×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512

ҰБТ-ға дайындық тест кітаптарын сатып, айына 300-400 мың тенге табыс тапқысы келетін белсенді серіктестер іздейміз. Дәл қазір хабрласыңыз: 8776-125-3030
Сайт бойынша сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым - Қожа» повесінен үзінді

Автор:Шербатшаева Гулжайна Абдрашитовна
Бағыты: Қазақ әдебиеті
Бөлімі: Сабақ жоспары
Сыныбы: 5 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-09-11

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Материал жас мамандарға керек



Сабақ: қазақ әдебиет

Мектеп:№264 мектеп - лицейі

Күні: 30.01.18ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Шербатшаева Гүлжайна

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым - Қожа» повесінен үзінді


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын

анықтау

Сабақтың мақсаты



Барлық оқушы орындай алады:

1.Б.Соқпақбаев жайлы мәлімет біледі.

2. «Менің атым - Қожа» повесімен танысып, мазмұнын меңгереді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

1.Б.Соқпақбаевтың өмірі, шығармашылығы жайлы біледі.

2.Шығармадағы негізгі ойды анықтайды, кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме бере алады, талдау жасай алады..


Кейбір оқушылар орындай алады:

1.Кейіпкер характерін аша отырып, шығармаға өзіндік баға бере алады.

2. Шығармадағы автор идеясына дәлелдер келтіреді

Бағалау критерийі

Кейіпкер әрекеті арқылы шығарманың

тақырыбын анықтайды

Шығармадағы автор идеясына дәлелдер келтіреді

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Қахар, тәжім, қарақшы, пұшпақ, қақпан, шарбақ.

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер : «Күнінде бір мәрте, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір рет өзіңнен өзің есеп ал» Абай

Құндылықтарға баулу

1.Үлкенге құрметпен қарауды, тыңдауды үйренеді.

2.Өмірде қателіктерге бой алдырмай, әр істі пайымдауға үйренеді.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, қазақ тілі, тарих

Тақырып бойынша

алдыңғы білім

Б.Соқпақбаевтың өмір жолы, шығармашылығы жайлы, оның балалар жазушысы екендігін біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы




Үй тапсырмасын сұрау


Үй тапсырмасын қорытындылау

Жағымды ахуал қалыптастыру: «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы

Санау арқылы топқа бөліп отырғызу.4 топ құралады


  1. Ақын атаға хат.

  2. Ақынға арнау (жеке шығармашылықтарын оқиды)


«Ашық микрофон» әдісі арқылы сұрау


Мұғалімнің ақынға арнау өлеңі








Фишкалар арқылы бағалау.



Сабақтың ортасы







































































Сабақтың соңы

Жаңа сабақ:

  1. Мұғалім түсіндірмесі

  2. Б.Соқпақбаев туралы бейнероликтен мәлімет тыңдату

Топтық жұмыс

Повестегі басты кейіпкер Қожа мен оған қатысты басқа кейіпкерлерді сызбаға орналастырып,олардың образын сипаттайық.

І топқа: Б.Соқпақбаев туралы мәлімет

ІІ топқа: Қожаның бейнесін ашу

ІІІ топқа: Шығармаға сатылай кешенді талдау

ІҮ топқа: Салыстырмалы кесте

Қожаның ішкі жан- дүниесі

Қожаның сыртқы бейнесі





«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау


Сөздікпен жұмыс:


Жеке жұмыс: (жазылым)

1-тапсырма: «3+3=1» әдісі арқылы повестің негізгі идеясын 3 сөйлеммен тұжырымдап,ойымызды мақал-мәтелмен түйіндеп жазу.

2-тапсырма: «Септелу жүйесі» әдісі арқылы кейіпкер іс-әрекетін саралап жазу (өз тұжырымы бойынша):

Атау септік: Қожа ...

Ілік септік: Қожаның ...

Барыс септік: Қожаға ...

Табыс септік: Қожаны ...

Жатыс септік: Қожада...

Шығыс септік: Қожадан...

Көмектес септік: Қожамен ...

Бағалау парақшщасы арқылы баяндайды.

«Ашық микрофон» әдісі арқылы сұрау

Бағалау дескрипторы

Оқушы

Дескриптор

Ұпай


1.Мазмұнын меңгереді

1

2. Шығармадағы негізгі ойды анықтайды

2

3.Шығарманы мақал-мәтелмен қорыта алады

2

4. Орфографиялық нормаларды сақтайды

1

Барлығы

6



Сыныптық жұмыс: «Серпілген сауал» әлдісі арқылы оқу материалын қорытуға арналған талқылау сұрақтары:

1.Қожаның арманы қандай?

