ойлауына септігін тигізеді. Қағазбен жұмыстың бірі ретінде жыртылған қағаздар қолданылады. Қағазды ұсақтап жырту саусақ күші мен ұсақ қимылын басқару дағдысын дамыту жаттығу болып та есептеледі. Сондай –ақ, балаларды ойындар мен инсценировкада қолданған қағаздан ұсақ–түйектерді жасауға үйреткен жөн. Бірлескен қызметке сурет салудың көптеген дәстүрлі емес түрлерін пайдаландым: тампондау, қылқалам, май шам, тіс щеткасы көмегімен қолдан жасалған мөр және т.б. Сурет салу кезінде балалардың жалпы елестері, шығармашылығы дами түседі, ақиқатқа деген эмоционалды қатынастары тереңдейді, графикалық дағдылары қалыптасады.Баланың графикалық дағдысын дамытуда неше түрлі қызықты әдіс – тәсілдер жеткілікті: нүктелер бойынша суретті бір – біріне қосу. Элементарлы математикалық түсінікті қалыптастыру бойынша бірлескен қызметте жазықтық үлгілеу әдісі (жазық геометриялық фигуралардан шекті мөлшерде жасалған суреттер), есептеуіш таяқшамен жаттығулар әдістерін қолдандым. Қызметтің осы түрлері балалардың байқағыштық, зерделілік, ойлау және қиялдау, ұғыну қабілеттері дамиды. Мұнда өзім ойлап таптым, өзім шындығын айттым деген бала шығармашылығын дамытатын мүмкіндіктер ұсынылды.Ерекше оқытуды қажет ететін балаларды құрастыру ойыны өте қызықтырады. (ЛЕГО базасындағы конструкторлар). Балалар көптеген және түрлі құрылыстар тұрғызды. Конструктордың ұсақ детальдарымен жұмыс жасау барысында қол саусағының кіші бұлшық еттері, қиялдау, шығармашылық белсенділік қабілеттері дамиды. Балаларға пазл құрастыру, қармақ бауына моншақтар тізбектеу өте ұнады. Сондай - ақ, ұсақ заттарды (түймелер, бұршақтар, фасольдар, талшын және т.б.) қолдандым. Мысалы: заттарды іріктеу, осы заттарға массаж жасау, сипау арқылы затты анықтау, сипау арқылы заттарды санау. Баланың ұсақ қол моторикасын дамытуға байланысты дидактикалық ойындар ойластырдым: «Санайық» ойыны (бау арқылы заттар санының қатыстылығы мен саны), «Сиқырлы моншақ» ойыны (түрлі нысандағы жазық геометриялық фигуралар көлемін тізбектеу, баудың түсі; заңдылықты сақтай отырып, жазық бойынша фигураны орналастыру). Өткізілген жаттығулар мен ойындарды жұмыстың түрлерімен ұластырдым. Әрине, жұмыс жасау барысында әр баланың жеке ерекшелігі мен психофизиологиялық дамуын ерекше ескердім. Жыл аяғында ұсақ қол мен буын моторикасын дамытудың қорытынды диагностикасын жасап отырдым. Ұсақ қол моторикасын дамыту бойынша жасалған жүйелі, кешенді жұмыстың нәтижесі оң әсер еткенін көрсетті. Қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, басқа да әдіс-тәсілдерді қолданса ғана нәтиже болады.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!