Материалдар / Баяндама:Тарих сабағында жаңашыл әдістерді қолданудың тиімділігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама:Тарих сабағында жаңашыл әдістерді қолданудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндаманы орта мектеп мұғалімдеріне қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Маусым 2018
2684
9 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тарих сабағында жаңашыл әдістерді қолданудың тиімділігі«Мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп, өсіп - өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан алмай шектеліп қалуға болмайды… Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңа табатын өнер». Ж.Аймауытов Сондықтан да дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай, мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймын. «Қазақстан 2050 » Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы: «Бала тәрбиелеу - болашаққа ең үлкен инвестиция.Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруімізге ұмтылуымыз керек », - деп көрсеткен болатын. Олай болса, балаларға сапалы біліммен қатар, салауатты тәрбие беру әрине, Мағжан Жұмабаев айтқандай мектебіміз бен ұстаздарға байланысты. Тәрбиенің екінші сыңары – білім.  М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім» - деп атап көрсеткеніндей, еліміздің болашақта ілгері басуы үшін ең алдымен білім қажет. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтатын болады. Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – оқытуда жаңаша түрін қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технологияҚытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады .Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың әдістері неде? 1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек. 2) жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын - ала болжам жасауға үйретеді. 3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады. Жаңаша оқытудың тиімді әдістерінің бірі интерактивті оқыту. Интерактивті оқыту технологиясы бұл ұжымдық, өзін- өзі толықтыратын,барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген,оқу үрдісінде оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісін ұйымдастыру болып табылады.Әр оқытушы сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып,сонымен қатар компьютерді,электрондық оқулық пен интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе,оқушылардың қызығушылығы арта түседі.Интерактивті тақта топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал.Жаңа материады өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін құнды құрал.Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндігі зор.Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп,қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады.Оқушылар өздерінің жаңа ойларын,идеяларын әсерлі,тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді.Бұл тақтада оқытушылар мен жаңа материалды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор.Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналады.Ал егер де керекті материалдың барлығы алдын - ала дайындалып,түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді. Өзім сабақ беретін 5-7 сыныпқа ойын сабақтарын,сын тұрғысынан ойлау және жазу стратегиясы,сурет иллюстрациялар бойынша әңгіме құрау,бес жол өлең стратегияларын қолданып жүрмін.Мысалы: 6сыныпта « Энеолит» тақырыбында сурет- иллюстрация бойынша жұмыстар жүргіздім.“Сиқырлы суреттер”оқушылар суреттер арқылы тас дәуірінің кезеңдеріне сипаттама беріп,өтілген тас дәуірін толық қайталайды.

Ал 8-11 сыныптарда топтық,жұптық оқыту,постер құру әдісі,сынақ,өзіндік жұмыс,тірек -сызбалар,кестелер,хронологиялық кесте құастыру,тірек -конспектілер құрастыру,Венн диаграммасы,тарихи диктант,тест түрлері арқылы оқыту,термин сөздермен жұмыс,тарихи тұлғаны тану т.б.жұмыстар жүргізіп жүрмін.«Ұлт- азаттық көтерілісі»тақырыптарының ішінде « Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт -азаттық көтеріліс»тақырыбын өткенде « тарихи көзқарас» постер құрату, «тұлғаны таны»жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың тарих сабағын қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыруға болады. “Тарихи көзқарас”Оқушылар постер қорғайды.І топ.Көтерілістің себертері,мақсаты және қозғаушы күштеріІІ топ.Патша үкіметінің жазалау әрекеттеріІІІ топ.Ресейден келген елшілердің Кенесары ордасына келуі

«Тұлғаны таны» сайысы 1382 жылы Алтын орданың ханы Тоқтамыс Мәскеуді өртеп жіберді. Оның мақсаты елінің билігін нығайтып, қарсыластарының алдында күштілігін дәлелдеу. Арада 500 жылдай уақыт өткеннен кейін тағы бір қала Мәскеудің күйін кешті. Сұрақ:Өртенген қай қала? Оны өртеген адамның мақсаты қандай? Жауабы: Ақмола бекінісі. 1838 жылы 26 мамырда Кенесары Қасымұлы патшаның отарлау саясатына қарсылығын осылай бастады.Мектеп оқушыларын ҰБТ- ге дайындау қазіргі кездің өзекті мәселесі.Сондықтан,кез келген сабақта «ҰБТ -ге саяхат» деген айдармен тестік тапсырмалардың бірнеше түрлерін пайдаланамын.«Дұрыс жауабын тап», «Тарихи сынақ хат», «Термин сөздермен жұмыс» тапсырмалары да ҰБТ- ге дайындауда тиімді әдістер болып табылады.Сыныптарда тақырыптарды оқып үйрену барысында оқушылар мәтінмен өздігінше оқып танысады.Қосымша газет материалдарын оқуды тарих пәнін оқытуда қосымша білім көзі ретінде пайдаланғанда ғана оқушылардың ізденгіштігі артады.Оқушылар әр түрлі деңгейдегі постерлерді дайындап оны қорғауды үйренеді.Сабақта топтық жұмыстар жүргізгенде барлық оқушылар жұмыс жасайды,танымдық қабілеттері артып сөйлеуді үйренеді.Сабақ барысында заман талабына сәйкес электронды оқулықтарды да қолданамын. Оқытудың мұндай инновациялық, интерактивті әдістері оқушылардың бұрынғы дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда неғұрлым нәтижелі білімді игеруіне жағдай туғызады екен. Яғни, бұл жағдайда оқушылардың сабақ үрдісіндегі белсенділігі, пәнге қызығушылығы артады. Бұл әдістер оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа, ойын жинақтай білуге, жүйелі білім алуға тәрбиелейді. «Ұстаздың бақыты-шәкіртінде» деп бекер айтылмаған. Олай болса, педагог Амонашвилидің мына сөздерін еске түсіруге болады. «оқушы дегеніміз-толтырылуға арналған шыны емес, ол жарқыраған шырақ, тек соны жаға білу керек». Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Интерактивтік әдістеме.-Алматы, 2001 2. Қазақстан тарихы; әдістемелік журнал (2009-2014 жж) 3. Г. Тұрымтаева «Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану жолдары». Қазақстан тарихы. 2009, №12 4. Б. Әбдіғұлова «Тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін қолдану жолдары». Қазақстан тарихы. 2009, №6 



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!