Материалдар / Бейнелеу өнері пәні бойынша дарынды оқушылармен жұмыс жоспары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бейнелеу өнері пәні бойынша дарынды оқушылармен жұмыс жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдеріне қосымша сабақтарына қажет материал. Дарынды балаларды анықтау мақсатында және дарынды балалармен жұмыс істеуге көмектеседі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2018
1560
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Алматы облысыТалдықорған қаласы№27 мектеп - гимназия







Бейнелеу өнері пәні бойынша дарынды оқушылармен жұмыс жоспары



Мұғалім: Л.О.Алиаскарова













«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай .Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Ойлау, іздену-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей,біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез-келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек десе, ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән дейдіДарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген. Сонымен, дарынды дегеніміз - адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда /оқушыларда/ кездесетін қасиетті айтамыз.















































Дарынды оқушыларды анықтауда назар аударатын басты ерекшеліктері:1. Дарынды бала шапшаң және өзгеше ойлайды.2. Көп көлемде білім меңгереді, алған білімін қолдана біледі.3. Танымы, түсінігі жоғары4. Дарынды оқушының физикалық тұрғыдан ерекшелігі: дамудағышапшаңдылық, қиял - күшінің басымдығы.5. Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан өзгешелігі: сезімтал,толыққанды, аңғарлы болуы.

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МІНДЕТТЕРІ:



  • Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2. Жан-жақты ақпараттандыру;3. Коммуникативті бейімдеу;4. Білімнің бағасын арттыру,5. Бейнелеуөнері бойынша білім-білік дағдыларын тереңдету, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, өзіндік білім алуға жетелеу,6. Дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру7. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;









Дарындылықты анықтаудың мынадай параметрлері бар.

  • Оқушының танымдық /білім/ іс-эрекетінің басқа оқушылардан озық дамуы
  • Психологиялық жоғары дамуы
  • Дені сау ,жан-жақты толық дамуы
  • Ойлау қабілетінің озық болуы
  • Айналадағы құбылыстарды не басқа процесстерді етеңе жақын түсінуі
  • Туа бітті шығармашылық қабілеттің


Дарындылықтың түрлері

  • Интеллектуалды
  • Академиялы
  • Шығармашылық
  • Көсемдік /лидер/
  • Көркем орындаушылық






Дарындылықты анықтау критерийлері

  • Теориялық материалды толық игеруі
  • Мартериалды игеруде табандылық көрсетуі/бастап кетпеуі/
  • Алынған білімді әр сабақ сайын дамыту
  • Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану
  • Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы
  • Өзіне-өзі талап қоя білуі
  • Тапсылылған жұмысты сапалы орындауы






Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

  • Алынған білімдерді әр сабақ сайын дамыту.
  • Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы
  • Өзіне – өзі талап қоя білуі
  • Тапсырылған жұмысты сапалы орындалуы.










Бейнелеу өнері пәні бойынша қабілеттіліктері жоғары оқушылар тізімі

  • Якуш Рудольф 4 б сынып оқушысы
  • Иса Айдана 5 а сынып оқушысы
  • Пономарева Ирина 8 а сынып оқушысы
  • Чериязданова Аянұр 6 а сынып оқушысы
  • Әнуарбек Жансая 6 а сынып оқушысы


Дарынды оқушымен жұмыс жоспары

Р/сОрындалатын жұмыс түрлеріМерзімі
1Дарынды оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспарын құруҚыркүйек
2Шығармашылық қабілеттерінің деңгейін анықтауҚыркүйек
3Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізуЖыл бойы
4Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүйелеуҮнемі
5Өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыруҮнемі
6Деңгейлік тапсырмалар дайындауҮнемі
7Пән бойынша білім-білік дағдыларының қалыптасуын үнемі бақылып, өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыруҮнемі
8Шығармашылық сайыстарға, конкурстарға, олимпиадаларға қатысуЖыл бойы














Дарынды оқушылардың жұмыс бағыты

2017-2018 оқу жылы
р/сОқушының аты-жөніСыныбыБағыты
1Ахметбекова Арайлым4 а сыныпПортрет жанры
2Серікболова Перизат4 а сыныпПейзаж жанры
3Нұрсабет Ажар8 а сыныпНатюрморт жанры
4Чериязданова Аянұр6 а сыныпПейзаж жанры
5Әнуарбек Жансая6 а сыныпПейзаж жанры


Қорытынды:Серікболова Перизат, Чериязданова Аянур, Әнуарбек Жансая жыл көлемінде пейзаж жанры бойынша, Ахметбекова Арайлым портрет жанры бойынша, Нұрсабет Ажар натюрморт жанры бойынша жыл көлемінде шығармашылық білімдерін жетілдірді. Жыл көлемінде шығармашылық конкурстарға қатысуларына мүмкіндік болмады.

Ұсыныс:Ахметбекова Арайлымға портрет жанрынан пейзаж жанры бағытында жұмыс жасауын ұсынамын. Қалған оқушылардың өздері таңдаған бағыттары бойынша әлі де жұмыс жасауларын және шығармашылық конкурстарға, көрмелерге қатысуларына ұсыныс жасаймын.













Дарынды оқушылардың жұмыс бағыты

2017-2018 оқу жылы

р/сОқушының аты-жөніСыныбыБағыты
1Ахметбекова Арайлым5 а сыныпПейзаж жанры
2Серікболова Перизат5 а сыныпПейзаж жанры
3Нұрсабет Ажар9 а сыныпПортрет жанры
4Чериязданова Аянұр7 а сыныпПейзаж жанры
5Әнуарбек Жансая7 а сыныпНатюрморт жанры


Қорытынды:Серікболова Перизат, Чериязданова Аянур, Әнуарбек Жансая, Ахметбекова Арайлым пейзаж, натюрморт,портрет жанры бойынша, Нұрсабет Ажар натюрморт жанры бойынша жыл көлемінде шығармашылық білімдерін жетілдірді. Жыл көлемінде шығармашылық конкурстарға Серікболова Перизат, Ахметбекова Арайлым қатысты .

Ұсыныс:Оқушылардың өздері таңдаған бағыттары бойынша әлі де жұмыс жасауларын және шығармашылық конкурстарға, көрмелерге қатысуларына ұсыныс жасаймын. Басқа да дарынды оқушыларды анықтау.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!