2.Қожа қандай кейіпкер?

3. Қожа бізге үлгі бола ала ма?

4.Сіз үшін үлгілі бала деген кім?

5.Қожаның кінәсін мойындауы ерлік пе, әлде шарасыздық па?

6.Қожаның тентек болу себебі неде деп ойлайсыңдар?

7. Қазіргі заманда Қожа сияқты балалар бар ма?

8. Сен өзіңе есеп бересің бе?



Үйге тапсырма.

Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа » хикаятынан Қожаның құпия кеңесін бірге тыңдайық (9-аудио)

Қожаның өзгеріске бет бұру сәтіндегі іс-әрекеті негізінде «Өз-өзіне есеп беру» жоспарын құру.



Кері байланыс : Сабақты «Білім кемесі» әдісі арқылы қорытындылаймын.


Есім таңдауда халық түрлі сенімге сүйенген. Бұл үрдістің көрінісін халық ауыз әдебиеті шығармаларынан кездестіруге болады. «Алдар көсенің алғашқы қадамы» атты ертегіде Алдар көсенің неге осылай аталғаны жөнінде былай деп айтылды: «Адам өзінің азан шақырып қойған атына сай өмір сүреді» дейді халық. Солай болса солай да шығар. Алдар көсенің әкесінің есімі Алдан екен. Шынында да ол өмір-бақи алданып өткенге ұқсайды. Содан да болуы керек алданудан зәрезап болған аңқау азамат тұңғышының атын Алдар қойыпты. («Ел аузынан»)

Бәріміз де ата-анамыздың үміт артып, азан шақыртып қойған есімін қадірлеп, өз өміріміздің нағыз қожасы болайық!


Дәптер, қарандаш


Бейнеролик





Постер, маркер













5-сынып оқулығы

Оқушы дәптері
















Оқушы дәптері











Аудиоматериал













































Қосымша ақпарат: «Менің де атым - Қожа» атты соңғы жылдары түсірілген фильмнен видеоролик көрсету.( Қожа, Жанар, Майқанованың кездесу сәті.)


Интернет

Саралау – Сіз қандай тәсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын

сақтау

Шығарманың мазмұнын деңгейлік тапсырма арқылы анықтау.Топтық жұмыстардың тапсырмаларын түрлендіру.Жоспарланған қабілетті оқушыларға берілетін тапсырмаларды күрделендіру.

Топтық, жұптық, жеке жұмыстарды,бағалау парақшаларындағы дискрепторларды түрлендіремін.Топтық жұмысқа жоспарланған оқушы әрекеттерінің белсенділігін арттыруға бағытталған шығармашылық жұмыстар жасату арқылы жекелеген оқушылардың сөздік қорын дамыту,әдеби сөйлеу тілін қалыптастыруға бағыттау.

Оқушылардың сабақ барысындағы қимыл-қозғалыс, әекеттерін бақылауда ұстап, балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сабақ бойынша

рефлексия

Сабақ мақсаттары

немесе оқу

мақсаттары шынайы,

қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса неліктен деп ойлайсыз? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба ?Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Сабақ мақсаттары шынайы, қолжетімді болды. Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді. . Жекелеген оқушылар диалогқа қатыспай, ой-пікірлерін ашық жеткізе алмады,келесі сабақта оларға деңгейлік тапсырмалар,жеке тапсырмалар беріп, жетелеуші сұрақтар арқылы оқу мақсатына оларды да жеткіземін деп жоспарлаймын.


.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Оқушылардың дайындықсыз диалогқа қатысуы;

2: Абай сөзімен байланыстыра ойларын жаза алуы сабақта оқушылар үшін өте тиімді болды.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Сабаққа араласпай қалыс отыратын оқушылар өз ойларымен бөліскенде;

2: Оқушылар диалогта, топта жұмыс істегенде ортаға көбірек тартып, жауапты әрекеттерді тапсыру керек.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге

назар аудару қажет?

Келесі жолы сабаққа араласпай отыратын оқушылармен көбірек жұмыс жасау керек.Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне, жаңа сабақты меңгертуде әдіс – тәсілдерді өзгертер едім. «Ақылдың алты қалпағы», «Бес қалпақ», «РАФТ» әдістері арқылы түрлендіруге болады.Бұл бір мәселеге оқушылардың жан-жақты көзқарастарын білдіруіне оң ықпал етер еді.




50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Олимпиада бітуіне қалды: