Материалдар / Баяндама ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫҚ ТҰЛҒАСЫ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫҚ ТҰЛҒАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымызды бойымызға дарыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
259
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

«№14 КОЛЛЕДЖ» МКҚК











БАЯНДАМА


Тақырыбы: ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫҚ ТҰЛҒАСЫ







Баяндамашы: Сагиндыкова Н.О.









Атакент

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫҚ ТҰЛҒАСЫ


Сагиндыкова Нуржамал Осеровна

«№14 колледж» МКҚК-ы, Мақтарал ауданы



Ақыл-парасат күші – адамның ойлауына, пайымдауына,

ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш

Әл-Фараби


«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның бар өміріне опат әкеледі»,- деді әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби. Оның аса көрегенділікпен айтқан пікірі өз құндылығын қазірдің өзінде де сақтап келеді. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан озық әдет-ғұрып, дәстүрлері мен ізгі қасиеттерін сіңіре отырып, дені сау, рухани бай, парасатты, қазіргі қоғам дамуының үрдісіне сай білімді, жеке тұлғаны қалыптастыру тәрбиенің өзекті мақсаты болып табылады.

Отандық гуманитарлық ғылымда Әл-Фараби дүниетанымы мен Абай көзқарасы, қос ғұламаның шығар­машылығы филосо­фиялық, әдебиеттанулық тұрғыда кеңінен зерттелгені мәлім. Ал тарихи танымда көбінесе қоғамдық-тарихи құбылыстар аясында қарастырылып келді.

Қазақстан ғылымында тарих филосо­фиясына қатысты зерттеулер көп емес. Кезінде Әл-Фараби мен Абай мұрасындағы дүниетанымдық тінді қисынды­лықпен байланыстыруға тырысқан  ғалым Ақжан Машанов болды. Ғылыми ойлауға қысым жасалынған тоталитарлық жүйе тұсында өмір сүрсе де, көшпен­ділер өркениетін өзгеше пайымдап, екі алып тұлғаның мұрасын зерттеуде соны бағыт қалдырды.

Ғалым шығармашылығының негізгі арқауы әл-Фараби және оның ғылыми мұрасына арналды. Мәселен, А.Машановтың «Әл-Фараби және бүгінгі ғылым» деген  туындысы үлкен ізденістен туған аса күрделі еңбек. Әл-Фарабидің мұраларын және энциклопедист ғұламаның өзін елге таныту үшін ғалым дүниежүзілік тарих мәселелеріне, әр замандағы қоғамдық-саяси өзгерістерге, табиғат пен адамзаттың қарым-қатынасы туралы ірі ойшылдардың ұстанымдарына мән береді. Тарихи ой-сананың мифологиялық және рационалистік кезеңдерін, ортағасырлық тарихтағы діни пайымда­маларды қазақ оқырманына тыңғылықты түсіндіріп береді. Соның нәтижесінде Әл-Фараби мұраларын тарихи танымда зерт­теуде назар аударарлық зор методоло­гиялық жұмыстарды жасады.

Адамзат көшінің эволюциясында қоғамның таным зердесіне сұранысын сақтаған ғұламалар тарихта өте сирек. Оған Әл-Фараби бабамыздың мұралары ғана төтеп бере алады. Бұл асыра айтқандық емес. Ортаға­сырлық  тарихи деректерде жиі кезігетін Отырар атырабында дүниеге келген түркі текті Әбу Насыр Әл-Фараби адамзатқа ортақ игілік – ғылымға, ғылыми танымға еңбек етті. Ғұлама бабамыздың Шығыс пен Батыс ғылымына бірдей дәреже де  мойындалуы бүгінгі ұрпағының әлемдік заманауи ғылыми үдерістерден сырт қалмауына серпін береді.

Әбу Насыр Әл-Фараби түркі рухания­тындағы кемелдікті араб-ислам әлеміне танытып берді. Дүние­танымдық өресі мен қисындық зердесінің тереңдігінің арқасын­да араб-ислам әлемін бағындырды, сол кезеңнің ғылыми санасын дамытуға қызмет етті. Ғұлама ғалым түркілердің араб-ислам өркениетіне қатысын мұрасымен әйгілеп қалдырды.

«Әл-Фараби және Абайды» зерделеп шыққан оқушы оның авторы – Ақжан хазіреттің: «... Бұл кісіден бұрын да, кейін де даналар болды. Бірақ олардың ішінде... дәл Фарабидей геометрия, арифметика, астрономия, музыка сияқты төрт ғылым саласында бірдей ұлы үлес қосқан... аса ірі жаңалық ашқан ғалымдарды табу қиын... Платон, Аристотель, Птоломей сынды ғұламалар музыканы жөнді меңгере алмағандығын өздері жазып кеткен....» А.Машанидің осынау тұжырымдық түйіні Қазақ ғалымдары түгіл әлемдік фарабитанушы оқымыстылар пайымдауларынан асып кеткендігін аңғару қиын емес.

