Материалдар / Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар «Кіші мектеп жастағы оқушылардың фонетикалық-фонематикалық сөйлеу бұзылысын түзету» оқу-әд
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар «Кіші мектеп жастағы оқушылардың фонетикалық-фонематикалық сөйлеу бұзылысын түзету» оқу-әд

Материал туралы қысқаша түсінік
білім алуда ерекше қажеттілігі бар, кіші мектеп жастағы оқушылардың фонетикалық-фонематикалық сөйлеу бұзылысын түзетуге арналған оқу әдістемелік кешен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2021
316
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады










Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар

«Кіші мектеп жастағы оқушылардың фонетикалық-фонематикалық сөйлеу бұзылысын түзету»

оқу-әдістемелік кешені














Қостанай қаласы

ӘОЖ

КБЖ

Рецензент

Лиходедова Л. Н.– Зав. кафедрой психологии и дефектологии Костанайского государственного педагогического университета имени У. Султангазина кандидат педагогических наук, ассоциированный профессор

Ахметова А.Т.

«Кіші мектеп жастағы оқушылардың фонетикалық-фонематикалық сөйлеу бұзылысын түзету»


Кіші мектеп жастағы оқушыларына арналған логопедия пәні сабағының оқу-әдістемелік бағдарламасы/ А.Т. Ахметова. – Қостанай, 2020. – 172 б.

ISBN



Бұл құрал бағдарламасы 1 жылға есептелген білім алуда ерекше қажеттіліктері бар, кіші мектеп жастағы оқушылардың фонетикалық-фонематикалық сөйлеу бұзылысын түзетуге араналған, мектепте білім алуы үшін қажетті біліктілік және дағдының негізгі көлемін игеруге тиіс.

Бағдарламада логопедтің ФФД кемістігі бар төменгі сынып оқушыларын түзету-дамыту жұмыстарының мақсаты, міндеті, талаптары анықталған. Оқушыларына арналған сабақтардың тақырыптық жоспары берілген, күтілетін нәтиже айқындалған, бақылау шараларының тақырыптары және қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

Әдістемелік құралда нақты, қолжетімді мақсаттар мен міндеттер қо-йылған, ФФД кемістігі бар оқушылармен жұмыс істейтін мамандарға ұсы-нымдар берілген, логопедтің төменгі сынып оқушыларымен жұмысы бары-сында қолдануы үшін құрастырылған жұмыс дәптерін сабақ барысында ти-імді қолдану әдістері және 64 логопедтік сабақтың технологиялық картасы бар.


ӘОЖ

КБЖ

©Ахметова А. Т., 2020






Құрметті әріптестер! Осы әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектепте білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мұғалім-логопедтер үшін құрастырылған. Бұл оқу-әдістемелік құрал – білім алуда ерекше қажеттіліктері бар «Кіші мектеп жастағы оқушылардың фонетикалық-фонематикалық сөйлеу бұзылысын түзетуге» бағытталған. Автор берілген кешенді ақпаратты қылып, түзету сабақтарын ыңғайлы өткізуге үшін құрастырған. Барлық тапсырмалар оқу кешенінің сабақтарын қызықты және нәтижелі өткізіп, белсенділік таныту принципінің негізіне сүйініп құрастырылған.

Ізгі тілекпен, автор!

Түсінік хат.


Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар «Кіші мектеп жастағы оқушылардың фонетикалық-фонематикалық сөйлеу бұзылысын түзету» атты оқу-әдістемелік кешені келесі заңдардың негізіне сүйіне отырып құрастырылды:

Қоғамдағы экологиялық, әлеуметтік, экономикалық және т.б. жағдайлар адамның жан-жақты дамуына ықпал етуде. Бұл ең алдымен дүние есігін жаңа ашқан балалар үшін аса қолайсыз болып отыр. Жан-жағымызға көз жіберсек, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларда сөйлеу тілінің дамуында әртүрлі бұзылулары бар балалар саны өте көп екенін байқауға болады. Балаларда тану әрекеті дұрыс дамамаған себептен, сөйлеу ауытқушылықтары пайда болады. Бірақ олардың қоғамның бір мүшесі екенін ескеру аса маңызды.

Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар, кіші мектеп жасындағы балалардың алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі – дыбысты дұрыс айтып, айыра алатындай, артикулляциялық аппаратты қолданып, дұрыс сөйлем құрайтын тілді дамыту. Қабылдау және дыбыстау міндері, түрлі тілдік бұзылудың салдарынан балалардың ана тілінде сөйлеу жүйесінің қалыптасу үдерісінің бұзылуы.

Дұрыс сөйлей алу – баланың мектепте білім алуға дайындығын көрсететін сауатты жазып, дұрыс оқуының кепілі.

Бұл топтағы логопедиялық жұмыс балалардың жан-жақты сөйлеу тілінің дамуы мен түзетуіне бағытталған.

