Материалдар / Баяндама тақырыбы: «Жаңа инновациялық технологиялар мектептің жаңаша түрде жұмыс істеуіне қажетті жағдай туғызатын бір бөлігі»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама тақырыбы: «Жаңа инновациялық технологиялар мектептің жаңаша түрде жұмыс істеуіне қажетті жағдай туғызатын бір бөлігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама тақырыбы: «Жаңа инновациялық технологиялар мектептің жаңаша түрде жұмыс істеуіне қажетті жағдай туғызатын бір бөлігі»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2021
312
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Баяндама

Тақырыбы: «Жаңа инновациялық технологиялар мектептің жаңаша түрде жұмыс істеуіне қажетті жағдай туғызатын бір бөлігі»



Білім беру жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білім берудің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы айрықша. Танымал ғалым, педагог, философ, профессор Джон Дьюидің: «Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз» деген ойына негізделе отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастап отырмыз. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.  Осыған орай мұғалім алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды, тілдерді меңгеру, оларды тиімді қолдану міндеті тұр.

Сондықтан да қазіргі таңда әр ұстаздың  алдына қoйып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетiлдiрiп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Оқыту процесінде пайдаланылып отырған әртүрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялар өз нәтижелерін беруде. Олар баланың жеке қасиетін аша отырып, оның танымдық қабілетін  қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасап отыр.

Әр сабақта әдістерді түрлендіру арқылы оқушылардың қызығушылықтары арта түседі. Өз сабақтарымда үнемі «Өрмекшінің торы» ойынын, «Қапшықтағы фасоль», «Шынжыр», «Сыдырма», «Стикердегі 10 сұрақ», «Джигсо», «Ыстық орындық», «Бес саусақ» әдістерін  қолдану барысында оқушылардың оқуға, өз білімдерін саралауға, талдауға қызығушылықтары артады.

«Өрмекшінің торы» немесе «Шырмауық» - дәстүрден тыс әдістердің бірі. Оқушылардың тақырыпты қай деңгейде меңгергендігі не болмаса үйге берілген тапсырманы сұрау үшін сыныптағы оқушылар түгелдей шеңбер болып тұрады. Мұғалім қолына бір бума тоқыма жібін алады. Жіптің ұшын қолына ұстап, үй тапсырмасынан бір анықтама немесе ереже айтқан оқушының қолына жіпті бір рет орайды. Келесі жауап берген оқушы да жіптен ұстайды. Осылайша жауап берген әр оқушы қолына жіпті бір рет орай береді. Мұғалімнің қолындағы жіп азайған сайын, шеңбер болып тұрған оқушылардың қолындағы жіп те өрмекші торы секілді шиеленісе береді. Белгіленген мерзімнен кейін әр оқушының қолындағы жіп орауын санау арқылы ол оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергендігін білеміз. Бұл әдісті сабақтың басында үй жұмысын сұрағанда немесе бекіту бөлімінде пайдаланған тиімді.

«Фишбоун» әдісінің тиімділігі берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді. Қолданылуы: Жар қағазға балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы сызбаларға сұрақтарын, төменгі жағындағы сызбаларға жауабы жазылады. Балық қабырғасының саны жетіден кем болмауы керек, түйінді ой құйрығына жазылады. Қосымша сұрақ туындайтын болса үстінгі және астынғы қабыршақтарға жазады.  Бұл әдісті жаңа сабақты өту кезеңінде пайдаланған болатынмын. Әдебиет сабағында Абай «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін өткен кезде: балықтың басына тақырып жазылып, денесіне бес асыл істі жазды да неліктен оны асыл іс деп өз ойларын жазды, ал құйрығына осы өлеңнің негізгі идеясын жазып көрсетті.

«Бес саусақ» әдісі. Мақсаты: Баланың бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету

Бас бармақ – басты мәселе

Балалы үйрек – бірлесу

Ортан терек – ойлану

Шылдыр шүмек – шынайылық

Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы

Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

1. «Бас бармақ» - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек» - бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?

