Материалдар / Баяндама-тренинг Жалпы білім беретін мектептерде бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама-тренинг Жалпы білім беретін мектептерде бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу тапсырмаларын бейімдеу және оларды оқушыға ұсыну тәсілдерінің нұсқаулары. Бейімделген бағдарламамен қандай оқушылар оқитыны айтылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2022
696
11 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жалпы білім беретін мектептерде бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру



1.Сәлемдесу тренингі «Ақ қарға»

Мақсаты: ебқ балаларының психологиялық жайымен таныстыру. Балаларға ерекше төзімділікпен, махаббатпен қарауға түрткі болу. 3 түрлі түстерден құралатын топ мүшелеріне кір қыстырғыш ілінеді. Тек біреуіне ғана ақ түсті қыстырғыш тағылады. Қалғандары топ құрады. Біреуі ғана жалғыз қалады.

Рефлексия.

Жалғыз қалған адамнан ішкі сезімдері сұралады.

2. Қатысушыларға ерекше балалардың қасиеттері мен сезімдерін психологиялық жай-күйін анық сипаттайтын өлең шумақтары оқылады.

Мақсаты: мұғалімдердің ебқ балалардың ішкі әлемін түсіну.



Мир особого ребенка

Интересен и пуглив

Мир особого ребенка

Безобразен и красив

Неуклюж, порою странен

Добродушен и открыт

Мир особого ребенка

Иногда нас страшит

Почему он так агрессивен?

Почену он закрыт?

Почему он так испуган?

Почему он не говорит?

Мир особого ребенка

Он закрыт от глаз чужих.

Мир особого ребенка

Допускает лишь своих!



3. «Қабілеттер күні!»

Сабақ беру процесінде ЕБҚ баламен жұмыс жасауыңызға қандай қабілеттеріңіз, ерекшеліктеріңіз көмектеседі? Деген сұрақ барлық қатысушыларға қойылады. Күн сәулелеріне өз жауаптарын жазып, тақтаға іліп тарқатып айтады.

Мақсаты: әрбір мұғалімнің қаншалықты деңгейде ебқ баламен жұмыс жасауға дайын екендігін анықтау.

4. Бейімделген оқу бағдарламы туралы банядау

Бейімделген оқу бағдарламасы – білім алушының жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жалпы білім беретін және арнайы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жасалған оқу бағдарламасы

Бағдарлама мазмұнын бейімдеу келесі әдістерді қолдана отырып орындалады:

  1. мақсатты жеңілдету (мүмкін деңгейлерден таңдаңыз: білу, түсіну, қолдану,

талдау, жинақтау, бағалау - төменгі, оқушы үшін қол жетімді, төменгі деңгейді таңдау);

2) мақсатты қысқарту (оның көлемін азайту);

3) мақсатты жекелеген кезеңдеріне бөлу

4) мақсатты нақтылау;

5) мақсатты келесі тоқсанға ауыстыру (егер оқушы оған қол жеткізуге дайын болмаса,

мысалы, осы оқу материалы үшін базалық білім әлі қалыптаспаған болса);

6)оқытудың алдыңғы кезеңіндегі олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған мақсаттарды енгізу.

Бейімделген бағдарламамен жалпы сыныпта/топта оқитын және оқуда айқын қиындықтары бар есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген, сөйлеу тілі ауыр зақымдалған, эмоциялық-ерік бұзылыстары бар, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-қимылы бұзылған балалар оқиды.

Жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын бейімдеу білім алушы меңгеруде қиындық көретін оқу пәндері бойынша ұсынылады. Қалған оқу пәндері үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады.Бағдарламаны белгілі бір мерзімге бейімдеу ұсынылады (тоқсан, оқу жылы және т.б.).

5.Жұмбақ

Қатысушыларға мектеп тақырыптарына байланысты жұмбақ қойылады. Жұмбақтың шешуін тапқан адам жасырылған затты сол бөлмеден тауып, ебқ балаларға қатысты сұраққа жауап беруі керек.

  1. Доп сынды келбеті,
    Онда бар түп – түгел,
    Әлемнің әлпеті.

  2. Жұқа тақтай бөлшегі,
    Ұзындықтың өлшемі.

  3. Қабы сояу,
    Діні – бояу.

  4. Ойды аяқтап орақ тұрады,
    Жауап сөз қалап тұрады.

  5. Білімнен мол сый – асы,
    Балғындардың ұясы.

  6. Сағат сайын қағылады,
    Тек мектептен табылады.



6. Сұрақтар???????????????

1.ЕБҚ балаға сабақ беру процесінде сабағыңыздың тиімді өтуі үшін қандай әдістерді қолданасыз?

2.ЕБҚ баламен жұмыс барысында қиындықтар туындады ма?

3.Баланың қызығушылыңын, назарын сабаққа аудару үшін не шара көресіз?

4.Жағдаят.

Сыныпқа кірсеңіз ебқ бала парта үстіне мініп, бір бұрышта қозғалмай отыр. Сіздің сөздеріңізге кері байланыс жоқ. Не істейсіз?

5.ЕБҚ баланың жалпы сыныпта оқуына сіздің көзқарасыңыз қандай?

6.Баланы ортаға қосу үшін, әлеуметтенуі үшін не істеуге болады деп ойлайсыз?

Оқу тапсырмаларын бейімдеу және оларды оқушыға ұсыну тәсілдерінің нұсқаулары

1 Уақыт аралығында тапсырмалар саны азаяды.

2 Оқу тапсырмалары қысқартылады

3 Оқу, жазу үшін мәтін қысқартылады

4. Басқа оқушылар орындайтын тапсырмалардан ерекшеленетін жеке тапсырмалар

ұсынылады.

5.Тапсырманы орындау үшін қысқартылған және кезеңі көрсетілген нұсқаулықтар

ұсынылады

6 Жаттығуды қайталау және меңгергенді бекіту үшін көп уақыт бөлінеді

7 Ауызша түсіндіру ыммен, суретпен, картинкамен, заттармен жүргізіледі

8 Сабақта көбінесе оқушының әрекет түрі ауысады

9 Жаттауға берілетін ақпарат саны азаяды

10 Жазу барысында оқушыға дауыстап жазуға рұқсат беріледі 11 Сабақта меңгерілетін жаңа сабақтың мәнін ашу үшін оқушыға заттық-тәжірибелік

















Бекітемін Темірбек Жүргенов атындағы

123 мектеп-лицей директоры

Л.Шөменова

«_____» ___________2022ж.


















ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ БЕЙІМДЕЛГЕН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Баяндама-тренинг











Қатысушылар: мектеп мұғалімдері

Арнайы педагог: Мұхтар А





















2022-2023 оқу жылы



















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!