Фонетикалық-фонематикалық сөйлеу ауытқуы бар кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту және тәрбиелеу жүйесіне – сөйлеу кемшілігін түзету және сауатты жазуды үйрету жатады.

Бағдарламасы 1 жылға есептелген фонетикалық-фонематикалық сөйлеу ауытқуынан туындаған, жазудың бұзылысын түзету тобына келген балалар жалпы білім беретін мектепте білім алуы үшін қажетті білім, біліктілік және дағдының негізгі көлемін игеруге тиіс.

Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалардың үлгерімін алдын-алу - берілген пәннің өзектілігі болып табылады. Сондықтан түзету жұмысы ұзақ уақытқа созылған.

Оқушыларының түзете –дамыту оқытудың жалпы қиыншылығы – сауат ашуға мақсатталған дайындық болып келеді.

Берілген бағдарлама фонетикалық-фонематикалық сөйлеу ауытқуынан туындаған, жазудың бұзылысын түзету бағдарламасы кіші мектеп жастағы оқушыларына арналған.

Бағдарламаның мақсаты: оқушылардың фонетикалық-фонематикалық сөйлеу тілін түзету, жоғары психикалық қызметтерді дамыту, оқу кезінде қиыншылықтары бар балаларды, қазақ тілін оқу үшін, қажетті білік пен дағыларды игеріп, дайындау.

Түзете-дамыта оқытудың алғашқы кезеңінің бастапқы міндетері – дұрыс дыбыстау болып келеді. Ол үшін фонетикалық-фонематикалық сөйлеу ақаулықтары бар балалардың:

  1. Сөйлеу аппаратын дамыту;

  2. Сөйлеу мүшелерін қозғалуын дағдыландыру;

  3. Дыбыс айтудағы ауытқуларды түзету;

  4. Қойылған дабыстарды автоматизациялау;

  5. Артикуляциясы бойынша ұқсас дыбыстарды ажырату;

  6. Сөздік қорын дамыту;

  7. Жоғары психикалық қызметтерді дамыту;

  8. Сөздің дыбыстық-буындық құрылымын дамыту;

  9. Сөздің дыбыстық-буындық құрылымын талдау жіне синтездеу.

Бағдарламаның ұзақтығы: берілген бағдарламаның ұзақтығы логопедиялық жұмыстың нәтижелілігіне байланысты (бұзылыстың күрделілігіне байланысты, сағат саны ұзартылып немесе қысқартылып өзгеруі мүмкін).

Аптасына сағат саны: сөйлеу тілінің бұзылыс деңгейіне, балалардың жеке ерекшеліктеріне, білімді игеру жылдамдығына байланысты.

Берілген бағдарлама бір жылға есептелініп, сабақ аптасына 2 рет өткізіледі. Топ 2-3 баладан құрылады.

Топтық сабақ – 35 - 40 минут,

Жеке сабақ - 20 минут

Сабақ арнайы жабдықталған кабинетте өткізіледі.

Сабақ кезінде жұмыстың негізгі әдістері:

  • Ойын;

  • Көрнекі;

  • Ауызша.

Оқушылар әрекетін ұйымдастыру формалары:

  • Топтық;

  • Жұптық жұмыс;

  • Жеке жұмыс.

Оқытудың технологиясы:

  • Оқытудағы әр түрлі әдістерді қолдану;

  • Дайындық және басқа сабақ түрлері;

  • Балалардың шығармашылық жұмыстары.

Күтілетін нәтиже:

  • Дыбыс айтудағы кемшіліктерді түзету;

  • Сөздің анализі мен синтезі жайындағы біліктерін қалыптастыру;

  • Жазу (әріптерді қалдырып кету немесе ауыстыру, сөздерді қате айту) кезіндегі спецификалық қателіктерді түзету;

  • Жоғары психикалық қызметтерді (есте сақтау, логикалық ойлау) дамыту;

  • Оқу әрекетіне қызығушылықтарын дамыту;

  • Оқу білімдері мен біліктерін дамыту;

  • Баланың жеке тұлғалық қасиеттерін түзету;

  • Баланы түзете оқытудың нәтижелілігіне итермелеу.

Оқушылардың білімін тексеру әдістері:

  • тест;

  • есту диктанттары;

  • оқушылардың үлгерімі.

  • Оқушыларға арналған ОӘҚ

  1. «Жазуға талаптанайық» 1 жұмыс дәптері (авторы: Ахметова А. Т., 2019ж.)


ФФСА туындаған, жазудың бұзылысын түзету бойынша жұмыс жоспары


Тақырыбы

Сағат саны

  1. Сөз және сөйлем

5

  1. Дауысты дыбыстарды диференциациялау

17

  1. Дауыссыз дыбыстарды дифференциациялау. Жұп дауыссыздар

15

  1. Артикуляция-акустикалық ұқсастығы бар дауыссыз дыбыстарды дифференциациялау

12

  1. Жазуларындағы ұқсастығы бар дауыссыз дыбыстарды дифференциациялау

13

Барлығы

64

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.


І-бөлім. ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАРДЫ ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯЛАУ.


Тақырыбы: Дыбыс және әріп

Түзету жұмысының бағыты: дауысты дыбыстарыды танып, айыру; жазу кезінде дауысты дыбысты мен дауыссыз дыбыстарды белгілеу; есту мен айту кезінде дыбыстарды айыру; сөздің фонетикалық талдауы; сөйлеу тілінді теминдерді пайдалану, ұғыну; қажетті ұғымдарды пйдаланып, нұсқауды түсіндіру буын мен сөздік дыбыстық-әріптік талдауын жасау, берілген дыбысқа сөз ойластыру; шатастыратын дыбыстардан сөз тіркестерін, сөйлем құрау.


Тақырыбы: А-ә дыбыстарын дифференциациялау

Түзету жұмысының бағыты: әріптің көру, кинестстетикалық және акустикалық түрін қалыптастыру; оқытудың барысында және қорытындылау кезінде нұсқауды (схеманы) пайдаланып, толық жауап беру; дыбыстардың артикуляциясын тану; сөлеу барысындағы акустикалық ерекшеліктері арқылы дауысты дыбыстарды дұрыс айыру; ауызша және жазбаша сөйлеу тіліндегі берілген дыбыстарды айырубіліктерін қалыптастыру; сөздің фонетикалық талдауы. буын мен сөздік дыбыстық-әріптік талдауын жасау, берілген дыбысқа сөз ойластыру.


Тақырыбы: О-ө дыбыстарын дифференциациялау

Түзету жұмысының бағыты: сөздің фонетикалық талдауы; буын мен сөздік дыбыстық-әріптік талдауын жасау, берілген дыбысқа сөз ойластыру; шатастыратын дыбыстардан сөз тіркестерін, сөйлем құрау; әріптің көру, кинестстетикалық және акустикалық түрін қалыптастыру; сөйлеу тілінді теминдерді пайдалану, ұғыну; қажетті ұғымдарды пйдаланып, нұсқауды түсіндіру дыбыстардың артикуляциясын тану; сөлеу барысындағы акустикалық ерекшеліктері арқылы дауысты дыбыстарды дұрыс айыру.


Тақырыбы: Ы-і дыбыстарын дифференциациялау

Түзету жұмысының бағыты: қалып қойған дыбыстарды анытау; есту және көру арқылы өз бетінше диктанттады жазу; сөз құрамындағы дыбыс пен әріптің, буынның анықтау; сөйлеу тілінді теминдерді пайдалану, ұғыну; қажетті ұғымдарды пйдаланып, нұсқауды түсіндіру әріптің көру, кинестстетикалық және акустикалық түрін қалыптастыру; дыбыстардың артикуляциясын тану; сөлеу барысындағы акустикалық ерекшеліктері арқылы дауысты дыбыстарды дұрыс айыру.


Тақырыбы: Ұ-ү дыбыстарын дифференциациялау

Түзету жұмысының бағыты: дауысты дыбыстарыды танып, айыру; жазу кезінде дауысты дыбысты мен дауыссыз дыбыстарды белгілеу; есту мен айту кезінде дыбыстарды айыру; әріптің көру, кинестстетикалық және акустикалық түрін қалыптастыру; берілген тапсырма немесе нұсқауы бойынша сұрақтарға жауап қайтару; жаңа игерген ұғымдарды пайдаланып, сұрақтарға жауап беру;дыбыстардың артикуляциясын тану; сөлеу барысындағы акустикалық ерекшеліктері арқылы дауысты дыбыстарды дұрыс айыру.


Тақырыбы: У-Ұ-Ү дыбыстарын дифференциациялау

Түзету жұмысының бағыты: шатастыратын дыбыстардан сөз тіркестерін, сөйлем құрау; қалып қойған дыбыстарды анытау; есту және көру арқылы өз бетінше диктанттады жазу; оқытудың барысында және қорытындылау кезінде нұсқауды (схеманы) пайдаланып, толық жауап беру; сөз құрамындағы дыбыс пен әріптің, буынның анықтау; дыбыстыр қою және ажырату; сөздік қоры дамыту.


Тақырыбы: Бақылау жұмысы

Түзету жұмысының бағыты: игерген білімдерін тексеру; буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлеем, сөйлеу тілінің ішінде дыбысты анықтау; алған білімдері жайындағы ұсыныс жасау.


ІІ-бөлім. ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫ ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯЛАУ. ЖҰП ДАУЫССЫЗДАР.


Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар

Түзету жұмысының бағыты: сөйлеу барысындағы акустикалық ерекшелікт

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!