Материалдар / Білім алушыларды өздік жұмыс жасауға үйрету жолдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Білім алушыларды өздік жұмыс жасауға үйрету жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушылардың арасында өздік жұмысты орындауға қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
424
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Білім алушыларды өздік жұмыс жасауға үйрету жолдары



Амиргалиева Рыскуль Жумагазиевна «Гуманитарлы –экономикалық колледж» мекемесіФизика пәні оқытушысы





Білім алушылардың өздік жұмыстарын тиімдіұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп,жүйелі қалыптасуына өздік жұмыстың дұрыс таңдалып алынып,құрастырылуына байланысты болады. Өздік жұмыс кезінде білім алушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен,түрлі анықтамалық кітаптармен, газет-журналдармен,интернетпен жұмыс істеуге үйрене бастайды.Өздігінен жұмыс істеуге талпынады.Жұмысы нәтижелі болса,білім алушының пәнге деген қызығушылығы артады. Өздік жұмыстар ұйымдастырылуда мынадай талаптар орындалуы қажет:1.Өздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек.2.Білім алушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті.3.Өздік жұмыстар түрі және мазмұны жағынан әр түрлі болуы керек.4.Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады.5. Өздік жұмысты тек қайталау кезінде ғана жүргізбей,сабақтың барлық кезеңдерінде,орынды жерінде өткізу керек.

Өздік жұмыстарды жеке білім алушымен,топтарға бөлу арқылы,барлық білім алушылардың қатысуымен ұйымдастыруға болады. Өздік жұмыстардың түрлері:оқулықпен жұмыс,әр түрлі жаттығулар,практикалық және зертханалық жұмыстар,тәжірибелер,бақылау жұмыстары,тест тапсырмалары, рефераттар,баяндамалар,ғылыми жоба т.б. Өздік жұмыстар әр сабақта міндетті түрде жүргізіліп отыруы қажет.Бұл жеке, топтық және түгел топбілім алушыларымен жүргізіледі. 1оппен өздік жұмыс жүргізілгенде, әр топқа жеке тапсырмалар беру керек. Әр топтың бір басшысы болады-үлгерімі жақсы білім алушылар. Ол білмегендерге кеңесін беріп, көмектеседі. Әр топ келесі топқа өз сұрақтарын қояды. Мұнда білім алушылар өз бетімен сұрақтар, сызбалар, карточкалар, плакаттар, суреттер дайындап әкеледі. 2.Білім алушыларға өздік жұмыс ретінде тарихи материалдардан баяндамалар, рефераттар жасауды тапсыруға болады. 3.Тақырып бойынша бақылау жұмысын жазғанда, жіберілген қателермен жұмыс жасап, қате жіберілген тапсырмаларға ұқсас мысалдар алып, нұсқалар бойынша жаттығулар жасаймыз, оқулықтан ережелерді іздеп, тауып, оқуға тапсырма беремін. Білім алушы өз қатесін тауып алады. 4.Сәйкестік тест жүргізгенде, әр білім алушыға жеке карточка жасап таратылып, тексеріледі. Өз бетімен жұмыстар мақсатына қарай:1)оқыту;2)жаттықтыру;3)бекіту;4)қайталау;5)дамыту;6)шығармашылық, яғни іздену мақсатына;7)бақылау мақсатында;

1.Оқыту мақсатындағы (обучающий) өз бетімен жұмыс жаңа тақырыпты түсіндіру барысында тапсырмалар беру арқылы жүргізіледі. Оның мақсаты-жаңа материалға қызығушылығын дамыту, оқытушы нені түсіндіріп жатқанына әрбір білім алушының көңілін аудару. Осы жерде бірден не түсініксіз екені анықталады, яғни өтіліп жатқан тақырып бойынша ереже, қасиеттерге мысалдар келтіру арқылы жүргізуге болады. Мысалы: «Логарифмдер және оның қасиеттерін»тақырыбын түсіндіріп болғаннан кейін мынадай тапсырмалар беруге болады. а) Логарифм қасиеттеріне 2-3мысал келтір. 2. Жаттығу ( тренировочный) мақсатындағы өз бетімен жұмысқа арналған тапсырмалар бір текті болады, яғни түсіндіріліп берілген анықтама, ережелерге сәйкес қасиеттерді, белгілерді қорытып шығару. Бұл көбіне геометрияда қолданылады. Мұндай жұмыс кезінде оқытушының көмегі қажет болады немесе оқулық, дәптер-таблицаларды қарауға рұхсат беріледі. Осындай өз бетімен жұмысқа тапсырмалар әр түрлі деңгейде карточкалар немесе дидактикалық материалдар арқылы беріледі. ( 7-8 топтар дидактикалық жаттығу).3. Бекіту мақсатындағы өз бетімен жұмыстар білім алушылардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына септігін тигізеді және әр түрлі теоремалар мен ережелерді араластыра отырып ( комбинированного) қолдануда талап етеді.4. Шығармашылық мақсаттағы өз бетімен жұмыс өте жоғарғы деңгейде жүргізіледі; бұл білім алушылардың үлкен қызығушылығын арттырады. Мұндай тапсырмаларға шығарылған есептің II-ші; III-ші тәсілдерін табуға беріледі немесе кейбір теоремалардың дәлелдемесін басқа тәсілдерімен табу тапсырылады. ( Пифагор теоремасы).5. Қайталау мақсатындағы өз бетімен жұмысты оқытушы жаңа сабақты түсіндіргенге дейін жүргізеді, яғни білім алушылардың дайындығын тексеру мақсатында, қиындық келтіретін сұрақтар болса анықтауға көмектеседі. 6. Дамыту мақсатындағы өз бетімен жұмыс белгілі бір тақырыпқа байланысты баяндама дайындауға үйге тапсырма беру арқылы жүргізіледі немесе олимпиадаға дайындау, ғылыми-конференция т. с. с.Қорытынды: Білім алушыны өздік жұмыс жасауға үйрету негізінде әрбір жеке тұлғаның өзіндіктабиғатын қалыптастыру,білімдік деңгейін көтеру болып табылады.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!