Отырардан шыққан және Шығыстың екінші ұстазы атанған алғашкы кәсіпқой философ, ғұлама ғалым Әл-Фараби философияның барлық саласы-бойынша 164 трактат жазған. Біз олардың отыз шақтысын ғана білеміз, қалғандары әлемнің әр түкпірінде шашылып жатыр. Осыған байланысты орта ғасырлық араб-парсы тіліндегі философиялық еңбектер мен араб мәдениетінің, жалпы араб-мұсылман Шығысының Абайдың дүниеге деген көзқарасын калыптастырып, дамытуда соңғы кездерге дейін абайтануда калыптасқан пікірден әлдеқайда елеулі болғандығын ерекше атау орынды. Бұл тұрғыда біздің рухани арналарымыздың, негізгі көздерінің бірі – араб-мұсылман Шығысымен арадағы алтын көпір секілді деп есептеуге боларлық «Әл-Фараби және Абай» сынды келелі тарихи сабақтастық мәселесінің белгілі үндестіктер табылатындығы хақ. Қазақ даласындағы ой тарихы үздіксіз жүріп жатуы заңды процесс.

Ең бастысы А.Машани – бүгінгі ұрпақтың жиі ауызына ілігетіндей даналық ойдың мәтеліне айнала бастаған мынандай ұғымдарды берді. Олар: «Әл-Фараби музыкант, біз оны философ дейміз, Абай философ біз оны ақын деп бағалауға дайын тұрамыз деген тұжырым әлі күнге дейін фарабитанушылар мен абайтанушылардың аузына түспеген даналық сөзі. …«Ел басына күн туған кездері қазақ халқының  екі данышпан ұлының есімдері біздерге рухани демеу болары талассыз. Олар: бірінші – Әл-Фараби, екінші – Абай. Менің ұғымымда Абай ұлы данышпан, қазақтың ақылшысы, ұстазы, досы, халқымыздың тірегі, сенімі, ар мансабының әділ таразысы», – деп жазды.

Әл-Фараби мен Абайдың жердің жаратылуы туралы ойлары, космониялық және космологиялық түсініктері үндес. Әл-Фараби өзінің математикалық трактаттарында «8» санына баса назар аударған, ал Абай «Сегіз аяқты» жазған. Әл-Фараби: «Әрбір адамның әлемде (дүниеде) өз орны бар», десе Абай оны жаңғыртады: «Сенде бір кірпіш дүниеге».

Әл-Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» деген еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларында: «өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (интеллектіге) оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде де, жүрекке үнемі мән бepiп, ерекше даралай көрсетіп отыратыны бар. Жалпы, жан-қуаты жөніндегі танымға бұлай қарау мешаиюн (перепатетиктер) мектебіндегілерге тән құбы­лыс. Бұл жөнінде Әл-Фараби мен Абай­дағы ой іліктестіктерін салыстыра қара­йық. Мәселен Әл-Фараби: «Жүрек – бас­ты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мү­шесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бipaқ мұның үстем­дігі бipiншi емес», деп, жүрекке шешу­ші мән бере қараса, осыған сәйкес ой Абай­да да: «Сен үшеуіңнің басыңды қос­пақ ме­нің iciм депті. Бірақ сонда билеу­ші жү­рек болса жарайды», деп тараты­ла­ды. Бұдан eкi ұлы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бip екенін, тек баян­дау түpi басқаша берілгенін көреміз.

Әбу Насыр Әл-Фараби: «Кімде-кім хикмат білімін оқып үйренуге кіріссе, ол ең алдымен жас болуы, ниеті дұрыс, әдепті, қайырымды адам болуы керек. Ондай кісі адамдарға мейірімді, таза, адал болуы, азғын қылықтардан: күнә, қиянат, зұлымдық пен аярлықтан таза болуы тиіс. Білім жолына түскен жан күнделікті күйбең тіршілікті ойламауы қажет. Білімді кәсіп, өнер етіп алмауы керек әрі оны мал-дүние табу құралы етіп жібермеуі қажет. Кімде-кім мұны керісінше істейтін болса, онда ол көзбояушы саналады. Жалған ақша-таза ақша боп есептелмейтіні сияқты, жалған сөзде ешқашан мән болмайды. Егер мінез-құлқы біз айтқандай емес, теріс мінезді кісі болса, ол ешқашанда ғалымдар қатарына қосылмайды. Сондай-ақ, адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Кімде-кім өзін өз дәрежесін жоғары көтермек болса, ондай адамның өсу жолына тосқауыл койылады».

Әл-Фараби өз заманында “Адам көп нәрсеге мұқтаж болғандықтан, өзіне керегін қоғамдасқан ортадан ғана таба алады. Жеке жан иесі адамдар бірлестігінің арқасында жетіліп, өз қабілетін шыңдай түседі. Осыдан келіп олардың өмір сүру мәні қалыптасады”.

«Тарихты білмей болашақты болжау қиын» деп ғұлама ғалым бабамыз Әл-Фараби айтқандай, бүгіндері дәуірдің рухани оралу үрдісіндей тұғыры берік тәуелсіздікке қол жеткіздік. Тарихымыздан тағылым алдық. Тәуелсіздігімізді тұғырына қондырдық.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында тарихымыздағы ұлы тұлғалар Әл-Фараби мен Абайға қатысты мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларды атап өтті. Мерейтойлық іс-шаралардың ең бастысы ғұламалардың мұраларын халыққа жеткізу, насихаттау екендігіне жете мән берілді.

Осы орайда түркі-қазақ дүниетанымын паш етер тұлғалардың тарихи танымдағы орны қаншалықты деңгейде таразыланды деген сауалдың ойға келері сөзсіз.

Тарихи танымда Әл-Фараби мен Абай мұраларын кең ауқымда зерделеудің уақыты келді.

Қорыта келе мен өз ойымды, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», - деген сөзімен аяқтағым келеді.






















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!