3. «Ортан терек» - ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек» - шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5. «Кішкентай  бөбек» - көңіл-күй ахуалы.

Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Бұл әдісті сабақтың қорытынды бөлімінде  кері байланыс жүргізгенде тиімді. Өйткені бүгінгі жасаған жұмысына талдау жүргізеді. Келесі жолы қандай өзгеріс енгіземін деп ойланады.

Сабақ барысында аталған әдіс-тәсілдерді пайдалану оқушының бойында өз- өзіне сенімділік ұялатады, өзге балаға қарап бой түзеуге ұмтылады, өзін-өзі бағалауы жоғарылайды,өзгені үйрете отырып, өзі көп нәрсені үйренеді, көшбасшылық қабілеттері қалыптасады.

Қазіргі заман талабына сай өсіп келе жатқан жеткіншек технологияларды кеңінен пайдалануға бейім екені баршамызға аян. Сондықтан оқушы қызығушылығын сабақтың тиімділігін арттыру үшін және жалпы болашақ қоғамға бейім құзыретті  өкілдерді тәрбиелеу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді  қолданғанымыз жөн. «Сұранысқа сәйкес ұсыныс болуы тиіс» дегендей, заманның сұранысына қарай, талабына сай мұғалімдер де жұмыстануы тиіс.


Ашық және  жабық  сұрақтар

Ашық   сұрақтар                            

  Неліктен  алма жеміс  ағашы  болып  табылады? 

  Деген сұрақты қойсақ оқушының  кеңірек ойлануына     мүмкіндік береміз. Сондықтан көбірек ашық сұрақтарды пайдалануға   тиістіміз

 

  Жабық   сұрақтар

  -иә

  -жоқ    деп қана  жауап беріледі.

  Алма жеміс пе?  Иә.

Оқушыға ойлануға  мүмкіндік   берілмеді



Ұстаз үшін ең маңызды мақсат-әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу.Оны жүзеге асырудың бір жолы –оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып келген, оқушылардың білім сапасын көтеруге жағдай жасайтын, сабақты тиімді ұйымдастыруға,  сабақ уақытын ұтымды пайдалануға,  оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға көп көмегін тигізетін әдіс – эссені қолдана білу. Өз пәнімде эссені жиі қолданымын, оқушылардың өзіндік шығармашылық ойлау және сол ойды жазбаша бере білу дағдылары дамиды.Эссе -жеке көзқарасты білдіретін шағын көлемдегі, еркінкомпозициялық прозалық шығарма.  Эссе жазудың нақты мақсаты: Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;

Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;

Оқырмандарды ақпараттандыру;

Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;

Өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рақатқа бөлеу;

Көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;

Іс-әрекетке түрткі болу.

Эссе жаза отырып оқушылар  басқа адамның көзқарасын білу, іскерлік қарым-қатынас жасау, қоғамдық ойға пікір білдіру, өз жаңалығын жүзеге асыра, табысқа қол жеткізе алады. Қазіргі кезде эссе жазуға оқушылар төселіп келеді..

Мен  жаңа сабақты  проблемалық ой тудыра отырып хабарлаймын, оқушы жаңа сабаққа ерте еніп, ұмтылып жауап іздейді, талпынады, қызығушылығы артады.Үнемі сұрақ  қою жүйесімен жұмыс жасау білімді меңгерту барысында оқушы деңгейін шығармашылық сатыға көтереді.Бұл — сабағыма жан бітіріп, шығармашылық серпіліс тудырды.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін қосымша әдебиеттерді шығармашылығы дамитындай етіп пайдаланып отырдым.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарымды мынадай жолдармен өткіземін:

1.Сабақта АКТ-ны тиімді  пайдалану;

2.Сабақты түрлендіріп өткізу;

3.Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, кестелер мен сызбаларды пайдалану;

4.Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруда мынадай нәтижеге жеттім:
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылдық белсенділік артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады. Жаңартылған  білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.





































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!